Тәуелсіздік күні
Фанфары
1-жүргізуш: Арысын ардақтап ой еткен
Намысын бойына ту еткен.
Ұлысын ұлықтаған, баба жолын ұмытпаған, қазақ елі Армысыздар!
2-жүргізіші: Алтын ұя Отан қымбат
Құт берекең, атаң қымбат.
Кіндік қаның тамған, жерің қымбат
Туып өскен елің қымбат, -деп ұрандаған барыс елім, Бармысыздар!
1-жүргізуш: Тәуелсіздіктің тәтті дәмін татқан, мәңгілік ел, Тәуелсіздік күні, құтты болсын!
2-жүргізіші: Тура 26 жыл бұрын, Қазақстанның тәуелсіздігін бүкіл әлем мойындады.
1-жүргізіші: Бәріміздің киелі атамекеніміз бар, ол қазақтың ұлы даласы тәуелсіз Қазақстан. Қасиетті Отанымыз қандай қиындықты да қайыспай қарсы алуға лайық, өршіл рухты, азат ойлы жасампаз халқы бар. Ол ержүрек қазақ халқы.
2-жүргізуш: Қазақтың көгінде азаттық туы желбіреді.
1-жүргізуш: Ол ұлы дала төсінде өзі құрған мемлекетте мәңгілік ел жасау. Тәуелсіз Қазақстанымыз мәңгілік елге айналсын.
Құттықтау сөз ______________________
Слайд: «Тарих толқынында» кітап.
(видео) Н.Ә.Назарбаев тәуелсіздік туралы сөзі
«Ақбота» тобының орындауында «Отан» әні
Слайд: Кітап көрсетеді (сақ, ғұн)
1-жүргізуші: Алтын адам – Қазақстанның азаттық символына айналды. Оның тұлғасы Алматының бас алаңына орнатылды, төбе бөркіндегі қанатты тұлпарлар бейнесі елтаңбамызға енді, азаттық нышанына айналды.
Алтын адам шығады
Отты күннен ғұн туған,
Отты ғұннан от боп ойнап мен туғам.
Жүзіңді де мөлдір қара көзіңді
Туа сала жалын менен мен жуғам.
Мен келемін, мен келемін, мен келем
Күннен туған, ғұннан туған Пайғамбар.
Еркежан (Қанатты барыс)
Қанаты болса барыстың,
Береді төтеп сындарға.
Желменен жүйткіп жарыстым,
Шығамын биік шыңдарға.
Слайд: Кітап (Жібек жолы)
1-жүргізуші:Сарайшық, Сығанақ, Түркістан, Тараз. Жібек жолы Қытайдың Шяң деген жерінен басталып Шыңжаң орталық Азия арқылы Таяу шығысқа апаратын керуен жолы болған. Жібек жолы идея қазіргі заманда да өзінің маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Батыс пен Шығысты байланыстыру жөніндегі елбасының бастамасы өміршең жылдар жылжыған сайын ол біртіндеп жүзеге асып келеді. Соның айғағы ретінде қазақстандағы жолдар құрылысын айтуға болады. Осы тұста айта кетейік президенттің Қытайға сапары барысында тараптар Қытайдың жаңа «Жібек жолы» бағдарламасымен қазақтың «Нұрлы жол» бағдарламасын үйлестіру жөнінде уағдаласты.
(Саудагерлер өтіп жатады)
Кәусар (Карта)
Оңтүстігің – Алатау,
Биіктерін қар басқан.
Алатауда ақ отау,
Алматыға жалғасқан.
Жер қабылдап таң нұрын,
Береді елге байлығын.
Осы жердің барлығы
–
Қазақ жері,
ай-күнім.
Слайд Хандар
Абылайхан сөзі
Хандар суретін алып шығады (Әбілқайыр хан, Жәнібек хан, Кенесары хан, Абылай хан, Тауке хан) шығады.
Жантас:
Уа, халайық еліңнің тізгінін ұстайтын Керей мен Жәнібек келеді. (атпен кіреді)
Керей хан:
Қазақтың қайран даласын
Жағасы жайлау бел қылам.
Қара сирақ баласын
Басқалармен тең қылам.
Кеткен кегін қайтарып,
Іргесін тыныш төрінде.
Мерейін үстем, бағын зор,
Ырысын шалқар көл қылам.
Слайд
Қазақ билері — ерте заманда
осы күнгі соттың да, тергеушінің де қызметін атқарған. Билер
өздерінің бір ғана сөзімен небір шытырман даулы мәселелердің дұрыс
шешімін тауып отырған. Өз әділдігімен елге танымал болған
қазақтың атақты билері:
Төле би (1663—1759 жж.)
Қазыбек би (1667—1764 жж.)
Әйтеке би (1644—1700 жж.)
Үш би шығады (3бала)
Төле би:
Ақты ақ деп бағала,
Қараны қара деп қарала.
Өзегің талса, өзен бойын жағала
Басыңа бұлт түссе, көпшілікті сағала.
Қазыбек би:
Біз қазақ деген рухты, қайсар елміз,
Ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз.
Елімізден құт береке қашпасын деп
Еліміздің шетін жау баспасын деп,
Найзаға үкі таққан елміз.
Әйтеке би:
Өзіңе өзің кәміл бол
Халқыңа әділ бол.
Жауыңа қатал бол
Досыңа адал бол.
Слайд кітап: Ашаршылық, репессия
Үш арыс (Сәкен Сейфуллин, Іляс Жансүгіров, Беймбет Майлин), бес байтерек (А.Байтурсунов, Ш.Құдайберді, М.Жумабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатов)
1-жүргізуші: Қазақ төңкерісі 1917 жылдан бастап қазақ халқының тарихындағы қасіретті жылға ұласқан. 1932 жылғы ашаршылық пен 1937 жылғы қуғын сүргін жылы.
Қазақ әдебиетінің тарихына үш бәйтерек болып енген – Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин бір жылда өмірге келіп, шығармашылықтарын қатар бастап, дүниеден де бір мезгілде өтті. Қазақ зиялылары, ұлттық әдебиеттің үш бәйтерегі аталған ақын-жазушылары кеңес үкіметі тұсында «Алашордашыл - ұлтшылдар» атанды. 20 ғасырдың отызыншы жылдар ойранында жазықсыз, жолсыз жазаға кез келді. Қуғын - сүргінге ұшырап, атылды.
1-бала:
Ту етіп тікті
теңдікті.
Қазақтың байтақ
еліне
Аңсады олар
елдікті
Ілияс, Сәкен,
Бейімбет!
Слайд: Ұлы Отан
соғысы
1-жүргізуші:
1941 жыл, ақпандатқан,
Сыртта аяз, ауылымызды ақ қар жапқан.
Үңірейген үрей тұр соғыс дейтін,
Алапат аспан жерді аттандатқан.
Құлап түсті шекара бағанасы
Қабырғамдай қираған маған осы
Таразыда теңселді ел тағдыры,
Азаттықтың елдіктің мағынасы.
Жантас: (Жамбыл шығады домбырасымен)
Мен Жамбылмын, жаугер жыр ел тілеген
Қазған ормын дұшпанға ентелеген
Мен Москва, қорғаны 28
Мен Әлия, мен Мәншүк
Мен Төлеген.
«Әлия» әні (Әлия, Мәншүк шығады)
Би: Жеңіс маршы («Буратино» тобы)
1-жүргізуші: Кеңес Одағы, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы– бұрынғы Ресей империясы аумағының шегінде Еуропада және Азияда 1922 жылдан 1991 жылға дейiн өмір сүрген мемлекеттер.
15 ұлт киген балалар шығады.
Ұлттар биі (қазақ, өзбек, тау биі)
1-жүргізуші:
Тәуелсіздік! Ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық
уақыт бойы армандаған тәуелсіздік! Тәуелсіздік жолында халқымыздың
басынан нендей оқиғалар өтпеді! Халық қамы үшін қан кешіп, құрбан
болған ерлеріміз
қаншама!
Өткен ғасырлардағы, үстіміздегі ғасырдың
басындағы қанды шайқастар, ірілі-ұсақты небір көтерілістер, ең
ақырғысы
тарихқа «Желтоқсан
оқиғасы» деген, 1986 жылғы жастар мен
студенттердің жанкештілігі, тәуелсіздікке қан төгіссіз бейбіт
жолмен қол жеткізу үшін арпалысқан ел ағаларының ерен ерліктері
халық санасынан өшер
ме?!
Тарихымызда ерекше орны бар, бәріміз куәсі
болған халқымыздың қасіреті мен ар намысына, сонымен бірге
мақтанышына айналған бұл оқиғаның алғашқы
құрбандары Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол
Сыпатаев, Сабира
Мұхамеджановаларды еске алып, олардың рухына тағзым ету
парызымыз.
Інжу Р: Жанын қиған ара түсіп ұлтына
Бейбіт өмір тілеген бар жұртына.
Қайрат пен Ләззат сынды жастардың
Үлкен парыз тағызым ету рухына.
Айзере: Әр қазақтың есінде сақталады
Желтоқсандық өрендер ақталады.
Ел намысын қорғаған сарбаздарым,
Ерліктерің мәңгілік сақталады.
Азиза: Қайраттай қайсар ұлдардың
Жанымен келген еркіндік.
Жазира мен Ләззаттың
Арымен келген еркіндік.
Қасіретпен қайғының
Бәрімен келген еркіндік.
Іңкәр: 16 желтоқсан
Ел мерейі тасыған.
Қазақ деген қалың жұрт,
Бәрін кешті басынан.
Жәнібек А: 16 желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн.
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн.
Қайрат Рысқұлбеков туралы тақпақ.
Көрініс: «Желтоқсан ызғары»
Слайд: видео Н.Ә.Назарбаев
1-жүргізуші:
1991 жылы Қазақстан тәуелсіздігін жария етті. Ата-бабаларымыз сан мың азаттыққа қол жеткізді. Тілімізді жаңғырттық, дінімізді қайтардық, тарихымызды түгендеп тағдырымызды таптық. Тәуелсіздік бізге оңай жолмен келген жоқ.
Видео слайд Қазақстан туралы
Айзада А
Енді міне, біз тәуелсіз ел болдық,
Басқалармен терезесі тең болдық.
Әрқашан біз дайынбыз тайсалмай,
Отан үшін болуға да құрбандық.
Нұрай
Маған қымбат ұлы елімнің,
Шешек атқан әр гүлі.
Аялайды бәрімізді,
Азаттықтың таң нұры.
Фатима:
Сарыарқаның даласында
Күн шуағын төккен күн.
Елім менің, жерім менің
Баққа қолы жеткен күн.
Іңкәр Р
Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын
Алдымызда барлық үміт ақталсын.
Тату тәтті бірлік болып қашанда
Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын.
Настя
Қазақстан-ұлы Отаным
Сенде өскен бір ботамын.
Қорғау сені, бұл парызым,
Мәңгі сені пір тұтамын.
Аңсар И
Әлем жарық, күн жарық!
Бөтен емес мен қазақ.
Жаса, жайна жарқыра
Тәуелсіз ел мәңгілік!
Санжар:
Мереке бүгін, ұлы күн
Бабалар рухы көксеген.
Азатты елдің ұлымын,
Теңескен төбем көкпенен.
Нұрислам:
Елбасымыз жолдайды,
Халқы оны қолдайды
Ешқашанда орынсыз,
Шешімдері болмайды.
Мерей (Буратино)
Приезидент бар бізде де
Бүкіл халық сайлаған
Бабам салған ізбенен,
Ақ жолынан таймаған.
Бақ тілейміз енді біз,
Ылғи күліп тұрсын таң.
Тұңғыш Президентіміз-
Назарбаев Нұрсұлтан.
Рәміздер
Жәнібек:
Көк туымды қолыма
Бүгін берік ұстадым.
Түсті бақыт жолына
Менің Қазақстаным!
Айдана С
Өзіңдікі туыңда
От пен ауа, суың да.
Жана Қазақстаным,
Белді бекем буын да!
Б. Айдана:
Көк байрақтың бетінде,
Қыран бүркіт қанаты.
Сол қырандай еркіндеп
Бала өседі талапты.
Заңғар:
Сәнді айшығы, бедері,
Рәміздер ел беделі.
Бойға таққан тұмардай
Қастерлеймін мен оны.
Айша:
Әнұраным- жанұраным,
Айтар әнім, сөйлер сөзім.
Туған жерім- сағынарым
Республика әнұраным.
Слайд видео Астана туралы
Астана шығады. Бәйтерек (Астана әні)
Тақпақ Інжу
Ел ордам менің – Астанам,
Астанам менің бас қалам.
Зәулім-зәулім үйлер көп
Өркендеген – Астанам.
Алтын күннің
астында,
Желбірейді туымыз.
Қазақ деген халықтың,
Ұлы менен
қызымыз.
«Домбыра» биі
Слайд: Рухани жаңғыру видео Назарбаев Н.Ә
Айнур (қазақ
қызы)
Болашаққа бағдар берді, Елбасы,
«Рухани жаңғыр»- деді, Елбасы!
Әлемдегі ең дамыған елдердің,
Қатарына, қосыл-деді, Елбасы!
2-қазақ ұлы
Мақсаты айқын, бағыты белгілі
Самғайды көгімізде жолдау үні.
Келіп жетті, міне бүгін, жасампаз,
Қазақстанның үшінші жаңғыруы.
1-жүргізуші:
Нық сеніммен болашаққа қадам басайық,
Білім мен ғылым жағынан бүкіл елден асайық.
Қазақстан туын желбіретіп көк жүзінде
Бейбітшілік пен татулықтан шашу шашайық.
Ән «Қазақстан»
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ертеңгілік

шағым қалдыра аласыз