15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ертеңгілік
Жаңа жыл мерекесіне арналған ертеңгілік.
Тақырыбы: «Жасыл шырша жанында»
Мақсаты:Балаларды жаңа жылмен, оның ерекшеліктерімен таныстыру, мерекеге сәйкес көңіл-күй туғызу. Шырша әсемдігін, қыс келбетін сезіну, әсер алу қабілеттерін жетілдіру. Ән орындау, би билеу, тақпақ айту арқылы балалардың сөйлеу тілін дамыту.
Жақсылыққа, достыққа, бір-біріне бауырмалдық көрсете білуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар:Ойыншықтар ілінген шырша,орындық, музыка орталығы, ұлпақарлар таяқшасы, Сәбіздер.
Аяз ата ролінде:
Зал іші жаңа жыл ертеңгілігіне арнайы безендірілген
Ортада ойыншықтар ілінген жасыл шырша.Жаңа жыл мерекесіне арналған ертеңгілікке балалар дайын.Балалар қатармен келіп орындарына отырады.
Тәрбиеші:
Құрметті ата-аналар келіп отырған қонақтар және әріптестер сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз, жанұяларыңызға бақыт тілейміз, аспаныңыз ашық болып , еліміз көркейе берсін. Жаңа жыл жаңа бақыт ,жаңа нұр төгіп, тек қана жақсылықтар алып келсін.
Тәрбиеші:
Төгілтіп көк жүзінен ақшақарды
Ақ көрпе жапты бүгін бақшаларды
Мен келдім есікті ашыңдар деп ,
Жаңа жыл күллі әлемге жар салады.
Құрметті қонақтар 2-ші кішкентайлар тобының жаңа жыл
Мерекесіне арналған ертеңгілігімізді тамашалаңыздар.
1.Тақпақ
Бота.
Тілеймін мен бар адамға
Жаңа бақыт жаңа жыр
Ата әке,ана әже
Құтты болсын жаңа жыл
2.тақпақ
Санжар.
Аспан жерге төгеді.
Ақ күмісін уыстап,
Жаңа жылда келеді.
Бізге қарай жылыстап.
3.тақпақ
Зере
Мерекеге келдік
Тақпақ айтып бердік.
Ойыншықтарын тізген
Шыршаны да көрдік.
Тәрбиеші:
-Балалар біздің шыршамыз неге жанбайды?
Күтпеген сәт:
Сиқыршы келеді.
-Сіз кімсіз?
-Мен сиқыршымын.
Сіз онда бізге көмектесіңіз, біздің шыршамыздың шамы жанбай тұр.
Сиқыршы:
-Не айтсаңдарда барлығын орындаймын.
Абрака, дабра, суф!
Шыршаның шамы жанады.
Сиқыршы :
Менің тағы қандай көмегім керек.
Сізге көп-көп рахмет.
Сау болыңыз.
4. Ән «Шырша жыры»
Тауда туып, тауда өскен
Шырша келді ортаға
Бәріміз бір дауыспен
Дейік енді шыршаға.
Қ-сы
Қуант бізді таңырқат.
Шамдарыңды жарқырат.
Әдемілеп біз ілген
Ойыншықтар тізілген
Қандай жақсы шыршамыз,
Ән шырқаймыз баршамыз.
5.тақпақ
Бөрте.
Жаңа жыл,жаңа жыл
Тамаша тойымыз,
Алақай,алақай
Өседі бойымыз.
6.тақпақ
Диас.
Сақалы аппақ күмістей
Тістері аппақ күріштей
Көк ала шапаны
Сағындым аяз атаны
7.тақпақ
Еркеназ.
Жаңадан тақпақ,
Аламыз жаттап.
Жаңа жыл келді.
Жаңа жыл әппақ.
Тәрбиеші
-Тыңдаңыздаршы балалар сырт жақта бір дауыс естіледі,
Бұл кім болды екен? Аяз ата қойдим балалар.
Ол кісі кәртейді ғой,құлағы естимейді.
Бәріміз бірігіп, Аяз атаны шақырайық
-Ау, Аяз ата кел кел !
музыка әуенімен Аяз ата мен ақша қыз кіреді
Алақай аяз ата!
Аяз ата,Аяз ата!
Сәлеметсизбе Аяз ата.
8. Аяз ата:
Амансыздарма,
Ұлдарым
Қырмызы сұлу қыздарым.
Өздеріңді сағындым
Көп сыйлығым,жоралғым!
Тәрбиеші
Қош келдіңіз Аяз ата ! Қарсы аламын орын беріп, ән салыңыз бізбен бір, би билеңіз бізге еріп (балалар барлығы)
9.тақпақ
Аэлита.
Жаңа жылда жаңаша,
Тақпақ айтамыз.
Болсын риза балаша,
Әппақ атамыз.
10.тақпақ
Сақалынын ұзын-ай
Саудыраған мұзын-ай
Жарқыраған оттары
Жаңа жылдың қызығы –ай
11. тақпақ
Шаттық жыр,шаттық жыр.
Дидарында шаттық нұр.
Аяз ата ортада.
Арқасында қапшық жүр.
12. Ән «Аяз ата»
Таяғы бар қолында
Қар борайды соңында
Қандай сыйлық бар екен, ей!
Арқалаған қабында.
Қаптың аузы ашылды
Ойыншықтар шашылды
Аяз ата би билеп,ей!
Әнімізге қосылды.
Сақалының ұзын-ай
Саудыраған мұзын-ай
Жарқыраған оттары-ай,
Жаңа жылдың қызығы-ай!
13.
Мұздан моншақ тағынған
Күміс құрау жамылған
Ортада тұр ақшақар
Көптен күткен сағынған.
14. тақпақ
Тамаша-тамаша
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдыз
Көз тоймайды қараса
15. тақпақ
Қала нұр,дала нұр.
Құтты болсын жаңа жыл.
Шырша тойы көңілді
Билеп барлық бала жүр.
16.
Би: қыздар тобының орындауында
«ақшақарлар биі»
орындаушылар: Бөрте. Зере.Ақбота. Еркеназ. Аэлита. Ақшақарларлардың сөзі: қане ақшақар сіңілдерім келіңдер ортаға шығындар би билейік.
Ұқсап ұлпа жүнге, (қолдарын жоғары көтередідешыршаны айналады)
Жеңіл қонар жерге,
ұлпа қармыз аппақ (қолды кезек –кезек алдыға,артқа созады)
шағылысар күнге
қ-сы
Дөңгеленіп биге еніп (айналып билейміз)
Айналамыз желге еріп
Жер бетіне көрік беріп
Жербетіне көрік беріп
Дерсін бейне айдай (айды көрсетеміз)
Сәулесіне айдың
Ұлпа қармыз аппақ (Алақанды бірге қарды үрлейміз)
Түнде жалтырайтын. (алақанымыздың сыртын көрсетеміз)
қ-сы
17. тақпақ
Жасыл шырша төгеді
Дейді»Бәрі көр мені»
Неткен әсем құлпырып
Ойыншықтар тұр тұнып.
18. тақпақ
Не ойласаң жаңа жылда
Орындалады бар арман
Жаңа жылда сондықтан
Күтеді барлық балапан.
19.
күтпеген сәт
ортаға ысылдап жылан келеді.
20.
тәрбиеші:
балалар биыл жылы болды, бұл жыл бізге өте жақсы,молшылық болды жылына рахметімізді айтайық.
Тәрбиеші:
Балалар жылдың қай мезгілі? Біз қай мерекені қарсы алып жатырмыз.Енді келе жатқан жаңа жыл «Жылан» жылын қарсы алайық.
22.Жыланның сөзі.
23. тақпақ
Аяз ата келеді
Тамашаны көреді
Риза болып қуанып
Бізге сыйлық береді.
24. тақпақ
Аспан жерге төгеді
Ақ күмісін уыстап
Жаңа жылда келеді
Бізге қарай жылыстап.
25. тақпақ
Би «қояндар биі»
Орындайтындар:
Ислам. Санжар. Әлихан.Диас.
1.секіріп ортаға шығадыда бір қатарға еұрады.
2.бір орында тұрып секіріп,айналып қолдарын жылытады.
3.Отыра қалып шөп іздейді
4.Орындарынан тұрады сәбіздіжеген қылып көрсетеді.
5.орындарында секіріп қолмен құлақ жасау.
6.жүгіріп айналып келіп бір қатарға тұрып бастарын изеу.
26. тақпақ
Келіңдер келіңдер.
Тақпақ айтып беріңдер
Жомарт Аяз атадан
Сыйлық алп көріңдер.
27. тақпақ
Көрікті бөрікті
Аяз ата келіпті
Беріп жатыр таратып
Алма,анар,өрікті
28. 4. Ән «Қыс келді»
Аппақ ақ қар түсті де
Қыс ызғарын сыйлады.
Мен де кидім үстіме}
Жылы тон мен пиманы}(2 рет)
Құлақшыным басымда
Қолда жылы қолбағым.
Аттанамын мен сыртқа
Аяздан мен қорықпаймын.
29. тақпақ
Бекзат
Келді тағы жаңа жыл
Қуанышпен біздерді
Құтты болсын қуаныш
Құттықтаймыз сіздерді.
30. тақпақ
Жаңа жылды қарсы алып
Жасймыз той жылда біз.
Жарқын-жарқын ән салып
Жалғасады жырға жыр.
31. тақпақ
тауда тұрып,тауда өскен
шырша келді ортаға
қандай жақсы шыршамыз
би билейік баршамыз.
33. тақпақ
Кербез
Өлеңде әзір ,ән әзір
Ойын да әзір,бәрі әзір
Кел жаңа жылбіздерге
Кел жаңа жыл,жаңа жыл
34. тақпақ
Жанерке
Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрлет –төрлет жаңа жыл
Бізге құтты ждыл болсын
35. тақпақ
Ойын «Кім жылдам»
Аяз атамен Ақшақар ұйымдастырады.
Ойынның шарты:Ортаға екі бала шығады да жердегі қарларды тез-тез ыдысқа жинау керек.
(балаларды мадақтау)
36. тақпақ
Ақбаян
Аяз беттен сүйеді
Ай барады жылыстап,
Аспан жерге төгеді
Ақ күмісін уыстап.
38. тақпақ
Талшын
Әкелсін жыл ырыс –құт
Әлемде болсын тыныштық
Ән салайық жаңаша
Жаңа жылым тамаша
39. Аяз ата:Балалар мен сендерге әкеле жатқан сыйлығымды жоғалтып алыппын.Кәне бәріміз іздейікші.Шырша жақтан қарау.
40.Сиқыршы : Аяз ата мен мына шанадағы сыйлықты орманнан тауып алдым,сіздікі емеспе.
Аяз ата:мен ұмытып кетіппін тауып алғаның қандай жақсы болды.Бұл балаларға әкеле жатқан базарлығым.
Құттықтау сөз кезегін Б/Бақша меңгерушісі:Иржанова
Қ.-ға беріледі
Тәрбиеші:
Құрметті Ата –аналар міне балаларыңыздың өнерлерін көріп тамашаладыңыздар.Сіздерге арналған ертеңгілігіміз осымен аяқталды.Көріп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.
Ата-аналардың құттықтаулары.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген