жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Ертегіні тыңда да біл, ойна да күл!»
Білім беру саласы: «Таным», «Коммуникация», «Шығармашылық»
Бөлімі: ҚМҰҚ , көркем әдебиет, құрастыру
Тақырыбы: «Ертегіні тыңда да біл, ойна да күл!»
Мақсаты:
9 көлемінде тура және ретпен санау. Геометриялық пішіндерді танып, ажырата білуін жетілдіру, қарапайым сан мен санау түсініктерін қалыптастыру; Апта күндерін ажырата білуге үйрету. Логикалық сұрақтарға жауап бере отырып есте сақтау, қабылдау, ойлау қабілетін дамыту. Сөздерді анық айтуға үйрету. Ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсіл: Сұрақ - жауап, «Қоянның үйшігі» ертегісінің желісі бойынш дидактикалық, логикалық ойындар.
Қостілдік компонент: түлкі-лиса-fox, қоян-заяц-hare, әтеш-петух-rooster
Керекті құралдар: Әр топқа Valeo зияткерлік жиыны, ИТКА слайд суреттері
|
Іс-әрекет |
Тәрбиеші әрекеті |
Балалардың әрекеті |
|
Мотивациялық қозғаушылық |
Шаттық шеңбері: Балалар, бүгін бізге қонақтар келіпті, қане амандасайық! Біз – әдепті баламыз, Алдыменен қонақпен Амандасып аламыз. Амандасу үлкенге, Тәрбиенің басы ғой. Ал кәнекей бәріміз. – Сәлеметсіздер ме? Здраствуйте! Hello! |
Шаттық шеңберге тұрып, өлең жолдарын іс-қимылмен көрсетеді. |
|
Ұйымдастыру - іздестіру |
Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Күз мезгілінде неше ай бар? Қандай айлар бар? -Балалар, біз ертегілер еліне саяхатқа келдік. Қараңдаршы, мына үйшіктер таныспа? -Қай ертегіде кездеседі? -Қоянның үйшігі ертегісінде қандай кейіпкер бар екен? Қояндікі неден жасалған? Ал түлкінікі? -Түлкінің үйшігі қайтіп қалады? Түлкі сосон не істейді? Ендеше, осы ертегі қай халық ертегісінен екен? -Балалар, осы ертегі кейіпкерлері бізге хат жолдапты. Хатта былай депті: Құрметті балалар, біз сендердің даярлық тобына баратындарынды біліп, сендердің көмектеріңмен қоянға өз үйшігін түлкіден алып беруге көмек сұраймыз. Балалар, бізге көмектесесіңдерме? - Ертегі кейіпкерлерінің тапсырмаларын орындаймыз ба? - Өте жақсы балалар. Итті орысша – собака дейміз. - Ал, енді иттің тапсырмасын тыңдайық 1. Логикалық тапсырма: Ойын: «Кім шапшаң?» а) Оң қолда неше саусақ? б) 2 сиырдың неше мүйізі бар? ә) Үш бұрыштың неше бұрышы бар? г)Дөңгелекте бұрыш болама? д)Түлкінің құлағы қысқа, ал қоянның құлағы.... 2. Тапсырма: «Апта күндерін ата» Аптада неше күн бар? -Кәне, кім айтып береді? 3. Тапсырма: «Тура және кері санау» 1,2,3,4,5,6,7,8,9 9,8,7,6,5,4,3,2,1 1-9-ға дейін орысша, ағылшынша санату Аюды орысша-медведь дейміз - Ал, енді аюдың тапсырмасын тыңдайық 4. Тапсырма: Дидактикалық ойын: «Көршілес санды тауып көр?» Жарайсыңдар, балалар! 5. Тапсырма: «Ретімен санау» «Ертегілер еліндегі кейіпкерлерді ретімен санау»
Сергіту сәті: Аюдан кейін не кездесті?
Дұрыс айтасыңдар, әтеш. Олай болса, әтештің тапсырмаларын орындайық. 6. Тапсырма: « Сиқырлы геометриялық пішіндерден бейне құрастыр» Valeo зияткерлік жиынынан құрастыру 1 топ: түлкі бейнесін құрастыру 2 топ: аю бейнесын құрастыру 3 топ: қоян бейнесін құрастыру 4 топ: үй құрастыру 7. Тапсырма: « Жұмбақ, мақал-мәтел, тақпақ» Енді әрбір құрастырған бейнеге байланысты жұмбақ, мақал-мәтел, тақпақ айту. Міне, біз ертегі
кейіпкерлерінің тапсырмаларын дұрыс орындап, қоянға түлкіден үйін
алып бердік. Балалар, сендер өз білімдеріңнің арқасында бізге қоянға түлкіден үйін алып беруге үлкен көмек көрсеттіңдер. Сендерге көп рахмет. Біз сендерге хатпен бірге тәттілер қоя бердік. Сау болыңдар. |
Күз мезгілі 3 ай бар Қыркүйек, кзан, қараша Қоянның үйшігі ертегісінде Қоян, түлкі, ит, аю, әтеш Ағаштан Мұздан Еріп кетеді Орыс халық ертегісінен Иә әрине орындаймыз
Балалардың жауаптары «Көршілерін ата» ...... 5......., .....2......, ....... 6........ Ертегі кейіпкерлерін ретімен санайды Балалар іс қимыл келтіріп қайталайды. Шаршы, шеңбер,үшбұрыш, сопақша Әр топ өздеріне берілгенді айтады (жұмбақ, мақал-мәтел, тақпақ) |
|
Рефлексивті - түзетушілік |
Біз кімге көмектестік? Қандай тапсырмалар
орындадық? |
Балалардың жауаптары |
Күтілетін
нәтиже:
Нені
біледі : 1-9ға дейін тура және кері
санауды.Геометриялық денелерді ажырата
біледі.
Қандай түсініктерді
игерді: Кеністікті бағдарлау,апта
күндер туралы ұғымдарды игерді.
Меңгерген дағдылары мен
іскерліктері: үш тілде айта білу дағдыларын
меңгерді.
Кіріктірілген ашық сабақтың талдауы
«Балауса» ересек тобы
Өткізілген күні: 30.11. 2018 жыл.
Білім беру саласы: «Таным», «Коммуникация», «Шығармашылық»
Бөлімі: ҚМҰҚ , көркем әдебиет, драма, құрастыру
Тақырыбы: «Ертегіні тыңда да біл, ойна да күл!»
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетіне қойылған мақсаттар мен міндеттер:
9 көлемінде тура және ретпен санау. Геометриялық пішіндерді танып, ажырата білуін жетілдіру, қарапайым сан мен санау түсініктерін қалыптастыру; Апта күндерін ажырата білуге үйрету. Логикалық сұрақтарға жауап бере отырып есте сақтау, қабылдау, ойлау қабілетін дамыту. Сөздерді анық айтуға үйрету. Ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу.
Күтілетін
нәтиже:
Нені
біледі : 1-9ға дейін тура және кері
санауды.Геометриялық денелерді ажырата
біледі.
Қандай түсініктерді
игерді: Кеністікті бағдарлау,апта
күндер туралы ұғымдарды игерді.
Меңгерген дағдылары мен
іскерліктері: үш тілде айта білу дағдыларын
меңгерді.
Мынандай технологияларды қолдандым:
1.Шығармашылығын арттыру;
2.Жекелей даму технологиясы ;
3.Дамыта оқыту технологиясын,
4 Денсаулық техналогиясын және дидактикалық ойын қолданылды
5. Зияткерлік дамытушы жиынтығы VALEO техналогиясы
Топтағы жалпы балалар саны- 26.
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетіне қатысқаны- 14 бала .
Балалардың сабаққа деген психологиялық дайындығы жоғары деңгейде болды , себебі ешбір бала келген қонақтарды бөтенсімеді, қысылмады көңіл- күйлері тұрақты болды. ҰОІӘ- не арнап дайындалған жұмыс түрлері: суреттермен жұмыстар, тапсырмалар балалардың жас ерекшеліктеріне сай дайындалды, балалардың оқу іс- әрекетіне деген қызығушылықтары жеткілікті дәрежеде болды деп ойлаймын. Өткізілген оқу іс- әрекетіне қатысқан барлық балалар тәрбиешінің берген тапсырмаларын орындап, қойылған сұрақтарға белсенді түрде жауап беріп, жеке және топтық жұмыстардың барлық түрлерін өте жақсы орындап шықты. ҰОІӘ- де
балалардың өздерін тәртіпті ұстап, қызығушылықтарын көрсете білді.
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті шаттық шеңберінен басталды және үш тілде қонақтарға қайырлы таң тіледі.
ҰОІӘ-і балалардың қызығушылығын арттыруға арналған мотивация ретінде
«Қоянның үйшігі» ертегісі желісі бойынша теледидар арқылы балалармен тапсырмалар орындатылды.
Сергіту сәтіде уақытында ән мен бимен болды.
Рефлексивт-і коррекциялау бөліміде балалар барлық істелген іс-әрекеттеріне талдау жасап қайталап шықты, сұрақтарға жауап беріп, алған әсерлерін білдірді.
Балалар өз жұмыстарына қорытынды жасады.
ҰОІӘ-ті барысындағы жұмыстар топтағы әрбір баланың логикалық ойлау қабілетін дамытуға және шешім қабылдай алу қабілеттерін, ұжымда жұмыс жасау әрекеттерін дамытуға үлкен әсерін тигізді деп ойлаймын. Сонымен бірге ҰОІӘ-де билингвальды компонент үш тілде орынды жүргізілді деп ойлаймын ( ағылшын тілдеріндегі сәлемдесулер, үш тілдегі санап берді ).
Жалпы ұйымдастыру барысында өзімнің қойған мақсатыма жеттім деп ойлаймын.
Ал, талдау барысында айтылған ескертулер мен талап- тілектерді дұрыс қабылдап, алдағы жұмыстарымда болдырмауға тырысамын.





Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген