Материалдар / Ертеңгілік "Алтын күз"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ертеңгілік "Алтын күз"

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақшаларға арналған ертеңгілік
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Желтоқсан 2019
341
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

(музыка әуенімен қолдарына жапырақтар ұстаған балалар кіреді)

Мақсаты: Балаларды күз әлемімен таныстыруды жалғастыру. Күз мезгіліндегі өнім көкөністерден көрініс сахналандыру. Балалардың ойын, ән, билер арқылы күзгі мерекелік көңіл-күйлерін көтеру. Табиғатты сүйіп, қорғауға, аялауға тәрбиелеу.

Жүргізуші:Құрметті қадірменді қонақтар, құрметті ата-аналар баршамызға күз мерекесі құтты болсын!

Бүгін біз сендермен жыл мезгіліндегі ең тамаша мереке «Күз көркемдігі» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Мереке бақ дарыған,

Жомарт, жарқын Алтын күз.

Сары Алтынға малынған

Жетті міне жарқын күз!

«Күз мезгілі тамаша»

Балалар ал енді мерекемізді бастаймыз, қане орнымызға жайғасамыз. Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын, ал сендер шешімін тауып көріңдер.

Бұлттар төгіліп, жерге шөгіп

Дымқыл тұман басады

Шөп сарғайып, өңі тайып

Дала сұры қашады

Бой жаза алмай, ойнай алмай

Денең мұздап тоңады,

Бөбектерім айтыңдаршы

Бұл қай кезде болады? (Күз)

Жүргізуші: Балалар дұрыс айтасыңдар. Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?

-Балалар енді бері қараңдар.

Бізге қонақ келмекші,

Сендерді бір көрмекші

Әуелі жұмбақ жасырам

Қулығымды асырам

Табалсаңдар шешімін

Қонағымды ортаға шақырамын.Енді менің екінші жұмбағымның шешімін тауып көріңдер.

Көк майсалы көрікті,

Алқаптағы көп егін

Бұл күндері киіпті

Сары жібек көйлегін.(Күз ханшайымы)

Жүргізуші: Өте дұрыс айтасыңдар, балалар «Алтын күз» екен. Бүгінгі мерекеміз балалар тек қана «Алтын күзбен» қызықты өтеді балалар, сондықтан біз Күз ханшайымымен ортаға шақыруымыз керек. Қане бәріміз бірге айтамыз.

Келші, келші Алтын күз

Ортамызға жарқын күз.

(Ортаға Күз ханшайымы шығады)

Күз: Армысыңдар балалар! Күзгі баққа келген қонақтар, армысыңдар!Балалар мен сендерге күздің сыйын ала келдім, күздің сыйы көз тартады!

Жүргізуші:Қош келдің Алтын күз біздің мерекемізге! Ал енді қолыңыздағы жемістерді біздің балаларға берсек қалай болады?

Күз:Иә, бірақ бұл жемістерді баптап өсіру үшін менің бағбандарым қаншама еңбек етті. Сондықтан балалар, мен сендердің өнерлерің мен білімдеріңді тамашалап қарап, менің бағбандарымның еңбегіне сай болсаңдар өзіммен алып келген жемістерімді сыйға тартамын.

Жүргізуші: Олай болса, балалар бүгін біз Алтын күзімізге өнерімізді, биімізді, тақпағымызды, өлеңімізді көрсетейік. Балалар біз Алтын күзді өнерімізбен таңқалдырайық.

Күз: Балалар, күз мезгілінде неше ай бар? (Қыркүйек, қазан, қараша)

Раяна

Сыңғырлайды қоңыраулар,

Қыркүйек айында

Сағынышпен біз барамыз

Өнер білім тойына.

Әли

Қазан айы басталды

Құстар қайта бастады.

Жапырақтар ағаштан

Жерге түсе бастады.

Амина

Күздің қараша айында

Алма,алмұрт піседі

Жапырақтар сарғайып

Сыбдыр,сыбдыр түседі.

Жүргізуші: Балалар күз мезгілінде жаңбырдан біз қалай қорғанамыз? Дұрыс айтасыңдар, қолшатыр қолымызда болса жаңбыр жауып жатса да үстіміз су болмайды. Ортада қолшатыр биін тамашалаңыздар.

Би «Қолшатыр»

Жүргізуші: Жарайсыңдар, Ал балалар, келіңдер.

Босқа тұрмайық.

Орнымыздан тұрып,

Ортаға ән салайық.

Ән «Кап-кап, тук-тук»

Күз: Қандай тамаша, өлеңді жақсы айтады екенсіңдер. Маған сондай қатты ұнады.

Жүргізуші: Алтын күз сізге ұнағанына өте қуаныштымын, біздің балалардың өнерін ары қарай тамашалаңыз.

(Сыртқа киімдерін ауыстыруға Зере, Аруна, Балауса, Самина, Амина, Айзере, Аяжан,Алия шығады)

Ойын «Қолшатыр»

Шарты:Балалар қолшатырды айналып ойнап жүреді, жаңбыр жауа бастағанда қолшатырдың астына тығылады.

Би «Испан биі»

Ираз

Дөп-дөңгелек сап-сары,

Ішінде бар дәні

Қызығасың көріп,

Менің атым өрік.

Зере

Пісіп тұрған алмамын

Тамсандырар бал дәмім

Қызығасың көріп,

Менің атым өрік.

Зейнеп

Өсіретін бойыңды

Дамытатын ойыңды

Қояндарға азықпыз

Сәбіздерміз жазықсыз.

Жәнібек

Асханадан шықпаймын

Атым пияз бұқпаймын

Көзден жасты шығарам

Тұмаудан бірақ сақтаймын

Шадия

Картоп біздің атымыз

Жер астында жатырмыз

Бір тамырдан тараған

Ағайынбыз бәріміз.

Тіл үйірген алмұртпын

Таңсығымын бар жұрттың

Жақсы өсіре алмайды

Қараса егер салғырт кім.

Жігер

Тал шыбығым бұралып,

Бақшаларда қызарып.

Тұрған ол мен қызанақ

Күнге қарап ұялып.

Рания

Мен моншақты шиемін,

Құмарсыңдар білемін

Кетіп қалып жүрмесін

Тамағыңа сүйегім.

Жүргізуші: Алтын күз, сізбен біздің қыздарымыздың ойын ойнағысы келеді.

Ойын «Жапырақтар»

Шарты. Түрлі-түсті жапырақтар балаларға таратылады. Жерге сол түстерден жапырақтар жатады, балалар жапырақты айналып билейді. Әуен тоқтағанда әр бал өз қолындағы жапырақтың түсіне сәйкес жапыраққа келіп тұру керек.

Ән «Алтын күз»

Би «Күз көркемдігі»

Күз:Қандай керемет шеттеріңнен өнерлі екенсіңдер.Сендерге жемістерімді таратып берейін.Менің жемістерімнен дәм татыңдар. Ендеше мені басқа балалар тосып отыр. Сау болыңдар балалар.келгенще жыл айналып.

(Күз шығып кетеді)

Жүргізуші:Құрметті ата-аналар және балалар бүгінгі біздің ертеңгілігіміз аяқталды, бүлдіршіндеріміздің дені сау болып, әрбір отбасында береке, мереке, молшылық болсын. Келесі кездескенше сау болыңыздар!











Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!