жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ертеңгі қадам-бүгіннен басталады...
Ертеңгі қадам-бүгіннен
басталады...
Алматы қаласы Әуезов ауданы
№123 Қ.А.Яссауи атындағы
мектеп-гимназиясының
математика пәні мұғалімі.
Бүгінгі таңда оқытудағы Кембирдж тәсілінің теориялық негіздері орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы (конструктивті) теорияға негізделген тәсіл.(мұғалімге арналған нұсқаулық,8-бет). Сындарлы оқыту теориясы оқытуға-жаңаша көзқарас қалыптастырады деп ойлаймын. Сондықтан Кембирдж бағдарламасының әр кезеңінен өту - менде жаңа таным, жаңа дағдылар қалыптастыра бастады десем артық болмас... Мен өзімнің осы оқу бағдарламасына іліккеніме бақытты сезіне отырып,рухани байлыққа ие болғандаймын.Тренерімнің әрбір идеяларыңыз құнды деген сөзі маған қанат бітіргендей және мен өзімді көптен бері еркін, жақсы сезінбеппін.Білуге,білімге ұмтылу оны игеру өте қажет,оған ешбір күмән келтіруге болмайтынына көзім жетті.«Әлемнің өзгеруін қаласаң, сол өзгерудің алғашқысы өзің бол»,-деген Махатма Гандидің керемет мәнмәтіні, Кембридж бағдарламасының екінші негізгі деңгей бағдарламасымен оқып жүрген ұстаздарға арналғандай.Ұстаздық жолымда үлкен бетбұрыс болды.Осы үш ай ішінде он тоғыз жыл жасамағанымды жасадым, естімегенімді естідім, көрмегенімді көрдім. Көзім шайдай ашылды.Кембирдж бағдарламасының жеті модуліне ықпалдастырылған сабақтардың тек оқушыларға ғана емес, мұғалімдерге де берері мол екеніне көзім жетті.Олай дейтін себебім: бірінші бетпе-беттен соң мектептегі іс-тәжірибе кезінде өзімнің бойымнан сенімділік, белсенділік қасиеттерімді байқап таң қалдым.Бұл қасиеттердің менің бойымда болуы, болашақтағы ұстаздық еңбек жолыма тигізетін әсері мол деген ой түйдім. Жаңа теориялық тың білім көңілге сенім ұялатып,оқу мен оқытуда жаңа көзқарасымды туғызды.Нәтижеге бағытталған шешім қабылдап,іс-әрекетімді жоспарладым. Жиырма бірінші ғасырда жетістікке,жаңаша көзқарасқа тек қана көшбасшы мұғалімдер ғана қол жеткізеді.Көшбасшы мұғалім болып,артыңыздан әріптестеріңіз еріп жүрсін десеңіздер-онда міндетті түрде өсуді тоқтатпай,ылғи ізденіс үстінде болуым керек .Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр ұялатады,-деп Ахмет Байтұрсынов ағамыздың керемет сөзін бір сәт есімнен шығармауым керек.Әр оқушы-бір әлем деп қарасам қателеспейтін сияқтымын.Әлем елдерін араласаң талай нәрсені біліп,көптеген мағлұматтар жинайсың.Алдыңа келіп отырған әр оқушыны зерттей,зерделей білесің,оның көңіл түкпірінде жатқан болмашы жылтырақты шуақты сәулеге айналдыра білесің.Бірінші бетпе-бет кезеңінде Кембирдж бағдарламасы ынтымақтастың атмосферасын туғызатын бағдарлама деген ой түйдім.
Осы ойларымды іске асыру үшін жеті модульге негізделген Кембридж бағдарламасын оқығанда туындаған релеьевантты идеяларымды мектептегі іс-тәжірибеде тиімді пайдалануға бел будым.
Жеті модульдің шеңберінде ұсынылған бағдарлама оқушының жеке тұлға және әлеуметтік нысан ретіндегі келешегіне бағытталған деп ойлаймын. Жеті модульді іс-тәжірибемде қолдану , оның артықшылығына көз жеткіздім. Модульдердің жетеуі де оқу барысында бір-бірін толықтыра отырып,үйлесімді байланыста болады екен.Соның ішінен оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модулінің маған берері мол болды. Бірінші бетпе-бетте жеті модуль аясында көптеген жұмыстар атқардық. Сол үйренген әдіс-тәсілдерімді тәжірибе барысында орынды пайдаландым деп ойлаймын.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер-көздеген мақсатыма жетудің оңтайлыларының бірі деп қабылдадым.
Менің мектептегі іс-тәжірибемде зерттеу тақырыбым: «Топтық жұмыс арқылы оқушылардың белсенділігін арттыра аламын ба?» тақырыбы болды. Жеті модуль бағдарламасының «оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді» енгізуді басшылыққа алдым. Бұл тақырыпты алу себебім:отбасында бір-екі ғана бала тәрбиеленіп отырған отбасынан шыққан оқушылар арасында ынтымақтастық, достық қарым-қатынас керек деп ойлаймын. Қазіргі таңдағы алдымызға келетін оқушыда барлық керек дүниенің бәрі бар, бірақ оларға аз да болса, мейірімділікті қажет ететінін түсіндім.Бүгінгі күні мектептегі оқу пәндерінің ішіндегі ең күрделісі, әрі қиындығы мол саналатын пәндердің бірі-математика екеніне барлықтарыңыз келіседі деп ойлаймын.Математика сабағында топтық жұмыс арқылы оқушылардың іздену белсенділігін арттыру мақсатында оқушылардың мұғалімдерге тәуелділігінен арылтқым келді.Математика сабақтарында оқушылар өз бетінше жұмыс жасау дағдыларын дамыту, баға жетпес құндылықтардың бірі. Еңбегінің әділ бағаланғанын, топтағы достарының қол ұшын бергенін қалайды.Оқушы –өмірдің бір бөлшегі.Оқушылар үшін достарының бағалуының құнды екеніне көзім жетті.Үстіміздегі ғасыр-жеке тұлға қалыптастыру,ізгілендіру,белсенділікті арттыру,дамыту ғасыры дер едім...Зерттеу нысаным 7«ә»сыныбы.Сыныптағы оқушыларымның жас ерекшелігін ескере отырып,алдымда отырған оқушыны өмірде қалай болса,солай қабылдауды үйрендім. Оқушыға өз бетімен оқуға ,зерттеуге ,жұмыс істеуге мүмкіндік берген сайын оқушы бойында жауапкершілік сезімі пайда болады және одан әрі жақсы оқи түсетін сияқты.Өзімнің іс-тәжірибемде өзгерістер негізе отырып , алдағы уақытта математика пәнінен оқушылардың білім нәтижесін ілгерілетемін деп ойлаймын.Мектептегі іс-тәжірибеде енгізген өзгерістерді жалғастырамын. Математика пәні бойынша өткізетін сабақтарымда уақытты тиімді пайдалану дағдысын бойымда қалыптастыруым керек.Көзімнің жеткені оқушыларыма топқа бөліп өткізген сабақтарымның ұнағаны. Өзімнің сабағыма қиналып келемін дейтін оқушылардың санын санын азайтсам деген қорытындыға келдім.Оқушылардың постерлерін қорғау сәттерінен мені мынаны түсінгендеймін:
-постерлерін алып тақтаның алдына шыққанда мен бұрынғы оқушыларымды танымай қалдым,себебі олар постер қорғағанда өнерпаз, жасампаз еңбектің иесіндей сезініп тұрғандай болып көрінді.Шетінен батыр болып кеткен сияқты біртүрлі.Мен бұл постерге түсрген ойларын, өз ізденісіммен қол жеткіздім деген мақтаныш тұрды көздерінде. Менің бір нәрсеге көзім жетті,егер де мен Кембирдж бағдарламасының жеті модуліне негізделген математика пәнінен сабақтарымды әрі қарай жалғастыратын болсам,математика пәнінде баға жетпес құндылықтардың бірі-оқушылардың өз бетінше жұмыс жасау дағдыларын дамытуға қол жеткіземін деген ой түйдім және оқушыларым маған бір табан жақындай түсетін сияқты.Тек берген сабағыма тренерім үйреткендей кері байланыс жасап отырсам ,алдыма келген оқушыларымның қабілеттері жанданып,топпен жұмыс жасауға бейімделуі және қайсарлығы ,ымыралы келісім іздеуі,ойлауының белсенді болуы арта түсетініне кәміл сенемін.Сөзімді ұлы ғұлама Я.А.Коменскийдің керемет мәнмәтінімен аяқтағым келеді: «Мұғалім-мәңгі нұрдың қызметшісі.Ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп,нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі. Оларға тамаша қызмет тапсырылған, күн астында одан жоғары ешнәрсе болмақ емес»
«Іс-әрекетті
зерттеу»таныстырыл

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген