400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ертеңгілік. "Алтын күз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бала бақшаға арналған ертеңгілік. Мектепке дейінгі топтарға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Берекелі, Алтын күз!»


Мерекеге сай безендірілген зал. Әдемі сазды әуен ойнап тұрады.

Күз ханшайымы:

-Армысыздар, құрметті қонақтар, ата-аналар, асыға күткен күз мерекесі де келіп жетті, баршаңызды алтын күз мерекесімен құттықтаймыз! Құттықтай отыра, бүгінгі біздің балабақшамыздың «Берекелі, Алтын күз»!» атты ертеңгілікке қош келдіңіздер!

Мерекесі халықтың,

Алтын күзді бастайық.

Алтын күзге арналған,

Ертеңгілігімізді бастайық.

Ортамызға мерекеміздің сәнін келтіретін бүлдіршіндерімізді шақырып қарсы алайық! (Музыкамен Бәйтерек, Теремок тобы кіреді)

Күз ханшайымы:

Ой, балалар, біреудің жүрген дыбысы шығатын сияқты. Кім болды екен? (Аю кіреді де жемістер мен көкөністерді шашылып жатады, қысқы азығымды жинайын деп ахлеп-ухлеп жинай бастайды).

Күз ханшайымы: Барып сұрайыншы аю нестеп жүр екен.

Күз : Аюжан, нестеп жүрсін?

Аю: Жаз бойы өсірген жемістерім мен көкөністерімді жинап жүрмін.

Желдін дауысы шығады

Аю: Күн болса суытып барат тездетіп ініме барып ұйықтайын.

Күз ханшайымы: Аюжан, ұйықтағаны несі? Одан да «Балдәурен» бақшасындағы алтын күз мерекесін тамашаласыншы.

Аю: Жоқ. Менің ұйқым келді. Ұйықтаймын.....

Күз ханшайымы: Балалар, мерекені тамашаламай ұйықтап қалды. Қане бәріміз аюды оятайықшы

Бәрі бірге: Аю, аю тұршы

Түлкі шығады. (Музыкамен қуланып түлкі шығады, артынан қуып қасқыр, ит шығат)...

Қасқыр: Түлкі, түлкі сандығында не бар екенін бізге де көрсетші

Түлкі: Жоқ, көрсетпеймін.

Аңдар: Көрсетші, көрсетші.

Күз ханшайымы: Түлкіжан, нені көрсетпей жүрсін? Бұл сандықты сен қайдан алдын? Бәріміз бірге көрейік.

Түлкі: Жана бір қоянды алдап қолынан тартып алдым деп қуланып күлет...

Күз ханшайымы:Түлкіжан, олай істеуге болмайды. Бәлкім ол сандықтың ішіндегі зат қоянға қажет болар......

( Түлкі сандықты ашады... жеміс жидектерді атайды)

Түлкі: Ой, балалар мынау ненің суреті білесіңдер ме?

Күз ханшайымы: Аюжан, Түлкіжан біздің балалардың осы жеміс-жидектердің атауын атап қана қоймай,күз туралы жыр шумақтар да айта алады.. Соны қабыл алыңыздар!

Тақпақтар, Орындайтындар: Бәйтерек тобы

Күз ханшайымы: Түлкіжан, Аюжан біздің балалар тақпақ қана айтып қоймай ән де айта алады. Біздің бүлдіршіндердің орындауында «Күз» әнін қабыл алыңыздар!

Ән: «Күз» Орындайтындар: «Бәйтерек» тобы

Түлкі: Балалар, сендер болмасандар бұл сандықтын ішінде не бар екенін білмейді екенмін. Сендерге рахмет. (Түлкі мен аю бірігіп ертеңгілікті тамашалайды, жапырақтарды жинап жүреді

Жүргізуші:

(Ата кіреді Қолында тоқаштары бар.)

Ата: Армысыңдар қонақтар, мен сендерге ауылдан келдім. Күзде егін жиналды, бидайдан ұн жасалды, апаларын сендерге арнап тоқаш жасап жіберді.

Жүргізуші: Астық өсіріп, нан алу үшін диқаншы қырманда жер жыртып, дән себеді, күзде егін орылып, жиналады, нан өте қасиетті қастерлі тағам. Олай болса біздің кішкентай бүлдіршіндеріміздің «Қырманға кел» биін тамашалайық...

Би: «Қырманға кел»

Орындайтындар: «Теремок» тобы.

Жүргізуші: Ата, сіз біздің балабақшадағы тәрбиеленушілеріміздің өте тәртіпті, тәрбиелі, білімді, өнерлі балалар екенін көрдіңіз. Сіз шаршаған шығарсыз енді сіздің құрметіңізге Айару қызымыздың «Ата – ананы тыңдаймыз» атты ән шашуын қабыл алыңыз.

Ән: «Ата – ананы тыңдаймыз»

Орындайтын: Ерболқызы Айару

Күз ханшайымы: Құрметті қонақтар! Балалардың орындауында көңілді биін қабыл алыңыздар!

Би: «Арива» Орындайтындар: Бишілер тобы «Теремок » тобы

Жүргізуші: Аюжан, түлкі, балақайлар сендердін көңілдерінді көтеру үшін менің кішкентай көбелектерімнің биін тамашаландар....

Би: Көбелектер... «Ертөстік » тобы

Түлкі айтат: (Қуланып күледі де)

  • А, балалар, сендер және маған өздеріңнің білімдерінді көрсетіп, тақпақ, ән, билерінді көрсетіп жатырсыңдар, ал сендер ертегі айту білесіңдер ме?

Тәрбиеші: (балалармен бірге): Әрине, түлкіжан. Біздің балалар осы балабақшада күнде ертегі тыңдап, оны сахналап үйренген.

Түлкі: Ал, қандай ертегілер білесіңдер, маған бір - екеуін айтып жіберіңдерши.

Тәрбиеші балалармен: Мақта қыз бен мысық, Бауырсақ, Шалқан ертегісі.

Ән: Азатқызы Венера

Күз ханшайымы: Түлкіжан біздің балабақшамыздың білімді балаларымен дауласқанша, одан да сол «Бәйтерек» тобының «Көкөністер сөресі» биін тамашалайық.

Түлкі: Иә

Күз ханшайымы: Олай болса, бүлдіршідеріміздің «Көкөністер сөресі»
тамашалаңыздар!

Би: Орындайтындар: «Бәйтерек» тобы

Жүргізуші: Ендігі кезекте «Теремок» тобының күз мезгіліне арналған жыр-шумақтарына кезек берейік

Тақпақтар, «Осень в лесу» - Орындайтындар : теремок тобы

Жүргізуші:

Әсем ерен достарым,

Өмірге көп қосқаным.

Қымбатты сый алыңдар,

Қызығына қаныңдар.

Молайтыңдар шаттықты,

Би билеңдер бақытты, - дей отыра ендігі кезекті тамаша бір биге берейік.

Би: . «Кукарелла»

Орындайтындар : «Бәйтерек» тобы.

Түлкі айтат: Күз ханшайымы, менің ән шырқағым кеп тұр.

Жүргізуші: Олай болса, түлкіжан, Аяла қызымызбен бірігіп ән шырқаңыз.

Ән: «Тамаша күз» Орындайтындар: Төлеубек Аяла

Түлкі мен Аю айтат: Күз ханшайымы бүгінгі кеш бізге ұнады, балалар сондай өнерлі екен. Біз енді қайтайық бізді басқа балабақшаның балалары тосып отыр, келесі кездескенше сау болыңыздар!

Жүргізуші: Тобымызға баруға жиналайық, келген қонақтарымызға сау болыңыздар дей отырып , күз берекелі, астықты болсын демекпіз!



















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 ақпан
420
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі