400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ертегілер мен әңгімелер жинағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ертегілер мен әңгімелердің қысқаша жинағы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ертегілер мен әңгімелер жинағы



Мақтаншақ бақа

Мақтаншақ бақа 2-сыныпта оқиды. Достарының барлығы оның ерекше мақтаншақ екенін бұрыннан білетін. Бірақ бүгінгі қылығы есте қаларлық болды. Әдебиеттік оқу сабағынан кейін мұғалім оқу қарқынын тексеретінін айтты. Жапалақ мұғалім екінші жарты жылдықта 55-60 сөз оқи алуымыз керек екенін айтты. Барлық оқушылар кітаптарын ақтарып дайындала бастады. Тек қана мақтаншақ бақа осы кезге дейін, көптеген кітаптар оқығанын, ол үшін 60 сөз оқу қиынға соқпайтынын айтты. Мақтаншақ бақаның ойынша,білімді болу үшін, теледидар қарасаң да жеткілікті, кітап оқып уақыт өткізгеннен не пайда. Жапалақ мұғалім барлық оқушылардың оқу қарқынын тексеріп, жақсы жетістік көрсеткендерін атап өтті. Минутына 144 сөз оқыған аққу, 110 сөз оқитын қарлығаш және 89 сөз оқитын құмырсқа алғашқы орындарды иеленді. Барлық оқушылар оларға қызыға қарады. Мақтаншақ бақа «Мен неткен ақылдымын, бәрібір соңынан санағанда бірінші орын менікі»-деп мақтанды. Досым сен ше? Минутына неше сөз оқисың



Сауысқан мен көкек

Ертеде сауысқан мен кӛкек бір орманды мекендепті. Олар ұялары болмай, ағаштың бұтақтарын паналап күнелтіпті. Көкек күнде ерте тұрып алып: «ұя керек», «ұя керек», - деп, көршілерінің мазасын кетіреді. Бір күні сауысқан көршісіне:

– Екеуіміз бірігіп бірік ұя істейік. Әуелі саған, содан кейін маған салармыз, - дейді.

Көкек:

– Менің ұя салатын қуатым да, құралым да жоқ. «Керек, керек» деп қақсай берсем, құстың бәрі ағайыным, көп болып көмектесіп, ұя салып берер, - деп келіспейді.

Сауысқан көкектің көмегін күтпей–ақ, ұя салуға кірісті. Ол ұясының қабырғаларын жас бұтақтармен таспалап, берік етіп өрді. Оны шыммен, өсімдік тамырларымен мықтап байланыстырды. Іші – тысын саз балшықтармен сылады. Кішкентай бұтақтардан құрастырып, қақпалы есік жасады. Ұяның астына мамықтан төсек төседі. Ал көкектің «керек, керек» деп қақсай – қақсай даусы қарлығып, тілі сақау болды. Ол кейінгі жылдарда «керек» дегендегі «р» - ды айта алмай, «керек» деудің орнына «көлек, көлек» дейді. Сондықтан жұрт оны кекетіп «көкек» деп атайтын болды. Сол көкектің күні бүгінге дейін өзімдікі деген ұясы да, үйіші де жоқ.



Тоғыз теңге болса да берші



Қожекең бір күні түс көреді. Түсінде тәжі қоразы бар екен дейді. Алдына бір кісі келіп:

- Қожа, қоразыңызды сатасыз ба? - деп сұрайды.

- Ақшаны көп берсең сатамын, - дейді.

- Кәне, қаншаға бересіз? - дейді кісі.

- Он екі теңге бер.

- Жеті теңге берейін.

- Жоқ

- Болмаса сегіз теңге берейін.Осылай таласып, нарық тоғыз теңгеге шыққанда, Қожанасыр оянып кетіпті. Оянса қоразы да, алушы да, ақша да жоқ. Қожекең дереу көзін жұмып: «Тоғыз теңге болса да берші!» - деп қолын созады.

Қожанасырдың май сатып алуы

Бір күні Қожа май сатып алу үшін базарға барады.

Әйелі оған бір кесе беріп:

- Мына кесеге еріген май құйғызып әкел, - деп тапсырады. Қожа май сатушыға келеді. Қожекең майды ыдысының шамасынан көбірек алады. Ол майды кесесіне құйғызады. Бірақ май кесеге сыймай, асып кетеді.

Сол жерде сатушы:

- Май кесеңе сыймайды. Қалғанын қайда құямыз? - дейді. Қожа жалма-жан кесесін төңкеріп жіберіп:

- Қалғанын мына жағына құй! - деп, кесесінің түбіне құйгызып, Қожекең сол бойында кесені ұста үйіне келеді. Алдынан әйелі шығып:

- Майды мұнша неге аз алдың? - деп сұрағанда,

Қожа:

- Жалғыз бұл емес, мына жағында да бар, - деп, кесені тағы да төңкеріп қалады.

Сонымен, кесенің түбіндегі аз ғана май да төгіліп қалыпты.

Ең үлкен байлық



Қасымызда болғанда сынаса да, ел алдында үнемі бізге жақтасатын. жетістіктерімізге қуанып, сәтсіздіктерімізге мұңаятын, бізді көңілсіз көрсе, елге хабар беріп, бізге көбірек көңіл бөлуді сұрайтын, басқа материкте тұратын болса да, күнде 14 сағат жұмыс істейтін болса да, керек кезде үнемі көмегімізге асығатын, ДОС – ең үлкен байлығымыз.



Жаман жолдас



Екi дос кiсi жолдастасып келе жатып, бiр аюға ұшырапты. Бұл екi кiсiнiң бiреуi әлсiз, ауру екен, екiншiсi мықты, жас жiгiт, аюды көрген соң бұл жiгiт ауру жолдасын тастап, өзi бiр үлкен ағаштың басына шығып кеттi дейдi. Ауру байғұс ағашқа шығуға дәрменi жоқ, жерге құлады да созылып, өлген кiсi болды да жатты: есiтуi бар едi, аю өлген кiсiге тимейдi деп. Аю бұл жатқан кiсiнiң қасына келiп иiскелеп тұрды да, дыбысы бiлiнбеген соң тастап жөнiне кеттi. Мұнан соң манағы жолдасы ағаштан түсiп, аурудан сұрапты:

– Достым, аю құлағыңа не сыбырлап кеттi? Ауру айтты дейдi:

– Аю құлағыма ақыл сыбырлады, екiншi рет тар жерде жолдасын тастап қашатын достармен жолдас болма дедi, – дейдi.



Мейірімді бала



Қытай жұртында ескi заң бар, бiреудi алдағандығы мойнына түскен кiсiнiң қолын кесе-тұғын. Бiр төре осындай iспен күнәлi болып, әлгi айтылған жазаны беруге тұрғанда, күнәлi төренiң жас қыз баласы әкем үшiн жауап беремiн деп, мәлiм болды. Қызды патшаға алып келiстi.

– Тақсыр, патшам, – дедi қыз, – менiң әкем жазаға лайық болғаны рас, соның үшiн қолынан айрылуы керек болды, мiнекей, тақсыр, әкемнiң қолы, – деп өзiнiң қолын көтердi. – Бұл қол да менiң жазықты болған атамның қолы, бiрақ мұнымен бала-шағаларын асырауға шамасы келмейдi. Бұйырыңыз, тақсыр, осы нашар қолын кесiп, жұмысқа жарап, бала-шағаларын асырайтын қолын атама қалдыруға.

Патша баланың мұнша атасына мейiрiмдiлiгiне рақымы келiп, төренiң күнәсiн кештi дейдi.



Бақша ағаштары



Жаздың әдемі бір күнінде, таңертең бір төре өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де егілген ағаштары мен гүл жапырақтарын көріп жүрді.

- Мынау ағаш неліктен тіп-тік, ана біреуі неге қисық біткен? - деп сұрады баласы.

- Оның себебі, балам, анау ағашты бағу-қағумен өсірген, қисық бұтақтары болса өсіп. Мынау ағаш бағусыз, өз шығу қалыбымен өскен,- деді атасы.

- Олай болса, бағу-қағуда көп мағына бар екен ғой,-деді баласы.

- Бағу-қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым; мұнан сен де өзіңе әбірет алсаң болады; сен жас ағашсың саған да күтім керек; мен сенің қате істеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем, сен менің айтқанымды ұғып, орнына келтірсең, жақсы түзік кісі болып өсерсің, бағусыз бетіңмен кетсең, сен де мынау қисық біткен ағаштай қисық өсерсің,- деді.



Әке мен бала



Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп, баласына айтты:

—Анау тағаны, балам, ала жүр, — деп.

Бала әкесіне:

— Сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын, — деді.

Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да, жүре берді.

Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң, әкесі қайырылып, манағы тағаны соларға үш тиынға сатты. Одан біраз жер өткен соң, шие сатып отырғандардан ол үш тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бірем - бірем алып жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала да тым - ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды. Бітегенеден соң және бір шие, онан біраз өткен соң және бір шие, сонымен әр жерде бір әкесінің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып айтты:

— Көрдің бе, мана тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Мұнан былай есінде болсын: аз жұмысты қиынсынсаң — көп жұмысқа тап боласың, азға қанағат ете білмесең — көптен де құр боласың, — деді.

Әдеп

Бiр жүрттың бас әкiмi екiншi бiр байға жолығысып сөйлесiп тұрғанда, қасынан бiр жарлы мұжық өтiп бара жатып иiлiп, бас ұрып сәлем бердi дейдi. Оған қарсы әлгi үлкен әкiм төре онан да төменiрек бас ұрып сәлем алды. Қасындағы бай:

– Тақсыр, осынша жүрттың үстiнен қараған әкiмсiз, осы бiр мұжыққа неге сонша бас ұрасыз? – деп айтты дейдi.

Сонда әкiм:

– Ешбiр iлiм-бiлiм үйренбеген мұжық сонша иiлiп, әдептiлiгiн көрсеткенде, мен онан әдепсiз болып қала-йын ба? – дедi дейдi.



Достық



Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бірде оның замандастары:

Достық нешеу? – деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет тұрып:

Достықтықтың екі түрі болады. Бірі — адал достық, екіншісі – амал достық.

«Енді оны қалай ажырата аламыз» дегендерге:

Адал достық өмірлік нұсқа болады, амал достық өмірлік нұсқа болады, — деп жауап береді екен.

Қажымұқанның қалжыңы



Балуан бір күні келе жатып батпаққа батқан трактордың үстінен шығады. Жұрт жиналып, әуре-сарсаңға түсіп жатыр екен дейді. Қажекеңді көмекке шақырады.

Сонда балуан беліне арқан салады да «Әуп!» деп бір-екі ырғап жіберіп, тракторды суырып алады. Сонан соң белін жазып, маңдай терін сүртіп тұрып:



- Әлі де болса қажыған трактордан Қажымұқан артық екен-ау! - деп кеңк-кеңк күліпті дейді.



Адаммен санасуды үйрен



1995 жылдың күзі. Американың қарулы күштеріне тиесілі үлкен әскери кеме жүзіп келе жатқан. Кенет радардан беймәлім алып «кеме» көрінді. Әскери кеме капитаны рация арқылы: «Америкалық әскери кеме капитаны сөйлеп тұр. Соқтығысудың алдын алу үшін бағытты оңтүстікке қарай 15 градус бұруың қажет. Қайталаймын. Соқтығысудың алдын алу үшін 15 градус оңтүстікке бұр. Қане!»,-деді. Қарсы тарап: «Түсінікті. Бұл – Канада мемлекетіне тиесілі аймақ. Сұранысыңызды қанағаттандыра алмаймын. Бағытыңызды 180 градусқа бұруға кеңес береміз,-деді. Капитан: «Бұл не демек? Сендерден бар болғаны оңтүстікке қарай 15 градус бұруың керек. Ал, біз солтүстікке қарай 15 градус бұрамыз. Апаттың алдын аламын. Қане, орында!»,-деді. Қарсы бағыт байланысқа шығып: «Бұлай болмайды. Сіздің сұрауыңызды орындай алмаймыз. Сіз 180 градусқа бұрыңыз. Тым болмаса, 130 градусқа» — деді. Капитан: «Неге дауласып жатырсыңдар! 15 градусқа бұру қиын ба?! Біз Америка әскери кемесіміз. Сендер кімсіңдер?!» — деді. Қарсы тарап: «Бұл – мұнай қоры сақталатын арал. Біз қозғала алмаймыз. Сақ болыңыздар!» — деді. Кеменің бұрылуына ешбір уақыт қалмаған еді. Өйткені, бар уақыт нәтижесіз рациямен дауласуға кеткен еді.



Сүйкімді Ботагөз



Ботагөз әрқашан сабаққа ерекше дайындықпен келеді.Өзі үнемі терең ой құшаында жүреді. Ұстазының әр сөзін байыппен, ерекше ынтамен тыңдап,іштей қайталап отырады. Бүгін мұғалім ерекше тапсырма берді. Оқушыларға «Алтын балық» ертегісін оқып беріп: « Егер сендер алтын балықты ұстап алсаңдар қандай тілек тілер едіңдер,ойларыңдағы армандарыңды қағазға жазыңдар»-деді. Бүлдіршіндер өз арман,тілектерін қуана күбірлесіп жаза бастады. Аздаған үзілістен соң оқушылар жазба жұмыстарын оқып берді. Ержасын маған машина керек десе, Жансулу әдемі қуыршақ сұраймын деді. Жансая үлкен үй сыйласын, мен әкеммен және анаммен сол үйде бақытты өмір сүргім келеді деді. Барлық оқушылар өз ойларын жарысаоқып беріп жатты. Тек қана Ботагоз үндемей отырды. Мұны байқаған мұғалім: «Ботагоз, сен алтын балықтан қандай тілек тіледің?»-деп сұрады. Азырақ үнсіздіктен кейін Ботагоз өз жазғанын оқып берді. «Егер де мен, алтын балықты ұстап алсам,ең бірінші анама денсаулық сұрар едім. Анам ауырып қалса, мен қатты уайымдаймын. Содан кейін әкеме,сүйікті тәтеме де, егер де ата-анам қасымда аман-сау болса, қалғанының бәрі болады»-деді. Мұғалім сүйкімді Ботагозге үлкен сүйіспеншілікпен таңырқай қарады, сыныптастары да үлкен ойға батып кетті. Ерекше жаңа жыл 2-сынып оқушысы Әкежан анасы мен әкесінің жалғыз баласы болғандықтан, өте ерке болып өсті. Ата-анасы да ерекше мәпелеп айтқанын екі етпейді. Міне көптен күткен жаңа жыл да келді. Әкежан үшін басқа мерекелерден гөрі жаңа жыл сыйлығы мол, тәттіге тоятын ерекеше күн. Ата-анасы былтырғы жылы бағасы қымбат тұратын ұялы телефон сыйлаған болатын. Аяз ата беріп жіберді деп ата-анасы алдаса да, Әкежан сыйлықтың қайдан келгенін жақсы біледі. Биыл да ата-анасына Аяз атадан қандай сыйлық күтетінін алдын-ала ескертіп қойған еді. Бірақ, жаңа жыл күні түні ақ халатты дәрігерлер келіп, анасын алып кетті. Аң-таң болған Әкежан әкесіне: «Әке, менің сыйлығым қайда? Аяз ата мені биыл ұмытып кетті ме? Анам қайда кетті? Қалай жаңа жылды қарсы аламыз?»-деді жылам- сырап. Сәлден соң телефон шырылдады. Қуана жымиған әкесі: «Сен биыл ерекше сыйлыққа ие болдың , Аяз ата саған іні сыйлады»-деді. Бауырлары бар өзге балаларға ерекше қызғаныш- пен қарайтын, Әкежанның қуанышында шек жоқ. Қатты қуанғаны сондай, қолын шапалақтап секіріп жіберді. Әкежан үшін бұл жаңа жыл ерекше болды. Ол тіпті армандаған сыйлығын ала алмағанына да өкінген



Бірдеңеге ұрынам да жүремін!







Неше түрлі нəрсеге ұрындық қой. Қайсы бірі есте қалар берер дейсіз.

Бірде сыныптағы бір қызбен бір автобусқа отырып қалып,

бір мəрттік жасап төлей қояйын деп едім. Сыныптасым кондукторға "Артығын қайтарып беріңіз, мен өзіме төлеймін",- деді. Кондуктор кеткен соң маған қарап, "Қəзір ата-анаңның тапқанымен өмір сүріп жатырсың, шығын өзіңнен шығатын болған да таксимен тасысаң да қарсы емеспін",- деп, кірерге тесік таппай отқан менің аузыма құм құйды. Ұялғаным-ай ...

Қызық, сəнге осындай тəрбиелі, қазақи мінезді, ұяң қыздар қайта келер ма? екен.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
27 қараша
1539
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі