Мақсаты: Балаларға 8-ші Наурыз халықаралық мейрамы екенің ұғындыра отырып, аналарын ешқашан ренжітпеуге, қолғанат болуға, әрқашан құрметтей білуге тәрбиелеу. Балалар қолдарына жүрекше шарды ұстап, жұппен безіңдірілген залға кіреді де, екі қатар болып тұрады. Ана туралы әнге би қимылдарын жасап, билейді. Би аяқталғаннан соң музыка әуенімен балалар саппен орындарына барады.
Жүргізуші : Сәлеметсіздер ме, құрметті аналар, қымбатты әжелер, әріптестер! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8-ші Наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осындай көркем мерекенің орны бөлек. Өйткені аналарға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Ана –өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Олай болса, 8-Наурыз мерекесіне орай «Көркем» тобының «Ана - асыл қазынам!» атты ертеңгілікті назарларыңызға ұсынамыз.
Той
пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын шашайық.
Ән: «Анашым»
Жүргізуші: «Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры тастай мұзы да жібітеді» — демекші, балаларымыздың аналарына арнаған тақпақтарын қабыл алыңыздар!
Аиша:
Мәпелеп мені өсірген
Ризамын мен өзіңе.
Ана деген керемет,
Сыйлап өтем өмірде.
Мариям:
Аялаған анашым,
Мәпелеген анашым.
Менің саған тілегім
Қартаймашы анашым
Алихан:
Теңдесі жоқ данасың
Арқа сүйер панасың
Еңбегіңді ақтаймын
Аман болшы анашым
Айзере:
Бәріңіз де анасың
Біз үшін күн боп жансың
Құтты болсын мейрамың
Құттықтаймын анашым
Ислам:
Ақ сүтін берген анашым,
Ақылды менің данашым.
Өзіңдей жанды әлемнен,
Қайдан табамын анашым?
Дәмелі:
Алысқа кетсемде,
Сағынамын мен сені!
Әрқашан да жанымнан,
Табылатын менің анашым
Заңғар:
Аспандағы айымсың,
Бақытыма балаған.
Құтты болсын мерекең,
Айналайын жан анам!
Амина:
Ақ сүт берген балаңа
Күш - жігерін жұмсаған
Бұл өмірде жан ана
Тең келеді кім саған
Раяна:
Аналарды сүйеміз
Ақылын ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз
Аңсар:
Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз
Аналардан тарайды
Біздің ана тіліміз.
Жүргізуші: Мың бұралған қыздарымыздың Биін тамашалаңыздар
Би: «Гүлдер»
(Осы кезде музыка ойналып ортаға көктем аруы шығады.)
Көктем:Сәлем, сәлем, балақайлар.
Қуаныңдар алақайлап,
Құстар әнін ала келдім.
Жерге кілем жаба келдім.
Жан бітіріп табиғатқа,
Гүлдерімді ала келдім.
-Салеметсіңдер ме балалар! Мерекелеріңіз құтты
болсын аяулы аналар! Жүргізуші: Салеметсіз бе Көктем аруы! Қош келдіңіз! Сіз
отырып біздің балалардың сізге арнаған өлең, тілектерін қабыл
алыңыз.
Ибрагим:
Ақ жаулықты әжемді
Ай жүзіне теңедім
Мейірімін таусылмас
Күн нұрына теңедім.
Сұңқар:
Аспандағы айымсың
Бақытыма балаған
Құтты болсын мерекең
Айналайын жан анам.
Еңілік:
Бесіктерін әнімен
Тербетуде аналар
Жасай берсін сәнімен
Жер бетінде аналар.
Омар:
Құтты болсын ақ анам
Сегізінші науырызың!
Қасымда бол әрқашан
Жансын жарық жұлдызың,
Тілейді бақыт бір саған
Әлпештеген ұл - қызың.
Айтөре:
Мәпелейсің мені анам,
Қолымдағы құсыңдай.
Құлпыра өсіп дем алам,
Құшағыңда қысылмай!
Сезім:
Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз.
Мереке күні бір бірден,
Аналарға сыйлаймыз!
Аделя:
Жарқын жүзді жан анам,
Сендей болсын бар адам.
Сендей болса бар адам,
Шаттық кетпес баладан!
Рахман:
Еркелеттің асырадың
Мойыныңа асыламын
Аман болшы ардақты анам
Мен әрқашан қасыңдамын.
Жүргізуші: Көктем біздің балаларымыздың биі бар қабыл ал!
Би: «Көк жигули»
Жүргізуші:
Қуанамыз сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін
Аналарды құттықтап
Жырдан шашу арнаймыз
Ән: «Попурий»
Жүргізуші:Ана менің анашым
Сені жақсы көремін
Мерекнмен бүгінгі
Құттықтаймыз мен сізді
Аналармен ойын: «Менің балам»
Жүргізуші: «Әкелермен қыздарыдың билерін қабыл алыңыздар»
Көктем Ханшайымы: Мен құр қол келген жоқпын. Сендердің аналарыңа сыйлығым бар. Апайларыңа беремін. Сендер Аналарыңа бересіңдер.Балалар қоштасатын сәт келді. Қош сау болыңдар.
Жүргізуші:
Аналарды сүйеміз
Ақылын ойға түйеміз
Әженіде ардақтап
Әдеппен бас иеміз
Ұлдардың аналарын ортаға шақырайық. «Анашым» биі
Аналарымызға сыйлықтарымызды табыстайық.
Жүргізуші:
Гүлдей болсын өміріңіз,
Нұрға толсын көңіліңіз.
Биік боп жұлдызыңыз
Көктемдей құлпырыңыз.
Бақыт қонсын басыңызға
Қолдап жүрсін Тәңіріңіз!- осындай тамаша өлең жолдармен біздің ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Ал қазір біздің балалар өз аналарына дайындаған сыйлықтарын қабыл алыңыздар.
Келесі кездескенше сау саламат болыңызд
Ертеңгілік:
«Ана - асыл қазынам!»
Мектепалды «Көркем» тобы

Тәрбиешілері: Куатова Назгуль Айнабековна
Серік Жанел
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ертеңгілік

шағым қалдыра аласыз