Материалдар / Ертеңгілік " Тәуелсіздік күні"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ертеңгілік " Тәуелсіздік күні"

Материал туралы қысқаша түсінік
- Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. - Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту. - Отанын сүюге,ел тарихын білуге,еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, Отанымыздың байлығын қорғауға, білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қараша 2023
194
0 рет жүктелген
1300 ₸
Бүгін алсаңыз
+65 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +65 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ҰЛАНЫМЫЗ»

атты Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне арналған ертеңгілік

4+ жас аралығындағы тәрбиеленушілерге арналған сценарий

 МАҚСАТЫ:

- Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан

етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.

- Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып,

мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.

- Отанын сүюге,ел тарихын білуге,еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, Отанымыздың

байлығын қорғауға, білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.

ҚАТЫСУШЫЛАР:

 ӨТЕТІН КҮНІ:

 УАҚЫТЫ:

 КЕЙІПКЕРЛЕР: Батыр бала, Алтын адам киіміндегі биші қыздар, өзге ғаламшарлықтар,

жүргізуші.

 БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН КИІМДЕР: Батыр киімдері, Алтын адам киімдері, ұл балаларға

арналған көгілдір түсті жейде, қыз балаларға арналған сары түсті көйлек, өзге ғаламшарлықтардың

 БЕЗЕНДІРУГЕ ҚАЖЕТТІ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР: Безендіруге мемлекеттік рәміздердің

суреттері, шаңырақ, ақ ленталар, жұлдыздар, космостық кеме, өзге ғаламшарлықтар костюмдері, балалардың салған суреттері.

ҰЗАҚТЫҒЫ: 25 минут

БАСЫ (10 МИНУТ)

Қатысушылар: жүргізуші, батырлар, Алтын адамдар

Музыкалық номер: «Тәуелсіз елдің ұранымыз» әні, «Ұлытау» күйі, «Алтын адам» биі

Барысы: «Тәуелсіз елдің ұланымыз» әні қосылады (https://www.youtube.com/watch?v=

WKYMHOUqI90). Батыр киімін киген тәрбиеленуші ортаға шаңырақ макетін алып шығады. Алтын

адам киімін киген алты қыз бала ортаға шығып, шаңырақтың жан-жағындағы ақ лентаны (уық) алып,

алты бағытта созып ұстайды. Көгілдір түсті жейде киген ұл балалар және сары түсті көйлек киген қыз

балалар екі қатармен ортаға шығып, батырдың екі жақ шетіне тұрады. Музыка аяқталып, Қазақстан

Республикасының Мемлекеттік Гимні қосылады. Тәрбиеленушілер және қонақтар орындарынан тұрып, оң қолын жүрек тұсына қойып әнұранды орындайды.

Жүргізуші: Атыңнан айналайын егемен ел,              

Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.

Мерейің құтты болсын Қазақстан!

Ғасырлар тойы болшы келе берер!

Армысыздар, құрметті қонақтар! Егеменді елдің күміс қоңырауы __ жылдың қуаныш дабылын

қағып тұр. Ұлық мерекеміз – Тәуелсіздік күні баршаңызға құтты болсын! «Тәуелсіз елдің ұланымыз»

атты ертеңгілігімізге қош келіпсіздер!

//ФАН-ФАР ДАУЫСЫ ҚОСЫЛАДЫ//БАЛАЛАР САХНАДА ЖАРТЫЛАЙ ШЕҢБЕР ЖАСАП

ОТЫРАДЫ//БАТЫР ШАҢЫРАҚТЫ АЛЫП КЕТЕДІ// АЛТЫН АДАМ КИІМІНДЕГІ АЛТЫ

ҚЫЗ ОРТАҒА ШЫҒАДЫ//«ҰЛЫТАУ» КҮЙІ ҚОСЫЛАДЫ// БИШІ ҚЫЗДАР «АЛТЫН

АДАМ» БИІН ОРЫНДАЙДЫ (HTTPS://WWW.YOUTUBE.COM/WATCH?V=HLJDLAJIUC4)//

ОРТАСЫ (10 МИНУТ):

Қатысушылар: жүргізуші, өзге ғаламшарлықтар, Алтын адамдар

Музыкалық номер: «Тәуелсіз елдің ұранымыз» әні,

Барысы: Алтын адам киіміндегі қыз балалар қолдарына қиылған алтын түсті (40-50

см) жұлдыздарды ұстап ортада айналады. НЛО музыкасы қосылады. (https://www.youtube.com/

watch?v=tFUsl6-gyLg) Сахнада космостық кеме макеті пайда болады. Кемеден өзге ғаламшарлықтар

шығады.

1- өзге ғаламшарлық: Сәлем, достар. Біз өзге ғаламшардан келген қонақпыз.

2-өзге ғаламшарлық: Космоста ұшып жүріп, «Жер» ғаламшарынан әдемі дауыс естіп, жарқжұрқ етіп билеп жүрген алтын адамдарды көріп келіп тұрмыз.

1-өзге ғаламшарлық: Біз қандай елге, қандай жерге келдік екен?

Жүргізуші: Балалар, өзге ғаламшарлық қонақтарға «Қош келдіңіздер

жұрқ етіп билеп жүрген алтын адамдарды көріп келіп тұрмыз.

1-өзге ғаламшарлық: Біз қандай елге, қандай жерге келдік екен?

Жүргізуші: Балалар, өзге ғаламшарлық қонақтарға «Қош келдіңіздер» деп, біздің еліміз туралы

айтып берейік.

Балалар: Қош келдіңіздер!

Жүргізуші: Сан ғасырлар тарихы мол кешегі,

Туған жердің шежіресі деседі.

Менің елім Қазақстан- Отаным,

Болашағы бізбен бірге өседі.

- Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады екен? (Қазақстан)

- Қазақстан жері қандай? (Қазақстан жері үлкен, әдемі, әрі бай)

- Дұрыс айтасыңдар, балалар, Қазақстан жері батыстан шығысқа қарай 300 000 шақырымға,

солтүстіктен оңтүстікке қарай 1700 шақырымға созылып жатыр. Біздің еліміз - жерінің кеңдігімен

қатар, табиғи байлығы да мол мемлекет. Өріс толы малы, тайдай тулаған балығы, теңіздей толқыған

егіні, дала толы аң - құсы, таусылмас кен байлығы да жеткілікті, мол. Осы айтылған ойларымыздың

дәлелі ретінде қонақтарымызға тақпақ айтып берейік.

1-бүлдіршін: Отан - жерім, Отан - суым,

Отан - қуат, нәр береді.

Отан - ұран, Отан - туым,

Отан мәңгі гүлденеді.

2-бүлдіршін: Сүйемін мен Отанымды,

Гүл жайнаған жерімді.

Сүйемін мен ата - анамды,

Мені өсірген елімді

3-бүлдіршін: Отан деген – Атамекен,



Отан деген – туған жер.



Отан – ана, Отан – пана,



Қазақстан – туған ел.



4-бүлдіршін: Отанды біз Атамекен,



Деп аялап айтамыз.



Өйткені оны мекен еткен



Бабамыз бен атамыз.



5-бүлдіршін: Отанды жас – кәріміз де,



Туған жер деп сүйеміз.



Өйткені онда бәріміз де,



Туып, өмір сүреміз.



6-бүлдіршін: Отан – менің өзегім,



Қиының болса төземін.



Алдағы бақыт шақтарды,



Жүрегіммен сеземін.



7-бүлдіршін: Отаным – менің өзегім,



Қырыңды шарлап, кеземін.



Білу керек әр ұрпақ,



Бес саусақтай өз елін.



8-бүлдіршін: Отаным – мәңгі қорғаным,



Қалаймын бақыт қонғанын.



Сүйемін және сондықтан,



Өзенін, көлін, орманын.



9-бүлдіршін: Бақытты боп жүргенім,



Сенің арқаң, Ұлы Отан.



Елім менің тірегім,



Құшағыңда гүл атам.



10-бүлдіршін: Сарқылмайтын қуатым,



Тірегімсің сен, Отан!



Мәңгі соғып тұратын,



Жүрегімсің, сен Отан!



  1. Өзге ғаламшарлық: Бәрекелді, қандай тамаша өлең жолдары!



  1. Өзге ғаламшарлық: Отан дегеніміз не?





Жүргізуші: Отан дегеніміз – адамның туып өскен жері, туған – туыс-қандарымен, жақындарымен



Бірге тұратын ата мекені. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны – Қазақстан Республикасы.



Қазақстан – Туымен тұғырлы,



Елтаңбасымен еңселі,



Әнұранымен айбатты.



Балалар, 1992 жылы 4 маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер – Елтаңба, Ту бекітілді. Міне, бүгінгі



Таңда Қазақстан өз алдына Тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бар.



Егеменді Қазақстанбыз.



//«ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ҰРАНЫ» ӘНІ ҚОСЫЛАДЫ// БАЛАЛАР ҚОЛДАРЫНА АЛДЫН-АЛА



САЛЫП ДАЙЫНДАҒАН (МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР, АЛТЫН АДАМ, БӘЙТЕРЕК, ОТАН,



ТУҒАН ЖЕР) СУРЕТТЕРІН АЛЫП, ЖАРТЫЛАЙ ШЕҢБЕР ЖАСАП ТҰРАДЫ// ХОРМЕН



ӘНДІ ОРЫНДАЙДЫ //(HTTPS://WWW.YOUTUBE.COM/WATCH?V=ZT_FCTPQ-T4)//



1-өзге ғаламшарлық: Бүгін «Жер» ғаламшарына келіп, Тәуелсіз қазақ елімен, киелі қазақ жерімен танысқанымызға қуаныштымыз. Осындай өнерлі, ақылды ұландары бар Қазақстан мемлекетінің



Болашағы жарқын деп ойлаймыз.



2-өзге ғаламшарлық: Барша Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, қазақ



Жеріне бірлік, бейбітшілік және ырыс тілейміз. Ал біз өз ғаламшарымызға ораламыз. Сау болыңдар,



Достар!



Балалар: Сау болыңыздар!

СОҢЫ (5 МИНУТ):

Барысы: «Мен қазақпын» әні қосылады. Ортаға ұл балалар мен қыз балалар шахмат ретімен

орналасады, алдына Алтын киімді қыздар мен батыр жігіт бір қатарға тұрады. Тәрбиешінің көмегімен

балалар флешмоб билейді. (https://www.youtube.com/watch?v=aa1w6pREua8)

Жүргізуші: Қазақстан - көк байрақты ел едің,

Сен дегенде лүпілдейді жүрегім.

Өзің менің мақтанышым, тірегім,

Өзің менің қуанышым, бақытым

Қазақстан - сен заңғар биіксің, кеңсің. Біздің жанымыз өзіңе деген мақтанышқа бөленген. Біз

сенің атыңды айтып, жер бетіне жар салар перзентіңбіз, тәуелсіздікті мықтап қолға ұстайтын балаңбыз!

Балалар: Біз - Тәуелсіз елдің ұланымыз!

Жүргізуші: Осымен бүгінгі мерекелік ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті. Асқақ та, абыройлы

мереке құтты болсын! Аспанымыз ашық, болашағымыз жарқын болсын!

//ОРТАҚ

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!