400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ертеңгілік

Материал туралы қысқаша түсінік
Қымбатты балалар ,құрметті ата-аналар ,балабақша қызметкерлері! Баршаңызды бүгінгі 1 –ші қыркүйек – білім күнімен ,жаңа 2018-2019 оқу жылының басталуымен құттықтаймыз!Бүгінгі мектепалды даярлық «Қуаныш» тобының болатын мерекеге қош келдіңіздер. Тәрбиеші: Биіктерге бастайтын асқаралы Әр жүректің сүйікті, асқақ әні Мерекеде бәріміз бір дауыспен Шырқайық еліміздің әнұранын! ҚР Мемлекеттік әнұраны 1)Гимн 2) Шайдай ашық бейбіт күннің аспаны Бақшамыздың келісіп тұр бар сәні 1 - қыркүйек - салтанатты мерекемен Құттықтайды меңгеруші баршаны! Құттықтау сөз меңгеруші, әдіскер.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы:Білім күні-бақшада
Мақсаты: 1 қыркүйек - Білім күнін, 30 тамыз - Ата - Заң күнін атап өту, маңызын түсіндіру. Мерекені сезіндіру. арнайы әндер, тақпақтар үйрету. Отаншылдыққа тәрбиелеу.

Тәрбиеші:Бүкіл елде басталып бүгін жыры ,

Бақ қоңырау шақырар ұғымдыны .

Білім-ғылым бастауы мерекені

Құтты болсын бүгінгі білім күні.
Қымбатты балалар ,құрметті ата-аналар ,балабақша қызметкерлері! Баршаңызды бүгінгі 1 –ші қыркүйек – білім күнімен ,жаңа 2018-2019 оқу жылының басталуымен құттықтаймыз!Бүгінгі мектепалды даярлық «Қуаныш» тобының болатын мерекеге қош келдіңіздер.

Тәрбиеші: Биіктерге бастайтын асқаралы
Әр жүректің сүйікті, асқақ әні
Мерекеде бәріміз бір дауыспен
Шырқайық еліміздің әнұранын!
ҚР Мемлекеттік әнұраны
1)Гимн

2) Шайдай ашық бейбіт күннің аспаны
Бақшамыздың келісіп тұр бар сәні
1 - қыркүйек - салтанатты мерекемен
Құттықтайды меңгеруші баршаны!
Құттықтау сөз меңгеруші, әдіскер.

3)Тақпақтар-Білім туралы тақпақтар
Ерекше бүгінгі күн, салтанат сән
Тербетер жүректерді бір әсем ән
Шат - шадыман барша ел, барша халық
Құлпырып тұр гүлдермен айнала, маң

1 - бала: Айша

Балабақша есігін
Үшке тола ашқанбыз.
Балапандай мәпелеп,
Өсіруде бақшамыз.

2 - бала: Алишер

Бұл - екінші үйіміз,
Бір туғанбыз бәріміз.
Біз - осы үйдің гүліміз
Біз - осы үйдің сәніміз.

3 - бала: Абзал

Егемен елдің төсінде,
Шуағын шашқан арай күн
Азамат болып өсеміз
Қызыға әлем қарайтын.

4-бала: Ануарбек Айару

Бала бақша байтағым

Күліп ойнап қайтамын

Ән саламын,би билеп

Тақпақты да айтамын

Көңілдіміз күлеміз

Әріптерді білеміз

4) (Осы кезде Карлсон кіреді)
Карлсон: Сәлеметсіңдер ме балалар!
Мен Карлсонмын, осы балабақшаның шатырында тұрамын. Мұнда не болып жатыр?

Біз Білім күнін тойлап жатырмыз.
Карлсон: Білім күні? Сонда бүгін қай күн?
Бүгін - 1 қыркүйек, күз мезгілінің алғашқы күні.
Карлсон: Тоқта² Сендер сонда жыл мезгілдерін ажырата аласыңдар ма?
Балалар: Әрине!
Карлсон: Онда маған көмектесіңдерші... Мен бір суретті бастағаныма (саусағын санай бастап жаңылып қалады) білмеймін, көп жыл болды. Суретті салып бітіргенше жыл мезгілдері ауысып кете береді, әбден шатасып кеттім. Бүгін күз мезгілі болса суреттегі күз мезгілінің белгілерін қалдырып, қалған жыл мезгілдерінің белгілерін алып тастайық, жарай ма?
Балалар: Жарайды!
Карлсон: Мен суретімді қазір алып келемін!..
(Оракалдармен қиып жапсырылған қарлар, гүлдер, сары жапырақтар т. б. араласқан жыл мезгілдері бейнеленген суреті бар үлкен мата жерге төселетіндей немесе мальберт сияқты тұратын, бірақ бүкіл қабырғаны алатындай дайындалады, барлық балалар қатысу керек)
Карлсон: Керемет! Суретімді тез - ақ аяқтап бердіңдер! Білген деген қандай жақсы!

5)Ата - Заң туралы мағлұмат

Балалар ,сендер білесіңдер ме?

Білім күнінен басқа елімізде тағы бір үлкен мереке 30-шы тамыз Ата-Заң күні .Біздің өзіміздің Ата –Заңымыз бар .Біз тәуелсіз елміз. Биыл біздің тәуелсіз мемлекет болғанымызға 27 жыл болды.Осы 27 жыл ішінде еліміз талай асу биіктіктерді бағындырды.Қазақстан Республикасы мемлекеттік туы ,Қазақстан Республикасы мемлекеттік елтаңбасы ,Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимні .

Біз жері байтақ ,елі – дархан, заңы әділетті .Қазақстан деген жерде тұрамыз.Біз бақытты балалармыз.Елімізді ,жерімізді ,елбасымызды ,балабақшамызды жақсы көреміз. –дей отыра балаларымыздың тақпақтарын қабыл алыңыздар.

5- бала: Рамазан

Корабльді басқарып
Көк жүзіне самғатар
Тауды бұзып, тас жарып
Мұхиттарды жалғатар
Сырлары көп ғылымның
Шешілмеген әлі де
Тереңдігі білімнің
Керек екен бәріне!

6 - бала: Гүлниса

Білім - менің ертеңім
Өсу үшін өркенім
Жүзем оқу - айдында
Жайып білім желкенін
Қиындықтан өтуге
Армандарға жетуге
Білім алам ерінбей
Еліме қызмет етуге!
6)Тәрбиеші сөзі: Ата Заңым
Ата Заңым - алтын заңым, ардағым,
Аялаған адамзаттың арманын.
Жол бастайды болашаққа жасампаз,
Әрбір бабың, тарауларың, тармағың.
Алтын Заңда – парасатым, пайымым.
Алтын Заңда - күш – қуатым, жалыным.
Сен қорғайсың бостандық пен құқықты,
Анамдайсың елжіреген жаны күн.
1 - бала: Сакура

Ата Заңым
Ата заңым - бірлігім
Берекелі іс, тірлігім
Елдің ырыс, бақыты
Бейбітшілік, нұрлы күн!
2-бала:
Ангелина

Ата заңым – қуатым
Сенім, мақсат, мұратым
Мақтанышым, көк туым
Көкте шалқып тұратын!
3 - бала:
Мирас

 «Алтын заңым - арай таңым!»
Шындығымның шырайы
Бақытымның күн, айы
Қамқор болып бөбекке
Қолын созған ұдайы
4-бала :
Исмет

Алтын заңым - арай таңым
Шаттығымды қорғайды
Мәрттігімді қолдайды
Ар атынан айтқан соң
Екі сөзі болмайды
Алтын заңым - арай таңым
Әділеттің ұраны
Ақиқаттың шығары
Тыныштықтың туы боп
Заң салтанат құрады!

7)Алғашқы қоңырау соғу салтанаты
Тәрбиеші сөзі: Шырылдаған тыным алмай
Қоңыраудың үні қандай!
Мақсатына жете ме адам
Оқу оқып, білім алмай?!
Ғылымның көп тас қамалы
Ғалымдық та асқаралы
Бар білімнің нұр бастауы -
Балабақшадан басталады!


8)Тәрбиеші: Жақсы бала азамат атанады,
Халқынан, ата - анадан бата алады.
Мерекеге айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата - ананы –
Ақ тілектерін білдіру үшін ата - аналарымызға микрофон ұсынайық.
Ата - аналар тілегі, ақ батасы


9)Қоштасу:

Тәрбиеші: Жаңа оқу жылы жемісті
Мерейі үстем жыл болсын
Бүлдіршіндеріміз өрісті
Елімдер қыз бен ұл болсын.
Мереке тағы да құтты болсын! Әр күніміз мерекелі болсын! Қош сау болыңыздар.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30 қазан
453
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі