жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ертеңгілік
«Жаңа жылды ертегі әлемінде қарсы алайық» жаңа жылдық мереке кеші
Рөлдерде ойнайтындар:
Күлше қыз: Каримова Бақыт Серікбосыновна
Өгей шеше: Тұрдыбек Әсел Тұрдыбекқызы
№1 қыз: Сүлейменова Аяулым Тоқтарбекқызы
№2 қыз: Такебаева Арманда Жұмажанқызы
Фея: Мизамитова Гулназ Масалимовна
Тауық: Иргизбаева Перизат Кадирбековна
Аяз ата:
Ақшақар: Даниярова Айым
(Музыка ойнап тұрады. Залға Күлше қыз қолында сыпыртқысы бар кіреді. Ол үйді сыпырып жүреді. Өгей шешесі мен екі қыз кіреді.)
Өгей шешесі қолында екі шелегі бар ортаға шығады:
-Күлше қыз, күлше қыз. Қайдасың, бері кел. Бізді Аяз ата Жаңа жыл мерекесіне шақырды. Ал, сен үйде қалып шаруаларды істеп қой.
Тапсырма мен ойлап таптым
Көңілді сен босатпа
Біз келгенше кешімізден
Мыналарды жинақта – деп, қолындағы шелектегі бұршақ пен фасольді ыдыстарға салып араластырады.
Күлше қыз: Менде барайыншы, анашым, өтінем.
1-қыз: Бұған мерекеге барып қажеті не?
2-қыз: Үстінде түрі ұсқынсыз киетін әдемі киімі де жоқ. (шиқылдап күледі.)
(музыка ойнап өгей шешесі екі қызымен шығып кетеді.)
Күлше қыз: Шіркін, шырша әдемі ме екен. Менің де шырша мерекесін көргім келеді. (Басын ұстап) Не істеймін енді мынаны қалай жинап үлгеремін. (жылайды) Балалар, маған көмектесіңдерші.
Ойын: «Бұршақтарды жинау»
(Музыкамен фея шығады.)
Фея: Күлше қыз, шырша мерекесіне барғың келе ме?
Күлше қыз: Ия, көргім келеді. (қуанады)
Қандай ғажап адамсыз
Ризамын мен өмірге
Ойын сауық кешіне
Кір көйлекпен қалай барамын.
Фея: Онда мен саған көмектесейін, балаларда көмектессін.
Ай мен жұлдыз жарығы
Жол көрсетер сендерге
Құпия сиқыр таяғым
Көмекке келер лезде (сиқырлы таяқпен)
Сиқырлы сөз: Суф-суф, абра-кадабра 3 рет
(Фея Күлше қызға шүберекті жапқан кезде, киімін ауыстырады. Қолына кілтті береді.)
Фея: Күлше қыз, мынау алтын кілт. Осы кілт арқылы ғана шырша жанады. Бұл кілтсіз ешқандай да мереке болмайды. Есіктің сыртында сені күйме тосып тұр. Соған отырып, шырша мерекесіне бара ғой. Мен сені шығарып салайын. (бірге кетіп қалады.)
(Өгей шешесі мен екі қыз келеді.)
Өгей шешесі: -Неткен, керемет шырша. Балалар, Аяз ата мен Ақшақарды көрмедіңдер ме?
Балалар: Жоқ.
1-қыз: Енді, ән айтып мерекені бастай берейік. Келіңдер, балалар «Шыршаға бардық» әнін айтайық.
Ән: «Шыршаға бардық»
(маска киген қонақтар келеді. Шырша маңында жүреді.)
Өгей шешесі: Қонақтар келіп жатыр, аяз атамыз қайда? (бір-бірінен сұрайды?) шырша мерекесіне балалар да келіпті. Балалар, сендер Аяз ата мен Ақшақарды көрмедіңдер ме?
Қыздары: Аяз ата, Ақшақар қайда? Балалар, бәріміз дауыстап Аяз ата мен Ақшақарды шақырайықшы.
Барлығы бірге: Аяз ата, Ақшақар
(музыкамен Аяз ата, Ақшақар келеді.)
Аяз ата: Армысыңдар, жарандар
Атқан таңға қараңдар
Шуағын шашып алтын күн
Жаңа жылмен құттықтап
Келіп жеттім алыстан,
Қуаныштымын мен бүгін
Ақшақар: Бұл қалай болғаны? Шыршамыз неге жанбай тұр?
Биылғы жыл мерекеде
Орманда жаңа заң шықты
Шыршамыздың маңдарын
Сиқылы кілтпен жағыпты
Жай емес, ол сиқырлы
Алтынменен қапталған
Шыршаны тек алтын кілтпен жаға аламыз.
1-қыз: Кілт қайда?
2-қыз: (Қара кілтті тауып алады). Мен кілтті жайдан жай бермеймін, ойын ойнайық.
Ойын: «Кілтке жету»
Ақшақар: Кәне, кілтті беріңдер. Шыршаны жағып көрейік. (Ақшақар кілтті алып, шыршаның түбіндегі тесікті бұрайды, шырша жанбайды.)
Барлығы бір-бірінен сұрайды: Неге жанбайды?
Ақшақар: Шыршада екі кілт бар деп естігенмін. Сонда мынау өтірік кілт пе? Балалар, мына кілттің түсі қандай?
Балалар: Қара кілт
Аяз ата: Онда екінші кілт қандай екен?
(музыка ойнап Күлше қыз кіреді.)
Күлше қыз: Аяз ата аман ба?
Аман болғың әманда
Келіп қалғын шыршаға
Бақыт тілеп баршаңа
Аяз ата: Шыршаны жағайық десек, алтын кілтті таба алмай жатырмыз. Алтын кілтті табуға көмектесші.
Күлше қыз: Алтын кілтті сыйлады
Кіндік шешем ол маған,
Құпия сөзбен ашсын деп
Ақшақар: Онда неғып тұрмыз біз
Кілтті алып тезірек
Шыршамызды жағайық
(Алтын кілтті Аяз атаға береді.)
Аяз ата: Мінекей жасыл шырша
Қуаныш жалпыға
Құлпырған сүйікті шырша
Жарқыра, жарқыра
(Ақшақарға алтын кілтті береді. Шырша жанады.)
Аяз ата: Балаларымның маған дайындаған өлеңін тыңдайық.
Ән: «Аяз ата»
Кейіпкерлер бірге: Аяз атаға ән айтайық.
1-қыз: Балалар, Аяз ата мен Ақшақарға қандай өнерлерің бар?
2-қыз: Балалардың тақпақтарын тыңдайық.
Тақпақтар.
Күлше қыз: Шыңдарда, құздарда
Шарларда ұшады
Елемей желдерді
Ойнайық қыздыра
Ойын: «Шар жару»
Ақшақар: Билейміз деп бұралып
Қыздар тұр міне сұралып
Би: «Қарша қыздар»
Күлше қыз: Бұл кешті мен ұмытпаймын
Бірақ та мен қала алмаймын
Қош, болыңдар балалар! Қош болыңдар Аяз ата, Ақшақар!
(Аяз ата мен Ақшақар Күлше қызды тоқтатып алады.)
Аяз ата: Тоқта ботам асықпа
Бүгінгі кеш ерекше
Бәріміз қарсы алайық
Ақшақар: Айтқан тілек жаңа жылда
Орындалар әрқашан
Тілек тілеп әрқайсымыз
Жаңа жылды тойлайық
Күлше қыз: Жаңа жылда келіп қалды
Тілек тілер уақыт болды
(Күлше қыз шығып кетеді. Жаңа жыл –Тауық балапандарымен кіреді.)
Тауық: -Армысыңдар, ата-аналар, балалар!
Келіп қалдым Жаңа жыл боп төрлеріңе,
Бақ қонсын әр жанұя төрлеріңе,
Тілеймін бәріңе де, бақыт, байлық,
Менің жылым әкелсін көп молшылық.
-Балалар, мен сендерге биылғы жыл көңілді, жақсы өтсін деп ойын ала келдім. Ойыным: «Әтештер сайысы» деп аталады.
Ойын: «Әтештер сайысы»
-Балалар, ойын ойнадық, енді кезекті әнге берейік. Сендердің орындауларыңда тамаша ән «Кішкентай шыршамыз» әнін айтып, өз өнерімізді көрсетейік.
Ән: «Кішкентай шырша»
Ақшақар: Тыңдаңызшы ата, сіз нені ұмыттыңыз?
Аяз ата: О, қызым есіме салғаныңа рахмет!
Жаңа жыл келіп ортаға
Бәрімізбен қауышты
Сыйлығым дайын менің де
Бөліп берем бәріңе (Сыйлық таратылады.)
-Ал, балалар, біз кетейік. Біздің тағы баратын жеріміз бар. Ол жерлерде де сендер сияқты кішкентай балалар тосып отыр. Сау болыңдар балалар, сау болыңыздар ата-аналар!
Балалар: Сау болыңыз, Аяз ата, Ақшақар!
Барлық кейіпкерлер бірге тұрып: (музыка ойнайды)
Міне, тағы тұр келіп,
Жаңа бір жыл, балалар.
Төрімізге ол орныққан
Бақыттымыз, сәндіміз
Жаңа жылда сондықтан.
Құттықтаймыз бәріміз -деп пистондарды ату.
Жаңа жыл құт пен береке әкелсін!
Жаңа жыл құтты жыл болсын!
Тауық: -Құрметті ата-аналар, балалар, бүгінгі Жаңа жыл мерекесі осымен аяқталды. Сау болыңыздар
Өгей шешесі қолында екі шелегі бар ортаға шығады:
-Күлше қыз, күлше қыз. Қайдасың, бері кел. Бізді Аяз ата Жаңа жыл мерекесіне шақырды.
Тапсырма мен ойлап таптым
Көңілді сен босатпа
Біз келгенше кешімізден
Мыналарды жинақта – деп, қолындағы шелектегі бұршақ пен фасольді ыдыстарға салып араластырады.
Өгей шешесі: -Неткен, керемет шырша. Балалар, Аяз ата мен Ақшақарды көрмедіңдер ме?
(маска киген қонақтар келеді. Шырша маңында жүреді.)
Өгей шешесі: Қонақтар келіп жатыр, аяз атамыз қайда? (бір-бірінен сұрайды?) шырша мерекесіне балалар да келіпті. Балалар, сендер Аяз ата мен Ақшақарды көрмедіңдер ме?
Барлығы бір-бірінен сұрайды: Неге жанбайды?
Барлық кейіпкерлер бірге тұрып:
Міне, тағы тұр келіп,
Жаңа бір жыл, балалар.
Төрімізге ол орныққан
Бақыттымыз, сәндіміз
Жаңа жылда сондықтан.
Құттықтаймыз бәріміз -деп пистондарды ату.
Жаңа жыл құт пен береке әкелсін!
Жаңа жыл құтты жыл болсын!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген