400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ертеңгілік Айналайын анашым

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша балаларына арналған мерекелік ертеңгілік. Балаларға мерекені түсіндіріп, мерекелік көңіл күй сыйлау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Айналайын анашым»

Мақсаты: Балаларға аналар мерекесі туралы мағлұматтар беру. Аналарын, әжелерін құрметтеуге тәрбиелеу арқылы оларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.

Мәдени орындарда өздерін тәртіпті ұстауға тәрбиелеу.


«8 марта мамин день» әніне билеп кіру

Жүргізуші: Армысыңдар құрметті халайық! Көктеммен бірге келген дәстүрлі мерекелеріңіз құтты болсын.

Аналар мерекесі құтты болсын!

Баршаңыздың басыңызға бақыт қонсын!

Көмкеріп ән жырымен осы кешті,

Жүзіңіз қуаныш пен күйге толсын

-дей отырып, кешімізді бастайық.


Жүргізуші
«Боташым» дер саған,
Кім сүйікті адам?
Бәрі:Анам!

Ән: «Сегодня мамин праздник»


Диана: С папой мы сегодня станем
По квартире хлопотать —
Так мы будем нашу маму
С 8 Марта поздравлять.
Пусть она поспит подольше,
Отдохнёт и помечтает.
Пусть останется довольна
Тем, как мы ей помогаем.

Айша: 8 Марта — праздник мам,
Спешит сегодня он и к нам.
Мы мам своих хотим поздравить
И пожелания оставить:
Будьте здоровы и красивы,
Улыбок вам самых счастливых,
И пусть вам солнце ярче светит.
Мы так вас любим!
Ваши дети.


Айгерім: Құшағыңа кіргенде

Жылынамын бір демде.

Не жетеді көзіңе

Мейірімді күннен де.

Сегізінші Наурызбен

Құттықтаймын, анашым,


Айзере: Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

 Ақ әжемді әрқашан,

Сыйлап жақсы көремін.

Қуантайын деп оны,

Өлең айтып беремін


Адия: Анам, анам, ақ анам

Менде өзіңдей ақ болам.

Айтқан тіліңді аламын,

Жұмсағанда барамын.

Ақ төсекке жатқызсаң,

Көзіңді жұма қаламын.


Ясина: Жүзімізге қараңыз
Бал күлкілі баламыз
Бізге қымбат күн шуақ
Бізге қымбат аналар!


(Музыка әуенімен Леопольд мысық кіреді)


Леопольд: Сәлем, сәлем, балақайлар!

Әзиз әже, назды апалар.

Мол шуақты көктем келді,

Қуаныңдар алақайлап.

Мен Леопольд мысықпын. Қымбатты аналар, асыл қыздар! Сіздерді көктем айының алғашқы мерекесі – 8 наурыз аналар күнімен құттықтаймыз. Әрқашан дендеріңіз сау, көңілдеріңіз жайдары бола берсін.


Жүргізуші: Қош келдің Леопольд! Сені көргенімізге қуаныштымыз.


Леопольд: Рахмер, бүгінгі сіздердің жиналып отырған мерекелеріңізге мен мына сыйлықты сіздерге сыйға алып келдім. Бұл қораптың ішіндегі жай гүл емес, сыйқырлы гүл бар.

Гүлім мені қызықты,

Сыйқырлы да, сүйкімді.

Әрбір гүлін жұлғанда,

Қонақ келер мейрамға.

Қонақтарды қарсы алып,

Би билеңдер ән салып.


Жүргізуші: Рахмет, сыйлығыңа.


Леопольд: Бұл гүлдің күлтешесін жұлғанда ойлаған тілектеріңіз орындалып, сіздерге қызықты да, көңілді қонақтар әкеледі!


Жүргізуші: Ендеше, Леопольд, сізге көп рахмет! Сыйлығыңыз ғажайып екен, олай болса гүліңіздің қызықты сиқырын көрейік.


Леопольд: Шапалақтап алайық

1-2-3

Қызықты ды, көңілді

Тамашаны көрейік,

Ғажайыпқа енейік.

(Музыкамен залға Күн кіреді)


Күн: Сәлем, сәлем, балақайлар!

Қуаныңдар алақайлап.

Мол шуақты ала келдім,

Шаттаныңдар алақайлап,

Құстар әнін ала келдім.

Жерге кілем жаба келдім.

Жан бітіріп табиғатқа,

Әсем әнге сала келдім.


Жүргізуші: Сәлемет пе, Шуақты күн,

Сені асыға күттік көптен.

Жер - анамыз бір бусанды,

Күн де нұрын төгіп көктен.

-Қош, келдің шуақты күн біз аналарымыздың мерекесін тойлауға жиналып отырмыз.


Күн: Рахмет, Аналар мерекесі құтты болсын. Сіздерге арнап ананың алақанындай жылы, күн нұрын ала келдім.


Би: «Күн нұры»

Күн: Балалар сендер аналарыңа көмек бересіңдер ме? Мен сендермен анамызға сол көмек деген ойын би ойнағым келіп тұр. Ойнаймыз ба?

Ойын би: «Анамызға көмек»

Тамина: Көктем келді жадырап
Күн нұрымен таласып,
Жайнай берші жарқырап
Жаны жайсаң аналар!
Апатайым анашым
Ақылы мол данасың
Қамқоршысы баланың
Гүлі сенсің әр үйдің.


Дарын: Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті біздің аналар.
Ақ анашым, аппағым
Өзің жайлы тақпағым
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де.


Айкөркем: Мама первое слово мое

Мама-солнышко светит в окошко

Мама ни дня не могубез тебя

Счастья, что мама есть у меня

Милая, добрая, мамочка моя

С праздничным днем поздравляю тебя.


Тілек: Наурыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз баланың,
Анаға айтар лебізі.


Кәусар: Жақсы көрем күлкіңді,

Еңбегі де зор екен.

Құтты болсын апатай,

Құтты болсын мерекең.


Дарья: Жақсы көрем анамды,

Толтырған менің санамды.

Мұнау жарық дүниеге,

Әкелдің қымбат дүниеге.


Самғат: Менің анам не дейді?

Инабатты бол дейді.

Салт-дәстүрін сақтайтын,

Әдепті ұл бол дейді.


Күн мен Леопольд: Айналайын балаларым, сендердің өнерлеріңді тамашалап біз өте риза болдық. Тағы да мерекелерің құтты болсын. Кездескенше сау болыңдар.

(Күн мен Леопольд шығып кетеді)


Жүргізуші: Ал енді балалар сиқырлы гүліміздің тағы бір күлтешесін жұлып көрейік. Біздің мерекеге тағы да қандай қонақтар келеді екен.

Шапалақтап алайық,

1-2-3

Қызықты да көңілді,

Тамашаны көрейік.

Ғажайыпқа енейік.

Музыка қосылады, әсем биімен Көктем кіреді.

Көктем: Мен көңілді көктеммін

Былтыр келіп кеткенмін.

Көзін ашып бұлақтың

Түбіне тал еккенмін.

Жүргізуші: Сәлеметсіңбе Ару көктем.

Көктем: Мынау менің құшағым толы қыр гүлін, гүлдей жайнаған қыздарға сыйлайыншы.

Жүргізуші:

Ой балалар, балалар 
Ойналық та күлейік 
Қане енді бұралып 
Би билеп те берейік .

Би: «Гүлдер»

Жүргізуші: Балалар, қане Ару көктемімізге арнап «Көктем» әнін шырқайық.

Ән: «Көктем келді»

Ару көктем:Рахмет балалар өнерлі екенсіңдер. Енді мен сіздердің аналарыңызбен, әжелеріңізбен ойын ойнағым келіп тұр. Олардың да өнерін тамашалағым келеді.

Ойын: «Бантик байлау» (ата аналармен)

Жүргізуші: Балалар, көңл аударыңдаршы, бүгін біздің қыздарымыз да гүлдей жайнап, құлпырып тұр.

Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары жаны жаздай жайраңдаған.

Қыз өссе елдің көркі – деген сөзді

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.

Құрметті аналар, қыздар бүгінгі мерекеге арнап сән үлгісін дайындаған. Сән үлгісін тамашалайық. (Сән үлгісі)

Ару көктем: Рахмет балалар, шетінен өнерлі екенсіңдер. Менің кететін уақытым болды. Басқада қыздарды, аналарды, әжелерді мерекелерімен құттықтауым керек. Сау болыңыздар балалар.


Жүргізуші: Балалар, қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер кім туралы айтылғанын табыңдар.

  • Ол өте мейірімді, ақ шашты, көзінің айналасында ұсақ әжімдері бар, тәтті нандар пісіреді, сендерге жылы қолғап тоқиды. Бұл кім? (әже)

Жүргізуші: Қандай керемет! Ал біздің әжелеріміз бүгін ерекше әдемі. Асыл жанды әжелерге арнап ән жолдайық.

Ән: «Бабушка моя»


Регина: Менің әжем жыр әжем,

Шуағы мол нұр әжем.

Ақ таяққа сүйеніп,

Аман есен жүр әжем.


Айдана: Менің әжем, ақ әжем,

Ұл мен қыздың бағы әжем.

Ертегі айтып бер десең,

Айтып берер тағы әжем.


Акжан: Моя бабушка как фея,
Она знает наперед,
Что когда у нас случится,

Что и как произойдет.

Альбина: Бабушка моя самая добрая,
В день 8 марта желаю здоровья.
Ты лучше всех меня утешишь,
Во всех делах меня поддержишь.
Еще терпения, счастья пожелаю,
Добра и исполнения желаний.

Гүлім: Менің әжем – гүл әжем,

Алтын әжем, күн әжем.

Апам үшін, мен үшін,

Нағыз ана – тілі әжем!

Әже деген көп шығар,

Әжемдей менің жоқ шығар.

Мейірімді бұл кісі,

Қандай ғажап күлкісі


Бану: Мама, бабушка,сестра,

Все нарядные с утра

Принимают поздравления,

И букет-он очень ярок.


Жүргізуші: Балалар сендер қызықты ертегі көргілерің келе ме?


Балалар: Иә, көргіміз келеді.


Жүргізуші: Олай болса біз мына сиқырлы гүлден ертегі сұрайық.

Шапалақтап алайық,

1-2-3

Қызықты ды көңілді.

Тамашаны көрейік,

Ғажайыпқа енейік.

Біз ертегі көргіміз келеді.


Әжесінің көмекшілері

(Әтеш: Кәусар папа, Әже: Бану әже , Үйрек: Тілек мама, балапан: Кәусар, Ясина, Айгерім. Ешкі: Нұрсұлу , лақ: Ильяс, Дарын, Акжан. Тауық: Жібек, балапан: Айзере, Айша, Гүлім. Ит: Дәурен. Мысық: Тамина мама)

Әтеш: (Кәусар папа)

Ку-ка-ре-ку күн шықты, айналаның бәрі нұрланды.

Ку-ка-ре-ку ұйықтағандарың жетер

Ку-ка-ре-ку тұратын уақыт болды.

(Үйден әже шығады)

Әже: Рахмет саған әтешім, уақытылы ояттың. Тіпті көп ұйықтаппын, ал менің жасайтын жұмыстарым көп. Еден, ыдыс жуу, ыстық қылтып о жағу, кір жуу, үтіктеу, шаң сүрту, бәліш пісіруім керек. менің жерімдікім қазып берер екен? Бәріне қалай үлгерсем екен. Үйге барып әуелі нан басайын, бәлішсіз адамдар мейрамды қарсылмайды ғой. (әже кіріп кетеді)

(Әтеш кетіп қалады)

(Үйрек мама шығады)

Үйрек: (Кәусар мама)) (балапан: Кәусар, Ясина, Айгерім)

Әже кетті кря-кря-кря. Оған уаймдауға болмайды. Мына жерде кір көп болса да, бұл жұмыс менікі. Балапандарым шығыңдар мағам кір жууға көмектесіңдер. (муз қосылады, кір жуып оны іледі)

Үйрек: барымызша еңбек еттік мен сіздерге ризамын балапандарым.

(үйрек кетіп қалады)

(ешкі мама шығады)

Ешкі: ( Нұрсұлу) (лақтар: Ильяс, Төрехан, Ақжан)

ме-ме-ме лақтарым мында келіңдер, аналарыңмен тығылспақ ойнамаңдар. (лақтар жүгіріп шығады) Қанекей әжелеріңе көмектесейік, отынды қорға жылдам жинайық. Көңілі көтеріліп бізді мақтасын. (музыкамен балалар отын тасиды)

Ешкі: барымызша еңбек еттік мен сіздерге ризамын лақтарым.

(ешкі кетіп қалады)

(тауық пен әтеш шығады)

Тауық: (Жібек) (Балапандар: Айша, Гүлім, Айзере)

Құт-құт-құт мен тауықпын көшеде жүгірген. Өзімнің сүйкімді балапандарымды іздеп жүрмін. (балапандар жүгіріп шығады)

Балапандар бірге: уаймдамаңыз біз мындамыз, сізге қандай көмек берейік.

Тауық: Әжемізге бәріміз бірге көмектесеміз. Міне сыпырғыш алыңдар, сыпырамыз. (муз сыпыру)

Жүргізуші: Кенеттен Дружок есімді ит үреді.

Дружок: (Даурен)

Жолымна былайтұр әтеш.

Әтеш: Қорықпаймыз біз сенен. Тұмсығымды таңертен ұштағанмын. (ит қорқып қашып кетеді)

Жүргізуші: Пушок есімді мысық шығады.

Мысық: (Тамина мама)

Жолымнан былай кет әтеш. (тауық жүгіріп шығады)

Тауық: Тағы сендер ме мында, төбелессіз өмір сүре алмайды екенсіңдер. оданда қолдарыңа суқұйғыш алып, бақша мен гүлдерді суарыңдар.

Ит пен мысық: Біз сендермен достасып тату тұрамыз бәрімен. (қолдарына суқұйғыш алып суарып, кетіп қалады)

(Әже шығады)

Әже: Үйде шару бітті, еден жудым, жинадым, тазажәне әдемі болды. (Таң қалып қолын жайып). Тазикте киім жатыр еді қайда кеткен? Міне жіпте ілініп тұрғо, ілінгеніне көп болған. Аула таза, бақша суарылған, ғажайып бір бұл жұмбаққо, бұны қалай шессем екен? Кім мағам кеөмектесті екен? (Балаларға қарап) Бұл сендер ме, рахмет сендерге менің кішкентай достарым.


Жүргізуші: Балалар, қане, тағы да қонақтар шақырамыз ба?


Балалар: Иә. Шапалақтап алайық,

1-2-3

Қызықты да көңілді,

Тамашаны көрейік.

Ғажайыпқа енейік.


(Музыкамен Клоун кіреді)


Клоун: Сәлеметсіздер ме, балалар! Аналар сіздерді 8-наурыз мерекесімен құттықтаймын. Балалар, сендер ойын ойнағыларың келе ме?


Балалар: Иә.


Клоун: Ендеше мен сендерге қызықты ойын алып келдім. Балалар, сендер аналарыңның, әжелеріңнің кішкентай кезінде қандай болғанын көргілерің келе ме? Ендеше ортаға аналарды, әжелерді шақырайық.


Ойын: «Балалық шаққа саяхат»


Жүргізуші: Рахмет, саған клоун, балаларға қызықты ойын әкелгеніңе. Біздің мереке арнаған биімізді тамашалаңыз.

Би: «Әке мен қызы», «Ана мен бала»


Клоун : Рахмет, балалар, өздерің өнерлі екенсіңдер! Мерекелеріңіз құтты болсын! Сау болыңыздар.

(клоун шығып кетеді)


Жүргізуші: Балалар, біздер гүлді ұмытып кетіппіз ғой. Қане, бәріміз:

Шапалақтап алайық,

1-2-3

Қызықты да көңілді,

Тамашаны көрейік,

Ғажайыпқа енейік.


(Музыкамен Карлсон кіреді)


Карлсон: Сәлеметсіңдер ме, қыздар, әжелер, сүйікті аналар! Мерекелеріңіз құтты болсын!



Жүргізуші: Сәлеметсің бе, қош келдің. Біздер аналар мерекесін өте қызықты етіп, өткізіп жатырмыз. Біздің қыздарымыздың өнерін тамашалаңыз!


Би: «Үнді»


Карлсон: Менде мерекеге бос келмедім. Өзіммен бірге балларға арнап ойын алып келдім. Сендей үйлеріңде аналарыңа кір жайысуға көмектесесіңдер ме? Олай болса тексеріп көрейік.


Ойын: «Орамалдарды кептіру»


Карлсон: Өте керемет!


Жүргізуші:Біздің аналарымыз да әжелрімізде сіздер сияқты кішкентай болды. Оларда балабақшаға барды. Балабақшада ойындар ойнап, жұмбақтар шешті. Енді біздің жұмбақтарымыздың жауабын аналарымыз таба алар ма екен? Тексеріп көрейік. Біз балалардың ортасында аналарымызды сипаттап мазмұндама жаздық. Енді осы мазмұндама арқылы аналарымыз өздерін тауып көрсін.


Ойын: Өзіңді тауып көр.

........

Жүргізуші: Экранға назар аударайық. (аналарын сипаттау)


Карлсон: Рахмет балалар шетінен өнерлі екенсіңдер. мен енді барып басқа да балаларды мерекелерімен құттықтайын. Сау болыңыздар.

(Карлсон шығып кетеді)


Жүргізуші: Балаға ең жақын, сіз-аналар, сіздің ыстық құшағыңыз балаға пана болар. Әлемдегі ең ғажап, ең әсем сөз бұл -Ана. Ендеше, құрметті аналар Ильяспен Айзеренің орындауыда «Анамның әлдиі» әнін қабыл алыңыздар

Ән: «Анамның әлдиі»


Ильяс: Достықты біз ойлаймыз,

Бірге күліп ойнаймыз.

Қыздар ды біз құттықтап,

Сыйлықты біз сыйлаймыз.

(Балалар қыздарға сыйлық таратады.)

Жүргізуші: Құрметті аналар, біздің балалар аналарына арнаған сыйлықтарын табыс еткісі келіп отыр. (сыйлық таратылады). Міне, құрметті аналар! Сіздер бөбектеріңіздің тәтті қылықтары мен сүйкімді іс-әрекетіне тоймаңыздар! Лайым қуанышта жүздесейік! Мерекелеріңіз құтты болсын деп, сіздерге арналған ертеңгілігімізді аяқтаймыз! Сау болыңыздар!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 ақпан
835
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі