Ертеңгілік: "1 мамыр" "Ынтымақ" "Достық" "Бірлік"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ертеңгілік: "1 мамыр" "Ынтымақ" "Достық" "Бірлік"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша педагогтарына қажет дайын сценарий.
Материалдың қысқаша нұсқасы




242 негізгі білім беру мектебінің жанындағы

«Нұрай» шағын орталығы






Тақырыбы:






Әдіскер – психолог: Аяпова Индира Арыстанбековна









1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні


Ертеңгілік тақырыбы: «1 мамыр» «Ынтымақ», «Достық», «Бірлік»

Мақсаты: Балалардың достық, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.

(Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады)

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, балалар! Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бірлігі мен ынтымағы халықтың,

Көгімізде жарасқан жарық күн.

Ырысы мен дәулеті үшін халқымның ,

Жайнай берсін, жайнай берсін алтын күн! – дей келе Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «1 мамыр», «Ынтымақ», «Достық», «Бірлік» атты мерекелік ертеңгілігімізді тамашалауға қош келдіңіздер! Ертеңгілігімізді ашып беру үшін мектеп директоры Ерімбетов Полат ағайға сөз беріледі.

«Бірлік бар жерде – тірлік бар» дейді дана халқымыз. Бұл сөз тегіннен тегін айтылмаса керек.

Ендеше, бірлігі мен ынтымағы жарасқан балалардың өнерлерін қабыл алыңыздар.


  1. Айназым.

Жан біткендей тас, тауға,

Шуақ ойнап арайлы.

Күн күлімдеп аспанда

Мамыр әні тарайды.

  1. Аяна.

Жайдары жаз түрге еніп,

Жадыратты жанымды.

Жер-дүние тербеліп,

Дала мен қала құлпырды.

  1. Рысдәулет.

Солнечный май,

Радостьный май.

Песенку слушай

Привет принимай.

  1. Нұртай.

Қазақстан төрінде күн нұрын төксін.

Жерінде жұпар иісті гүлін сепсін.

  1. Парасат.

Достық – туымыз,

Достық – әніміз.

Би: «Қазақ биі» Бишілер: Нұрсая мен Аяна.

Picture 8

Жүргізуші:

Мамыр қандай, шіркін-ай, мамыр қандай!

Айнала жасыл кілем жамылған жай.

Алатауым басына ақ шәлі орап,

Мойнына гүлден алқа тағылғандай.

Мамыр қандай, шіркін-ай құлпырады,

Күй толқын көңіліне жыр тұнады.

Жыл еркесі гүл мамыр, сұлу мамыр,

Секілді адамзаттың ынтымағы.

Ән: «Дос болайық бәріміз!» хор.

Әрқашан дос, біргеміз,

Ажырамас іргеміз.

Ілгері жүріңдер,

Достық жырын біліңдер.

Ту ғып ұстап бірлікті

Еңбекті сүйіңдер!

Қайырмасы: Дос болайық бәріміз,

Жарасып тұр әніміз.

Тыныштықты сақтаймыз,

Атсын күліп таңымыз!

Жүргізуші:

Отаным ордасы ғой игіліктің,

Көңіліне күн орнатқан күллі жұрттың.

Шаңырағы ең биіктен Отанымның,

Баянды бағы өрлеген әрбір ұлттың! – демекші біздің Республикамызда әр ұлттың өкілдері тұрады. Олай болса Өзбек ұлт өкілдерін қарсы алыңыздар.




Би: «Өзбек биі» Бишілер: Жантөре мен Айназым.

Picture 9

  1. Нұрай.

Всех друзей встречаем,

Здоровья всем желаем.

Что бы каждый день,

Было весело нам всем!

  1. Жантөре.

Достығымыз жарасқан,

Ақпыз, қара, сарымыз.

Қара жер мен көк аспан,

Ортақ дала, тауымыз.

  1. Сезім.

Ортақ жұтар ауамыз,

Ортақ жарық, күніміз,

Достық туған анамыз,

Жердің қызы, ұлымыз.

  1. Әлинұр.

Дос болайық бәріміз,

Жарасып тұр сәніміз.

Тыныштықты сақтаймыз,

Атсын күліп таңымыз.

  1. Таңсамал.

Қазақ осы қарасың ба, ақсың ба?

Қоңырсың ба? Жатырқауды білмейтін.


Жүргізуші:

Бейбітшілік құсы-ақ көгершін

Биік ұшып, самғасын.

Тілегімізді жерге жайсын,

Қанаттары талмасын.



Ән: «Ақ көгершін»

Ақ көгершін, көгершін,

Қолқанат құс сен едің.

Бар кезіп қайт ел үшін,

Кең дүниенің көлемін.

Әділеттің құсы деп,

Көз алмастан жолыңнан.

Бақыт болып қоншы деп,

Ұшырамын қолымнан.

Қайырмасы: Ел тілегін алып ұш,

Адамзаттың бағына.

Қара бұлтты жарып ұш,

Мұхиттың арғы жағына.

Жүргізуші:

Ел тарихы, жер тарихы өзіміз,

Болашақтың қасиетті көзіміз.

Барлық ұлтпен бауырласып жетерміз,

Ақ-қараны тіліп тұрса сөзіміз – дегендей Қазақстанда бейбітшілік, тыныштық болып, еліміздің егемендігі ұзағынан болсын деп тілейміз.

Ортаға Грузин ұлт өкілдерін шақырамыз. Би: «Грузин биі» Бишілер: Раян, Нұрай, Әлинұр, Сезім. Picture 11

Жүргізуші: Міне, осындай кең байтақ Республикамыздың егінді даласы, күмісін шашқан көлдері, кенге бай өңірі, малға толы өрісі, Қазақстан Республикасының болашақ ұрпағы, келешек азаматтары, сендерге өсиет болып қалады.

  1. Раян.

Бір бірімен тату-тәтті тұрады,

Бәрінің де Қазақстан – тұрағы.

Туған жерге тебіренген сәттерде,

Ағылады өлең – жырдың бұлағы.

  1. Нұрсая.

Болсын жер мен су да ортақ,

Болсын біздің ту да ортақ.

Ақпыз, қара, сарымыз,

Ағайынбыз, бәріміз!

  1. Мейіржан.

Жалауымда нұрлы күн,

Нұрын шашып тұр бүгін.

Паш етеді халқымның,

Ынтымағын, бірлігін!

  1. Нұрмұхамед.

Достық – шырағымыз,

Достық – ұранымыз.

  1. Аянат.

Достықты үлгі санаған,

Бір үйде біз тұрамыз.

Қалған ата-бабадан,

Бірлік асыл мұрамыз.


Ортаға Орыс ұлт өкілдерін шақырамыз.

Би: «Орыс биі» Бишілер: Нұртай, Азия.

Picture 10

Жүргізуші:

Егемен ел болдық, қаһарман ерлікпен,

Бағымыз жанады, бауырмал елдіктен.

Қазақтың мерейі жұлдыздай жоғары,

Мәңгілік жасаймыз, бірлікпен, ерлікпен!

Халқымыздың қанға сіңген осы берік бірлігі, ұйымшылдығы, басқа халықтармен одақтасып, достаса білуі жеңістен жеңіске жеткізеді.


Ән: «Достар жайлы ән» хор.

Келесі кезекте Үнді ұлт өкілдерін шақырамыз.


Би: «Үнді биі» Бишілер: Нәркес, Айару, Таңсамал, Аянат, Парасат, Рысдәулет, Төреғали, Альтаир, Мейіржан, Нұрмұхамед.

Жүргізуші: Бірлік – халық салты. «Халқымыздың бірлік салты отбасынан басталып, бүкіл елдің, барлық адам баласының бірлігімен ұласады» - дей келе әр ұлттың ұлттық тағамдарымен таныс болайық.

Барлық ұлт өкілдерін ортаға шақырамыз.


Ән: «Атамекен». (Барлық балалар, барлық ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тұрып айтады).

Жүргізуші:

Ұлыстарымыз тамыр болған ежелден,

Кімдер қашсын қазақтайын ер елден.

Достығымыз ғасырларға жалғасқан,

Туған елім, шарықтай бер, кемелден! – деп, 1 мамыр Бірлік күніне арналған ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.01.2020
19325
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі