Материалдар / Ертеңгілік " Жаңа жыл"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ертеңгілік " Жаңа жыл"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Желтоқсан 2019
600
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Нұрбалапан» бөбекжайы















«Қош келдің, жаңа жыл»!

«Ертөстік» ортаңғы тобы













Өткізген тәрбиеші: М.М.Хаирова











Желтоқсан, 2019жыл

Балалар музыка әуенімен безендірілген залға келіп, шыршаны айнала тұрады.

Балалар мен бірге ескі жылда жүреді.

Тәрбиеші: Қымбатты қонақтар, ата-аналар, балабақша ұжымы, балалар! Сіздерді жаңа жыл мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Өмірлеріңізге шаттық, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға ынтымақ, бірлік тілейміз!

Құтты болсын ағайын!

Жаңа жылың тағы да.

Қол соғып қарсы алайық,

Шақырайық ортаға

Ертеңгілік басталсын

Балабақша тобында!

Жаңа жылдық ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер! Құрметті қонақтар, ата-аналар келесі сөз кезегін балабақша меңгерушісі Мансия Тайырқызына беріледі.

Тәрбиеші: Жасыл желек жамылған

Асыл моншақ тағынған

Келді сұлу шыршамыз

Көптен күткен сағынған.

О, алақай тамаша

Шыршамыз тұр жараса

Жаңа жылда бәріміз

Ән айтамыз жаңаша

Ән: Шыршаға бардық!

Тәрбиеші: Балалар бүгінгі жаңа жыл мерекесіне Ақшақар мен Аяз атаны және орман аңдарын шақырайық!

-Олар әлі жоқ қой, олай болса бәріміз орманға барайық!

Балалар Орманға немен барамыз?

Балалар: Шаңғымен барайық.

Тәрбиеші: -Қане, олай болса, Қатар-қатар тұрайық,

Шаңғыны біз құрайық-ал қанекей бәріміз бірге жүрейік.

-Міне,орманға да келдік. Балалар, қараңдар, анау тұрған үйдің жанына барып қоңырауын соғайық (қоңырау соғылады). Үйден әндетіп Ақшақар шығады.

Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме балалар! Сендер орманда қайдан жүрсіңдер?

Тәрбиеші: Біз, сізді жаңа жыл мерекесіне шақыра келдік.

Ақшақар: Ой, балалар, рахмет сендерге. Мерекеге қуана-қуана барамын. Жүріңдер орманнан басқа аңдарды ілестіріп алайық.

Тәрбиеші: Қатар-қатар тұрайық,

Шаңғыны біз құрайық.(музыка)

Ақшақар: Балалар, міне қоянның үйі. (Балалар үй жанына барып қоңырауын сылдырлатады)

Қоян: Сәлеметсіңдер ме, балалар, сендер орманда не істеп жүрсіңдер?

Тәрбиеші: Қоянжан, біз ормандағы достарымызды жаңа жыл мерекесіне шақыруға келдік. Сізде бізбен бірге жүр.

Қоян: Алақай, алақай мен аюдың үйін білемін, оны ұйқысынан оятып, бірге ала кетейік. Ол да билеп, көңіл көтерсін.

Тәрбиеші: Жүріңдер, аюдың үйіне барайық. (Аюдың үйінің есігін қағады). Ешкім ашпайды.

Балалар, аю тәтті ұйқыда екен. Қане, ән салып, ұйқысынан оятып алайық.

Ән: Қыс келді!

Аю:-мені тәтті ұйқымнан оятқан кім? (көзін уқалап үйінен шығады.). Адасып жүрген кімсіңдер?

Балалар: Аю, біз сізді жаңа жыл мерекесіне шақырамыз.

Аю: -не дейді, жаңа жылда келіп қалды ма? Сіздер болмағанда, жаңа жылда ұйқымен қарсы аламын екен ғой. Достар,сіздерді түлкі үйіне алып барайын.

Тәрбиеші: Түлкі үйінде жоқ екен.

Балалар: Түлкі,түлкі қайдасың? (деп шақырады).

Ақшақар: Түлкі жоқ екен, жүріңдер шырша тойына бара берейік. (Балалар шыршаның жанына келгенде түлкі шыға келеді. Балалар орындықтарға отырады, ал, кейіпкерлер ортада қалады.

Түлкі: Сендер жаңа жыл мерекесіне мені неге шақырмадыңдар. Мен сендерге ренжідім.

Ақшақар: Түлкі, біз сізді таба алмадық.

Түлкі: Жарайды, онда мен сендерге ренжімеймін. Балалар шыршаларың қандай сұлу!

Тәрбиеші: Шыршамыз сұлу, бірақ шамдары жанбай тұр, енді не істейміз?

Ақшақар: Бәріміз үрлейік, шапалақтайық. (жанбады).

Тәрбиеші:Мүмкін би билеп береміз.

Ұлпа қарлар келіңдер

Соңыма менің еріңдер,

Би билейік қалықтап

Шырша жансын жарқырап.

Би: Ұлпа қарлар биі.

Түлкі: -Достар, шыршаның көңілін көтеріп.

Аю: енді не істедік (біраз ойланып). Таптым, біз шеңберге тұрайықта көңілді ән шырқайық.

Ән: Аяз ата!

(Ән соңында шырша бір сөніп, бір жанады).

Аю: -Қандай әдемі, керемет шырша!

Түлкі мен Қоян: Алақай, алақай! (секіріп, айналады).

Ақшақар: Балалар, Аяз ата кешігіп жатыр. Қане; дауыстап шақырайықшы. Аяз ата-ау, аяз ата-ау, аяз ата-ау.

Аяз ата: Амансыңдар ма халқым! Жаңа жыл құтты болсын! Ой, айналайындар, қандай әдемі,қандай көңілдісіңдер, шыршаларың қандай тамаша!

Тәрбиеші: Қош келдіңіз төрлетіңіз.

Алыс-алыс жерден келдің,

Отыра ғой деміңді ал.

Өңкей бала төңірегің,

Бізбен бірге ән сал!

Аяз ата: Жарайсыңдар, ән айттыңдар, би биледіңдер, ал тақпақ білесіңдер ме?

Тәрбиеші:-Әрине, біледі. Ата сіз отырып демалыңыз, балалардың өнерлерін тамашалаңыз.

Милана:Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапрадан,

Аяз ата оранып.

Бар баланың қонағы,

Төрлет ата жоғары.

Барлық бала өзіңдей,

Қашан мырза болады.

Бекет: Жаңа жылмен,жаңа жылмен,

Құттықтаймыз әрине.

Папамызбен, Мамамыздың

Қонақтардың бәрінде.

Келді міне жаңа жыл,

Қуанайық қарсы алып.

Асыр салып ойнайық,

Шырша айналып ән салып.

Д.Раяна:Жаңа жылда, жаңа жылда,

Жаңаша тақпақ айтамыз.

Болсын риза балаша,

Аппақ біздің атамыз.

Сылдырлайды моншағы,

Шыршамыздың мол шамы.

Құттықтаймыз баршаны!

Ескендір:Аяз ата келді,

Тамашаны көрді.

Риза болып қуанып,

Бізге сыйлық береді.

Аяз ата: Балалар, мені кермет қуанттыңдар, сендерге айтар алғысым шексіз.

Нұрислам: Аяз ата, бізге сыйлықтар қайда?

Аяз ата: Ой, ұмытып барады екемін ғой. Менің мына сыйқырлы таяғым сыйлықты тауып береді. (Жоғарыда үш шар ілініп тұрады,1-2 минута,үш шарда сыйлықтар.Аяз ата таяғының ұшымен шарды жарғанда сыйлықтар пайда болады). Міне менің сыйлықтарым дейді.

Тәрбиеші: Кешіміз көңілді әнмен, бимен басталыпта кеткен сияқты. Ендеше бізбен бірге бір жыл бойы бірге болған, бар қызықты өткізіп, бірге қуанып, бірге ренжіген доңыз жылына алғысымызды айтып, “Жаңа жыл жарылқасын, ескі жыл есіркесін”- деп ескі жылымызды қарсы алайық. Балалар ескі жылымыз қандай жыл еді?

Балалар: доңыз

Тәрбиеші: Ендеше барлығымыз доңызды шақырайық.

Доңыз: Сәлеметсіздер ме, балалар!

Байқаймын мен байқаймын,

Тұрсыңдар сендер таң қалып.

Таң қалмаңдар билеңдер,

Бір жыл бойы сендермен.

Өлең айтып, ән салып,



Би билейді шаттанып.

Тәрбиеші:Әй қоян, сұр қоян,

Үлкен қоян, сақ қоян,

Жаңа жылдық шыршада,

Кәне биге бас қоян.

Балалар кәне тағы аңдарымызға тақпақтар айтып берейік.Кім айтады?

Көркем: Құтты болсын ата-ана,

Жаңа жылың бүгінгі.

Бауырыңмен балаларың,

Ұзақ болсын өмірі.

Әлібек: Көптен бері жаңа жылды,

Сағына мен күтемін.

Шырша тойға анашымның,

Маған киім тіккенін.

Айзере:Новый год я очень жду

И под елочкой сижу.

Там подарки охраняю,

Их от всех обергаю!



Ем конфеты, мондарины

И рисую я картины.

Дедушку Мороза жду,

Я подарочек хочу!

Ж.Раяна:Биік төбе көк тайғақ,

Шана теуіп ойнаймыз.

Соқсада аяз қақпайлап,

Қызыққа еш тоймаймыз.

Аяздан біз қорықпай,

Ұлпа қарға аунаймыз.

Айару: Қош келдіңіз бүгін, бізге бәріңіз,

Қош келдіңіз шыққан күндей жарқырап,

Бақытты сәтті күндей бізбенбірге бөліңіз.

Келді тағы жаңа жыл,

Қуантумен сіздерді.

Құтты болсын қуаныш,

Құттықтаймыз сіздерді.

Мәуелі: Әдемілеп біз ілген,

Ойыншықтар тізілген.

Қандай жақсы шыршамыз,

Ән салайық баршамыз.

Әдемі: Бұрқыратып ақ қарды,

Көрдіңдер ме ақпанды?

Жыл аяғы келіп қалды,

Даусыда тым өктемді.

Борандатып өткенді,

Бұлт боп көкке шөккенді.

Қыс мезгілі тым қатал,

Оған сірә кім батыр.

Қорқып ерте күн батыр!

Тәрбиеші: Балалар бізбен бірге кім жүр?

Балалар: Ескі жылымыз доңыз

Тәрбиеші: Енді бізге қандай жыл келді?

Балалар: Тышқан

Назым:Даже сам кощей вреднючий

Звонко песенки поет,

Потому что праздник лучший,

Потому что новый год!



Все добрее стали сразу,

Крепко за руки взялись.

И улыбки из-под масок,

Как фонарики, зажглись.

Еркежан: Жүзімізде күлкі ойнап,

Қанаттанды жанымыз.

Жаңа жылды біз толап,

Шаттанамыз бәріміз.

Өлең де әзір, ән әзір,

Ойында әзір, бәрі әзір.

Кел жаңа жыл біздерге,

Кел жаңа жыл, жаңа жыл.

Ескі жыл, жаңа жылға өлең айтады.

Доңыз: Аппақ бүгін қыр далам

Ақ дастархан жапқандай

Жасыл шырша жанына

Тышқан жылы Қош келдің!

Сәлем саған баршадан!

Тышқан: Көңілде көп қуаныш

Әр көңілде жақсылық

Доңыз жылға мың алғыс

Әкелген көп жақсылық!

Доңыз жылы шығып кетеді. Жаңа жыл қалады.

Тәрбиеші: Балалар тышқанға би билеп, тақпақ айтып берейік, оның да жаңа жылда көңілі көтеріліп қалсын.

Би:Тышқан биі

Алинұр: Шыршамызда керемет,

Ойыншықтар тізілген.

Алыс жақтан келіп тұр,

Аяз ата сағынған.

Жаңа жылда қарсы алып,

Барлық бала ән салып.

Ақшақар жүр би билеп,

Қол соғады барша жұрт.

Жанеркем: Сақал аппақ күмістей,

Тістері аппақ күріштей.

Қызыл ала шапаны,

Сағындым аяз атаны.

Оралама ол енді?

Айтар ендім өлеңді.

Жылдамырақ келсе екен,

Бізге ойыншық берсе екен.

Элиса: Жамылған ақ мамық, ұлпа қар,

Нұрланар кең байтақ отаным.

Бала жоқ сыйлықтан құр қалар,

Сыйлығы көп аяз атаның.

Е.Раяна: Шоқ жұлдызға байлаймыз,

Шашырата шам жағып.

Би билеп, әнге саламыз,

Шыршаны шыр айналып.

Айлана:Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.

Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді,

Бақыт шаттық, молшылық әкелсін.

Бәрімізге мына жыл арайлы!

Алисұлтан: Әшекейлі шырша бүгін,

Ойыншықтар іліп жүрмін.

Аяз ата мақталады,

Бізге арнап бар сыйлығын.

Жаңа жылда қарсы аламыз,

Бірге жүріп ән саламыз.

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!