-
Мамыр Ынтымақ пен бірлік күні
меркесіне арналған ересектер «Жауқазын» тобының мерекелік
ертеңгілігінің сценариі
Мақсаты:Балаларға бейбітшілік,
татулық, достық туралы түсініктерін кеңейту. Толеранттыққа
тәрбиелеу. Шығармашылық қабілеттерін
дамыту.
Өтілу
барысы:
-
Мерекелік безендірілген залға
қазақтың ұлы мен қыз баласы атпен шауып
кіреді.
(Күй
орындалады)
Алуа:
Сен неткен Отан- анам ғажап
едің,
Әспеттеп көркем тілмен жазар
едім,
Болашақ ұрпағыңның бақыты
үшін,
Жайнай бер, Ұлы Отным- Қазақ
елім!
Алихан:
Күлімде күн,
күлімде!
Жарқын болсын
болашақ.
Кещегідей бүгін
де,
Бейбіт болсын
болашақ!
Тәрбиеші:
Кең болсын қазағымның
керегесі,
Кетпесін Алла берген
берекесі.
Татулық пен ынтымақты нәсіп
еткен,
Құтты болсын 1- мамыр
мерекесі!
-
Біз жайнаған Қазақстанда өмір
сүріп жатқан, кең пейілді, кең құшақты халықпыз. Қазақстан
Республикасында қазақтардан басқа қаншама ұлт өкілдері тату- тәтті
тұрып жатқаны да барлығымызға аян. Бүгінгі мерекемізде сол тату
тәтті ұлттар достығын біздің бүлдіршіндеріміз сіздерге тарту етпек,
қабыл алыңыздар!
-
Ортаға Қазақстандағы ең көп
тараған ұлт өкілдері Орыс
халқының өкілдерін шақырамыз, қарсы
алыңыздар!
(Дария мен
Нұртас)
Дария:
Нұртас:
Жайнап кеткен қия
бел,
Қырдың гүлін жия
бер.
Туған жердің
сырларын
Көңіліңе құя
бер.
-
Келесі ұлт
өкілі Ұйғыр халқын ортаға
шақырамз!
Айша:
Қырғыз, қазақ,
өзбектер,
Монғол, ұйғыр,
дүнгендер.
Армиян, тәжік,
грузин,
Орыс пенен
украйн
Трезесі тең
жатыр.
-
Отанымызда ынтымақпен өмір
сүріп жатқан Үнді
халқының ұлт өкілдерін ортаға
шақырайық, қарсы алыңыздар!
Сырым:
Барлық елдің
бөбегі
Бір- бірімен
туысқан.
Бәрімізге
төгеді,
Өз шуағын күміс
таң
Айсұлу:
Жасампаз жыр
әнім,
Өзіңсің
ғажапстан.
Өсиет,
ұраным
Отаным-
Қазақтан!
-
Ортаға
келесі Грузин халқының ұлт өкілдерін
шақырамыз!
Әлішер:
Біз балдырған
баламыз
Оттай лаулап
жанамыз
Бейбіт таңда бас
қосып,
Шырқап әнге
саламыз
Аяулым:
Таңы да ортақ
аспанның
Жарығы ортақ
жұлдыздың
Тілегіміз бір
біздің
Жүрегіміз бір
біздің
-
Ойын: «Кім
жылдам»
Ортаға екі баладан шығып,
орындыққа атқа мінгендей отырып, жердегі гүлдерді жылдам теру
керек. Кім көп гүл жинаса сол бала жеңіске
жетеді.
-
Ортаға
Татар
халқының өкілдерін
шақырайық
Даниель:
Біз балдырған тең
басқан
Дос құшағын кеңге
ашқан
Тілегіміз
әділдік!
Ашық болсын кең
аспан!
Жұлдыз:
Дос болайық
бәріміз
Жарасып тұр
әніміз
Тыныштықты
сақтаймыз
Атсын күліп
таңымыз
-
Келесі
Түрік
халқының ұлт өкілін ортаға шақырамыз,
қарсы алыңыздар!
Аружан:
Сырдың бойын ежелден
жайлаған
Орыс, қазақ қатар қонған бай
далам
Халықтардың достығының
айғағы
Бүгінгі күн мерекеде
жайнаған
-
Қытай
халқының ұлт
өкілдері
Інжу:
Кең байтақ,көз жетпейтін жерім
менің
Таулы орман жасыл жайлау,
көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың
жетті
Тәуелсіз Қазақстаным – елім
менің!
Дарын:
Достық-
шырағымыз
Достық-
ұранымыз
Достық-
туымыз
Достық
әніміз!
-
Украйн
халқының ұлт өкілін ортаға
шақырамыз
Ақтілек:
Бейбітшілік
ұраны
Жарқыраған алтын
күн
Ән қанатты
қыраны
Еркіндігі
халқымның
Әлтәйр:
Достықты үлгі
санаған
Бір үйде біз
тұрамыз
Қалған ата-
бабадан
Бірлік асыл
мұрамыз
-
Цыған
ұлтын ортаға
шақырайық
Ақерке:
Сәбилер зәресін бұлт
баспасын
Әзизбек:
Бейбітшілік құсы ақ
көгершін
Биік ұшып,
самғасын
Тілегімді жерге
жайып,
Қанаттары
талмасын
-
Өзбек
халқының ұлт өкілін ортаға
шақырайық
Санжар:
Әрқашан дос
біргеміз
Ажырамас
іргеміз
Ілгері
жүріңдер
Достық жырын
біліңдер
-
Ән
«Біз өмірдің
гүліміз»
-
Ортаға
Қырғыз
халқының ұлт өкілдерін
шақырамыз.
Мұхамедияр:
Мамырдың бірі достық
күні
Ән салып билеген халықтың
күні
Тұтасып тойлаған
ұлттар
Керемет мереке мамырдың
бірі
Айзада:
Күлімде күн
күлімде
Жер жасарып
көгерсін
Кешегідей бүгін
де
Қанат қақсын
көгершін
Тәрбиеші: Балалар ақкөгершін
деген қандай құс? Ия, ол бейбітшілік құсы, ол халықтар достығының,
татулықтың, бейбітшіліктің белгісін білдіреді екен,ендеше
көгімізден қалықтап ұшқан көгершін құстарының қанаттары талмасын
дей келе клесі биімізді тамашалаңыздар.
-
Би: «Ақ
көгершін!
Тәрбиеші:
-
Балалар біздің Отанымыз қалай
аталады?
-
Қазақстан
-
Ал, әлемдегі барлық халықтар
қайда өмір сүреді?
-
Жер
шарында
-
Жер шар тәрізді дұрыс
айтасыңдар, ендеше осы жер шарындағы, яғни әлемдегі балалар қалай
өмір сүріп жатыр деп ойласыңдар?
-
Ойын: «Достық әлемі балалар
көзімен»
Екі жартыға бөлінген әлем
шарының айналасына екі топқа бөлініп, балалар алма кезек қол
ұстасқан, қатар тұрған ұл, қыздардың суретін салады. Ойын
аяқталғанда екі жарты қосылып, бір әлем шары, айналасындағы бақытты
балалар пайда болады.
Тәрбиеші: Балалар көрдіңдерме
міне біздер әлемде қандай бақытты, тату- тәтті, достықпен,
ынтымақтастықпен өмір сүріп жатырмыз.
-
Ән «Өмір қандай
тамаша»
-
Барлығы орындарынан тұрып,
ұлдар жалаушалармен, қыз балалар гүл
шоқтарымен «Достық» биін
орындайды.
«Ұлан»
балабақшасы
«Тілегіміз бейбіт
күн»
атты 1- мамыр мерекесіне
арналған ертеңгіліктің сценариі
Тәрбиеші: Рахманбергенова
Б.А
2016
жыл