жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ертеңгілік Алтын күз
Күні: 26.10.2017.
Тақырыбы: Алтын күз
Зал іші күз мезгіліне сай безендірілген. Залға салтаннатты әуемен балалар кіріп жарты шеңбер болып тұрады.
Мақсаты:
Білімділік: Табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы балалардың білімдерін кеңейту. Күзгі табиғаттың әсемдігін сезіну.
Дамытушылық: Балалардың тілдік қорын молайту, көңіл – күйлерін көтеру, ой – өрісін дамыту.
Тәрбиелік: Ата – аналарды мерекелік шараларға тарту, балалардың үлкенге деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу. Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Жүргізуші.
Терістіктен желдетіп,
Жаңбырлатып, селдетіп,
Шаттандырып біздерді,
Шат шадыман күз келді.
Шатыр тікті сары алтын,
Шартараптың бәрі алтын.
Алып келді мереке,
Астық, жеміс береке.
Батырлыққа жараса,
Көбейді той тамаша
Ән салды өзен, тал – құрақ,
Шашу болды жапырақ.
Армысыздар құрметті ата – аналар, қонақтар, балалар! Алтын күз мерекесі құтты болсын! Ел байлығын арттырған беркелі де, мерекем де, мерекелі күз мезгілі.
Сары алтындай сары күз себетке толы жемісін, қамбаға толы егінін сыйлайды. Олай болса «Балдәурен» тобының «Алтын күз» атты кешімізді бастаймыз.
Бүгін, міне, қуандырып біздерді
Берекелі күз келді, мерекелі күз келді!
Жүргізуші:
Ой балалар! Естіп тұрсыңдарма? Жаңбыр жауайын деп тұр
жаңбырдың даусымен залға бұлт кіреді
Бұлт: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе!
Бұлт: Күзгі көк бұлт мен болам
Көтеріліп теңізден,
Аспанға биік барамын
Қаласам қазір сендерге
Жаңбыр болып жауамын.
Балаларға жаңбыр шашады.
Жүргізуші:
Жаңбыр, жаумай тоқтай тұр,
Дабылыңды соқпай тұр.
Үйріңді қақпай тұр!
-Біз саған арнап ән айтып береміз.
Жүгізуші:
Балдәурен тобының орындауында «Алтыын күз» әнін қабыл алыңыздар.
Ән «Алтын күз»
Бұлт: Рахмет, балалар! Қандай әдемі ән. Сендер жаңбырдан қорқасыңдар ма?
Балалар: жоқ жүргізуші блдірмей зонтикті алады
Бұлт: Қалай сендер барлықтарын батылсындар?
Жүргізуші: Міне біз қандай батылмыз!
Бұлт сенімен өте көнілді. Бірақ бізге әлі біреу жетіспейтін сияқты.
Бізде күн жоқ екен.Қане ,балалар бәріміз мейрамызға күнді қонаққа
шақырайық балалар орындарына отырып,қолдарын шапалақтап
аяқтарын тыпырлатып, күнді шақырады.
Күн келеді
Күн: - Сәлеметсіңдерме балалар! Сендер мені шақырдыңдар ма, достарым?
Балалар: - Иә!
Күн: Мен жарқырап төбеде
Нұрын төгіп тұрамын.
Шуақ шашып бәріне
Бала жанын ұғамын
Бұлт: Күн тоқтай тұр!
Сөзіме менің құлақ тұр.
Ішім толы суға,
Сусыз өмір бола ма?
-Ендеше мен бәріне керекпін,мен мықтымын!
Күн: Жоқ мен мықтымын!
Бұлт пен Күн дауласып, аяқтарын топылдайды
Жүргізуші: -Тынышталындар, дауласпандар! Балалар, Күн мен Бұлтты татуластыру үшін
Күз ханшайымын қонаққа шақырайық. Ұл мен қыздырымыздың биін тамашалайық, күз бізді байқап өзі де келіп қалар.
Би «Күзгі вальс»
Күз келеді музыка әунімен күз билеп келеді
Күз: Сәлеметсіндер ме, балалар!
Ырысқа толы қоймалар,
Сабан тойы тойланар.
Берекелі күз болам,
Байлыққа мұртың майланар.
-Сендер мені шақырдыңдар ма?
Жүргізуші Сәлеметсіз бе, Алтын күз!Сізді шақырған біздің балалар.Алтын күз сен бізге көмектесші Бұлт пен күн кім мықты кім бірінші деп дауласып тұр.
Күз Олар неге дауласады?Қане балалар, Күн мен Бұлтты татуластырайық.
Ол үшін ойын ойнайық .
Ойын «Жемістер мен көкөністер»
Кілемнің үстінде жемістер мен көкөністер шашылып жатады 2-4 бала шығып,
Біріші себетке жемістерді, екінші себетке көкөністерді жинайды.
Жүргізуші: Алтын күзге арнлған өлең шумақтарын кезек берейік
Жанерке: Көк майсалы көрікті
Алқаптағы көп егін.
Бұл күндері киіпті
Сары жібек көйлегін.
Аружан: Жел тынымсыз гуілдеп,
Болып кетті тым бұзық.
Шуылдайды тал, терек
Жапырағын жұлғызып.
Әдемі: Алтын сары, қызыл, көк...
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады жапырлап.
Айзере: Күншуаққа маужырап,
Жатыр еді атырап.
Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.
Нұрлан: Таудан салқын жел соқса,
Сыбдырлайды қалтырап.
Жақын қалды желтоқсан,
Жабырқайды жапырақ.
Бақдәулет Б: Әй, алақай, тамаша,
Шашу шашты жапырақ.
Бақтың іші – алаша,
Ануар ма еді жатып ап!..
Д. Мөлдір: Дамылдап жатқан балғындай
Тоқтатты сулар тасуын.
Ағаштар алтын жамбыдай
Шашады жерге шашуын.
Балжан: Қиқулап көкте жүзеді
Құстардың керуен тізбегі.
Күйекте күйлі мал қанша,
Қырманда толы дән қанша.
Алтын күз әсем айналам,
Қараймын көзім талғанша.
Назым: Үркіп үйрек, қаздары,
Шулайды көл қоғалы.
Дәурен өтіп жаздағы
Күздің желі соғады.
Кейде құйын өтеді.
Тозаңдатып жан-жақты.
Бауыржан: Кейде құйын кетеді
Доп қылып ап қаңбақты.
Бейне тентек баладай
Ойран-асыр салады.
Алма бағын жағалай
Алмаларын қағады.
Е. Еркеназ: Ұшты талдан жапырақ
Сары көбелек секілді.
Аспанда жай шытырлап,
Тамшы жерде секірді.
Еркеназ Ж: Барын бәріп халыққа,
Жұмыстан соң қалжырап,
Дала ұқсайды алыпқа,
Дамыл алған маужырап.
Нұрсия: Жайдары күз, жарқын күз,
Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толы ен далам
Дариядай шалқып жүр.
Әсемай: Мерейлі күз, мырза күз.
Сыйлағыңа ырзамыз.
Аппақ арай таңыңда,
Шомыламыз нұрға біз.
Жарқынай: Күнді көрсе толағанар,
Бұлтты көрсе шамдалар,
Қысты қазір жолатпа,
Тола түссін қамбалар,
Ерасыл: Көк аспанның мөлдіреп,
Алтын күзім елжіреп,
Асыр салып жүре бер,
Сары көйлегің желбіреп.
М. Мөлдір: Алтын сары, қызыл, көк...
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады жапырлап.
Алдияр: Таудан салқын жел соқса,
Сыбдырлайды қалтырап.
Жақын қалды желтоқсан,
Жабырқайды жапырақ.
Жүсіп: Күншуаққа маужырап,
Жатыр еді атырап.
Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.
Жүргізуші:
Қызыл, сары, алтын көк
Алуан алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп.
Көз тартады жадырап.
Би: «Күзгі жапырақтар»
Айдана: Көктемде егін егетін,
Күзде жиып беретін
Біздің дала – бай дала,
Ел егінді жинайды.
Қырманға дән симайды.
Назерке: Біздің дала – бай дала
Алтын астық айнала.
Астық дала сәулеті,
Астық – Отан дәулеті.
Біздің дала – бай дала,
Алтын астық айнала.
Аяулым: Нарттай қызыл алмам бар,
Мәз болады алғандар.
Жазда әдемі киінем.
Тілді балдай үйірем.
Амина: Көктемде ерте гүлдеймін,
Кешугіді білмеймін.
Піспей тұрған кезімде:
«Менен аулақ жүр», - деймін.
Уылжығын өрікпін,
Бау-бақшаға көрікпін.
Балжан: Тіл үйірген шырыным,
Жемістердің бірімін.
Мен маржандай шиемін,
Ұнатамын күн нұрын.
Жүргізуші: би: «Қырманға кел қалқатай»
Нұртас: Жетті желмен алтын күз,
Жеміс жинау – салтымыз.
Толтырады астық қамбасын
Той-думанды халқымыз.
Ердәулет: Алма өрікті қамбаларға
Толтырды әкеп алтын күз.
Шәкірт болып парталарға
Отырды екен алтын күз.
Бұлт болып та Алатауға
Байланыпты алтын күз.
Дастарқанды таба нанға
Айналыпты алтын күз.
Шамсат: Самал қозғап қалғанда,
Үзілді сары алма.
Шолып едім бақшаны,
Қауын біткен сап-сары.
Дамир: Сары жапырақ түзілген
Торғайды да көрдім мен.
Көрінеді шалғайда.
Бел-белестер сарғайған.
Нұрғалым: Қыстың жақын қалғанын
Жапырақтар білгендей.
Желмен ұшып барады,
Жерге қонып үлгермей.
2018 жылдың күзгі сән үлгісінің топтамасы
Жүргізуші: «Күз қандай тамаша»
Жүргізуші: Алтын күз, Бұлт, Күн топқа барып қонақ болыңыздар.
Сары жібек көйлегін желбіретіп,
Жапырағын ағаштың селжіретіп.
Тойға бөлеп елімді күзім келді,
Нұр тамшысын аспанның мөлдіретіп.
Жапқандай жапырағымен іздерді,
Қуанып байлығымен ізгі елді.
Бір тойдырып қайту үшін елімізді,
Сабырлы сары алтын күз келді.
Деп біз бүгінгі «Алтын күз» атты кешімізді аяқтаймыз. Күзге айтарымыз берер сыйы жылдан жылға көп болсын. Елімізде тыныштық, береке болсын. Жомарт күздің сыйы жыл бойы халқымыздың ақ дастарханына тойға қойылсын.
Берекелі бақ – дәулет
Арта түссін тойланып.
Сау болайық бәріміз,
Келгенше күз айналып!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген