жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ертеңгілік " Менің жарық, Жұлдызым ана"
Жүргізуші:
Шуақты көктем келді гүлін алып,
Көктемнің мерекесі бүгін анық
Өмірдің көктемі де, гүлі де – Аналар
Ана деп бас иеді күллі халық
Біз ған есмес, қадір тұтқан бабалар
Аналардан туған небір даналар
Ана деген тіршіліктің тірегі
Армысыздар қасиетті аналар!
Қош келдіңіздер! Аяулы аналар!
Қызғалдақ қыздар, қадірлі ұстаздар.
Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып
8 – Наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіде келіп жетті. Көктемнің шуақты күндерімен қатар келіп жатқан төл мерекелеріңіз құтты болсын. Бұл күні өздеріңізге бағышталған тілектер періштенің құлағына шалынсын.
Әрдайым мейірім шуағын шашып жүреберіңіздер.
Міне бүгін «Балауса» тобы мен «Көгершін» тобының
қатысуымен өттетін «Менің жарық, Жұлдызым Ана» -атты ертеңгілігімізді бастаймыз. Қошеметпен ортамызға «Балауса» тобының орындауында
Ән: «Ақ мамам»
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар!
Ақ көйлегім үстімде
Би билесем «Айгөлек»
Қой демейді ешкімде
Шаршамайды би билеп
«Балауса» тобының қыздарының «Қуыршақ» биін қарсалыңыздар.
Кәусар, Айша, Айсана, Жанел, Қымбат, Інжу, Айзере, Аянат, Инжу.
Жүргізуші: Жарайсыңдар.
Тақпақтар:
Айша
Ана деген асыл жандар болаттай,
Ана деген – таза мөлдір бұлақтай.
О, адамдар қадірлей біл ананы
Жат қылыққа ақыл – ойды таптатпай.
Айсана
Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз
Анамыздан тарайды
Біздің ана тіліміз.
Жанел
Мәпелеп өсірген ол менің анашым
Ақ сүтін аямаған
Ол менің анашым
Ана деген күніміз
Ана деген гүліміз
Ұландарды қуантым
Аман есен жүріңіз
З.Инжу
Ана әнмен тербетеді,
Күйге бөлеп жаныңды.
Көңіліңді сергетеді,
Балбыратып тәніңді.
С. Инжу
Айналайын анашым
Асқар таудай панасың
Күн көзіңдей күлімдеп
Құшағыңа аласың.
Қымбат
Анашым менің ақылшым
Жүрегіммен ұғамын
Оқу білім арқылы
Үлкен өмір қуамын.
Айзере
Ардақты менің анашым
Мәпелеп мені өсірген
Мінезі жұмсақ жібектей
Қателіктерімді кешірген
Аянат
Сен ұқтасаң әнге болды
Анаң жаны жайналар.
Аспандағы ай да қалқып,
Ақ бетіңнен аймалар.
Ана әнмен тербеледі
Күйге бөлеп жаныңды
Көңіліңді сергетеді
Балбыратып тәніңді
Кәусар
Мен анамды сүйемін
Сөзін ойға түйемін
Анашымды ардақтап
Басымды оған иемін
Жүргізуші:
Көңілді өскен балалар
Күлім қағып тұрады
Мерекеге сән беріп
Шырқатып әнге салады дей тұрып «Көгершін» тобының орындауында Ән: «Біз өмірдің гүліміз»
Жүргізуші:
Би өнері киелі
Өнерліні сүйеді
Ұлдарымыз ортада
Асыр салып билеиді
Би: «Саңырауқұлақтар» Абылыай, Самғат, Бексұлтан, Мейрамбек, Саят, Рамазан, Жігер.
Самғат
Әлпештеген аялаған
Ақ сүт берген апатайым
Тақпақ айтып бүгін саған
Мерекеңмен құттықтаймын
Абылай
Баланыңда тірегі
Даланыңда тірегі
Ауырмасын ешқашан
Аналардың жұрегі
Мейрамбек
Жақсылыққа шақырып
Жамандықтан тыяды
Мейріммен тәрбиелеп
Иман нұрын құяды
Бексұлтан
Айналайын анашым
Аямайсың бағасың
Менің үшін не керек
Бәрін іздеп табасың
Саят
Жамандықтан сақтан-п
Жақсы ісімді мақтан қылып
Мәпелеген ақ мамамды
Жүрсем деймін шаттан-п
Рамазан
Жердегі бар тағамнан
Ана сүті тәтті екен
Бұл жалғанда анамнан
Аяулы жан барма екен
Жігер
Апам менің айым
Қазандағы майым
Егер апам болмаса
Не болады жайым
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар өнерлерің өрге жүзсін рахмет сендерге.
Жүргізуші:
Аялаған анашым
Мәпелеген анашым
Менің сізге тілегім
Қартаймашы анашым дей отырып «Балауса» тобының бүлдіршіні Алибек Арсеннің орындауында «Анашым» әнін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Жарайсың өнерің өрлей берсін.
Жүргізуші:
Ұлдарымыз көңілді
Шақырамыз ортаға
Мерекеге сән беріп
Би билейді қуана
Би: «Джентельмен»
Арсен, Бақытжан, Бейбарыс, Абылый, Мухаммед, Самғат, Заңғар, Батырхан, Ернұр.
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар!
Тақпақтары:
Арсен
Ана дейміз бәрімізде аңқылдап
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген – бәйтерегі өмірдің,
Ана – деген алтын қазық, алтын бақ.
Бақытжан
Басымды иемін
Асылым анама
Айтқан ақыл сөздерін
Тоқимын санама
Бейбарыс
Таудай биік талабым
Бала боп өсіп келемін
Үздік оқып сабақты
Апайды қуанта беремін.
Абылай
Күлімдеген көзіңнен
Күн мейрімі сезілген
Бұл жалған да балаға
Жақын жан жоқ өзіңнен
Мұхаммед
Әжем менің айым
Қазандағы майым
Егер әжем болмаса
Не болады жайым
Айналайын анашым
Жұмысыңа барасың
Кешке мені көргенше
Мың сағынып қаласың
Самғат
Жанымызды жайнатқан
Сіздер ғой аналар
Зор денсаулық мол бақыт
Тілейміз біз балалар
Заңғар
Айналайын анашым
Әлпештеген мамашым
Өсірген бізді әлпештеп
Еміп өскен бөбекбіз
Батырхан
Ел жантқанда, жатпаған
Мен деп тыным таппаған
Бақыты үшін баланың
Аман сау бол, ақ мамам.
Ернур
Аналарды сүйемін
Сөзін ойға түйемін
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иемін
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар! Ата – аналар қошеметтеп отырыңыздар!
Әжемізге еркелеп
Ерке сөзін тыңдаймыз
Әжемізді құрметтеп
Әнімізді шырқаймыз – деп
«Көгершін» тобының бүлдіршін қызы Әлібай Еркенұрдың
«Әже» әнімен қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Жарайсың Еркенұр өнерлі ақылды қыз болып жүре бер.
Жүргізуші:
Қандай бала болмайық
Анамызға балдаймыз
Көтерейік көңілді
Ән салайық бәріміз – дей отырып
Орыс тілі мұғалімі
Жүргізуші:
Мың бұрала билеген
Бишілерді кім сүймеген
Күміс көмей балаға
Кімдер босын имеген
«Көгершін» тобының қыздары «Қуыршақ» биін билеп береді тамашалаңыздар.
Еркенұр, Іңкәр, Айсұлу, Көркем, Сабира, Жания.
Еркенұр
Бал бөбегін баптаған
Анам үшін мақтанам
Аялаған біздерді
Көп жасасын ақ мамам
Іңкар
Жер бетінің ғұмыры
Күн нұрымен арайлы
Біздің үйдің жылуы
Анамыздан тарайды
Айсұлу
Әжеме тіс саламын
Көзіне әйнек тағамын
Сондықтанда өскенде
Мен дәрігер боламын
Көркем
Гүл ектік аулаға
Көктемде көңілді
Бақтада бауда да
Ақ гүлдер өрілді
Сабира
Менің анам ардақты
Алтыннанда с алмақты
Жақсы көріп баласын
Мапелейді анашым
Жания
Айналайын анашым
Көкте нұр боп жанасың
Ет жүрегің елжіреп
Құшағыңа аласың
Жүргізуші:
Десекте уақытпен жарыспайды,
Қиялға қиялменен қарыштайды.
Балалар шын жүректен тебіреніп,
Өнерің аналарға бағыштайды.
Ал енді ортаға «Балауса» тобының қыздары
Қымбат, Айзере, Жанел.
«Ана жыры» әнін қабыл алыңыздар!
Жүргізуші: Бүгінгі мерекемізге балалар ағылшын әніне билеген
биін қабыл алыңыздар.
Ағылшын тілі мұғаліміне сөз кезегін беремін.
Жүргізуші:
Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Қыздарымыз өнерін көрсетуде.
-деп «Көгершін» тобының қыздарының «Лента» биін қарсы алыңыздар.
Жүргізуші:
Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту-арманым
Барша ана, құтты болсын мерекеңіз
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам
Сонды біз кісілікке теңесеміз.
-дей келе «Көгершін» тобының
«Құттықтаймын мама туған күніңмен» әнін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:
Бүршік шашып, жапырақ ашып
Даланы гүлдер басады
Сұлу көктем есігін ашып,
Құстар биін шашады
«Балауса» тобының қыздарының «Үнді» биін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:
Дала гүлге толыпты
Аққу гүлге қоныпты
Алақай-ау алақай
Қыздар қандай көрікті – деп
«Балауса» тобының көрікті қызы Құрақ Аянаттың орындауында
«Ана» әнін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Жарайсыңдар Аянат өнерің өрлей берсін..
Ортаға Би: «Балауса» тобының бүлдіршіндері «Пять февральских роз» аналарына жүрегімен гүл сыйлау.
Жүргізуші:
Ана әрбір адамның жарық дүниедегі жақыны жанашыры, қамқоршысы, жанында аямаған ардақтысы. Бақытымызға аман болыңыздар. Бүгінгі ертеңгілігімізді осымен аяқтаймыз.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Оңтүстік Қазақстан облысы
Сарағаш қаласы
«Дәмелі – Шыңғыс» бөбекжай балабақшасы
Келісемін: Бекітемін:
Әдіскер: Меңгеруші:
_______ _________

Ертеңгілік
Даярлық тобының тәрбиешісі: Алдадосова Гулмира

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген