Ертеңгілік

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ертеңгілік

Материал туралы қысқаша түсінік
Ертеңгілік Жаңа жыл
Материалдың қысқаша нұсқасы

Утреник

«Жап-Жаңа жыл»

(музыка әуенімен Алладин кіреді)
Алладин:

Жаңа жыл келді
Азаймасын ән мен жыр
Ел көңілін көтерсін
Құтты болсын жаңа жыл!
Құттықтаймыз сіздерді!
Тезірек, тездетіп мұнда жиналыңдар
Басталады Жаңа Жылдық карнавал
Маска да бар, би де бар, асығыңдар
Аяз ата шақырғанның бірі дағы қалмайды.
Басталады, басталады Жаңа жылдық карнавал
Карнавалдың қонақтарын қарсы алыңдар!

«Күншуақ» тобында!
(балалар музыка әуенімен кіріп, орындарына отырады)

Алладин: Бәрекелді, жарайсыңдар! Қараңдаршы, айнала неткен керемет, әсем мына шыршамыздағы ойыншықтардың алуан түрлері бар екен. Бәрімізде әп - әдемі жаңа жылдық киімдерімізді киіп жиналып қаппыз. Бірақ,... шыршамыз көңілсіз, қане менің сиқырлы таяғымның көмегімен, сендердің әдемі сөздеріңмен шамын жағайық!
(Шыршаны жағу)

Қуант, бізді, таңырқат
Шамдарыңды жарқырат!-3 рет
Алладин: Міне, керемет, жақсы болды, енді барлығымыз қол ұстасып, ән шырқайық.

Ән: «Шырша жыры»
Алладин: Балалар, жарайсыңдар. Айтыңдаршы жылда Жаңа жылға бізге қонаққа кім келуші еді?
Балалар: Аязата, Ақшақар!
Алладин: Кәнекей, ендеше бәріміз бірге шақырайық.
Бәрі: Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата, Ақшақар Ау - у - у - у! (3 – рет)
Қоян: Салеметсіңдер ме балалар!

Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Менде сендермен бірге жаңа жылды қарсы алайыншы.

Балалар: Әрине!!!

Қоян: Мен жалғыз емеспін, менің достарымда келгісі келеді. Бірақ мен достарымнан адасып қалдым. Алладин сен өзіңнің сыйқырыңмен, менің достарымды ортаға алып келші.

Алладин: -Әрине қоян досым

Қане менің сыйқырлы тағыммен, сыйқырлы сөзімді айтайын.

Ортаға барлық қоянның достары келеді.

(Сазды әуенмен)

Алладин : Балалар көп достарымыз жиналып қалыпты, енді тек Аязата мен Ақшақар қалды келмеген!

Қоңырау үні сыңғырла
Аяз ата, Ақшақар
Біз Сендерді сағындық
Тез келіңдер ортаға
Аяз ата, ақшақар 3 - рет
(музыка әуенімен Аяз ата, Ақшақар келеді)


Аяз Ата:

Құтты болсын, балалар
Келген Жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп қыз, ұлдарым
Өткен жылы келіп ем
Бәріңді де көріп ем
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп ем
Ойларың мен бойларың да
Бірдей өсіп қалдыңдар ма?
Ал, мен кіммін айтыңдаршы
Мені тани алдыңдар ма?
Балалар: Аяз ата!
Ақшақар:

Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын!
Сүйсіңдірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт - жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын.

Би: «Санта биі»
Алладин:

Қош келдіңіздер, Аязата мен Ақшақар!Төрлетіңіздер!
Әсем әні де, биі де бар
Отыр ата, сәл дем ал.

Жүргізуші:
Әуеледі әніміз
Жаңа кірді сәніміз
Ақшақарды ортаға алып
Би билейік бәріміз.
«Ақұлпалар» биі
Жүргізуші: Балалар, жаңа жыл болса кеп қалды, біздің қоштасатын Ұлу жылымыз қайда?

Ұлу: Балалар мен сендермен жыл, он екі ай бірге болдым. Енді мен сендермен қоштасамын. Қош сау болыңдар!

Аңдар: Жаңа жылымыз Жылан қайда екен?

Алладин: Қазір мен сыйқырлы таяғымды алып жыланды шақырайын.

(Ысылдап жылан билеп шығады)
Алладин: Қош келдің Жаңа жыл! Біздің балаларымыздың жаңа жылға деген тақпақтарын тыңдайық!

Сания : Жаңа жыл, Жаңа жыл

Жаңа жылға жаңа жыр


Сұлтан: Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр


Шұғыла:Жаңа жылым мол болсын

Басқан қадам оң болсын


Арыстан:Төрле, төрле Жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын


Айша: Қуантып елді,

Жаңа жыл келді

Өсетін болдық

Бір жасқа енді


Амандық:Аяз ата келіп тұр,

Ақ көрпеге оранып.


Таснима: Оралдың өлкеме,

Жаңа жыл, армысың.


М.Сұлтан:Оранды ақ көрпеге

Асқартау қарлы шың


Айлин: Келді міне Жаңа жыл,

Қарсы алайық бәріміз.

Күліп ойнап, би билеп,

Ән салайық бәріміз.


Санжар: Тамаша. Тамаша!

Шыршамыз тұр жараса

Нұрбибі: Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса.


Алима: Ал, балалар билейік,

Ойнайық та, күлейік.

Айханым: Аяз ата қуансын,

Тақпақ айтып берейік

Қайсар: Жаңадан тақпақ
Аламыз жаттап

Жаңа жыл келді,

Жаңа жыл аппақ
Нұрали: Аяз ата ортада,
Арқасында қапшық жүр.

Е.Амир: Сықыр-сықыр басқанда,
Жылтылдайды ақшақар.
С.Амир: Ақшақарға аунайды,
Сағынғандай балалар.

Аруназ: Қош келдің Аяз Ата
Болып бізге  сыйлы  қонақ
Алихан: Қарсы аламыз құрмет етіп
Жаңа жылдың нұрын орап.

Інжу: Не ойласаң жаңа жыл
Орындалады бар арман
Ляйсан: Жаңа жылды сондықтан
Күтеді барлық балалар.

Шейх-Ислам: Кел балақай шырша дайын
Қол ұстасып ән салайық
Рамазан: Жаңа жылдың жарқын айын
Әнмен бимен қарсы алайық.

Аяулым: Көрдің бе Аяз атаны

Аппақ екен сақалы.

Аппақ екен мұрты да

Аппақ екен шапаны

Таңшолпан: Жаңа жыл, Жаңа жыл

Төгілсін жаңа нұр

Сыйлығын сүйретіп,

Келді міне, Жаңа жыл

Мадияр: Бүгін біз көңілдіміз,

Жаңа жылды қарсы алып.

Асылым: Мерекеге келгендерді

Құттықтаймыз ән салып


Нұрислам: Шыршаға бардық

Әсем ән салдық

Аяз атадан

Сыйлықтар алдық


Әділхан: Аппақ, аппақ жапалақтап,

Қар жауады тынбастан.




Ақшақар ойынын ойнатады

Ойын: «Тығылмақ»
Шарты: балалар аппақ матаның астына, Ақшақардан тығылады.

Аяз ата: Мына балалар, шетінен биші, жылдам екен, Енді мен дем алсам деймін.
Алладин: Аяз ата Ақшақар сіздер біздің балаларға сыйлық әкелдіңіздер ме?

Аяз ата: Иә, әрине! Жарайсыңдар, өнерлі екенсіңдер!

Ойбу Алладин мен сыйлығымды жоғалтып алдым. Енді қайттім. Алладин сен менің кішкентай немерелерімді сыйлықсыз қалдыма, өзіңнің сыйқырлы сөзіңді айтып сыйлықтарды ортаға алып кел.

Алладин: Аяз ата әрине менің кішкентай достарым сыйлықсыз қалмайды.

(сыйқырлы сөздерді айтып сыйлықтар ортаға келеді)

(сазды әуенмен)

Аяз - Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.
Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып кетеді.)
Балалар: Сау болыңыздар! Рахмет сіздерге!
Алладин: Құрметті қонақтар, балалар! Жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Мерекелеріміздің осындай керемет өтуіне ат салысып жүрген ата - аналарға, әріптестерім сіздерге де мың алғыс! Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын!

Біз тілейміз жаңа жылдық шаттықты
Біз тілейміз жаңа жылдық бақытты.





























Ортаңғы «Күншуақ» тобы


«Жап, жаңа жыл!»

(Ертеңгілік)






Тәрбиешілер:Куатова Назгүл Айнабекқызы

Әдібаев Дильназ Асхатқызы


















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.03.2025
138
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі