400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ертегінің бала психологиясына әсері

Материал туралы қысқаша түсінік
педагогтар мен тәрбиешілер,ата-аналарға
Материалдың қысқаша нұсқасы



Е ртегінің бала психологиясына әсері Маханова Асел Савитовна

Жоғары дәрежелі екінші санатты

педагог-психолог

Алматы қаласы, Бостандық ауданы, «Zerdesh» зияткерлік мектебі

Ертегі дегенде ойымызға: «Ерте-ерте ертеде қырғауыл жүні қызыл екен» деп-бастау алатын, «ертеде шал мен кемпір болыпты» деп-баяндалатын, «баяғыда бір заманда» деп - еске салатын тұңғиыққа батыратын әже мен атаның әңгімесіне таңырқай тыңдап өскен әрбір балақан болашақта осы ертегілер әлеміндегі кейіпкерлердің ақылдылығы мен тапқырлығына, батырлығы мен еңбекқорлығына, батылдығы мен әділеттілігін бойына сіңіріп өседі. Ертегі тыңдап өскен баланың бойында шығармашылық қабілет басым болады. Ертегіні тыңдау арқылы балада таным процестерінің дамуы өрлей түседі. Тыңдау арқылы зейіні шоғырланады,қабылдау арқылы балада жаңа ой туып сұрақтар тізбегі құралады, сұрақтар арқылы балада есте сақтау жүйеленеді. Осылайша баланың қиялы да қосарлана шарықтайды. Қазіргі таңда ертегілерді көк экраннан немесе электронды кітаптардан қосып баланы отырғызып ата-ана өз жұмысын жалғастырып жүре береді. Бұл бала психологиясына әсер көп болмаса да бала ойындағы сұрақтарға немесе түсініксіз кейіпкерлердің қылығын түсінбеуі не болмаса бойында қорқыныш бейлеуі мүмкін. Бала жасына қарай ертегі таңдалып, содан кейін кейіпкерлерге баса назар аударылуы қажет. Бала ойы мен бойына теріс қылық пен әдеттер орын алмау үшін. Ертегідегі кейіпкелердің бейнесін де үлкен кісілер баяндап отыруы қажет. Ертегіні баяндау барысында кейіпкерлер бойындағы жақсы қасиеттерге анық тоқталып ұл, қызының бойындағы қасиеттермен теңестіріп, теңеп отырғаны да артық болмас еді. Оқылған әрбір ертегі күндізгі уақытта баладан сұрақтар арқылы бала есінде қалғаны, қалмағанына назар аударылғаны жөн. Кейіпкерлер бойындағы жақсы қасиеттерді балаға мақтау, мадақтауретінде қолданылса бала бойында өзіне сенімділігімен қызығушылық күші арта түспек.

Ертегі әлеміне саяхатқа шығу арқылы баланың қиялы дамиды. Балаға әр уақытта өзіне ертегі құрастыру да ұсынылып отырғаны дұрыс. Бала психологиясында ертегідегі жануарлар кейде қорқыныш пен үрей әкелуі де мүмкін сол үшін, бала санасында аң патшасы арыстан күшті ал қоян қорқақ болып сақталып қалмауы үшін қоян өте ақылды, тез қозғалғыш еңбекқор өте мейірімді екенін ашып түсіндірілуі қажет. Болашақта балаға қойылым барысында әлсіз жануарлар берілгенде бала бойында дұрыс түсінік болуы үшін өте қажет.

Ертегілердегі түлкі қулығы, алдау немесе өтірік сөйлеу секілді бейнеленген теріс қылықтарға талдау жасалып отырылуы қажет, сонымен қатар бала пікірін білгенде абзал. Қазіргі таңда балалар көбіне көк экраннан мутьфилімдер жинағын ата-анасыз қарап жатады. Алайда мутфилім кейіпкерлері өмірде жоқ атыс шабысы басым,мәнсіз күрестер мен сөздерге толы. Бала санасына жақсы сөздер емес мән мағынасыз сөздер тез жатталып сақталады. Сол үшін болашақта ақыл –ойы терең, сөзі анық, саналы білім иесін тәрбиелеу үшін алғашқы қадамымызды аңдап басып, абайлап таңдау жасалуы қажет.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 ақпан
684
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі