400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ертеңгілік " Алтын күз"

Материал туралы қысқаша түсінік
тәжірбие алмасу үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ертеңгілік : Алтын күз !

Тақырыбы : « Алтын күз , әсем айналам . Еліне береке сыйлаған »

Музыка ойнап әсем безендірілген залға балалар келіп кіреді.

Жүргізуші : Қарсы алайық бәріміз ,

Жасымыз бен кәріміз.

Қырдан кепті қыдырып ,

Алтын күз бізге нұр төгіп.

Тілегім аман болсын ел іргесі ,

Алтын күз қайта келді берекесі .

Молшылықтың жаршысы бола білді ,

Алтын күз-ырыс береке ,бірлік ала келді.

Армысыздар ұстаздар мен ата- аналар! Ересектер « Қызғалдақ» тобының «Алтын күз,әсем айналам. Еліне береке сыйлаған» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр. Көк майсалы көрікті , алқаптағы көп егін, Бұл күндері киіпті , сары жібек көйлегін . – Бұл не балалар ? ( Күз мезгілі) Ендеше күз мезгіліне арналған өлең шумақтарын тыңдайық.

Нұрасыл : Көбейді құт береке ,

Астық толы қоймамыз.

Құтты болсын мереке,

Алтын күзді тойлаймыз.

Нұрай : Қара бұлт қабағын түйеді ,

Бұталар боз қырау киеді .

Осы ма , осы ма күз деген,

Бақшаға баратын бізбенен .

Айзере : Сап – сары ғып даланы ,

Бояпты ғой күз деген ,

Құстар қанат қағады,

Қоштасқандай бізбенен.

Аружан : Қуандырып біздерді ,

Мерекелі күз келді.

Кел жемісті алтын күз,

Кемелденсін халқымыз .

Жүргізуші : Құлақтан кіріп, бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй .

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй – дегендей балапандарымыздың әсем әнін тамашалаңыздар. Ән : « Сабан той» . Балалар бізге қонақ ткеле жатқан сияқты .Ол кім болды екен ? Күз ханшайымы : Сәлем менің достарым ,

Өмірге көп қосқаным.

Күз сыйлығын алыңдар ,

Сыйлығына қаныңдар .

Молшылыққа кенеліп,

Шаттық әнге салыңдар .

Жүргізуші : Сәлеметсіз бе, Күз ханшайымы ? Біздің балалар сізді асыға күтті . Күз ханшайымы : Армысыңдар , менің достарым! Мен сендерге құр қол келген жоқпын , жұмбақ ала келдім. Қане кім шешеді екен ?

1 Бұтақта ілініп тұрмын ,

Піскенде себетке құладым. ( Жеміс)

2 Ашулы қонақ бұл анық ,

Тонын шешсе жыладық. ( Пияз)

3 Өсірер тың далада,

Көшірер қамбаға .

Айналар нанға да . ( Бидай)

4 Сырты қатты ,

Іші тәтті . ( Қарбыз)

5 Өсірдім ұлпа қар ,

Шешуін кім табар . ( Мақта )

Жүргізуші : Теңіздей тербетіле көл бетіне ,

Бишілер билеп кетті тербетіле .

Аққудай қалықтаған теңіздегі ,

Бишілеріміз өнерлерін көрсетуде. Келесі кезекте сұлу қыздарымыздың биін тамашалайық. Би : « Күзгі сурет »

Жүргізуші : Күз ханшайымы , біздің балалар егін және күз жайлы мақал – мәтелдер біледі. Абылай : Екпей егін шықпас,

Үйренбей білім жұқпас. Алтынай : Жердің сәні егін ,

Ердің сәні білім .

Арайлым : Егіндікті күз суар ,

Күз суарсаң жүз суар .

Батыр : Арпа , бидай ас екен ,

Алтын күміс тас екен .

Досжан : Не ексең соны орасың.

Ерасыл : Жері байдың – елі бай .

Қойылым : « Дәрумен »

Қарақат : Тоқтаңдар ,тоқтаңдар ! Бойыман әл құрып , көздерім бұлдырап ,басым айналып барады. Адия : Енді , енді не істейміз , Қарақатқа қалай көмектесеміз ?! Дегдар : Сабыр сақта , саспайық . Дәрігер шақырайық ! Қарақат : Жо-жоқ , дәрігер керек емес , қазір өзім тұрамын тез. Адиля : Онда дәрі ішіп ал , менде міне көп дәрі бар .

Нұрислам : Ауырмау үшін суық суға шомылу керек . Бұл - дәлелденген рецепт! Қарақат : Ах ! Бәрі бірге : Дәрігер , дәрігер ! ( жедел жәрдем көлігінің дыбысы естіледі,дәрігер киімін киген бала келеді) Нұржібек : Мені неге шақырдыңдар , қандай арыз шағымдарың бар ? Бәрі бірге : Қарақатқа дәрігерлік көмек керек ! Нұржібек : Қазыр қарап шығайын . Неден ауырғанын ұғайын ... (Фонендоскоппен кеудесін тыңдайды ) Нұржібек : А-а-а- деп қане , аузыңды ашшы .... (тексерді) Тістерің орнында , тамағың іспеген , қол аяғың әлсізденген , қызуың ыстық екен.Білдім неден ауырғаныңды ...! Жеткілікті мөлшерде ағзаңы дәрумендер жетіспеген ! Қарақат: Енді не істеймін ? Нұржібек: Дәрумендер табиғи болғаны дұрыс . Көп-көп көкөністер мен жемістер жеуге тырыс ! ... Жүргізуші : Балалар, ендеше Эфирде – « Күзгі бақша » телеарнасының , қызанақ кориспондентінен бақшада қандай өзгерістер ,қандай жаңалықтар болып жатыр,хабарласып көрейік ! -Сәлеметсізбе ,мені естіп тұрсыз ба ? Бақшада қандай өзгерістер , қандай жаңалықтар болып жатыр ? Қызанақ – кориспондент : Сәлеметсіңдер ме балалар ! Бақшада жемістер де көкөністер де пісіп жатыр , бірақ кім оларды жинап алады , мен білмеймін ! Мүмкін сендер көмектесіп жібересіңдер ?! Жүргізуші : Әрине біздің балалар , көмектесіп көкөністер мен жемістерді жинап береді. Ойын « Жемістер мен көкөністер » . Залға 4 шеңбер қойылады ( олар үлкен себет болады) 4 баланың басына – өрік , қызанақ , орамжапырақ , жүзім маскаларын кигізеді . Балалар 4 командаға бөлінеді . Музыка қойылады , бастаңдар деген команда берілгенде балалар жайылып жатқан жемістерді теріп жинап өз себеттеріне тастайды . Кейін ойын қайталанады. Күз ханшайымы : Бәрекелді балалар , керемет болды ! Жүргізуші : Қызанақ саған көп рахмет .Біз бақшада қандай өзгерістер бар екенін білдік. Ендеше балалардың өлеңін тамашалайық. Ән « Урожай » Жүргізуші : Балалар күзде , аңдар да қысқа дайындалады . Қорек жинап күздің сыйлығына рахмет айтады . Ендеше эфирде – « Күзгі орман » телеарнасының кориспонденті - Қоянға сөз берейік ! -Сәлеметсіз бе Қоян!Күзгі орманда не болып жатыр, аңдар қысқа қалай дайындалды?

Қоян – кориспондент : Сәлеметсіңдер ме балалар ! Орманда көптеген өзгерістер болып жатыр .Барлық аңдар қыс мезгіліне азықтарын дайындап жатыр.Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын ал сендер шешуін табыңдаршы.

Үсті толы ине , Өзін қорғай алады Домаланып қалады . қандай аң ? Балалар : Кірпі. Қоян – кориспондент : Дұрыс балалар ! Бұтақтан бұтаққа секірген, Кішкентай ғана шапшаң аң. Балалар : Тиін ! Қоян – кориспондент : Дұрыс ! Балалар сендер білесіңдер ме , тиін мен кірпі қорек жинамапты. Мүмкін сендер көмектесіп жібересіңдер ? Жүргізуші : Әрине көмектесеміз ! Балалар кірпі қандай азық жинайды , ал тиін ше? Балалар : Тиін – жаңғақ , Кірпі – алма жейді . Олай болса кірпіге алмаларды ,тиінге жаңғақтарды жинап береміз ! Ойын : « Жаңғақтар мен алмаларды себетке жинап ал » Жүргізуші : Досы көпті жау алмас деп бекер айтпаған ! Міне біздің балалар тиін мен кірпіге көмектесіп жібереді . Енді жігіттеріміздің биін тамашалайық. Би : « Джентельмен » Күз ханшайымы : Бәрекелді балалар , керемет билейді екенсіңдер , жарайсыңдар! Жүргізуші : Ендеше біздің « Қызғалдақ » тобының орындауында бір әсем ән , қабыл алыңыздар ! Ән : « Жомарт күз » Жүргізуші : Күз ханшайымы ! Біздің қыздарымыз аналары тіккен күздік киім үлгілерін көрсетпекші. Ендеше « Алтын күз – 2018 » күзгі сән үлгісін ортаға шақырамыз ! Қошеметпен қарсы алыңыздар ! Күз ханшайымы : Керемет , тамаша , қандай әдемі ! Балалар менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне баратын уақытым болды. Мен енді кетейін , келесі кездескенше сау саламатта болыңдар ! Жүргізуші : Құрметті қонақтар , ата – аналар бүгінгі «Алтын күз , әсем айналам . Еліне береке сыйлаған » - атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып , күз берекелі , астықты болсын демекпіз . Сау болыңыздар қонақтар , келгенше жыл айналып!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 ақпан
340
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі