400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ертеңгілік

Материал туралы қысқаша түсінік
8Наурыз ертеңгілік жүйесі
Материалдың қысқаша нұсқасы


Аналарды сүйеміз!

Сөзін ойға түйеміз.

Әрқашан біз ардақтап,

Әжеге бас иеміз!

Сенен өскен балалар-

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен

Кұрметті апа, аналар!


Жүргізуші:Қымбатты да ардақты, аяулы аналар мен құрметті көктемдегі құлпыраған қыздар!

Гүл көктем, ару көктем, күн көктем!

Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланатын 8-наурыз аналар, қыздар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздерге әлемнің нұрын,өмірдің гүлін,көктемнің шуағын тілейміз!Мына жарық дүниенің мәні де,сәні де сіздерсіздер! Балалардың сіздерге арналған «Аяулы анашым» атты ертеңгілімізді қабыл алыңыздар.


Жүргізуші:Ендеше бәріміз орынымыздан тұрып аналарға арнап ән айтамыз.


Ән «Ана туралы әндерден попурри»Хор

Жүргізуші:

Мың бұралған ақ қайындай

Бишелер шықсын ортаға.

Ал ендеше қол соғайық,

Қошеметпен қолқала.

Би «Қызым менің» әкесі мен қызы


Би «Қыздарға гүл сыйлайық» орындайтын ұлдар.


Ақ анашым, әппағым.

Өзің жайлы тақпағым.

Арналады сіздерге.

Бар баланың тақпағы.-дей отыра сіздерге арналған тақпақтарын қабыл алыныздар!

Жангир

Анашым менің анашым,

Мәпелеп өсірген сен едің .

Мейірімің қандай керемет!?

Анашым менің анашым.

Еркеназ

Аялаған анашым,

Мәпелеген анашым.

Менің саған тілегім

Қартаймашы анашым

Әбу Бакр

Менің әжем, бұл әже

Айтқан сөзі дәл әжем

Аман болса көреді

Қызығымды әлі әже

Елнұр

Ақ сүтін берген анашым,

Ақылды менің данашым.

Өзіңдей жанды әлемнен,

Қайдан табамын анашым?!

Аяла

Ақ сүт берген балаңа

Күш - жігерін жұмсаған

Бұл өмірде жан ана

Тең келеді кім саған

Айдын

Аспандағы айымсың

Бақытыма балаған

Құтты болсын мерекең

Айналайын жан анам.


Жүргізуші:


Мерекеге арналады бүгін билер ,

Көтерілсін канекей,көңіл күйлер

Алдарыңызға қазір қыздар биі.

Қол соғып демеу берер көрермендер


Би « Парижге саяхат» Орындайтын -қыздар.


Келесі кезекті балалардың жылы лебіздеріне берейік:

Есжан

Мәпелеп мені өсірген

Ризамын мен өзіңе.

Ана деген керемет,

Сыйлап өтем өмірде.

Саида

Теңдесі жоқ данасың

Арқа сүйер панасың

Еңбегіңді ақтаймын

Аман болшы анашым

Алинур

Еркелеттің асырадың

Мойыныңа асыламын

Аман болшы ардақты анам

Мен әрқашан қасыңдамын



Ахмед

Құтты болсын ақ анам

Сегізінші науырызың!

Қасымда бол әрқашан

Жансын жарық жұлдызың,

Тілейді бақыт бір саған

Әлпештеген ұл - қызың.

Аяна

Әр сөзімді жаттаған,

Жүрегімде сақтаған,

Анашым деп мақтанам,

Айналайын ақ анам!

Алим

Ана біздің күніміз

Ана біздің гүліміз

Аналардан тарайды

Біздің ана тіліміз.

Ойын: «Анамды өзім сәндеймін»

Ән «Анашым-қартаймашы» - Хор

Атанияз

Мәпелейсің мені анам

Қолыңдағы құсыңдай

Құлпыра өсіп дем алам

Құшағыңда қысылмай.

Алижан

Мен анамды сүйемін,

Сөзің ойға түйемін.

Анашымды ардақтап,

Басымды оған иемін.

Айя

Шашымды өріп тараған,

Қабағыма қараған

Үлкен кіші демейді

Сыйлайды оны бар адам.

Нурбол

Анаң болса қасыңда

Басқа бақыт не керек

Аналардың жүрегі

Мейірімді ғой керемет

Айбат

Ана біздің күніміз

Ана біздің гүліміз

Бізді ана қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз

Алишер

Анам, анам, ақ анам

Мен өзіңдей ақ балаң,

Айтқан тілінді аламын

Жұмсағанда барамын.


Би «Флешмоб»


Жүргізуші:Тамаша,міне көрдіңіздерме біздің балалар өнерлі биші, және өсіп жатқан артистер!


Біз сыйлықты дүкенен сатып алмаймыз.

Өз өнерімізді қолымыздан жасаймыз.

Аналар күніне бір-бірден сыйлаймыз!


Бүгінгі мерекеге өздерінің қолдарымен жасаған сыйлықтарын табыс етуге рұқсат етіңіздер.Балалар сыйлықтарымен ортаға шығады.

Аналар,әжелер біздің ұлдар текқана аналарға емес және қыздарға да сыйлықтар дайындаған,соны табыс етуге рұқсат етіңіздер.


Күндеріңіз толсын гүлге, желекке

Отбасында болсын ырыс-береке

Құттықтаймыз шын жүректен сіздерді

Өмір-думан, бақ әкелсін мереке -дей отыра бүгінгі мерекеге арналған ертеңгілігіміз аяқталды, келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет.













































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 сәуір
10
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі