жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ертеңгілік: "Алтын күз"
« Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің« № 19 бөбекжай – бақшасы» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Ашық ұйымдастырылған оқу
қызметі
Тақырыбы: «Ғажайып саяхат»
«Ботақан » ересектер тобы
Дене шынықтыру нұсқаушысы: М.Қ. Темербекова
Білім беру саласы : «Денсаулық»
Бөлімі: «Дене шынықтыру»
Тақырыбы: « Ғажайып саяхат»
Мақсаты: Балалардың шынықтыру жаттығуларына деген қызығушылығын
арттыру, әр түрлі дене қимылдарын саз ырғағымен орындауға
жаттықтыру, психо-физикалық қасиеттерін дамыта отырып,
қимыл-қозғалыс дағдыларын жетілдіру,достық қарым-қатынаста
болуда тәрбиелеу.
Билингвалды сыңары: саусақтар- пальцы,қол- рука, аяқ –нога,
жалпақтабандылық- плоскостопия
Инновациялық технология : «Денсаулық »
Қолданылатын құрал-жабдықтар: гимнастикалық орындық,асықтар,орамал, үгу добы, степ –тақтайша,түймелі кілемшелер ,шығыршық, таяқша.
Іс-әрекет кезеңдері |
Нұсқаушының іс-әрекеті |
Балалардың іс- әрекеті |
Дәлелді түрткі болатын
Ұйымдастырушы - ізденуші |
«Марш»әуенімен балаларды кіргізіп, бірінің соңынан еріп жүру,аяқ ұшымен, өкшемен, «жыланша» ирелеңдеп жүгіру, белгі бойынша бағытты өзгерте жүру және жүгіру,секіру жаттығуларын жасату. Бүгінгі оқу қызметіміз ерекше болмақ,бізге көп қонақтар келіп отыр кәне амандасып алайық. Достар бірге жүреміз, Бірге ойнап күлеміз. Қонақтарға ізетпен, Иіліп сәлем береміз.
Медитация: «Құмырадан су құю» Өз бастарыңды әдемі тұтқалы « құмыра» деп елестетулеріңді ұсынамын, шеңбер бойына тізерлеп отырып бастарымызды баяу төмен түсіреміз, ондағы реніш, ауру, зұлымдықты төгіп, оны таза сумен жақсылыққа, татулық пен имандылыққа толтырамыз. -Балалар сендерді көтерінкі көңіл күйде көру қандай қуанышты.Бүгін сендермен ғажайып саяхатымызды «Денсаулық» әлеміне жасаймыз. «Денсаулық» туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?
Біздің көмекшілеріміз – қол мен аяқ туралы не білесіңдер? Олар не үшін керек? Сендердің аяқтарындағы қолдарындағы саусақтарың не істей алады? Қолдың,аяқтың , орысша, ағылшынша баламасы? Қол-рука,hand Аяқ-нога,foot Саусақтар-пальцы,finger -Ал, қолмен аяқ несімен ұқсайды? -Дұрыс! -Тағы да саусақтардың не істей алатынын білгілерің келеді ме? Олай болса саяхатқа шығуға дайындалып алайық.
-Көздеріміз дайынсыңдар ма?
-Құлақтарымыз дайынсыңдар ма?
-Қолдарымыз дайынсыңдар ма?
-Аяқтарымыз дайынсыңдар ма?
-Дайынсыңдар ма?
Саусақ жаттығуы: «Салат» Сәбізді алып тазалаймыз, Үккіштен үгіп майдалаймыз. Бұрыш сеуіп дәмдейміз, Қаймақ құйып сәндейміз. Міне, дайын нәр тағам, Дәруменге байыған.
«Ғажайып іздер» арқылы жолға шығайық.
Міне , «Денсаулық » әлеміне келіп жеттік. -Денеміз сымбатты, шымыр болу үшін степ-аэробика жаттығуғын жасайық.
«Степ- аэробика» 1.Б.қ. аяқ сәл алшақ тұрады, бір орында жүру. 2.Б.қ. қолды көтеріп (шынтақтан бүгіп) 1-степ тақтайшасына оң аяқпне, 2-сол аяқпен міну,3-оң аяқпен түсу.4-степ тақтайшадан түсіп б.қ. келу 4-5 рет. 3.Б.қ. қолды көтеріп(шынтақтан бүгіп) степ тақтайшасына секіріп мініп, түсу,алдына оң аяқпен түсіп, сол аяқпен кері шегіну арқылы мініп түсу,б.қ.келу.5р. 4.Б.қ. степ тақтайшаға қырымен сол аяқпен шығып оң аяқты тізеден бүгу,бірден қолды екі жанға созу б.қ. келу.оң аяқпен шығып,сол аяқты тізеден бүгу,қолды жанға созу. б.қ. келу. 5-6 рет 5.Б.қ.степ тақтайшасына отырып, аяқты кезек-кезек бүгіп,созу,степ тақтайшасынан бір айналып жүру,қайта отырып аяқты екі жаққа созып,жинау б.қ. келу 5-6 рет. 6.Б.қ. степ тақтайшасына шығып,бір аяқпен тұру, қолды екі жанға созып тепе- теңдікті ұстап тұру б.қ. келу. Сол аяққа алмастыру, 2 рет қайталау.
-Деніміз сау болу үшін не істеу керек? Олай болса, спорттық жаттығуларды бірге орындайық.
Негізгі қимыл- қозғалыс жаттығулар:
1.Шығыршық ортасынан төрттағандап еңбектеп жүру.
2.Гимнастикалық орындық үстінен секіру.
3.Гимнастикалық орындық үстінен тартылу.
Йога жаттығулары:
Қимылды ойын: «Сиқырлы таяқша»
|
Тапсырмаларды орындап сап түзеп тұрады.
Балалар қонақтармен сәлемдеседі.
Шеңбер бойына тізерлеп отырып,нұсқаушының тапсырмаларын орындайды.
«Дені саудың- жаны сау» «Спорт-денсаулық кепілі!» «Денсаулық-зор байлық»
Беті қолды жуады,жазу жазады,затты алу үшін, сурет салады, жапсырады Аяқпен жүреді, жүгіреді, секіреді.
Олар саусақтарымен тырнақтарымен ұқсайды
Балалар өзідігінен уқалау жаттығуларын орындайды.
Көздерін ашып жұмады Ия! Алақандарымен көздерін жабады. Ия!Құлақтарын ысқылайды. Саусақтарын сылайды. Ия! Шаталақтайды. Аяқтарын сылайды. Ия!Аяқпен топылдатады. Қолдарын жандарына созады. Ия! Өздерін қүшақтайды. Бір тізбекпен түймелі жолдар арқылы жүреді.
Мәтінге сәйкес саусақ қимылдарын жасайды.
Балалар шеңбер бойымен жүріп келіп үш қатарға тұрады.
Степ –аэробика жаттығуларын қызығушылықпен орындайды.
Демді ішке тартып, бірден шығару.
-Спортпен айналысамыз
Тізе мен колды бүкпей еңбектейді.
Орындықтың шетінен ұстап арлы-бері секіріп түседі. Орындық үстінде ішпен жатып, екі қолдың көмегімен алға қарай тартылады.
Малдас құрып тік отырып, демді ішке тарту.
Табандарын бір-біріне беттестіріп,аяқты сермейді.
Етпетінен жатып,басты шалқайтып аяққа жеткізу. Тізерлеп отырып басты төмен иіп,жоғары көтеру Демді ішке тартып, бірден шығару
|
Рефлексивті түзетуші |
«Массаж» Жалпақ табандылықты алдын-ала емдеу әдістері:
1.«Қырықаяқ»
2. «Барабан таяқшалары»
3. «Саусақтар ойнайды»
4. «Айналмақ»
-Балалар сендер қол мен аяқ саусақтарының не істей алатындығына көз жеткіздіңдер.Бүгінгі ғажайын саяхатымыз сендерге ұнады ма? Сендерге денсаулық тілеймін. Әрдайым салауатты өмір сүріңдер. Балаларды мақтап мадақтап сыйлығын табыстайды. Ал, енді қайтатын уақыт болды. «Ғажайып іздер» арқылы тобымызға барайық.Сау болыңдар!
|
Балалар шеңбер бойына тұрады Аяқ саусақтарын жиырып, өкшемен алдыға жылжиды. Аяқ саусақтарымен топылдатады, қабыстырып ашады. Майда ойыншықтарды аяқ саусақтарымен ұстап орамалға салады, бұрыш- бұрышын жабады. Массаж добын табан астына қойып, айналдара домалатады
-Ұнады.
Балалар қоштасып, бір тізбекпен шығады. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Дене жаттығулары денсаулықты шыңдайтынын, ептілікті, күшті және
шыдамдылықты дамытатынын.
Меңгеруі: Жүру дағдысын және қозғалыс бағытын өзгертіп жүгіруді, жаттығу
ережелерін өздігінен дұрыс орындау іскерлігі.
Жасай алуы: Гимнастикалық орындық үстінен арлы-бері секіруді,ішпен алға
тартылуы,төртағандап жүру,тепе-теңдікті сақтап түзу жүруді.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген