Ертеңгілік

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ертеңгілік

Материал туралы қысқаша түсінік
Ертеңгілік 8 март
Материалдың қысқаша нұсқасы












Ертеңгілік:


«Ана – аса қымбат жан!»

Ортаңғы «Күншуақ» тобы



Тәрбиешілері: Куатова Назгуль Айнабековна

Әдібаева Дильназ


















Жүргізуші:
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Кеш жарық, қымбатты тәрбиешілер - аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 - наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады.
Десек те уақытпенен жарыспайды,
Қияға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп
Өнерлерін анаға бағыштайды - дей келе «Күншуақ» тобын әсем әнімен ортаға шақырамыз. Қабыл алыңыздар!

(Сазды әуенмен қыздарымыз кіреді)

Би: «Қазақтың қыздары ерекше»
Жүргізуші: 

Ана деген – бастауы ұлылықтың.
Ана деген - рәмізі сұлулықтың.
Ана деген - бір жыр бар шырқалатын,
Асқақтатар биікке ұрпақ атын.
Балаларымыздың тақпақтарын қарсы алыңыздар:

Сания:

Мәпелеп мені өсірген

Ризамын мен өзіңе.

С.Сұлтан:

Ана деген керемет,

Сыйлап өтем өмірде.

С.Амир:

Аялаған анашым,

Мәпелеген анашым.

Нұрали:

Менің саған тілегім

Қартаймашы анашым

Алихан:

Теңдесі жоқ данасың

Арқа сүйер панасың






Мадияр:

Еңбегіңді ақтаймын

Аман болшы анашым

Санжар:

Бәріңіз де анасың

Біз үшін күн боп жанасың

Шейх-Ислам:

Ақ сүтін берген анашым,

Ақылды менің данашым.

Амандық:

Өзіңдей жанды әлемнен,

Қайдан табамын анашым?

Таснима:

Алысқа кетсемде,

Сағынамын мен сені!

Шұғыла:

Әрқашан да жанымнан,

Табылатын менің анашым

М.Сұлтан:

Аспандағы айымсың,

Бақытыма балаған.

Арыстан:

Құтты болсын мерекең,

Айналайын жан анам!

Інжу:

Ақ сүт берген балаңа

Күш - жігерін жұмсаған

Ляйсан:

Бұл өмірде жан ана

Тең келеді кім саған
Жүргізуші: 
Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай, - деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне
«Анашым» әнін шақырамыз.

Жүргізуші: Далада қар бар ма? (Жоқ)

Неліктен қар жоқ? (Өйткені күн жылы)

Күн жылынып,қар ери бастаса жылдың қай мезгілі деп айтамыз?(Көктем)

Жүргізуші: Олай болса көктем ханшайымын ортаға шақырайық.







Көктем ханшайымы: Сәлем, сәлем балақайлар,
Құрметті аналар, әжелер,
Қуаныңдар алақайлап.
Құстар әнін ала келдім,
Жерге кілем жаба келдім.
Жан бітіріп табиғатқа,
Гүлдерімді ала келдім.

Жүргізуші: Амансыңба, Ару көктем!  Ұлан- байтақ жерімізге қош келдіңіз. Шуағыңды шаттандырып, нұрыңды мол төге бер.

Көктем ханшайымы: Сәлеметсіңдерме балалар,мен сендерді көргеніме өте куаныштымын. Кең даламды хош иісі мен, сұлулығымен жайнатқат менің әсем гүлдерім мен аналарымызға қуаныш сыйлап, Тақпақтарымызды айтып берейік.

Алима:

Аналарды сүйеміз

Ақылын ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап

Әдеппен бас иеміз

Айлин:

Ана біздің күніміз

Ана біздің гүліміз

Аналардан тарайды

Біздің ана тіліміз.

Айша:

Ақ жаулықты әжемді

Ай жүзіне теңедім

Мейірімін таусылмас

Күн нұрына теңедім.

Аруназ:

Аспандағы айымсың

Бақытыма балаған

Рамазан:

Құтты болсын мерекең

Айналайын жан анам.

Е.Амир:

Бесіктерін әнімен

Тербетуде аналар

Айханым:

Жасай берсін сәнімен

Жер бетінде аналар

Әділхан:

Құтты болсын ақ анам

Сегізінші науырызың!





Мухаммед-Әли:

Мәпелейсің мені анам,

Қолымдағы құсыңдай.

Нұрислам:

Әр сөзіңді жаттаған,

Жүрегіме сақтаған

Анашым деп мақтанам,

Айналайын ақ анам

Таңшолпан:

Ананың сөзі,

Дананың өзі

Ақылын берген балаға.

Аяулым:

Ақ анашым, аппағым,

Өзің жайлы тақпағым

Өзің жайлы әнім де,

Арнадым саған бәрін де

Қайсар:

Ақ қабақты анашым,

Күн сәулелі анашым

Әлпештеген баласын,

Айналайын анашым

Қуыршақтар:

-Балалар, мен сендердің тойларыңа қатыссам болады ма?

-Менде сендермен бірге ойын ойнағым келеді.

Жүргізуші:

-Балалар қуыршақтарды біздің мерекеге қатыссын ба?

Балалар:-Ия

Қуыршақтар: -Балалар қыздарымыздың мерекесі болғандықдан. Мен сендерге бір ойын дайындап келдім. Мерке болғандықтан қыздарымызды. Әдемі, сұлу болсын деп ояндырайық. Қыздарымызды сәндейік


Ойын: «Әдемі қыздар»


Жүргізуші:
Бөбегіңнің сыйлығын,
Қабыл алшы анашым
Ұзақ өмір жүз жасап
Ауырмашы анашым!

Ұлдарымыздың биін қабыл алыңыздар: «Анашым»

Қуыршақ пен Көктем ханшайымы Қоштасады.

Аналар, қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасын жанарыңа
Осымен кешімізді аяқтайық
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып бүгінгі «Ана – аса қымбат жан!» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын! Сау саламатта болыңыздар!
Балалар хормен: «Анамызға мың алғыс, баршаңызға мың алғыс!»

Балалар сыйлықтарын аналарына береді.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.03.2025
155
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі