жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ертеңгілік: "Алтын күз"
Тақырыбы:
«Алтын күз»
(Залдың
іші күз мерекесіне сай
безендірілген)
Мақсаты.Балалардың
күз мезгілі туралы алған білімдерін
тиянақтау,күз ерекшеліктерін, күз айы
ұғымдарын түсіндіре отырып,балаларға
мерекелік көңіл күй сыйлау.
Жүргізуші:
Қуандырып біздерді
Мерекелі күз келді
Кел жемісті «Алтын күз»
Кемелденсін халқымыз.
Құрметті
ата-аналар,балалар,тәрбиешілер, «Алтын
күз» атты мерекесіне қош келдіңіздер!
Күз мезгілі берекелі,мерекелі ай
болғандықтан,әр отбасына береке,бірлік,мол
астық,зор денсаулық,мол байлық тілейміз!
Жүргізуші: Уа, халайық, халайық
Мұнда назар салайық
Алтын күзге арналған
Кешімізді
бастайық
Ән:
«Күз ырғағы»
Жүргізуші: Балалар бақшасында бүгін той
Балалардың мерекесі біліп қой
Алақай-ау, алақай,
Той тойлайық балақай
Қызарғанша алақан,
Қол соғайық балақан
Тақпақ айтып кезектесіп бір-бірлеп,
Кел қосылып ән шырқайық, би билеп
Біздің
балаларымыз жылы лебіздерін жыр етпекші,
қабыл алыңыздар!
Әдемі:
Сап-сары ғып даланы, Айдар:
Алақай, алақай!
Бояпты ғой күз деген. Шаттандырды балақай.
Құстар қанат қағады, Күз түсті,дән пісті,
Қоштасқандай бізбенен. Айтамыз алғысты Айша: Береке, бақ дарыған Алихан: Тамсандырып таңдайды,
Жомарт көңіл, жарқын күз Жеміс-жидек піседі
Сары алтынға малынған Жапырақтар сарғайып
Жетті міне, алтын күз Жер бетіне түседі
Амина: Ән салыңдар, күліңдер Алишер: Түсті алтын жапырақ
Жайнап гүлдей жүріңдер Ағаштан үзіліп
Күздің тойын тойлайық Ұшты ұзақ сапарға
Би билейік ойнайық Тырналарша үзіліп
Би: «Жемістер мен көкөністер полькасы»
Жүргізуші: Ал, балалар,балалар, Енді бері қараңдар Бізге қонақ келмекші Сендерді бір көрмекші
Әуелі жұмбақ жасырам
Қулығымды асырам.
Таба алсаңдар шешімін
Қонағымды ортаға шақырамын.
Жұмбақ: Өрік алма, шие алша
Жидек жүзім піседі
Қауын , қарбыз , қияр,сәбіз
Дүкендерге түседі
Астық пісіп, орақ түсіп
Қырман дәнге толады
Бөбектерім айтындаршы бұл қай кез де болады?
Жүргізуші: Ендеше ортаға Күз ханшайымын шақырайық.
Балалар: Күз мезгілінде (Әуенмен күз ханшайымы кіреді.)
Жүргізуші: Олай болса ортамызға «Күз ханшайымын» шақырайық!
Күз
ханшайымы: Сәлем
менің достарым,
Өмірге көп қосқаным,
Күз сыйлығын алыңдар
Сыйлығына қаныңдар.
Молшылыққа кенеліп,
Шаттық әнге
салыңдар.
-Сәлеметсіңдер
ме, балалар, ата-аналар мен қонақтар!
Бүгін сендердің мерекелеріңе құр келген
жоқпын, жомарт күз сыйын ала келдім.
(қолындағы жемістерді тәрбиешіге
ұсынады) Ал, енді мен балалардың білімдерін
байқап көргім келеді, ол үшін мен сендерге
әзірлеп келген сұрақтарым бар.
Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Қазір жылдың күз мезгілі
Күз – осень – Оутум
Күз айларын атаңыздар?
Балалар: Қыркүйек, қазан, қараша.
Күзде қандай құбылыстар болады, қайдан білеміз күз екенін.
Балалар: Күн салқын болады, Жаңбыр жауады.....
Жарайсыңдар, бәрін дұрыс айттыңдар
Жүргізуші: Қош келдіңіз Күз ханшайымы біздің бөбектеріміз сізге арнаған ән би, тақпақтары бар соларды бірге тамашалаңыз
-Ал, балалар өнерімізді көрсетейік, мерекені тойлайық.
Ән: «Алтын күз»
Жансая:Берекесін сыйлауға, Тахир:Күздің қазан айында
Өлкемізге күз келді. Алма, алмұрт піседі.
Жемістерін жинауға Жапырақтар сарғайып
Шақырады біздерді. Жер бетіне түседі.
Ислам: Күзім, күзім,күзім Ангелина:Алтын, алтын сары алтын
Пісті алма, жүзім. Алтын күзде нұр жатыр.
Тұрғанда бәрін күз беріп Ақ бидайды оратын
Кел алайық біз теріп Алақай-ау күн жарқын
Әмірхан: Жаздай күткен бәріміз Айзере: Алтын, сары, қызыл, көк
Сары алтындай сары күз. Алуан-алуан жапырақ
Алтын ұя бақшада Күзгі бақта күлімдеп
Ойын бастар шағымыз. Көз тартады атырап
Күз ханшайымы: Балалар, ойын ойнағыларың келе ме?
Балалар: Иә
Күз ханшайымы: Өте жақсы, менің сендермен «Түрлі түсті жапырақтар» ойынын ойнағым келіп тұр.
Шарты: Ойынға үш бала қатысады. Біреуі сары жапырақ, біреуі қызыл жапырақ, біреуі жасыл түсті жапырақтарды өз себеттеріне жинайды
Күз ханшайымы: Жарайсыңдар балалар, өте тамаша!
Жүргізуші: Күз мезгілінде жиі жаңбыр жауған кезде, қолымызға не ұстаймыз?
Балалар: Қолшатыр – зонтик-
Жүргізуші: Ендеше биші балаларымызды «Қолшатыр» биіне шақырайық
Би: «Қолшатырлар»
Жүргізуші:
Балалар,
бізге тағы бір қонақ келе жатыр.Қандай
қонақ екенін білгілерің келсе мына
жұмбақты табуларың керек,
тыңдаңдар:
Жұмбақ:Менің
атым ұзынқұлақ
Ылғи түнде
жортамын
Қалдырмаймын
ізімді
Өте қатты
қорқамын.
Балалар:
Ол қоян
Залға қоян келеді:
-
Сәлеметсіңдер ме балалар! Сендерде
болып жатқан қандай той? Қандай
көңілдісіңдер?
Жүргізуші:
Сұр қоян, біз бүгін «Алтын күз» мерекесін
тойлап жатырмыз.
Қоян:
Мен сендердің дауыстарыңды естіп,
сендерден көмек сұрай келдім. Менің
азығым сәбіз екенін білесіңдер. Сол
сәбіздерді бақшадан жинап берулеріңді
өтінемін.
Ойын:
«Сәбіз жинау»
Шарты:
Балаларды екі топқа бөліп, сәбізді
себетке жинап, жарыстыру. Оны қоянға
сыйлау.
Қоян:
Ой,
рахмет, балалар!
Жүргізуші:
Қоянжан
енді көңіл-күйіңді көтеріп, балалардың
өнерлерің тамашала.
Біздің балалар орыс тілінде де тақпақтар біледі соларға кезек берейік.
Айлы: Наступила осень Диана: Осень, осень погоди
Пожелтел наш сад И с дождями не спеши
Листья на березе Дай еще нам лето
Золотом горят Солнышко и света
Максат: Птички улетели Милена: Листопад,листопад
Стали дни короче Листья падают летят
Солнышко не видно Листья желтые кружатся
Темны, темны ночи И на землю все ложатся
Ән: «Жаңбыр»
(Қоян өзінің алғысын білдіріп, қоштасып залдан музыка әуенімен шығып кетеді)
Ертегі сахналау: «Шалқан» ертегісі
Қатысатын балалар: Атай - Әмір Тимур, Әжей – Әдемі, немере қыз – Ангелина, ит – Ислам, мысық – С.Аружан, тышқан – Айзере.
Жүргізуші: Ал енді балаларымыздың ағылшын тілінде әзірлеген тақпақтарын қабыл алыңыздар!
С.Аружан: Оутм, оутм Әмір Темір: Даун, даун
Биютефул энд сэд Елоу энд браун
Мэнэй, мэни ливес Зэ ливес э фоллинг
Еллоу энд ред Зэ ове зэ таун
Амира: Зэ ливес фоллинг И.Аружан: Зэ санфлауер чилдрен
Уан бай уан Нот ту зэ сан
Саммэ овэр Саммэ из овэ
Скулс бегин Фол хаз бегин
Жүргізуші: Өте жақсы, өнерлерің өрге жүзсің! Ендігі кезекті «Қаңқыздар» биіне берейік.
Күз ханшайымы: Балалар мен сіздердің ата- аналарымен ойын ойнағым келеді.
Ойын: «Жеміс пен көкөніс жинау» (Ата-аналармен ойнау)
Күзханшайымы: Балалар сіздер керемет өнер көрсетіңіздер көп-көп рахмет, Мен енді кетейін, сау болып тұрыңдар! Келесі кездескенше аман-саушылақта болсын!
Жүргізуші: Сау болыныз (Барлығы бірге)
Келді міне алтын күз,
Сары шашты жарқын жүз.
Мол өнімді ісімен,
Таңдандырып халқын күз.
Сонымен қатар біздің ата –аналарымызғада біздің күздің сыйлығы бар соны қабыл алыныздар
Ата - аналарды марапаттау.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі «Берекелі Алтын күз» -атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз.
«Берекелі бақ дәулет,
Арта түссін тойланып
Сау болыңдар қонақтар,
Келгенше
жыл айналып.»

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген