400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ертеңгілік "16 желтоқсан" 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
бұл материал бастауыш сынып жетекшілеріне арналған дайын материал болып табылады.Себебі,16 желтоқсан мерекесіне орай құрастырылған.Оқушылардың патриоттық сезімдерін оятады,еліне жеріне деген махабаты үшін,тәуелсіздік алу мақсатын көздеген жастарымыздың өз өмірлерін құрбан еткен ағайларымыз бен апайларымызды еске алу мақсатында жасалған.Сонымен қатар тәуелсіздігімізді мақтан ететін өлең жоладары да бар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

 Мақсаты: 1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл - әкімшіл солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп демократия жолында құрбан болған ұл қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып, жастардың алаңға не себепті, қандай мақсатпен шыққандығын жете түсіндіру.
 Тәрбиелігі: Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз анна тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтай білуге патриоттық сезімге тәрбиелеу.
 Дамытушылығы:
Әрбір жеке тұлғаның еркін сөйлеп, өз пікірін, ойын айта білу қабілетін дамыту.

Сценарий Көрнекіліктері: Қайрат Рысқұлбеков, Сабира Мұхамеджанова, 
Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова суреттері-слайд 
«Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан» атты 
плакат
Слайд қосылады.
Жүргізуші:

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.

Жұртым менің не қиындық көрмеді?

Жылап тұрып аналарым бұл жолда ,

Сан перзентін қара жерге жерледі.

Армысыздар құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар, оқушылар. Бүгін біздің еліміздің сан мың жылдар бойы найзаның ұшымен, еліміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндерген Желтоқсан оқиғасымен келген тарихымызда алтын әріптерімен жазылып қалған «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан» атты ертеңгілігімізді ұсынамыз.

16-желтоқсан Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтауға мектебіміздің директоры Тилеубекова Гулзифа Кабыкенвнаны шақырамын.
Слайд қосылады. «1986 жылғы Желтоқсан!»

1986жылы 16-желтоқсанда таңертең, Алматыда жаппай  толқу  басталды. Жастар алаңға  жинала бастады. Алаңда  «Біз  қазақ, ежелден  еркіндік аңсаған»,  «Әрбір ұлтты  өз көсемі  басқарсын», «Тәуелсіздік керек»,-деген ұрандар  айтылды.

Алматы гарнизонын  жауынгерлік  дайындыққа  келтіріп, көп  күшпен  алаңдағы  жастарды  қоршап алды.  Алматыға  әр  аймақтардан әскердің  арнайы бөлімдері  жіберілді. Өз елінің  тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға«Бұзақылар», «Ұлтшылдар», «Нашақорлар»,-деген кінә тағылды.

 Көптеген  студент жастар түрмеге  қамалды, оқу  орнынан  шығарылды. Тәуелсіздік жолында  Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат  Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира  тағы  басқалары  сияқты  қазақ жастары  желтоқсан  оқиғасы кезінде  қайсарлықпен  ерлік  көрсетіп құрбан  болды.

Орыны ағалардың бізбен толсын,
Сәбилер ағалардың жолын қусын.
1минут үнсіздікпен еске алайық,
Аруағы ағалардың ырза болсын.

Желтоқсан құрбандарын еске  алайық (1-минут  үнсіздік)

1-оқушы Айша

Сол бір сәтте бұлт торлады аспанды,

Алатаудың көзінен де жас тамды.

Тәуелсіздік  желтоқсанмен бітпейді.

Тәуелсіздік күресі енді басталды.

2-оқушы Рабия

Қатыгездік жұдырығы  түйіліп,

Қамшы үйірді жасқап, жекіп  бұйырып,

Желтоқсанда  шықты үлкен  алаңға

Ата-баба аруағына  сыйынып.

3-оқушы. Нариман

«Нашақор»-деп, «ұлтшыл»-деп,

Қазаққа күйе жаққан күн,

Базары кетіп, бір түнде

Қайғыға  халық батқан күн.

4-оқушы.

Алихан:
Желтоқсанда шындық жырын 
шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Айналайын, айналайын жас өркені халқымның.



жүргізуші: 
Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған
Намысыңды жықпай өттің нәубе, дүлей маусымнан.
Жалғыз қалған шақтарымда жігер алдым бойыма
Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан.
Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріндей ер намысты жас өркені бар елдің,
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!
Жүргізуші

Құрметті ұстаздар,оқушылар!Барлықтарынызды келе жаткан он алтыншы желтоқсан Туелсіздік мерекесімен құттықтаймын.Отбасыларыңа амандық және еліміз тыныш болып Қазақстанымыз жайнай берсин дегим келеді.Ал қазір мерекелік шағын концерттік бағдарламамызды қабыл алыңыздар.

1а Орыс биі

1ә Шарлар биі

1б Теңізшілер биі

2а Дастархан биі

2ә Қамажай биі

2б би Домбырашылар биі

Жанарыс:
Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.
Енді ағайын, көгінде қалықтасын,
Қазағымның қастерлі - Әнұраны!
Алихан:
Желтоқсанда шындық жырын 
шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Айналайын, айналайын жас өркені халқымның.

Аружан:
Жас арудың жанарында – Желтоқсан,
Қанды ғасыр табанында – Желтоқсан.
Қаралы өмір қайыстырған халқымның,
Қара тұман қабағында – Желтоқсан.

Нұрлыбек:
Жауыздықты жасқаған да – Желтоқсан,
Жаңа ғұмыр бастаған да – Желтоқсан.
Жазықсыздың көз жасына жуынып,
Абақтыға тастаған да – Желтоқсан.

Зарина:
Намысымның шырағы да – Желтоқсан,
Сұрқай өмір сынағы да – Желтоқсан.
Жігіттердің ұраны да - Желтоқсан,
Жаңа күннің шуағы да – Желтоқсан.

Айзере:
Күн кешіп лапылдаған жастарым,
Дүрліктірді желтоқсанның аспанын.
Жерді, дінді, тілді баба дәстүрін
Қорғау үшін көтерді олар бастарын. 

Елім бар да мен бақытты  ұланмын. Ақмарал

Елім сүйсе, сенімінен шығармын.

Елім менің көтермесе елдігін

Намысымның биігінен құлармын.



Әділдікті  қолдаймыз    .Қ.Аружан

Жазықсызды қорғаймыз

Құрбандарды  ақтауға

Жаратылған жандаймыз.


-жүргізуші:. 

Қазақ елім! Туды жастық дәуірің. 
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын. 
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым, 
Туған күнің құтты болсын, алыбым! 
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік! Келесі кездескенше сау болыңыздар!

 






































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
1131
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі