400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ертегілерді сахыналау арқылы балалардың шығармашылық қабілетін дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Баланың шығармашылық қабілетін дамытуда ертегінің маңызы зор екендігін және сахналық қойымдар арқылы ертегі мазмұнын баланың санасына сіңру, түсіндіру, шығармашылықпен әрекет етуге баулу мәселесіне баса назар аударған. Театрландырылған көріністер арқылы бала өзін жан –жақты ашады, іс –әрекетке деген қызығушылығы арта түседі. Ертегіні сахналау арқылы бүлдіршіннің шығармашылық қабілетін дамыту қазіргі кезде мектепке дейінгі мекеменің ең басты міндеттерінің бірі болып саналады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ертегілерді сахыналау арқылы балалардың

шығармашылық қабілетін дамыту.

Қазақ ауыз әдебиеті – талай ғасырлардан келе жатқан мұра, сарқылмас бай асыл қазына. Одан халқымыздың өткенін білеміз, сол арқылы бүгінгі заманымыздың ұлылығын танимыз.Қазақтың мақал-мәтелдері болсын, жұмбақ-жаңылтпаштары мен ертегілері болсын – бәрі де балаларды Отанын сүюге, ерлікке, елін қорғауға үндейтіні белгілі.
Балалар бақшасының тәрбиеленушілерін ауыз әдебиетінің үлгілерімен таныстырып, олардың өмірін байыта түсу тәрбиешілердің міндеті болып саналады.
Баланың шығармашылық қабілетін дамытуда ертегінің маңызы зор екендігін және сахналық қойымдар арқылы ертегі мазмұнын баланың санасына сіңру, түсіндіру, шығармашылықпен әрекет етуге баулу мәселесіне баса назар аударған. Театрландырылған көріністер арқылы бала өзін жан –жақты ашады, іс –әрекетке деген қызығушылығы арта түседі. Ертегіні сахналау арқылы бүлдіршіннің шығармашылық қабілетін дамыту қазіргі кезде мектепке дейінгі мекеменің ең басты міндеттерінің бірі болып саналады.

 Сахна әр балаға қуаныш, ұмытылмас әсер сыйлайды, оның көркемдік талғамын, еліктеуі мен қиялын дамытады. Кезінде орыстың ұлы ақыны сахнаны «Сиқырлы өлке!» деп атаған. Қазақ өнер жұлдыздарының бірі Шәкен Айманов «Сахна – адамдарды туыстандыратын шығармашылық отбасы, сахна өнері – тіл жетпес құдіретті өмір шындығын білу, яғни адамның сахнаны сүймеуі мүмкін емес» деген сенімде болған. Өнердің осы бір ғажайып түрімен жүздескен үлкендер де, балалар да ұлы ақынның, теңдесі жоқ режиссердің айтқан осы дана сөздерінің мағынасы мен мәнін өз сезімдерімен теңдей бөліседі.

     Өзінің көрерменімен  әрбір жаңа жүздесуінде сахналық өнер қайта жаңарғандай болады және ешнәрсемен теңдесі жоқ бірге күйзелу сезімін сыйлайды. Мектепке дейінгі жасөспірім баланы тәрбиелеу мен дамыту ісіне байланысты мақсаттарды шешуде сахна (театр) ерекше рөл атқарады.

Сахналандырылған ойындар, ойын – қойылымдары болып саналады, өйткені олар әдеби шығармалар түрінде белгілі бір мазмұнға ие, сондықтан балалар кейіпкерлерді ойнайды. Онда нағыз театр өнеріндегідей айшықты құралдар көмегімен – дауыс ырғағы, бет әлпетінің өзгеруі, қол қимылдары, дене бітімінің жағдайы мен жүріс-тұрысы арқылы нақты бейнелер қалыптасады.

     Бірінші сәбилер тобынан бастап, балалар тәрбиешінің көмегімен кішігірім әндерді, тақпақтарды, жұбату өлеңдерін, кіші сахна көріністерін ойнаса, екінші сәбилер тобында театрдың ойыншықтарын пайдалана отырып, мұны одан да әрі жалғастырса, онда ересектер тобында театр іс-әрекеті өз бетінше жүргізіледі.

    Балалар беске қараған жасында, театр іс-әрекеті үрдісінде, рөлдерді орындау барысында өзіндік жеке ерекшеліктерді енгізуге белсенді ұмтылады. Мектепке дейінгі ересектер жасында балаларды көркемдік – бейнелік айшықтықтың амалдарына арнайы үйрету мүмкіндігі туады. Қарапайым шығармалардан кереметтей сахналық көрініс жасауға болады. Сахналық жүру, тұру, сөйлеу, өзін-өзі білу, сыйлау мәдениетіне үйренеді. Рөлді ойнау арқылы бала жағымды әдет, жақсы қасиеттерді ажырата білуге үйренеді, өзі жаман қасиеттерді қайталамауға тырысады.

    Балалардың көрген театрдың өзінен, сондай – ақ өздері қойған сахналық қойылымдар балалардың ой-өрісін кеңейтеді, балаларды әңгімеге араласуға, көрініс туралы ата-аналарына, жолдастарына әңгімелеп беруге итермелейді. Осының барлығы баланың сөйлеу қабілетінің дамуына, анық сөйлеуіне, өзі алған әсерін монолог түрінде жеткізуге себебін тигізеді.

    Ертегі кейіпкерлерінің рөлдерінде ойнап, кейіпкерлердің сөздерін, диалогтарын жаттап алу арқылы балалардың тілдері дамып, сөз байлықтары молайып отырады. Ал қуыршақ театрында кейіпкерлердің рөлдерін қуыршақтар ойнайды. 

     Балаларға арналған көркем шығарманы оқыту  неғұрлым дұрыс ұйымдастырылса, мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық талғамын дамыту соғұрлым табысты болады.Тіпті сәбилер тобынан бастап – ақ тақпақ пен қысқа өлеңдерді айтқызғанда көркем сөздер әсерлі естілуі үшін үстел үстіндегі театрды, қысқа сахналық қойылымдарды қолдана берген жөн.

      Балалар ой-өрісінің кеңеюіне байланысты сахналық ойындар күрделене түсуі тиіс.

-         Бірінші кезеңде балалар ұжым болып, ертегі мәтінін ауызша айтады.

-         Екінші кезеңде ертегінің барлық кейіпкерлерінің сөздері балаларға ұсынылады.

-         Үшінші кезеңде балалар бірнеше шығармашылық тапсырмаларды орындайды.

-         Төртінші кезеңде рөлдерге бөліп, ертегіні ертеңгіліктерде, театрлық ойындар іс - әрекетінде ойнап көрсетеді. Соның айғағы ретінде біздің балабақшадағы қолданылған сахналық қойылымдардан, ертегіні сахналаудан үзінді ұсынамын.

Сондай – ақ, ғалымдар сахна іс – әрекетінің тиімділігі көбінесе балалардың бейнелеу шығармашылығы оқу іс – әрекетінің  кешенді болуына байланысты екендігін айқындайды. Сәндік безендіру шығармашылығы үрдісінде балалар ойлану, ойын дамыту және қиялдау мүмкіндігіне ие болады, мұның барлығы орындалатын бейнелердің мәнді болуына қолайлы әсер етеді.


Әулиекөл ауданының әкімдігінің «Айгөлек» Әулиекөл балабақшасы МКҚК















Ертегілерді сахыналау арқылы балалардың

шығармашылық қабілетін дамыту.






















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 қараша
821
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі