400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ертегілер жақсылыққа жетелер

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған тәрбие сағаты жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы





Сыныптан тыс іс-шара





Тақырып:

«Ертегілер жақсылыққа жетелер»










Тақырып: «Ертегілер жақсылыққа жетелер»

Мақсаты:

білімділігі: Оқушыларға ертегіні суреттеп, сахналап қою. Мән-мағынасын ашу. Халық ауыз әдебиеті шығарма кейіпкерлерінің істеріне баға беріп, өз көз қарастарын білдіруге үйрету.

дамытушылығы: Оқушы бойындағы адамгершілік қасиеттерді дамыту, логикалық ойлауын және шығармашылық қабілетін дамыту.

тәрбиелігі: Эстетикалық талғам мен эстетикалық мәдениетін қалыптастыру; ертегі арқылы адамгершілік, достық, мейірімділік, еңбексүйгіштік қасиеттерге тәрбиелеу. Жақсыдан үйреніп, жаманнан  жиренуге бейімдеу.


Көрнекілігі:  Слайд, тақырып жазылған плакат, ертегілерге қажетті жабдықтар


 Шараның барысы:

І. Кіріспе сөз:

Жүргізуші: — Құрметті ұстаздар, оқушылар! Барлықтарыңыз бастауыш сынып оқушыларымен өткізгелі отырған « Ертегілер жақсылыққы жетелер» атты шарамызға қош келдіңіздер!

Жүргізуші: Ертегі  — балалардың қиялын шарықтататын, балалық шақты елестетіп, келешекке сеніммен қарауға тәрбиелейтін  ауыз әдебиетінің бір түрі. «Ертегі» деген ат ертеде, ерте күндегі деген сөздерден туған. Кейде «ертек» деп те айтылады. Әрқайсымыз балалық шағымызда таңғажайып сиқырға толы ертегілерді оқыдық.

Мұғалім: Балалар,  «Жұлдыз айы көркем,Әдемі еді неткен, құстары сөйлейді,Бұлттары билейді…» деген шумақтар нені еске түсіреді?
— Бұл әрине «Ертегілер әлемі» әні. Өлең ертегі әлеміндегі ғажайып көріністерге елес береді. Олай болса  кезекті әсем әнге берейік.

 

Ән: «Ертегілер әлемі».

Мұғалім:

Оқушы: Барлық елдің ауыз әдебиетінен мол орын алған және халықтың жазу-сызу өнері болмаған кезінде ауызша шығарған күрделі шығармасының бір түрі — ертегілер.

Оқушы: Ертегі халықтың ауызша айтатын көркем әңгімесі. Осы ауызша әңгімелері, ертегілері арқылы халық бақыт туралы, еркін өмір, жайлы мекен туралы үміт, армандарын баяндайды. Ертегіде баяндалатын сан алуан қызық уақиғалар шындықтан гөрі, көбіне қиял дүниесі тудырған.

Оқушы: Алғашында шын болған оқиғалар негізінде айтылған әңгімелер бірте - бірте ел арасына тараған сайын қоспалармен толықтырылып, хикаяға, одан ертегіге айналып кеткен.


Оқушы: Жалпы ертегілердің пайда болып, қалыптасуының алғашқы кездерінде ел оны қиял деп ойламаған, онда баяндалатын оқиғаға сенген

Оқушы: Қазіргі қоғам дамуына сай ертегілердің балалар өміріне берер пайдасы мол. Ертегілер тек қана балалардың ақыл-ойларын, қиялдарын дамытып қана қоймай, сөздік қорларын, сөйлеу мәдениетін дамытады.

Оқушы: Ертегілер кейбір балалар үшін ұйықтау үшін айтылатын бесік жыры сияқты болса, кейбіреуіне мәнді де мағыналы айтылған аңыздар деп есептейді.

Оқушы: Тіпті балалар түгіл, үлкен адамдар да ертегілерді қызыға оқиды. Ертегі адамның қиялын бейнелейді. Ертегі оқып отырған адам ертегі сюжетін көз алдына елестетуі мүмкін.

Ертегілері жанрлық әрі сюжеттік құрамы жағынан әр алуан. Ол іштей бірнеше жанрға бөлінеді:
1) жануарлар туралы ертегілер;
2) қиял - ғажайып ертегілер, батырлық ертегілер;
3) хикаялық ертегілер, сатиралық ертегілер;

Жүргізуші: Бүгін оқушылар өздерінің дайындаған ертегілерін  біздің алдымызда сахналап көрсететін болады. Балалар дайынбыз ба?  Олай болса ертегілерді бастауға рұқсат етіңіздер. 

1. «Қызыл телпек» ертегі

2. «Зумрад ва Қиммат» ертегі

3. «Теремок» ертегі

Қорытынды: Құрметті жас достар, ертегілердің тілі көркем, қарапайым, түсінікті жеңіл келеді. Сондықтанда ертегілер сендердің қиялдарыңа қанат бітіріп, армандарыңды асқақтатады, қайратты істерге құлшындырады. Шешен сөйлеуге, өз ойларыңды әдемі баяндауға үйретеді. Тіл құдіреті сені небір құпия сырлар әлеміне жетелейді, көзіңді ашып, кереметтерді танытады. Халық ертегілерін сүйе біл, сүйсіне оқы, одан тіл үйрен, мәнін, мазмұнын аңғар! Жақсы қасиеттерін бойға сіңір!  Өйткені ертегі саған өмір бойы адал серік бола алады.

Қатысқандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар!













































Математика, 1-сынып (пәндік сыныптан тыс шара)

Қызықты математика


«Орман жануарларына көмек»

Мақсаты: 1) оқушылардың алған білімдерін қортындылау, интеллекті жоғары, алғыр да тапқыр топты анықтау;
2) ақыл — ойын, жылдам ойлауын, ептілігін, шығармашылығын дамыту;
3) адамгершілікке, ұйымшылдыққа, жолдастық қарым — қатынасқа тәрбиелеу.


Барысы: І. Ұйымдастыру

ІІ. Мақсат қою.

Сынып түстер бойынша топтарға бөлінеді. Түстердің артында түрлі фигуралар жапсырылған( үшбұрыш, шаршы, дөңгелек, ромб) Фигура атына сәйкес топқа отырады.

-Құрметті ата-аналар, оқушылар ! Қызықты математика атты сыныптан тыс шарамызға қош келдіңіздер. –Балалар өздерің байқап отырғандай бізге қонаққа сендердің ата-аналарың келіп отыр. Сондықтан математика бойынша барлық білімімізді көрсетейік.

Бүгін қызықты математикамыз орманда өтеді. Орманға барғыларың келе ме? Олай болса бәріңді орманға саяхатқа шақырамын.

Біздің қызықты метематикамыз бірнеше турдан тұрады.

1-тур: Жасырынған өрнек «Кірпіге көмек»

2-тур: Көршім кім?«Құралайға көмек»

3-тур: Ребус шешу «Аюға көмек»

4-тур:Басқатырғы «Түлкінің қулығын шешу»

5-тур:Көңілді санамақ «Қоянға көмек»

6-тур: Кім тез? «Машаға көмек»

7-тур: Сиқырлы фигуралар «Қасқырға көмек

1-тур: Балалар біз орманға келе жатыр едік қатты жаңбыр жауып кетті. Кірпі жаңбырдан тығылатын жер таппай тұр екен, оан саңырауқұлақтың астына тығылуға көмектесейік пе? Ол үшін санды өрнектер мен әріпті өрнектерді бір бағанға жинақтыруымыз қажет.

2-тур: Кірпіге жақсы көмектестік, ары қарай келе жатсақ алдымыздан анасынан айырылып қалған құралай кезікті, оны үйіне жеткізуге көмек жасайық. Ол үшін :

Біткен жұмыстарды топтардың арасында ауыстырып тексеру.

3-тур: Құралайдың алғысын алып, ары қарай жол тарттық. Алдымыздан кішкентай қонжық шықты. Ол да үйіне жете алмай тұр. Ол үшін:

Жұмыстар тізбектей тексеріледі.

4-тур: -Балалар, мына қызықты қараңдар, алдымызда қу түлкі өзеннен өтетін өткелді айтпаймын дейді. Оның «Басқатырғысын» орындамасақ болмайды. Түлкі өте қу, байқаңдар, алданып қалмайық.

1. 5 бұтақты қайыңда

Бұтақ сайын 5 алма.

1-еуін бер Сайынға,

Сонда қалмақ неше алма? (қайыңда алма өспейді)

2. Әтеш алдымен 5, сосын тағы 1 жұмыртқа салды. Барлығы неше жұмыртқа салды? (әтеш жұмыртқа салмайды)

3. 7 балық ұшып бара жатыр еді,

Екеуі жерге қонды.

Неше балық ұшып барады?(балық ұшпайды)

4. Үш тышқанның біреуінің мүйізі сынып қалды. Неше мүйіз қалды?(тышқанда мүйіз болмайды)

5-тур: Түлкіден өтіп едік алдымыздан қоян шықты.Қоян өте көңілді ол бізге арнап көңілді санамақ дайындапты.

1. Сатып алып бес сәбіз.

Қойды қоян себетке.

Тағы сонша қосса оған,

Нешеу болмақ әдетте ? (10)

2. Пеш ішінде 3 мысық

Пеш үстінде 3 мысық

Қашып кетсе 2 еуі

Қанша қалды ал пысық.(4)

3. Жағалауда үшеуі,

Шомылып жүр үшеуі.

Қояндардың барлығын

Санап берші сен тауып.(6)

4. Алма ағашта 3 алма

Қандай жақсы жесе алма.

3 еуін де жеп қойдым

Қалды сонда неше алма?(0)

6-тур: мына қызықты қараңдар, шолжаң маша да мұнда жүр, оны да өзеннен өткізіп жіберейік. Ол үшін әр топ өзіне берілген мысалдарды тез шешу керек, қай топ бірінші екенін көреміз.Соңынан жұптап тексереміз.

4+2 6+2 1+5 4+6

7-2 9-2 10-2 9-2

8+2 7+2 9+1 6+4

7-тур. Біз орман шетіне де жақындадық, алдымыздан қасқыр шықты. Қасқыр сиқырлы фигуралармен ойнап отыр екен. Мына түрлі фигуралардан кез-келген зат жасап шығару керек.

Сарапшылар топтардың ұпайларын санап біткенше көңілді есептеу жүргізейік. Жеңген топтарды марапаттау.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
1304
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі