400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ертеңгілік "Алтын күз"

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне және шағын орталық тәрбиешілеріне арналған ертеңгілік
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алтын күз

Мақсаты: білімділік – табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы балалардың білімдерін кеңейту: дамытушылық – күз мезгілінің астық, жеміс- жидек, көкөністерді жинау екенін, күздегі ауылшаруашылық еңбек түрлерін түсіндіру арқылы есте сақтау қабылеттерін дамыту.

Көрнекілік: сыныпты шарлармен, күзгі суреттермен, сарғайған жапырақтармен безендіру.

Барысы.

Жүргізуші: Орманда, тоғайларда жаз мезгіліндей емес, құстардың шуылы азайған, өйткені құстардың көпшілігі жылы жаққа ұшып кетті. Ал қайың мен емендердің жапырақтары өзгереді, сары түске айналады.

Жұмбақ жасырамын, шешуін тауып көріңдер.

Бұлттар төніп,

Жерге шөгіп,

Дымқыл тұман басады.

Шөп сарғайып

Өңі тайып,

Дала сұры қашады.

Бөбектерім, айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады? (Күз мезгілі)

Жүргізуші: Қане, көкөністер мен жемістерді ортамызға қошеметпен қарсы алайық! Көкөністер пайдалы ма, жемістер пайдалы ма? Қазір осы сұраққа жауабымызды аламыз.

Алмұрт:

Мен алмұртпен, алмұртпын,

Аузындамын бар жұрттың.

Өрік:

Мен өрікпін, өрікпін,

Табиғатқа көрікпін.

Жүзім:

Мен жүзіммін, жүзіммін,

Моншақ болып тізілдім.

Алма:

Мен алмамын, алмамын,

Таңдай жұлар бар дәмім.

Шие:

Мен шиемін, шиемін,

Күннің көзін сүйемін.

Қышқыл шырын менде бар,

Төмен басты иемін.

Бұршақ:

Кішкене түймедеймін мен,

Ұнаймын мен бәріне.

Дәмді тағамдарыммен

Сый жасаймын бәріңе.

Қызылша:

Мен де бір сөз айтайын,

Мақтанайын сіздерге.

Менсіз борщ болмайды,

Винегрет те үстелде.

Қырыққабат:

Мақтанғаннан не пайда,

Менсіз дәмді ши қайда?

Мені қосса самсаға

Бәрі жейді тамсана.

Қияр:

Дәмім тілді үйірген

Мен тұздалған күйімде.

Жаңа піскен кезімде

Жейде бәрі сүйсіне.

Шалқан:

Кім білмейді шалқанды,

Талайлар маған таң қалды.

Бәріне сый боламын,

Тауып көр менен дарханды.

Сәбіз:

Кім сәбіз шырынын

Жастайынан ішпеген?!

Мені жеген адамдар

Кем болмайды күшке де.

Қызанақ:

Піскен кезде қызанақ

Көз тартар қызыл түсімен.

Бар ма адам сүйсінбей

Томат шырынын ішпеген?!

Пияз:

Боламын мен дәмдеуіш

Барлық- барлық тағамға.

Көкөністер ішінен

Мен пайдалы адамға.

Бидай:

Алқаптан бидайды

Қоймаға ел жинайды.

Тырнасы тізілген

Ұнатам күзді мен.

Картоп:

Мен ұялшақ картоппын,

Мен емеспін мақтанар.

Мені жақсы көреді

Үлкендер мен балалар.

Дауласуды қояйық, өнерге енді тоқтайық.

Жүргізуші: Балалардың орындауында «Күз келгенде» деген әнді тамашалаңыздар.

«Күз келіпті көңілсіз»

Десек те, десек те,

Күздің берер жемісі

Есепте, есепте.

Қайырмасы:

Түрлі түсті бояуын

Жер бетіне кестелеп,

Күз келгенде егінші

Егін жинар дестелеп.

«Күз келіпті көңілсіз»

Десек те, десек те,

Бау-бақшаның пісері

Есепте, есепте.

Қайырмасы:

«Күз келіпті көңілсіз»

Десек те, десек те,

Мақта теру маусымы

Есепте, есепте.

Жүргізуші: Балалар, қазір Күз-Апайды шақырып көрейікші!

-Күз-Апай! Күз-Апай! Күз-Апай!

Күз-Апай: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендерге көп рахмет мені мерекелеріңе ұмытпай шақырғандарыңа. Қазір бәріміз бірге тамашалайтын боламыз! Солай ма?

Балалар, қазір сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер жұмбақты шешуге тырысып көріңдер.

1. Аспай піскен, қайнамай түскен.

(жеміс)

2. Көкпеңбек еді көктемде,

Қызарды күзге жеткенде.

(алма)

Күз-Апай ойын өткізеді.

1-ойын.

-Балалар, бізге 2 команда құру қажет. Ойын мақсаты – мына тұрған ыдыстағы картоптарды келесі ыдысқа үлкен қасықпен апарып салу. Кім бірінші ыдысты толтырады, сол команда жеңімпаз болып шығады.

Ал, балалар, іске сәттілік тілеймін.


Жүргізуші: Балалар, енді қонақтарымызға «Достық» деген әнді орындап берейік.


Күз-Апай ойын өткізеді.

2-ойын.

-Бізге, құрметті қонақтар, екі ата-ана ортаға шығып, мына тұрған екі картопты жылдамдық-қа тазалауы қажет. Ол үшін екі тақтайша мен екі пышақ дайын.

-Балалар, қазір сендерге тағы да жұмбақтар жасырамын.

Қалың киімді ұнатады,

Шешіндірсең жылатады.

(пияз)

Жер бетінде шашы бар,

Жер астында басы бар.

(сәбіз)

3-ойын.

-Балалар, көкөніс пен жемістерді қалай жақсы көретіндеріңді тексереміз. Бізге екі бала қажет,олардың көздерін орамалмен байлап,мына тұрған ыдыстағы жеміс пен көкөністі қолдарыңмен ұстап анықтау қажет.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар мен ата-аналар, бізбен бірге уақыттарыңызды бөліп, «Алтын күз» ертеңгілігімізді тамашалағандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар!
























Армысың, Алтын күз!

Балалар музыка ырғағымен залға кіреді.

1-тәрбиеші: Армысыздар, құрметті ата-аналар, қонақтар!

Берекелі, мерекелі күзге арналған шағын орталықтың «Армысың, Алтын күз!» атты мерекесіне хош келдіңіздер!

Күз де келді,

Салқындады ептеп күн.

Жел ысқырды,

Дүлей дауыл жетпек шын.

Толып қалды жапыраққа

Кең ауласы біздің мектептің.

1-бала:

Берекелі, мерекелі,

Келді жомарт алтын күз.

Далада да, қалада да

Жанның бәрі жарқын жүз.

2-бала:

Дәнге толып қызыл қырман,

Қырман басы қызыл думан.

Мөлдіретіп жүзімдерін,

Келді алтын күзім менің.

Молшылық күз – береке күз,

Береке күз – мерекеміз.

Ән: «Мерекелі күз келді»

Кейіпкер Күз келеді.

Сәлем, өрен достарым,

Алақанды тос бәрің.

Қымбатты сый алыңдар,

Қызығына қаныңдар.

Ән салыңдар, күліңдер,

Жайнап гүлдей жүріңдер.

Кел, күз тойын тойлайық,

Би билейік, ойнайық.

2-тәрбиеші:

Күз арқылы білеміз

Жомарттықтың салтын біз.

Біз өзіңді сүйеміз.

Балалар: Рахмет саған, Алтын күз!

Күз: Жылдың неше мезгілі бар?

Соның ішінде мен де бармын.

Неге мені берекелі жомарт күз деп атайды?

(Балалардың жауабы)

Ойын: «Жаңбыр»

Жаңбыр жауды көлдерге,

Ағаштарға, шөлдерге.

1,2,3,4,5,

Жаңбырдан қаш тез.

1-тәрбиеші: Күзде жиі жаңбыр жауады. Бірақ біздің қыздар жаңбырдан қорықпайды. Өйткені оларда қолшатыр бар.

Би: «Қолшатыр».

3-бала:

Алтын сары, қызыл көк,

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады жапырлап.


4-бала:

Қамба толды астыққа,

Алғыс саған, алтын күз!

Бір уыс дән шаштық та,

Қап-қап қауын алдық біз.

Күз:

Мен жүрген жерде жаңбыр жүреді.

Жел қасымда болады.

Кейбір кезде жел қатты соғады, суық болады.

Жел: Күз,Күз, мен сені іздеп жүрмін.

Күз:

Мен балаларға әдейі жалғыз сенсіз келдім.

Менің күзгі желім қатты соғады, суық блады.

Сен балаларды қатты қорқытпа.

Мен барып балаларға сыйлық дайындайын.

Жел:Мен қатты соқпаймын, балаларды қорқытпаймын, балалармен бірге ойын ойнаймын.

Ойын: «Тарс-тұрс жел соққанда»

Жел:

Қайың, терек басынан

Сарғыш тартып жапырақ,

Жерге түсіп шашылған,

Жел үрлесе қалтырап.

Мен ағаштардың жапырақтарын жерге түсіремін. Күзде жапырақтардың түсі қандай болады?

Балалар:Сары, жасыл, қызыл.(Осындай деп қолдарындағы жапырақтарын көрсетеді.)

Би: «Жапырақтар»

Алтын-алтын, сары алтын,

Алтын күзде нұр жатыр.

Сары жапырақ төгіліп

Жерге түсіп жатыр.

Ән: «Күз ырғағы».

Міне, сендер айтқандай күздің сәні қандай әдемі!

Жел:Жапырақтарды билеткізіп жерге түсірдім ,тау –тау болып үйілеп жатыр. Балалар ,

Сендер осы жапырақтарды жинаңдар .

Ойын : «Жапырақ жинау».

1,2,3,4,

Жапырақты жина көп .

5-бала :

Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді.

Жемістер айтысы

6-бала:

Мен жүзіммін, жүзіммін,

Моншақ болып тізілдім.

7- бала:

Мен алмұртпын, алмұртпын,

Аузындамын бар жұрттың.

8-бала:

Мен өрікпін, өрікпін ,

Табиғатқа көрікпін .

9-бала:

Ішім толған шәрбат

Дәмім сондай әйбат.

Үзсең бірдей жүзін,

Менің атым –жүзім .


10-бала:

Пісетін кезім дәл күзде,

Мезгілсіз мені үзбе .

Аузыңнан кетпес бал дәмім ,

Менің атым- шабдалы.

11-бала:

Мен шиемін , шиемін ,

Күннің көзін сүйемін.

Қышқыл шырын менде бар,

Төмен басымды иемін .

Бәрі бірге:

Жиналып қаппыз бәріміз,

Қайсымыз ең дәмдіміз?

Ішімізден адамға

Тиеді көп пайдамыз?

2-жүргізуші:

Жемістердің бәрі де

Денсаулыққа пайдалы.

Мұны жатқа біліңдер ,

Оларды жақсы көріңдер .

12- бала:

Кім білмейді шалқанды ,

Талайлар маған таң қалды .

Бәріне сый боламын,

Тауып көр мендей шалқанды .

1-жүргізуші:

«Шалқан» ертегісі қойылымын тамашалаңыздар.

Би: « Балапандар»

13-бала:

Нан анасы – бидаймын,

Елге астық сыйлаймын.

Дәнім толып піскенде

Қауызыма сыймаймын.

2-жүргізуші: Күзде көкөністер мен жемістер піседі. Сонымен қатар астық піседі, оны дихандар орып жинап алады. Дән анасы – нан, нан - біздің байлығымыз.

Диалог: «Қайдан келдің, бауырсақ?»

Ән «Күз келді»

1-жүргізуші: Балалар,мына жұмбақтың шешуін тауып көріңдер.

Жұмбақ.

Көлеңкені сүйген,

Басына телпек киген.

Үйі оның – орман,

Жауынды ол сүйген.

Бүл не?

Балалар: Саңырауқұлақ.

Кейіпкер Саңырауқұлақ келеді, балалармен амандасады, балаларға ойын ұйымдастырады.

1-ойын: «Кім жылдам?»

Көкөніс, жемістерді жинау.

2-ойын: «Қолшатыр».

14-бала:

Жемісі мол теретін,

Күз дос екен бізбенен.

Бәрін тауып беретін

Жомарт екен күз деген.

2-жүргізуші: Міне, балалар, алтын күздің берер байлығы көп. «Күз жомарт» деп бекерге айтпаған.

Ән «Күз жомарт»

Күз балаларға себетке салып сыйлық береді.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
16 ақпан
668
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі