"Ертегіні сахналаймыз және әңгімелейміз"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Ертегіні сахналаймыз және әңгімелейміз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі балаларға ертегі кейіпкерлерінің роліне кіре білуге, сөздік қорларын молайтуға орман аңдарына деген қамқорлықтарын ояту
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Болашақ» мектепалды дайындық тобы

«Ертегіні әңгімелейміз және сахналаймыз» атты ойын іс-әрекеті

 Тақырыбы: «Қысқы баспана» ертегісін сахналау және «Шалқан» ертегісін әңгімелейміз

Мақсаты:

Білімділік:_ балалардың халық ауыз әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру.

өздері білетін ертегілерінің кейіпкерлерінің кейіпкерлерін атау арқылы, тілдерін жеткізе отырып,ертегіні кейіптендіре білуге үйрету.

Балаларға қыс мезгілі туралы түсінік бере отырып, балаларды жыл мезгілдерін ажырата білуге үйрету. Қыстың ерекшіліктерімен қызықтыра білу.

Дамытушылық: балалардың тіл байлығын ,есте сақтау қабілетін дамыту.Балаларға ертегіні оқып,таныстыру арқылы ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік : балаларды достыққа,бірлікке баулу, ертегілерді сүюге және адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу. Бір-біріне қамқор болуға,адалдыққа,шыншылдыққа ,ормандағы аңдарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:Ормандағы аңдардың қысқы тіршілігін ұғыну.

Көрнекі -құралдар:интерактивті тақта,қалам,суреттер,үнтаспа,маска жануарлар.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап,әңгімелесу,көрсету.

Пәнаралық байланыс:көркем әдебиет, қоршаған ортамен танысу,музыка.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.

Тәрбиеші: тобымыздың аты: «Болашақ»

Ұранымыз:

Болашақ тобы алға,

Биіктерге самға.

Достығымыз барда,

Жүреміз тек алда.

Балалар біздің бүгінгі ойын іс-әрекетіміз өтте қызықты болмақ, үйткені біз жарты жыл бойы өткен ертегілерімізді еске түсіре отырып әңгімелейміз және сахналайтын боламыз және түрлі қызықты ойындар ойнайтын боламыз. Балалар біз ойын іс-әрекетіміз басталмас бұрын біз екі топқа бөніп алайық, және топ басшыларымыз өз топтарын таныстырсын.

1 топ «Арыстан»

Ұранымыз: Біздің топ Арыстан

Жеңіп шыққан жарыстан.

Қарсыласып күресіп,

Бас жүлдеге таласқан

Біз ешқашан жалықпаймыз

Еш қашанда қалмаймыз

Тек қана талма,

Ұмтыла бер алға

2 топ «Барыс»

Ұранымыз: Барыс тобы алда,

Биікке самға,

Ешқашан қалма,

Әрқашан алға!



Жарайсыңдар балалар!

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты

Қырандай күшті қанатты

Мен жастарға сенемін! – деп Мағжан Жұмабаев атамыз айтқандай, мен сендерге сенемін балапандарым, олай болса бүгінгі ойын іс-әрекетімізді жақсы көңіл-күймен атқарып шығайық.

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Қыс мезгілінің ерекшеліктерін айтып бере аласыңдарма?

Ал енді балалар «Арыстандар» тобы «Қысқы баспана» ертегімізді сахналап қонақтарымызға көрсетейік.



Автор: Ертеде Бұқа,Қой,Шошқа,Мысық,Әтеш-бәрі орманды мекен етіпті. Жазда орман іші қандай көңілді ! Бұқа мен Қой шөпке кенеледі. Мысық тышқан аулайды. Әтеш жидек теріп,құрттарды шоқып жейді. Шошқа ағаштың тамыры мен жаңғағын тамақ қылады. Бұл достар осылай рақат өмір сүре береді. Жаз өтіп,күз болады.Орман іші суыта түсті. Бәрінен бұрын қыс қамын Бұқа ойлай бастайды. Ол Қойға келіп:

Бұқа: -Кел,достым,қыс қамын істейік,баспана жасайық!-дейді

Қой: -Жарайды,құп болады,-дейді

Автор:Бұқа мен Қой Шошқаға келіп:

-Жүр,қорсылдағым,

келісе кетеді. үй салайық,-деді.

Автор:Шошқа келісе кетеді.Бұқа,Қой,Шошқа үшеуі келе жатып,Мысыққа кездеседі.

-Амансың ба, мысықбай! Жүр бізбен бірге , қыс қамын жасап, үй салайық!

Автор:Мысық та, Әтеш те келісе кетеді. Бұлар орман ішінен ыңғайлы жер табады. Бәрі бірлесіп жылы үй салады.Қыстық отын,жейтін тамақтарын да жинап алады.Қыс та келді.Қыс суық болғанымен,қыстық баспанасы бар достаға жылы көрінеді.Бұқа мен Қой үйге төселген тақтай еденде жатады.Шошқа тақтай еденнің астына жайғасады . Мысық пеш үстіне пырылдап, Әтеш сырғауылға қонақтайды.Достар уайымсыз өмір сүре береді.Орман кезіп жүрген үш аш Қасқыр жаңа салынған үйді көреді. Қасқырдың ішінде батылдау біреуі:

Қасқыр: -Бауырларым,мен барып,бұл үйде кімдер тұратынын біліп келейін. Егер кешіксем,көмекке келерсіңдер,-дейді.

Автор: Қасқыр үйге кіріп келгенде,көзі бірден Қойға түседі.Қасқырды көріп зәресі ұшқан Қой:

Қошқар:-Мә-ә-ә!Мә-ә-ә!Мә-ә-ә!

Автор:- деп маңырап қоя береді.

Автор:Әтеш қасқырды көріп,қанатын қағып:

Әтеш:-Ку-ка-ре-ку!..

Автор:-деп шақырып жібереді.Мысық пеш үстінен секіріп түсіп:

Мысық:-Мияу!..Мияу!..

Автор:-деп мияулай бастайды.Бұқа жүгіріп кеп,Қасқырдың бүйіріне мүйізін қадап қалып:

Бұқа:-Мө-ө!Мө-ө!Мө-ө!

Автор:-деп мөңіреп жібереді.Шошқа еденнің астынан атып шығып,қаһарлана қорс-қорс етіп:

Шошқа:-Хрю!Хрю!Хрю!Қайсысыңды жейін?

Автор: -дейді.Қасқыр әрең қашып құтылып,зытып келе жатып,жолдастарына:

Қасқыр:-Ой,бауырларым,қашындар!

Автор:-деп айқай салады. Қасқырлардың есі шығып,тым-тырақай қаша жөнеледі.

Тәрбиеші: көрдіңдерме, балалар татулық, достық, бірлік жеңді.

Балалар есімізге түсірейікші біз қандай ертегілерді білеміз

Балалар жарты жыл бойы өткен ертегілерді еске түсіре отырып айтады.

Балалар қанша жыл мезгілі бар?

Атап бере аламыз ба?

Күз мезгілі келгенде адамдар қыс мезгіліне дайындық жасайды екен, көктем мезгілінде еккен көкөністерін қыс қамын ойлап жинайды екен.

«Барыстар» тобы енді біз Атайдың бақшасына еккен «Шалқан» ерегісін суреттер арқылы әңгімелейікші.

Сергіту сәті: «Қара жорға»

«Ертегіні құрастыр» ойынын «Барыстар» тобы ойнайды. Барыстар тобы «Шалқан» ертегісін түрлі әдістермен құрастыратын болады.

Ойын шарты:балалар ертегі желісі бойынша кейіпкерлерін рет-ретімен ұйқастырып орналастырып шығу керек.

Санай отырып, суреттерді құрастырамыз» ойыны

Ойын шарты:«Арыстандар» тобы сендерге тапсырма біз математика негіздері оқу іс-әрекетінде 10 ға дейінгі сандармен танысқан болатынбыз ендігі біздің ойнымыз осы 1ден 10ға дейінгі сандарды рет-ретімен орналастырсақ қыс мезгілінің суреттерін құрайтын боламыз

Ұлттық құндылықтарды дәріптей отырып, қазақтың ұлттық ойыны: «Қыз қуу» ойынымен «Шертпе» ойынын «Арыстандар» тобы ойнаса

«Барыстар» тобы «Бәйге» ойынын ойнайды

Балалар енді біз трефаратпен қазақтың ұлттық ою өрнектерімізді бояп шығайық және қыздарымыз қуыршақтың оюларын бояп берсе және ою-өрнектерді сәйкестендіріп шығамыз

Нейро жаттығу

Ал балалар енді мен сендердің есепке деген жүйрік ойларыңды сынағым келіп отыр олай болса, ойынымыз

«Ойна да,ойлан»  жұмбақтар

Жолбарыстан аумайды,

Төріңе келіп аунайды. (мысық)


Үйіңді қорғайды,

Үйге бірақ қонбайды. (ит)


Айтары мол ғұлама,

Көп жасасын бұл адам.

Әкесі ол әкенің

Білер оны сұраған

Ол кім? (ата)


Дегенімді жасайтын,

Қалған тамағымды асайтын.

Ертіп алып жатектеп

«Немерем»-деп атайтын? (әже)

логикалық жұмбақ

Тәрбиеші: - Қазір мен сендерге қызықты есептер оқимын,сендер мұқият тыңдап жауабын айтасыңдар.

А) –Орманда аңдар арасында жүгіруден жарыс өткізілді.Жүгіруге қоян,балық дайындалыпты.Осы жарыста балық нешінші болып келді деп ойлайсыңдар.(балық жүгіре алмайды)


Б)Бес қонжық орманға,

Бара жатты қорбаңдап.

Бір қонжық шаршады,

Әрі қарай бармады.

Жауабын қане тез айтшы,

Қанша қонжық кетті алда? (4)

 

В) Күн шуақта бір күшік,

Отыр еді маңына,

Келді тағы төрт күшік.

Нешеу болды сен сана? (5)


Жарайсыңдар балалар тек қана ертегіні айтып, сахналап қана емес, есепке де жүйрік екенсіңдер.

«Ойлан тап» ойыны:

Ойын шарты: бірінші топ: ертегінің атауын тапса

Екінші топ: ойланып қай ертегі екенін атап береді.

Эксперимент (зерттеу жұмыстары)



Қорытындылау: - Балалар ертегілер сендерге ұнады ма?



«Арыстандар» тобының сахналаған ертегісін еске түсірейікші

-Орманда қандай аңдар өмір сүреді?

-Олар не тұрғызды?

-Олардың үйлеріне нелер келді?

-Қасқырлар неден қорықты?

Ертегі соңында балалар не жеңді?

-Балалар: достық, татулық, бірлік жеңді.

Ал балалар, келесі «Барыстар» тобының суреттер арқылы әңгімелеген ертегісін есімізге түсірейікші

Балалар, Атай көктемде не екті? Көмекке кімді шақырды?  Әже көмекке кімді шақырды? Немересі нені көмекке шақырды? Күшігі нені шақырды? Мысық нені көмекке шақырды? Тышқан келіп көмектескенде шалқан не істеді?

Ертегі сіздерге ұнады ма?

Қане, балалар атайдың сендерге еккен сиқырлы шалқанын кесіп көрейік, ішінен не шығады екен. Мәссаған, балалар ішінен сіздерге сыйлық шықты міне қараңдаршы -  деп балаларға тәрбиеші сыйлықты таратып береді.







126 «Шұғыла» ІІ корпус бөбекжай – бақша МКҚК



«Ертегіні сахналаймыз және әңгімелейміз»

«Болашақ» мектепалды тобының

(ашық ұйымдастырылған ойын іс-әрекеті)





Тәрбиеші: Қазыбекова Г.Н.



Шымкент 2024 – 2025 оқу жылы







































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
18.03.2025
103
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі