Ертеңгілік "Алтын күз"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ертеңгілік "Алтын күз"

Материал туралы қысқаша түсінік
1) Балалардың күз туралы білімін қалыптастыру. Күзгі табиғат ерекшеліктерімен таныстыру. 2) Көкөністер мен жемістерді ажырата білуге үйрету. 3) Табиғатқа қамқор болуға, оны аялауға тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектепалды даярлық тобына арналған ұйымдастырылған

оқу қызметінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлім: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Алтын күз.

Оқу қызметінің мақсаты:

  1. Балалардың күз туралы білімін қалыптастыру. Күзгі табиғат ерекшеліктерімен таныстыру.

  2. Көкөністер мен жемістерді ажырата білуге үйрету.

  3. Табиғатқа қамқор болуға, оны аялауға тәрбиелеу.

Сөздік жұмысы: сары алтындай жайқалған, жиын-терін, берекелі күз, жомарт күз.

Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: Күз мезгілінің суреттері. Бақшадағы көкөністер, баудағы жемістер суреттері.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, тыңдау.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерді көргеніме қуаныштымын, бәріміз қол ұстасып, дөңгелене тұрайық.

Күндей жарық, айдай арайлы,

Судай мөлдір таза көңілмен

Бүгінгі күнді бастайың.

- Қазір жылдың қай мезгілі?

- Күз неше айдан тұрады?

- Күзді неге «алтын күз» деп атайды?

Балалар қол ұстасып, дөңгелене тұрады. Бір- біріне жылы лебіздерін, тілектерін сыйлайды.


Ұйымдастыру-іздестіру

Ойын: «Табиғат мейірімді».

Ойын шарты: Тәрбиеші сөйлемді өзі бастап береді. Балалар сөйлемді әрі қарай жалғастырады.

- Жер-Ана мейірімді, өйткені ол ... (көкөністер мен жемістерді өсіреді).

- Күн мейірімді, өйткені ол ... (жарығын, жылуын береді).

Дәптермен жұмыс: Ғ. Қайырбековтің «Алтын күз» өлеңімен таныстыру, жаттату.

Жемісі мол теретін,

Күз дос екен бізбенен.

Бәрін тауып беретін

Жомарт екен күз деген.

Күз айында жемістер мен көкөністер піседі. Жемістер бақта өседі, көкөністер бақшада өседі.

- Жемістер мен көкөністерді ата.

Жемістер: алма, алмұрт, шие, өрік, жүзім, т.б.

Көкөністер: қызанақ, қияр, қырыққабат, қарбыз, қауын, т.б.

Сергіту сәті: (Баяу музыка әуенімен орындалады.)

Бастаушы: Күзде ағаш жапырақтары сарғаяды, жел соғады, ағаштар тербеледі, жапырақтар жерге қалықтап түседі. Аспанды бұлт торлайды, жаңбыр жауады. Түк, түк, түк (дыбыс шығару). Күн жарқырап шықты, біз қуанамыз! (Балалар қимылмен көрсетеді).

Дидактикалық ойын: «Қай ағаштың жемісі?»

Ойын шарты: Алма, алмұрт, шие ағаштары және жемістері көрсетілген. Әр жемісті сәйкес ағаштарға тауып ілу керек.

Мұғалім балалардан күзгі табиғат көрінісі жөнінде сұрайды. Балалардың жауабы тыңдалады.

Жұмбақ шешу.

Жауып жаңбыр, жерде сабыр,

Шөп, жапырақ солады.

Айтыңдаршы, бөбектерім,

Бұл қай кезде болады? (Күзде)


Сөйлемді әрі қарай жалғастырады.







Ғ. Қайырбековтің «Алтын күз» өлеңімен танысады, жаттайды.






Жемістер мен көкөністерді атайды.





Тәрбиешімен біріге отырып, қимылдарды қайталайды.









Әр жемісті сәйкес ағаштарға тауып іледі.





Жұмбақтың шешімін табады.


Рефлексивті – түзетушілік

Қорытынды.

Күзде күн суытады, жауын-шашын көп болады. Айнала сары түске өзгереді, бұл мезгіл «алтын күз» деп айтылады. Балалар мектепке барады. Жиын-терін болады.

Сұрақтар арқылы білімдерін бекітеді.


Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: Көкөністер мен жемістерді ажыратады.

Нені игереді:

  • Ғ. Қайырбековтің «Алтын күз» өлеңімен танысады, жаттайды.

Нені біледі: тапсырмаларды орындайды; -өз ойларын толық жеткізеді.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.01.2019
423
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі