15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
ертеңгілік
Жаңа жыл!
Жүргізуші: Даламызға , қаламызға,
Жаңа жыл кіріп келеді
Қартыңызға , балаңызға
Жалынды сәлем береді.
Тыңдаңыздар , тыңдаңыздар,
Таңырқанып тұрмаңыздар
Сәнді шырша шақырады
Шырша жырын жырлаңыздар.
Келіңіздер ,келіңіздер,
Би де билеп беріңіздер
Қызығы мол жаңа жылдың
Тамашасын көріңіздер.
(Балалар әуенмен кіреді. Ертегі тамашалайды.)
Жүргізуші:
Келіңдер жас ұландар,
Ертегімді тыңдаңдар.
Ертегімде сан қилы
Қызық-қызық сырлар бар
Соныменен балалар
Жаңа жылға арналған
Ертегіні көріңдер
Шын бағасын беріңдер
Жүргізуші: Жаңа жылға арналған өлең шумақтарын тыңдаңыздар.
1. Жанайым
Боранымен буып белді
Жаңа жылым тағы келді
Берекесін ала келсін
Нұрға бөлеп біздің елді.
2.Жанарыс
Жасыл шырша қош келіпсің
Сені аңсап жүрдік біз
Өзіңмен жаңа жылды
Қарсы алуға келдік біз.
3.Айша
Жасыл шырша қош келіпсің
Сені аңсап жүрдік біз
Көркейсін деп сенің жүзің
Ойыншықт арды ілдік біз.
4.Айқын
Жасыл шырша жанында
Ойнап күліп қайтамыз
Жасыл шырша жанында
Өлеңін де айтаммыз.
5.Арон.
Қанша заман өткенмен
Ескірмейтін асыл шырша
Алатаудың көктемімен
Доссың ғой сен жасыл шырша
6.Нұрхан.
Даламызға,қаламызға
Жаңа жыл кіріп келеді.
Қартыңызға,балаңызға
Жалынды салем береді.
7. Гүлсая
Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар
Таңырқанып тұрмаңыздар
Сәнді шырша шақырады.
Шырша жырын жырлаңыздар.
Ән: «Шырша жыры»
Қараңдаршы балалар , айналаға.Сондай әдемі, өздеріңде әдемі болып кетіпсіңдер. Мынау не ? Жамылғы ғой балалар. Бұл жай жамылғы емес екен, жарқыраған, әдемі жұлдызды жамылғы.
- Сендер білесіңдер ме? бұл кімнің жамылғысы?
- Иә , бұл ертегі елінің ханшайымы Шехерезаданың жамылғысы. Балалар мен жаңа айтып өттім. Бұл жай ғана жамылғы емес , жаңа жылда не тілесең соны орындайтын жамылғы екен. Ендеше жамылғының сиқырлы жұлдызын ұстап , сыйқырлы сөзді айтайық не болар екен.
Ертегі,ертегі
Таңырқат біздерді.Әуенмен Шехризада кіреді.
Шахерезада: Менің атым Шахерезада. Шығыс елінен келдім , мен ертегі айтқанды жақсы көремін.
Жүргізуші: Шахерезада біз сіздің жамылғыңызды тауып алдық.
Шахерезада: Рахмет, менің сиқырлы жамылғымды тауып бергендеріңе. Мұндағы әрбір жұлдыз ертегіге айналады. Жұлдызшаны қолымызға алсақ, ертегі елінен бірақ шығамыз.
Балалар Шех-да жұлдызшаны қолына алды, енді біздер сиқырлы сөзді айтуымыз керек. Балалар:
Ертегі , ертегі
Таңырқат біздерді
(әуенмен Алладин кілемшемен қолында шамы бар кіреді)
Алладин: Қолындағы шамды уқалай бастайды.
(Жарық өшіп үлкен ірі жын шығады)
Жын: У-ух-хо-хо-ха-ха
(Алладин аяғына жығылады.)
Алладин: Шегініп сен кімсін?
Жын: Мен сенің құлыңмын тақсыр, не бұйырсаң тез арада соны орындаймын. Тасқа айналдыр десең тасқа айналдырам, қатырып таста десең қатырып тастаймын.
Алладин : Міне керемет . Мен жаман іспен айналыспаймын . Тек маған мына бүлдіршіндер әдемі би билеп бергенін қалаймын, тез орында.
Жын: Әміріңізге құлдық ( айналып үш рет қолын соғады)
Би: «Аққала»
Тақпақтар:
8.Ерсұлтан
Келіңіздер,келіңіздер
Биді билеп беріңіздер
Қызығы мол жаңа жылдың
Тамашасын көріңіздер.
9.Елхан
Жаңа жылды қарсы алдым,
Мініп алып,күймеге
Мен де бүгін ән салдым,
Араластым биге де.
10.Береке
Жаңа жыл,жаңа жыл
Сені күттім ешқашан
Өзіңменен ілесіп
Аязата келер деп.
11.Нұрқайыр
Сұлу сәнді шыршаға
Көз тоймайтын қарасаң
Сендер үшін орманнан
Жіберіпті мырза атаң.
12.Бекарыс
Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жаңа-жыл.
Ата-әже,ата-әже.
Құтты болсын жаңа жыл.
13.Аружан Қ.
Аспан жерге төгеді
Ақ күмісін уыстап
Жаңа жылда келеді
Бізге қарай жылыстап.
Алладин: Еретегідегі Шехризада осы ма?
Жын: Иә бұл біздің Шехризада.
Алладин: О сұлу қыз жынды шамымен саған сыйға беремін , ал.
Шех-да: Рахмет Алладин!
Алладин: Мен сыйлық бергенді , жақсылық жасағанды жақсы көремін ,ал мен өзімнің ертегі әлеміме кетемін, сау болыңдар!(Алладин шығып кетеді)
Жын. Әмір беріңіз ханымым.
Шех-да: Жын маған бүлдіршіндердің әдемі ән орындап бергенін қалаймын .
Жын: Әміріңізге құлдық ( айналып үш рет қолын соғады.
Ән: «Жаңа жыл»
Жын. Әмір беріңіз ханымым.
Шех-да: Жын Аяз атаның мерекеге тезірек келуіне көмектес.
Әміріңізге құлдық ( айналып үш рет қолын соғады)
Аяз атаның дауысы шығады. Келемін асығып келе жатырымын. Сәлеметсізбе мереке , жұлдыздай жарқараған.
Жүргізуші:
Сәлеметсізбе Аяз ата,көптен
күткен.
Аяз
ата:-Сәлеметсіңдер ме қыздарым мен
ұлдарым.Мен сендердің мерекелеріңе асығып ұзақ жүрдім.Көп сыйлықтар
әкелдім.Қарша қызым қайдасың?Сыйлығым кәне көрсетейік
балаларға.
Осы кезде
«Сиқыршы»кіріп келеді
Сыйқыршы:Алладин
қайда?Шам қайда?Шахерезада айт кәне.
Шахерезада:Шамның
саған не керегі бар.Жынды шақырып жаман істермен айналыспақшысың
ғой.Кет бұл жерден әйтпесе саған жаман болады.
Сыйқыршы:Әп бәлем сен мені қорқытпа.Әйтпесе Аяз Атаны
сыйқырлап,сені алып кетемін,жаңа жылда сыйлық болмайды.Ух-ха-ха-ха
деп сыйқырлайды.
Жүргізуші:Балалар Аяз
атаны орнына келтіру үшін би билеп берейік.
Би:Жаңа жыл
Сыйқыршы:Жетеді.Биледіңдер енді жұмысқа кірісіп Аяз Атаға
шабуыл жасап сыйлығын тартып алайын.( сыйлықты тартып
алады.)
Шахерезада:Балалар
қайғырмаңдар .Жұлдызды жамылғыдан жұлдыз алайын жын көмекке
шақырайық.
Жын:Әміріңізге
құлдық.(айналып үш рет шапалақтайды)
Сыйқыршы беталды әуре боласың.Мен сенің сыйқырыңды жоямын,жаман
істер істемейтін боласың.Жақсы сөз айтып жүретін боласың.Сиқыршы
қорқып Аяз атаны орнына келтіреді.
Сыйқыршы:Кешірші Аяз
Ата!Енді жаман іспен айналыспаймын.
Аяз ата:Кешірейік
балалар.Сыйқыршы жаңа жылды сахна төріне сыйқырлап әкелсін
.
Сыйқыршы:Жарайды Аяз
Ата дегенің болсын.
Тауықты акеледі.
Ақшақар:Аяз ата
шыршамыз көңілсіз болып тұр. Шыршамыздың шамдарын
жағайық.
Хормен:1-2-3
Шырша шамы жарқырай түс.(шырша жанады
)
Кейіпкерлер: Ал, балалар біздер өз әлемімізге оралайық.Қош сау болыңдар!
Аяз
ата: Маған арнаған әндерің
қайда?
Ән: Аяз
ата
Жүргізуші:балалар,мерекені ары қарай жалғастырайық.
Аяз Ата алыстан шаршап келді,олай болса тақпақ айтып
берейік.
Тақпақтар.
14.Адия
Дед мороз,дед мороз.
Елку из лесу принес
А пока я в сад ходила
Мама елку нарядила.
15.Ислам.С
Дед мороз сидит у елки
Прячет голову мешок
Не томи нас слишком долго-
Развежи скорей мешок.
16.Алия
Здраствуй ,елочка лесная,
Серебристая,густая
Ты под солнишком росла
И на праздник к нам пришла
17.Санжар
Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да
Аяз ата сағынған.
Сәлем берді жұртына.
18. .Досымжан
Аяз ата ақ сақалды,
Ақ таяқты паң ата,
Асып өтіп асқар тауды
Жеттің бізге таң ата.
19.Аружан Б.
Қайда қызық думан болса,
Аяз ата сонда болды.
Балалармен бірге ойнап,
Балалармен бірге күлді.
20. .Үміт
Келеді жаңа жыл
Қоян,қасқыр досым да
Жиналыпты осында
Кел,кел жаңа жыл.
21. Әдемі-ай
Өлең де әзір,ән әзір,
Ойын да әзір,бәрі әзір.
Кел,жаңа жыл,біздерге,
Кел,жаңа жыл,жаңа жыл.
22. Айдын
Келді тағы жаңа жыл
Қуантумен біздерді
Құтты болсын қуаныш
Құттықтаймыз сіздерді.
23.Ислам Б
Оралды өлкеме
Жаңа жыл армысың
Оранды ақ көрпеге
Асқар тау қарлы шың.
Аяз ата
маған деген әндерің қайда.
Ән:
Аяз ата.
Аяз ата:Жарайсың балаларым!Мені бүгін бір қуантып,алыс
жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер.Барлықтарың да
ақылды,білімді де өнерлі екенсіңдер.
Киген киімдерің қандай әдемі!Солай емеспе қызым?Біздің сыйлығымызға
риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық.Басқа да балалардың өнерін
тамашалайық.Ал,балаларым,сендер өсе беріңдер,өркендей
беріңдер.Аспандарың ашық болсын!Қош болыңдар!
Жүргізуші:Құрметті,балалар 2017жаңа жылға арналған мерекеміз
аяқталып қалды.Көріп тамашалағандарыңызға рахмет.Жаңа жыл құтты
болсын!Отбасыларыңа тек бақыт пен қуаныш
әкелсін!!!
Жаңа жыл
Тәрбиеші:
Төрле - төрле жаңа жыл
Айналамыз тебірене жыр
Төрле - төрле құтты жыл
Халыққа әр күн төгіп нұр
Төрле – төрле құтты жыл
Қуаныштан айналады жыр.
Құрметті ата - аналар, тәрбиешілер, балалар Жаңа жылдарыңыз құтты
болсын.
Келе жатқан Жылан жылы бәріңізге бақыт, шаттық, береке бірлік
әкелсін дей отырып , Жаңа жылдық ертеңгілігілікті
бастаймыз.
Малвино:
- Буратино, буратино, буратино.
- Ой, Сәламатсыздар ма?
- Буратиноны көрмедіңдер ме? Буратинодан ажырап, адасып қалдым
ғой.
- Ой, ой, ой неткен әдемі шырша, неткен самсаған әсем ойыншықтар,
неткен сұлулық?
Мыстан
кемпір:
- Ха - ха - ха, Малвина? Қайдан жүрсің, қайдан
келесің?
Малвина:
Сәлеметсіз бе, әже! Мына шыршаның шамдары неге
жанбайды?
Мыстан:
- Ха - ха - ха, бұл тек шырша емес, сиқырлы шырша. Бұл Шыршаның
шамдары балалардың күлкісі бар жерде, әсем би бар жерде, ортаны
қызыққа бөлеген шақта шамдар жарқырай
түседі.
Малвино:
- Ой, әже неткен тамаша, ендеше балаларымызды неге
шақырмаймыз?
Мыстан:
- Балаларды ортаға әкелу үшін мына сиқырлы сандықты ашуымыз
керек.
Мыстан мен
Малвино:
- 1, 2, 3 әсем ән бірге шашылсын, Сиқырлы сандық ашылсын!
(Балалар ортаға көңілді әуенмен
кіреді.)
Малвино:
- Алақай, алақай, балалар көңілді келеді Жаңа жыл кешін
тойлауға!
Мыстан:
- Айттым емес пе саған. Ендеше балғын балалардың өнерін
тамашалайық! Жаңа жылға деген тілектерін
естиік!
Тақтақтар:
Ән: Шырша
жыры
Малвино сандықты ақтарып отырып, құман тауып
алады.
Малвино:- Мынау не
нәрсе?
Мыстан:
- Бұл құмыра. Бұл құмыраның құпиясын мен ғана білемін. Бұл құмыра
қатты - қатты үйкелеп жіберсең, бір ғажайып болады.
-(Малвино құмыраны үйкелей бастайды, сол кезде құмырадан күңіренген
дыбыс шығады)
Жын:
- Кім мені мазалап жатқан?
- Малвино қорыққаннан қолындағы құмыраны түсіріп алған кезде, жын
ұшып шығады.
( құмырсқаны жерге түсірген дыбысы естілуі тиіс және жын шығатын
дыбыс).
Мальвино:
- Олай болса, менің 1 - ші тілегім: досым Буратиноны тауып
беріңіз!
Жын:
- Табынамын және орындаймын!
( Мальвино құшақтасу).
Буратино:
- Ой, мен қайда келдім? Неткен әсемдік? Ой, сәлеметсіңдер ме
балалар? Кандай сұлу боп
кеткенсіңдер?
Мальвино:
- Буратино, не тұрыс, балаларға билеп берейік!
(Мальвино мен Буратино билейді).
Тәрбиеші: балалар бізде де Буратино мен Мальвиноға өз өнерімізді
көрсетейік.
Би: Аққалалар
Ән: Жаңа
жыл
Малвино:
- Әже, мен жынға ІІ - ші тілегімді
айтайыншы.
Мыстан:
- Жоқ, екінші тілекті өзім айтамын.
- Балалар келетін Жаңа жыл ненің жылы еді?
- Тауық жылы.
- Ендеше жынды шақырайын.
Мыстан:
- Жын, жын!
Жын:
- Не бұйырасыз әміршім!
Мыстан:
- Биыл тауық жылы. Ендеше, біздің ортамызға тауықты
әкеліңіз.
Жын:
- Табынамын және орындаймын.
Тауық:
- Мені неге мазалайсыздар?
- Ханым, айып етпесеңіз биылғы жыл сіздің жылыңыз екен
- А, солай ма? Менің сағаттарым кейін жеткен екен
ғой.
Тауық:
Келдім міне сіздерге жақсы тілек тілеуге,
Жандарыңа жамандық жоламасын,
Дендеріңе саулық көп қоныстансын!
Жылдан - жылға жетіңіздер шат күлкімен,
Күн көзіндей жандарың жадырасын!
Тәрбиеші:
Балалар келген Жаңа жыл, Тауыққа да өз өнерімізді көрсете
отырайық.
Тақпақтар:
Малвино мен
Мыстан:
3 - ші тілекті тілеуді балалардың өздерінен сұрайық.
- Балалар бүгінгі Жаңа жыл кешіміздің қонағы кімдер еді.
- Балалар Аяз ата мен Ақшақар деп
айқалайды.
Мыстан:
- Жын,
жын!
Жын:
- Не бұйырасыз әміршім!
Мыстан мен
Мальвино:
- Жаңа жыл мерекесінің көркі, Аяз Ата мен Ақшақар төріміздің қонағы
болсын! – дейді балалар.
Жын: - Табынамын және орындаймын! ( Сол кезде залға Аяз Ата мен
Ақшақар өздерінің көңілді әуендерімен ішке
енеді).
Тәрбиеші: - Сәлеметсіз бе, Аяз Ата мен
Ақшақар?! Төрлетіңіз. Қош келдіңіздер! Біздің кішкентай
бүлдіршіндеріміз сіздерге арнап ән, тақпақтарын айтады. Қане
балалар өз өнерлеріңді ортаға
салыңдар!
Тақпақтар
Би. Аяз аталар
Ән:Аяз ата
Аяз
ата. – Рахмет, балапандарым,
өнерлерің өрге жүзсін! Талаптарыңа
Нұр жаусын! Менің кететін уақытым таяп қалды. Мені де сендер сияқты
бақшадағы өнерлі балаларым күтіп қалар. Сендерге ризамын.
Қапшық толы сыйлықтарымды Ақшақар немерем үлестіріп береді.
Сау болыңдар, балақайларым! Келесі кездескенше, аман болыңыздар!
Еліміз тыныш, жүзіміз шат, берекеміз арта берсін! Сау
болыңыздар
Балақайлар!
Балалар: - Сау бол аяз Ата,
Ақшақар!
Тәрбиеші:
Міне құрметті ата - аналар, балалар, қонақта 2013 жылы Жылан жылыда
келіп жетті.
Құрметті қонақтар осымен Жаңа жылдық ертеңгілігіміз аяқтала к
елді, көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп - көп
рахмет.
Жаңа жылда жаңа нұр
Тәрбиеші: Қандай жақсы шыршамыз,
Ән шырқайық, баршамыз.
Тақпақ айтып, би билеп,
Жаңа жылды бастайық
Құрметті қонақтар, әріптестер көптеп күткен мерекеміз жаңа жылда
келіп жетті. Биылғы жаңа жыл баршамыздың отбасыларымызға бақыт,
береке, ынтымақ алып келсін.
Ән «Аяз ата»
хормен айтылады. Біздің бүлдіршіндер сіздерге ән
салып береді.
Тәрбиеші:
Балалар біздің жаңа жылға жаттаған қандай
өлеңдеріміз бар?
Тәрбиеші:
Жарайсыңдар, балалар! Өте жақсы шықтыңдар. Музыка
әуенімен залға секеңдеп қоян кіреді.
Қоян: Ой, балалар, балалар, сүйінші, сүйінші!
Ау, жарандар, ал қараңдар
Жауып тұр қар себелеп.
Көкке толды, жерге қонды
Сансыз аппақ көбелек.
Тым алыстан, Марстан
Келіп Аяз атамыз
Жылды тойлап,
Билеп-ойнап,
Көп қызыққа батамыз!
Секіріп билеп жүрген қоянның алдынан аю шығады. Қоян сасқалақтап
қалады.
Қоян: Амансыз ба, аю паң!
Аю: Жаңа жылдың алдында
Тойды еске алдым да
Ұйқымды ашып, сергідім
Ұйықтамаймын мен бүгін!
Жылды қарсы алайық
Би билеп, ән салайық.
Қоян:
Жаңа жылдың тойында
«Жан салайық» ойынға!
Екеуі қол ұстасып, билейді. Сол кезде қуана қутыңдап түлкі
келеді.
Тәрбиеші: Қәне балалар бізде өзіміздің биімізді билеп бермедік пе келген қонақтарға.
Би: Аяз
аталар
Түлкі:
Қоянжанға бір сәлем!
Аю паңға мың сәлем!
Аю, қоян:
Аман ба, түлкі, кел
мұнда!
Түлкі:Достарым, жыл келеді
Сыйлығын ол береді
Жұмбақ шешкіш түлкінің
Өнерін жұрт көреді
Тауып өз сыңарымды
Тайсалмай, биге түciп,
Тарқатам құмарымды.
Аю, қоян: Рахмет, түлкіжан
Жүрген жерің күлкілі ән! (Бәpi қосылып, билейді.
)
Тәрбиеші: Қәне балалар бізде өзіміздің аңдардар қалыспай әнімізді айтып өлең шумақтарымызды айтып бермедік пе келген қонақтарға.
Тактаптар
Ән: Жаңа жыл
Енді орталарына қасқыр қосылады.
Қасқыр
Армысыңдар! Бармысыңдар, ағайын! Кәне құшақ
ашайық, достық тойын жасайық
Бәрі: Жаңа жыл құтты болсын! Достығымыз мықты болсын!
Бәрі: Жаңа жылдарыңызбен!
Тәрбиеші:
Жарайсыңдар, балалар! Балалар мен сендерге жұмбақ
жасырайын.
Соны шешесіңдер ме?
Балалар: Иә.
Жұмбақ:
Ақсақалды шал жылына
Бip-ақ рет келіп кетеді
Қызы мен ұлына
Сыйлық алып келеді
/Аяз Ата/
Тәрбиеші:
Балалар, енді жаңа жылдық мерекемізге Аяз атаны
шақырайық. Ол орманда жүріп адасып кеткен болар.
Балалар: Аяз Ата! Аяз Ата! - деп айғайлап шақырады.
Есіктің сыртынан дауыстар естіліп, іле-шала залға Аяз Ата мен
Ақшақар кіреді. Аяз Ата Ақшақарды қолынан тартып, жетелейді, ол
кіргісі келмейді.
Ақшақар: Ата жіберіңізші мені! Кірмеймін мұнда, үйге
кетемін.
Аяз Ата: Айналайыным-ау, не болып қалған саған, ауырып
қалған жоқсың ба өзі?
Ақшақар Жоқ, жоқ. Ауырып тұрған жоқпын. Ешқайда да барғым
келмейді, үйге қайтамын.
Аяз Ата: Қызым-ау, не айтып тұрсың!
Қарашы, біз тойға келдік!
Кәне, балалармен амандасайық.
Аяулы аналарға, ардақты ұл-қыздарға
Бүлдіршін балаларға бip сәлем!
Қандай жарқын жүздерін,
Қандай әсем жырларың
Асаулармен алысқап,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан
/Балалармен амандасады/
Аяз Ата: Рахмет, рахмет балаларым! Қанекей қызым!
Қонақтардан, ұят болады, басынды көтер/. Ақшақар басын көтермей
тұрады/.
Аяз Ата: Қарашы, балалардың киімі қандай әдемі. Шыршада
әсем безендірілген екен. Бәрі де тым сұлуланып кетіпті.
Шырша шамын жағайық,
Жаңа жыл тойын ашайық.
/Сол кезде Ақшақар жылап
тұрып/
Ақшақар: Мен шырша шамын жағатын, сиқырлы таяғымды
жоғалтып алдым!
Аяз Ата оны жұбатып тұрып: қазір мен-ақ өзімнің таяғыммен жағамын
немесе балалар бір тақпақ айтып беріңдерші.
Ақшақар: Қойыңыз ата! Сіз бұл таяғыңызбен бүкіл шыршаны
қатырып тастайсыз.
Тәрбиеші:
Ақшақар, сиқырлы таяғың қандай
еді?
Ақшақар: Менің таяғым жылтырауық, пішіні жүрекке ұқсайды.
Сіздер оны көрмедіңіздер ме?
Тәрбиеші:
Бір
жерде жатқан болар, жаңа мыстан ұшып бара жатып, қалтасынан
жылтыраған бip затын түcipiп алды, сол емес пе екен? Кәне, аңдар,
іздеп көріңдерші, сол затты мүмкін тауып
берерсіңдер.
Балалар аңдар кілтті іздеп жүргенде бір тақпақ
айтып берейік.
/сол кезде сиқырлы таяқты тауып
алады/
Аяз Ата: Жарайсың, балапаным! /бетінен
сүйеді/
Тәрбиеші:
Кәне, бізде шырша жағуға көмектесейік, әнімізді
айтайық.
Балалар қайырмасын айтып жатқанда, Аяз Ата Ақшақарды қасына
шақырып, шыршаны жаққызады.
Би: Шыршалар
Ойын:«Кім көп қар түйіршігін жинайды?" ойын ойналады.
Аяз-Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып,
алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да
ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.
Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің
сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да
балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер,
өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар! (қолдарын
бұлғап шығып кетеді). Тәрбиеші:
Құрметті қонақтар, балалар! 2017-шы жаңа жылға
арналған мерекеміз аяқталып қалды. Көріп тамашалағандарыңа рахмет.
Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш
әкелсін!!!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген