Материалдар / Ертегілер жинағы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ертегілер жинағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға арналған ертегі жинақ жарияланады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қаңтар 2023
207
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады









«Бес ешкі» ертегісі





















































Бес ешкі

 Ертеде бір кедей болыпты. Оның бес ешкі, бір қара тоқтысы және бір құла аты болыпты. Кедей ешкілері мен тоқтысын байдың қойына, атын байдың жылқысына қосады екен.

 Бір күні азынап тұрған боранда бай бес ешкі мен қара тоқтыны, құла атты өз малынан бөліп, елсіз-күнсіз айдалаға айдап жібереді.

 Ұли соққан боран, үскірік аяздан бүрсең қаққан бес ешкі бір тасқа келіп ықтайды да, тасжарғының бүршігін күрт-күрт шайнап, тұра береді. Қара тоқты бишара оларға ере алмай, «Енді өлдім- ау» деп, маңырап тұрғанда, тап қасында бір түп көкпек көрініпті. Көкпектің түбіне келіп, теуіп-теуіп кеңейтіп, бүрлерін жалмап, жем етіп, бырт-бырт шайнап, ол жата беріпті.

Жал құйрығына қар қатқан, Қабағын қалың мұз жапқан, Әрлі берлі көп шапқан.

 Құла ат қамыстың арасындағы бетін көбік қар жауып қалған бір құдыққа күмп етіп, түсіп кетіпті. Оқыранып, осқыранып, қайшылап тігіп құлағын, жұлып жеп ернеу құрағын, күрт-күрт шайнап, о да тұра беріпті.

 Сөйтіп кедейдің бар малы ақ боранның астында, қараңғы түнде айдалада қалыпты.

 Боранмен бірге құтырып, араны ашылған аш қасқыр жем іздеп келе жатып, қара тоқтының дәл үстінен түсіпті:

  • Қара тоқты, қара тоқты, сені жеймін! – депті қасқыр.

  • Ағатай, ағатай, мені жеме, ана жерде бес ешкі тұр, соны же, –

депті тоқты.

  •  Жарайды, – депті де қасқыр аузын ақсита түсіп, бес ешкіге жетіп келіпті.

  • Бес ешкі, бес ешкі, мен сендерді жеймін!

  •  Қасеке, қасеке, бізді жеме, ана жерде жалы құлағынан асқан құла ат құдыққа түсіп жатыр, соны же, – депті бес ешкі.

  •  Жарайды, – депті де, қасқыр құлағын тікірейтіп, арқа жүнін сыртқа теуіп, құла атқа келіпті.

  • Құла ат, құла ат, мен сені жеймін! – депті қасқыр.

  •  Сен қасқыр едің, мен ат едім. Ең болмаса мені мына құдықтан шығарып ал, батпағымды тазарт, артыма шығып отыр да, бір аят оқы, сонан соң же. Онсыз да өлгелі жатырмын ғой, – депті құла ат.

  •  Жарайды, – деп, қасқыр құла атқа құйрығынан мықтап тістетеді де, құдықтан шығарып алады. Аяғымен тырналап, батпағын тазалайды.

  •  Енді әрі қарап тұр да, иманыңды айта бер. Мен құранды келістіріп оқимын да, келістіріп тұрып сені жеймін, – депті қасқыр.

 Құла ат құлағын жымырып, артқы аяғын баурына алыңқырап, тұра беріпті.

 Иен дала, айсыз түн, азынаған боранда өзімнен басқа батыр жоқ деп, даңғойсыған бөрі құла аттың артына шығып, шоқиып отырады да, молдаларға ұқсап, екі көзін шарт жұмып, өзінше әндетіп, ұли бастайды.

 Аңдып тұрған құла ат қырындай түсіп, көз тастап, артқы аяғымен дәлдеп тұрып қасқырдың шықшытынан теуіп кеп қалады.

 Шықшыты сынып, екі көзі алдына ағып түскен қасқыр қылжиып жатып ұлиды:

Қара тоқтыны жемеген Қобылан басым-ау у… у… Бес ешкіні жемеген

Бегпен басым-ау у… у…

Құла атты құдықтан суырып алған Палуан басым-ау у… у…

Артына шығып, құран оқып, Көз жұмар, молда ма едім?

Ау… у…

депті де қылжиып жатып, өліпті.

* * *

 Ертеңіне таң атып, боран басылған соң кедей бір төбенің басына келіп, былай деп, малдарын шақырыпты.

Қой баласы қоңырым, Ұя бұзбас момыным, Шопан ата түлігі

Қошақаным, қайдасың? Пұшайт, Пұшайт, Жүнін жұлса бақырған,

Ешкі атасын шақырған, Өрісте өскен жануар -

Шөкетайым, қайдасың? Шөре! Шөре! Жолға шықсам көлігім,

Жапанда жүрсем серігім, Қамбар ата өсірген

Құла атым менің, қайдасың? Құрау! Құрау!

 Бұл дауысты естіген соң, құла аты қар бұзып, бес ешкі шұбап жол салып, қара тоқтыны соңдарынан ертіп, аман-есен иелерін тауыпты. Кедей малдарын әкеп, жылы қораға кіргізіп, астарына жайлап көң төсеп, пішен мен жемге тойғызып, олардың көрген-білгендерін сұрапты да, әңгімеге әбден қанып алған соң:

  •  Сен неге басыңды сауғалап, бес ешкіні саудаға салдың? – деп, қара тоқтыға кінә қойыпты.

  •  Мүйізім болса өскен жоқ, буыным болса қатқан жоқ, өзім жалғыз, әрі әлім келмейтін болған соң, солардан бір зауал болар деп, бес ешкіге жіберіп едім, – деп жауап беріпті қара тоқты.

  •  Сендер неге өз бастарыңды сауғалап, құла аттың басын саудаладыңдар? – депті бес ешкіге.

  •  Сіздің құла атпен талай рет қасқыр соққаныңызды білеміз, сондықтан ер қанаты ат еді ғой, бір зауал содан болар деп едік. Онымыз дәл келді, әйтпегенде аш қасқыр бәрімізді де жеп қоятын еді, – депті ешкілер.













«Үкінің тапқырлығы» ертегі



























Shape1





















Үкінің тапқырлығы

Қалың орман ішінде ақ қоян мен сұр қоян көрші тұрыпты. Екі қоянда бау-бақша өсіреді. Күндерін бақша суарудан бастайтын екі қоян бәсекелесіп өмір сүреді екен. Өсіп тұрған жеміс-жидектерімен мақтанып, бір- бірінен асып түсуді көздейді.
Бірде ақ қоянның жеміс суаратын құралы сынып қалып көршісі сұр қоянннан уақытша пайдалануға оның суарғысын сұрапты. Сұр қоян екі қап сәбіз берсең беремін дейді. Ақ қоян екі қап сәбізге құралды айырбастап алады. Күндер өтіп жатты

Сұр қоян таң ата бақшасына келсе, сәбіздері әлі мардымды өнім бермей тұрғанын көреді. Көршісі ақ қоянның бақшасына қарап еді жайқалып тұр екен. Іші алай-дүлей болып, қызғанышы өршіп, белегін сыбанып ақ қоянның алдына жетіп келеді.
— Сенің сәбіздерің менің суарғымның арқасында осылай жайқалып өсіп тұр. Сол үшін де сенің сәбіздерің енді менікі болуы тиіс, деді.
— Жоқ, олай болмайды деп ақ қоян қарсылығын білдірді.
Даулары төбелеске ұласты. Орман ішін басына көтерген екі қоян әділдік іздеп, орман патшасы арыстанға келеді. Екі қоянның дауына төрелік етуге үкі мен жапалақ қорғаушылар болып сайланыпты.
Алайда ақ қоянның қорғаушысы Үкі мырза кешігіп қалады. Ашуланған арыстан патша билікті қолына алып, қорғаушысы келмеген ақ қоянды кінәлі деп таныпты.Сол мәзетте Үкі мырза ұшып келеді.
— Қайда жүрсің, – деген Арыстанның дауысы отырғандарды селк еткізді.
— Патшам, мен келе жатқан жолда өрт болып жатыр екен, соны өшірейін деп теңізден тесік қалбырмен су тасыдым, – депті үкі.
— Ей, сен кешіккеніңмен қоймай өтірікші де екенсің, тесік қалбырмен қалай су тасисың, — депті патша.
— Дұрыс айтасыз патшам, тесік қалбырмен өрт сөндіре алмаймыз. Сол секілді тек суырғы құралмен еңбек етпесеңіз өнім де шықпайды. Мәселе құралда емес еңбекте екенін жеткізгім келді деген екен.
Патша үкінің тапқырлығына риза болып, ақ қоянның сәбіздері еңбекпен келгенін мойындап, оң шешім қабылдаған екен.
Екі қоян татуласып, дауласпауға уәде беріпті.















































































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!