400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 27 материал табылды

Ертегілер еліне саяхат. Г дыбысы мен əрпі. Даярлық сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сөздегі дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратып, дұрыс дыбыстау
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін» Оқу ісінің меңгерушісі: Абжалиева Г.Е.


Мектеп: № 277 мектеп-лицей

Пәні: Сауат ашу

Күні: 17.01.2020ж

Мұғалімнің есімі: Турсынова А.А.

Сыныбы: 0 «Б»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Ертегілер еліне саяхат. Г дыбысы мен əрпі

Оқу

мақсаты

0.1.1.1. Сөздегі дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратып, дұрыс дыбыстау.
0.1.1.2. Сөзді буынға бөлу, сөздегі буын санын анықтау.
0.2.1.2. Суреттер бойынша тапсырмадағы сұрақтарға жауап беру.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Сурет бойынша сұрақтарға жауап береді.

Г дыбысы – дауыссыз дыбыс,

г дыбысының айтылуын дұрыс
дыбыстайды.

Оқушылардың басым бөлігі: Г дыбысына сөз құрайды. Сөздегі дыбыс санын, ондағы г дыбысының орнын ажыратады.
Жазу жолына əріп элементін жазады.

Кейбір оқушылар: Суреттен г əрпі бар заттардың атауын атайды. Г əрпін бейнелейді.

Бағалау критерийі

Топтық, жұптық тапсырмаларды орындай алады. Берілген тапсырмадағы сұрақтарға жауап береді; суреттегі заттардың атын атай алады.


Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну.

Тілдік мақсаттар

Тілдік дағдылар: Сөздердің мағыналарын түсінеді. Сұрақтарға жауап береді, сөздік қорын кеңейтеді.

Терминология: Глюкоза

Сөз тіркестері:

  • Ертегі тыңдаған ұнайма?

  • Қандай ертегі түрлерін білесіңдер?

  • Г арпі қандай дыбыс?

Пәнаралық байланыс

«Көркем әдебиета» пәнінен «Жыл басына таласқан жануарлар» тақырыбы.

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақтаны белсенді оқытуға техникалық қолдау көрсету мақсатында қолдану.

Құндылықтарды дарыту

-бірлік пен ынтымақтастықты сақтауға, бірлесе еңбектенуге баулу;


-жеке тұлғаның пікірін ескеру және әрбір ойдың құндылығын құрметтеу;


Алдыңғы оқу

Ертегі түрлерін біледі. Ертегі кейіпкелерін біледі.«Г» әрпін дыбыстай алады

және ұяң дауыссыз дыбыс екенін біледі. «Г» әрпінен басталатын сөздерді

біледі.


Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар


Ресурс

Бағалау

Басы


  1. Ұйымдастыру кезеңі:

(Ұ) Шаттық шеңбері:

Қайырлы таң

Күннің көзі ашылсын, 
Көкке шуақ шашылсын 
Құтты қонақ келіпті 
Төрімізге еніпті 
Ал, қанікей бәріміз 
Сәлем дейік үлкенге 
Сәлеметсіздер ме, апайлар!


Сұрақ-жауап әдісі?

Балалар, жылдың неше мезгілі бар?

Қыс , көктем, жаз, күз.

Қазір жылдың қай мезгілі?

Қыс мезгілі.

Балалар сендерге мультфильмдер көрген ұнайма?

Топқа бөліну:

Ендеше, балалар осы ертегілерге байланысты топқа бөліініп алайық.

Балалар ертегілер түрлеріне байланысты үлестірмелі қағаздар арқылы топқа бөлінеді.

1-топ: Жеті лақ;

2-топ: Шалқан;

3-топ: Бауырсақ:

4-топ:Қызыл телпек;



























Әр түрлі карточкалар




Ортасы

Дәптермен жұмыс.

Жаңа сабақ:

Топ атын қорғап шығады.

Балаларды жұлдызшалар арқылы бағалау, мадақтау.


Әліппе-дәптермен жұмыс:

1-тапсырма
– Суретте кімдерді көрдіңдер?
Суреттерге қарап не бейнеленгенін айтады.
Мысалы:
«Газет», «Галстук», «Гу-гу!», «Глобус»
сөздерін және ертегі кейіпкерлерін айтады.

Педагог балаларға сұрақ қояды.
– Қай мультфильм ұнайды?

Балалар өздеріне ұнайтын мультфильмдер немесе ертегілер
туралы айтады.
«Ертегі» сөзін буынға бөліп, Г дыбысы естілетін буынды табады.

-Балалар, «Газет», «Галстук», «Гу-гу!», «Глобус» сөздері қандай әріптен басталады?

Балалар сөздердің басында естіліп тұрған дыбысты ажыратады.

-Балалар, бүгін бізге «Г» әрпі қонаққа келіпті.

Бейнероликтен «Г» әрпі туралы ролик көрсетіледі.

Балалар бейнетаспадан айтылған «Г» әрпінен басталатын сөздерді қайталап айтады.

Газет;

Гитара;

Гипс;

Гүлсалғыш;

Гүл;

Глобус;

Балараға қосымша мәлімет:

Сөдік жұмысы:

Глюкоза (жүзім қанты) — Денеге тез және жеңіл сіңетін қанттың қарапайым түрі. Ол жемісжидектерде және балда болады, денедегі суды қалпына келтіруге пайдалануға арналған ақ ұнтақ түрінде сатылады.

«Г» дыбысын мұғалім 2-3 рет қайталап айтады.

-Балалар қандай дыбыс естіп тұрсыңдар?

Балалар «г» дыбысын қайталап айтады.

– Г дыбысын айтқанда тіліміздің арты таңдайымызға тиеді. Созылып айтылмайды, кедергіге ұшырайды.
Тақтаға
Г əрпінің баспа түрін іліп қояды.

Г- ұяң , дауыссыз дыбыс.

-Балалар, бәріміз бірге «Г» әрпін ауада салып көрейікші.

Балалар ауада «Г» әрпін салады.


2-тапсырма.

«Г» əрпін үйренеміз. Педагог өлең
жолдарын оқи отырып, г əрпінің бейнесімен
таныстырады..

Құтан суретіндегі мойыны Г-ге ұқсап тұрады.
Жəне Г əрпіне ұқсайтын гүлдің суреті де
болады. Балалар Г əрпінің бейнесін ауада
жазып жаттығады. Естеріне сақтайды.


Сергіту сəті

«Гуси-Гуси» әуені қосылады. Балалар бейнероликке қарап қимылдарды қайталайды.


3-тапсырма.

«Қаршақыз бен жеті құртақан»
атты туралы ертегіден үзінді көрсетеді.

Құртақандар туралы ертегідегі ергежейліліердің саны қанша?

Әр жұп жеті, сегіз, тоғыз сандарының арасынан ергежейлілер санын табады.

Жеті цифрын белгілейді.
Сегіз сөзін буынға бөледі.
Сегіз сөзіне сөйлем құрайды.
«Г» ұяң дауыссыз дыбыс екенін беледі.

Педагог г дыбысын дұрыс айтуға үйретеді.


4-тапсырма
-Балалар, қай гүл түсінінң атауында «Г» әрпі бар?

-Қызыл, сары, көк, күлгін.

Балалар гүлдің күлгін түсін айтады..

Әр топ «Күлгін» сөзіне дыбыстық талдау жасайды.

Бағалау: «Шапалақ» әдісі арқылы топтар бір-бірін бағалайды.


Сергіту сəті

«Ертегілер елінде» әуені қосылады. Балалар бейнероликке қарап қимылдарды қайталайды.


5-тапсырма.

Әр топқа «Г» әрпінен басталатын суреттер беріледі. Балалар кішкене суреттерден «Г» әрпінінң баспа түрін желім арқылы қағазға жапсырып құрастырады

Балалар жазу жолына Г əрпінің баспа түрін
жазады.

































































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 желтоқсан
491
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі