жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ертеңгілік
Құтты болсын, Жаңа жыл!
Мақсаты:
балаларға мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді
безендірілгеніне, балалардың Аязатаның, Ақшақардың, Қоянның
карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату,
достық қарым - қатынас ояту, бірлескен ойындар
ойнату.
Қатысушылар:
жүргізуші, Аязата, Ақшақар, Қоян, Клоун, балалар, ата -
аналар..
Жүргізуші
Жаңа жыл-жаңа қадам,жаңа бағыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.
Жақсылықтың белгісі,жаңа уақыт,
Келіп,міне,жатырмыз қуанысып.
Бірге соғып бар әлемнің сағаттары,
Он екіні күтер қалмай тағаттары,
Ғасырдың он сегізінші жылы келді,
Құстай ұшып,қырау шалған қанаттары.
Құтты болсын Жаңа жыл,барша қауым,
Құтқа орансын кең байтақ дархан елім
Қазақтың пейіліне тарту етсін,
Табиғат ашық аспан,таң шапағын.
Армысыздар,аяулы ұстаздар,ата аналар,қонақтар.Сіздерді келіп жеткен Жаңа жылдарыңызбен құттықтаймыз.Сіздерге зор денсаулық,ашық аспан,отбасыларыңызға тек қана қуаныш тілейміз.Ал,енді бүгінгі мерекенің иелерін қарсы алайық.
(қол шапалақтау, балалар екі -
екіден кіреді)
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме,
балалар. Сендер бүгін, сәнді киініп, әдемі болып
кетіпсіндер. Мына жерде орман аңдары, сүйікті ертегілеріміздің
кейіпкерлері де жетіпті. Ал, бүгін балалар, қандай мереке?
Балалар: Жаңа жыл!
Жүргізуші: Жаңажылдық ертеңгілігімізді ашудағы
алғашқы
құттықтау сөзі
Мектебіміздің директоры
Қосантаев Алтынбек Сейташимовичке беріледі.
Жүргізуші: Балалар бүгін біз Жаңа жылды қарсы алуға жиналдық.
Келіңдер, сән құрап тұрып, қол ұстасып жүріп ән салайық.
Ән: «Шырша
әні»
Жүргізуші: Балалар, ортамыздағы әсем не?
Балалар: Шырша!
Жүргізуші: Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтары неткен көп! Ал, кім
бізге шыршаға арналған тақпақтарын айтып береді
екен?
Мансур
Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағынған
Міне сұлұ шыршамыз
Көптен күтіп сағынған
Баян
Келді,келді Жаңа жыл
Қуанып қарсы ала біл
Аяз ата сыйлығын
Алайық айтып жаңа жыр
Мансур
Дала нұр,қала нұр
Құтты болсын жаңа жыл
Кел,жаңа жыл,біздерге
Кел,жаңа жыл,жаңа жыл
Дарина
Бақша іші мереке
Ойын күлкі,асқақ ән
Жақсы әпкелер жаңа кеп
Мерекені бастаған
Шерхан
Аппақ тонға оранып
Базарлықты мол алып
Келді алыс сапардан
Аяз ата оралып
Тоғжан
Оралдың өлкеме
Жаңа жыл,армысың
Оранды ақ көрпеге
Асқар тау,қарлы шың
.
Жүргізуші:
Жарайсындар, қандай жақсы тақпақтар! (шыршаның жанына жақындап
келіп) бәрекелді, қараңдар балалар, шыршаның астыңда бірдеңе тұр!
Сыйлықтар! Сыйлық алу қандай тамаша, келіңдер, балалар, сыйлықты
ашып көрейік. (көңілді муз. Ойнайды, қорапты ашады, оның ішінен
Клоун атып шығады.)
Клоун:
Амансыңдар ма, балалар! Иә, бұл менмің. Мені ораудан алып
шыққандарың қандай жақсы болды! Ол жерде тар, әрі қап - қараңғы.
Ал, мұнда сондай тамаша екен! Мен де сендермен жаңа жалды қарсы
алайыншы, сендермен бірге қызықты ойынды
ойнайыншы!
Ойын: «Кім жеңеді?» (4
орындықпен)
Жүргізуші: Балалар, бізде шыршамыз бар, әдемі киінген
балаларымыз бар, ата - аналарымыз, көрермендеріміз де бар екен,
енді, біздің жаңа жылдық мерекемізге кім
жетпейді?
Балалар: Аязата, Ақшақар.
Жүргізуші:
кәне, онда Аязатаны шақырайық. Бар дауыспен
айқайлайық.
Балалар:
Аязата, Аязата (деп 2 рет айтқанда, есік ашылады да, Қоян кіріп
келеді.)
Қоян: Ойбай түрлерін қара! Неге тамақтарынды жыртып
жатырсыңдар?!
Жүргізуші: Ал,
сен неге амандаспайсын? Әдепті адам алдымен амандасып алады дегенді
білмейсің бе?
Қоян: Білсем бұйырмасын!
Жүргізуші: Мұны тіпті мына бүлдіршіндеріміз біледі. Ал,
саған тіпті ұят. Саған ешкім үйреткен жоқ па?
Қоян:
Жоқ.
Жүргізуші: Сен
өзі қайдан шықтың? Біз Аязатаны шақырып едік
қой?!
Қоян:
Ал, мені мерекеге неге шақырмайсындар? Аязата сендерге бәрібір
келмейді, өйткені мен ормандағы жол көрсететін белгіні алып
тастадым, енді ол жол таба алмайды ха - ха - ха (деп
секіреді)
Жүргізуші: неге олай еттің? Аязата, Ақшақарсыз қандай жаңа
жыл келмек?
Қоян: Ә,
бәлем, солай ма екен! (осы кезде боранның гуілдеген дыбысы
естіледі. Қоян тоңа бастайды да, біреулердің киімдерінің астына
кіріп, ата - аналарға тығылып, соңында шыршаның астына тығыла
бастайды )
Алыстан Аязатаның дауысы естіледі.
Жүргізуші: Аязата, Ақшақар келе жатыр ғой деймін, шақырайық,
қол соғайық, болған қиындықтарды ұмытайық!
Балалар: Аязата, Ақшақар!
Аязата: Сәлематсыңдар ма, балалар!
Күнтізбеде қалыпты жалғыз ғана бір парақ,
Дайындалдым жыл бойы,
Жолға шығар келді уақ!
Шақырымды жүздеген
Басып өту мен үшін
Жаңа жылдың түнінде
Жасыл шырша түбінде.
Кездессем деп сендермен,
Тарасам екен сыйлықтар,
Одан асқан не сый бар.
Қуаныш сыйлау балаға
Одан зор бақыт бола ма!
Сендерді көргеніме сондай бақыттымын!
Балалар, мына шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты ғой. Кәне, сиқырлы
сөздерімізбен оның шамдарын жарқыратайық!
Қуант бізді, таңырқат шамдарыңды жарқырат! (3 рет айту
керек)
Балалар: Қуант бізді, таңырқат шамдарыңды
жарқырат.(қолдарын шапалақтатады) Шырша
жарқырайды.
Аязата: Балалар, менің қарша қызым қайда жұр
екен, ол келгенше мен
сендердің өнерлеріңді тамашалай отырайын
Даярлық топ балаларының дайындаған билері
Топпен би.
Ералы
Қалып едік сағынып
Күтіп алдық жабылып
Жолын қойдық жарық қып
Шыршаларға шам іліп
Еркеназ
Ақ қырауға малынған
Сақалы да,мұрты да
Аяз ата сағынған
Сәлем берді жұртына
Никита
Игрушки разноцветные
Она для нас развесила
И все глядят на елочку
И всем сегодня весело
Қарақат
Жаңа жылда жаңаша
Тақпақ айтамыз
Болсын риза балаша
Аппақ атамыз
Ислам
Жүзімізге күлкі ойнап
Қанаттанды жанамыз
Жаңа жылды біз тойлап
Шаттанамыз бәріміз
Іңкәр
Сақалының ұзын ай
Саудыраған мұзын ай
Жарқыраған оттары ай
Жаңа жылдың қызығы ай
Диана
Без дедушки мороза
Снежинки не летят
Без дедушки мороза
Узоры не летят
Нурали
Жаңа жылды қарсы алдық
Мініп алып күймеге
Мен де бүін ән салдым
Араластым биге де
Аязата: Бәрекелді, бәрекелді.
Менің Ақшақарым қазір келіп қалар, мынадай тақпақтар дан кейін
кідірмес. Клоун балам, сыйлықтарын берейік тақпақ айтқап
балаларға.
Жүргізуші: Аязата, мен де, жұмбақтап жіберсем қайтеді?
Ертегідей орманнан
Көктей өтіп келеді.
Сұңқар бойлы бір сұлу
Табынаршы, аты кім?
Балалар: Ақшақар! (музыкамен Ақшақар
кіреді)
Ақшақар:
Сәлеметсыңдар ма, балалар! Орманды көктей өтіп жеттім - ау
сендерге. Қандай әдемі, неткен сұлу шырша!
Ал енді мен қыздармен бір ойын ойнағым келіп тұр.
Қыздармен ойын
Шырақтың орындауында ән Сағындым әже
Би Шөжелерім
,Данил
Жылдың әнін бастайын
Аяз ата кеп қалды
Майысады жас қайың
Көтере алмай көп қарды
Закир
Бақша іші мереке
Ойын күлкі,асқақ ән
Жақсы әпкелер жаңа кеп
Мерекені бастаған
Малика
Жаңа жылды қарсы алдың
Мініп алып күймеге
Мен де бүгін ән салдым
Араластым биге де
Шырақ
Оралдың өлкеме
Жаңа жыл армысың
Оранды ақ көрпеге
Асқар тау,қарлы шың
Санжар
Ақ қырауға малынған
Сақалы да,мұрты да
Аяз ата сағынған
Сәлем берді жұртына
Ерсұлтан
Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны
Той маскарад басталды
Аяз оны басқарды
.
Ән Маленькой елочке холодно зимой Данилдың орындауында
Маликаның орындауында өзбек биі
Тоғжанның орындауында ән Жаңа жыл
Никита мен Диананың орындауында орыс биі Калинка
Сезім
Аппақ тонға оранып
Базарлықты мол алып
Келді алыс сапардан
Аяз ата оралып
Еркеназ
Қалып едік сағынып
Күтіп алдық жабылып
Жолын қойдық жарық қып
Шыршаларға шам іліп
Әли
Жаңа жылым жол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрле,төрле,жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын
Таира
Аяз ата ақ сақалды
Ақ таяқты паң ата
Асып өтіп асқар тауды
Жеттің бізге таң ата
Нұртас
Жапалақтап ақша қар
Жауды күнде қайталап
Қырға шықты балалар
Шаңғыларын арқалап
Ал енді балалар бір сәтке ертегілер еліне саяхат жасап келейік.
Бауырсақ ертегісі.
Жүргізуші: Кәне, балалар, бәріміз
«Шырша» әнін жақсылап айтып жіберейік, Аязатамызбен Ақшақарымызбен,
Клоун бәріміз!
Ән: «Шырша
әні»
Аязата мен Ақшақар сыйлықтар
таратады.
Ақшақар: Мінекей, балалар, сендермен
қоштасатын да кез келді.
Сендерді қимай тұрмыз, барлығың да көңілді, әдемі бала
екенсіңдер.
Аязата:
Жаңа жылда, балалар, тек
қуаныш көріңдер.
Ауырмаңдар ешқашан, мықты болу өзіңнен.
Ақшақар:
Жаңа жылда, балалар, тек
жақсылық көріңдер.
Жылау, ауру, жамандық қастарыңда болмасын.
Сау болыңдар, балалар
Жүргізуші
Осымен мерекеміз аяқталды
Келе жатқан жыл баримизге бақыт,денсаулық,қуаныш әкелсин.
Отбасыларыңызға тек қана амандық тілеймін.
Хош,сау болыңыздар.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген