жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ертеңгілік алтын күз
Берекелі, алтын күзі
Музыка залы мерекеге сай безендірілген
Жүргізуші кіреді.
Жүргізуші:
Қуандырып біздерді
Мерекелі күз келді.
Кел жемісті алтын күз,
Кемелденсін ел енді.
Құрметті қонақтар, ата – аналар! Алтын күз мерекесіне қош келдіңіздер! Ел байлығын арттырған берекелі де, мерекелі күз мерекесі құтты болсын! Ендеше «Берекелі, алтын күзім» атты ертеңгілігімізді бастаймыз.
Балалар музыкалық әуенмен залға кіреді.
Балалар тақпақтары:
Тамерлан: Жемісі мол теретін
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген.
Виктория: Күз айы тамаша
Ән айттық жаңаша.
Динур: Қызыл,сары,алтын-күз
Алуан алуан жапырақ.
София: Жайдарлы күз,жарқын күз
Аяулы күз,алтын күз.
Костя: Бояп алтын сарымен
Ен далама салып өң
Берекеге бөленген
Күзді ұнатам бәрінен.
Жүргізуші: Бұлттар төніп,
Жерге шөгіп,
Дымқыл тұман басады.
Шөп сарғайып,
Өңі тайып,
Дала сұры қашады.
Бой жаза алмай,
Ойнай алмай,
Денең мұздап тоңады.
Бөбектерім, айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?
Балалардың жауаптары: Күз мезгілі
(осы кезде себетке толы жемістері бар «Күз ханшайымы» билеп кіреді.)
Күз ханшайымы:Уа халайық, дархан далам армысың!
Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін.
Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр,
Алмақ болып бар халқымның алғысын.
Сәлеметсіңдер ме, қонақтар, балалар!
Балалар:-Сәлеметсізбе!
Күз ханшайымы: Сендердің балабақшаларыңада да күз келіпті. Менің көйлегімнен ұшқан қызыл, сары жапырақтар сіздердің залдарыңызға қоныпты.
Мен жалғыз келмедім өзіммен бірге досым қоянды ерте келдім.(Қоян кіріп келеді)
Қоян: Балалар күз ханшайымы менен бұрын кетіп калыпты мен артынан жүгіріп жүгіріп,секіріп секіріп әрең жеттім.
Жүргізуші: Хош келдіңіздер, Күз ханшайымы, қоян! Төрлетіңіздер. Біздің балалар әнде,тақпақта, биде билей алады.Біздің балалардың барлығы ақылды.
Күз ханшайымы: Ондай болса балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын
Ағайынды бәрі,
Шықса –жасыл
Түссе – сары. Бұл не?
Балалар: Жапырақ.
Күз ханшайымы: Дұрыс
Ән: «Күз»
Қоян: Менің ойнағым келіп тұр.Балалар менімен ойнайсыңдарма?
Балалар: Ия
Қоян:Ендеше ойынымызды бастайық.
Ойын: «Кім жылдам»(картоп жинау)
Қоян: Балалар ойын ұнадыма?
Балалар : Ия
Жүргізуші: Ән салыңдар күліңдер,
Жайнап гүлдей жүріңдер.
Күздің тойын тойлайық,
Би-билейік ойнайық.
Би: «Жапырақтар»(қыздар тобы)
(балалар өз орындарына отырады)
Музыка әуенімен қасқыр залға шығады.
Қасқыр, түлкі: Алақай, алақай,
Келді, күзгі күндер – ай,
Алтын күзді сүйеміз.
Сендерді көргенімізге өте қуаныштымыз!
Сәлеметсіңдер ме, қонақтар, балалар!
Мерекелерің құтты болсын!
Жүргізуші: Төрлетіңіздер, қасқыр, түлкі біздің балаларымыздың өнерлерін бірге тамашалайық.
Шернияз: Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді.
Алтынай: Алтын күз келді
Сары күз келді
Жауыпты жапырақпен іздері.
Аружан: Түсіп жатыр аулада
Ағаштардан жапырақ
Алтын күзім келді ме
Сарғайыпты жапырақ.
Жасмин: Күздің қазан айында
Алма алмұрт піседі.
Әли: Қамба толы астыққа
Алғыс саған алтын күз.
Түлкі мен қасқыр: Біз ата- аналармен ойын ойнаймыз.
Ойын: «Жаңбыр суы» (екі шелектегі суды келесі шелекке қасықпен тасу керек)
Жүргізуші: Келесі кезекті биші ұлдарға берейік
Би: «Саңырауқұлақтар биі» (ұлдар тобы)
Ән: «Жаңбыр»
Аңдар: Ал ендеше балалар, біз орманымызға оралайық. Сау болыңдар балалар.
Балалар: Сау болыңыздар!
Жүргізуші: Күз ханшайымы сізге біздің балалардың өнері ұнадыма?
Күз ханшайымы: Ия, өте өнерлі балалар екен.
Берекелі бақ-дәулет
Арта түссін тойланып,
Сау болыңдар, балалар
Келгенше жыл айналып.
Осы кезде әуен ойналады, Күз ханшайымы қоштасып кетеді.
Балалар: Қош бол, Күз ханшайымы!
Жүргізуші: Күздің кереметі,байлығы өте көп. Күзде біздің дастарханымыз дәнді дақылдарға, көкөністерге, жеміс-жидектерге толы болады,бірақ осы байлыққа жету үшін көп еңбек ету керек. Міне, балалар осымен «Берекелі, алтын күзім» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Сіздерді күз мерекесімен құттықтаймын, әр отбасыға бақыт-береке тілеймін!
Қош, сау болыңыздар!
Тамерлан: Жемісі мол теретін
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген.
Виктория: Күз айы тамаша
Ән айттық жаңаша.
Динур: Қызыл,сары,алтын-күз
Алуан алуан жапырақ.
София: Жайдарлы күз,жарқын күз
Аяулы күз,алтын күз.
Костя: Бояп алтын сарымен
Ен далама салып өң
Берекеге бөленген
Күзді ұнатам бәрінен.
Шернияз: Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді.
Алтынай: Алтын күз келді
Сары күз келді
Жауыпты жапырақпен іздері.
Аружан: Түсіп жатыр аулада
Ағаштардан жапырақ
Алтын күзім келді ме
Сарғайыпты жапырақ.
Жасмин: Күздің қазан айында
Алма алмұрт піседі.
Әли: Қамба толы астыққа
Алғыс саған алтын күз.
Тагир: алтын суық күз келді
Күз ханшайымы:Уа халайық, дархан далам армысың!
Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін.
Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр,
Алмақ болып бар халқымның алғысын.
Сәлеметсіңдер ме, қонақтар, балалар!
Балалар:-Сәлеметсізбе!
Күз ханшайымы: Сендердің балабақшаларыңада да күз келіпті. Менің көйлегімнен ұшқан қызыл, сары жапырақтар сіздердің залдарыңызға қоныпты.
Мен жалғыз келмедім өзіммен бірге досым қоянды ерте келдім.(Қоян кіріп келеді)
Қоян: Балалар күз ханшайымы менен бұрын кетіп калыпты мен артынан жүгіріп жүгіріп,секіріп секіріп әрең жеттім.
Жүргізуші: Хош келдіңіздер, Күз ханшайымы, қоян! Төрлетіңіздер. Біздің балалар әнде,тақпақта, биде билей алады.Біздің балалардың барлығы ақылды.
Күз ханшайымы: Ондай болса балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын
Ағайынды бәрі,
Шықса –жасыл
Түссе – сары. Бұл не?
Балалар: Жапырақ.
Күз ханшайымы: Дұрыс
Жүргізуші: Күз ханшайымы сізге біздің балалардың өнері ұнадыма?Күз ханшайымы: Ия, өте өнерлі балалар екен.
Берекелі бақ-дәулет
Арта түссін тойланып,
Сау болыңдар, балалар
Келгенше жыл айналып.
Осы кезде әуен ойналады, Күз ханшайымы қоштасып кетеді.
Қасқыр, түлкі: Алақай, алақай,
Келді, күзгі күндер – ай,
Алтын күзді сүйеміз.
Сендерді көргенімізге өте қуаныштымыз!
Сәлеметсіңдер ме, қонақтар, балалар! Мерекелерің құтты болсын!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген