Тақырыбы:«Арайлы алтын
күз»
Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін
ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын
түсіндіру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би
билеуге, түрлі іс - әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру.
Шығармашылық ой - қиялдарының дамуына ықпал ету. Ата - аналар
қауымымен тығыз қарым – қатынас
қалыптастыру.
Жүргізуші: Құрметті ата – аналар,
әріптестер «Алтын күз» атты мерекелік ертеңгілігіміздің қонақтары!
Баршаңызды Күз мерекесімен құттықтаймыз. Биылғы жылдың Алтын күзі
отбасыларыңызға береке, құт, ырыс әкелсін! Олай болса "Балбөбек"
ортаңғы тобы дайындаған «Алтын күз» атты мерекелік ертеңгілігімізді
ашуға рұқсат етіңіздер!
Армасыздар, халайық,
Бармысыздар, халайық!
Күзгі тойды жұп жазбай,
Бірге қарсы алайық!
Қуаныштың ағайын,
Қоңырауын қағайын
Қуандырып біздерді
Өлкемізге күз келді!
Жүргізуші: -Қараңдаршы, бүгін біздің тобымыз қандай әдемі
болып кеткен
қолымызға не ұстап келдік?
-Жапырақтар
-Осы жапырақтардың түсі қандай?
-Сары
(Осы кезде әдемі «Песня
листопад» әуенмен Күз ханшайымы келеді)
Күз
ханшайымы:-Сәлеметсіздер ме
,балалар!
Балалар:-Сәлеметсіз
бе!
Күз
ханшайымы:-Уа,халайық, дархан далам
армысың,
Табиғатым жаны жайсан тал
мүсін.
Ханшайымы күздің бүгін келіп
тұр,
Алмақ болып бар халқымның
алғысын.
-Мен Күз ханшайымымын.
Сендерді көргеніме қуаныштымын мен жалғыз келген жоқпын мен өзіммен
бірге күз айларын да ала келдім, Қыркүйек, Қазан,
Қараша.
Аянат
(Қыркүйек)
Алтын күз –
қыркүйек,
Жер қара, күн
жылы.
Жарқын күз –
қыркүйек,
Жайнайды бұл
күні.
Раяна
(Қазан) Қазан болды
молшылық,
Дәулет қорын
қалады.
Жарқырады жарқын
күз,
Келді міне Алтын
күз.
Үміт (Қараша
)
Қараша, күз келді, күз
келді,
Сары алтын жауып
іздерді.
Құс біткен керуен
түзеді,
Қара бұлт қабағын
түйеді.
Жүргізуші: Қош келдіңіз, Күз ханшайымы!
Төрлетіңіз!
Күз
Ханшайымы: Балалар, мен сендерге бір
жұмбақ жасырайын.
Ағайынды
бәрі
Шықса
жасыл
Түссе
–сары.
Бұл
не?
Балалар: Жапырақ.
Күз
Ханшайымы: Дұрыс айтасыңдар балалар,
жапырақ
Жүргізуші: Жомарт екен күз
деген.
Жеміс мол теретін,
Күз
дос екен бізбенен.
Бәрін тауып
беретін,
Қазір біздің балалар «Күзгі
жапырақтар» биін билеп береді.
Жүргізуші: Балалардың тақпақтарын қабыл
алыңыздар:
Інжу
Айнала сары ала,
Қырманға дән
тола.
Жемістер
пісіпті,
Қоймаға
түсіпті!
Мансур
Ендеше не
тұрыс,
Болмасын жан
қалыс.
Тойлайық,
күлейік,
Қуанып
билейік!
Адайбек
Амина
Берекесін
сыйлауға,
Өлкемізге күз
келді.
Жемістерін
жинауға,
Шақырады
біздерді.
Ерасыл
Көбейді құт
береке,
Астық толы
қамбамыз.
Құтты болсын
мереке,
Алтын күзді
тойлаймыз.
Ән: «Жаңбыр»
Нұрай
Сарғайды
тоғай,
Сап-сары
маңай.
Соңғы әнін
айтып,
Құс кетті
қайтып.
Таңнұры
Қуандырып
біздерді,
Мерекелі күз
келді.
Кел, жемісті Алтын
күз,
Кемелденсін халқымыз
.
Әскер
Әмина
Күзім – ау, күзім –
ау,
Мінезің бұзық –
ау,
Жаңбырың
сіркіреп,
Келгенің қызық –
ау.
Би: «Кап – кап – кап, тук – тук –
тук»
Жүргізуші: Ал енді балалар, бір ойын
ойнағыларың келе ме?
Балалар: ия ойнағымыз
келеді.
Ойын: «Көкөністерді
жинау»
Жүргізуші: ендігі кезекті жемістерге
берейік.
Жемістер
айтысы:
Алмұрт –
Нұрәділ
Мен алмұртпын,
алмұртпын,
Аузындамын бар
жұрттың.
Жүзім-Шахизада
Мен жүзіммін,
жүзіммін,
Моншақ болып тізілдім
.
Өрік –
Ернұр
Мен өрікпін,
өрікпін,
Табиғатқа
көрікпін.
Алма
–Аяна
Мен алмамын,
алмамын,
Тандайда қалар бәр
дәмім.
Шие –
Ақбота
Мен кәдімгі
шиемін,
Бәрінен ерте
пісемін.
Күз
ханшайымы:
Маған сендердің өнерлерің өте
ұнады.Рахмет сендерге, өте өнерлі, білімді, әдепті балалар
екенсіңдер, мен сендерге озімнің күзгі сыйлығымды алып келдім,
мынау сиқырлы себетті апайларыңа тапсырайын, Ал сау болыңдар
балалар!
Жүргізуші: Саған да рахмет алтын күз,
келесі кездескенше Сау болып тұр.
Жүргізуші: Міне, балалар, ата – аналар
осымен «Алтын күз» атты ертеңгілігіміз
аяқталды. Сіздерді Күз мерекесімен құттықтаймыз,
Отбасыларыңызға бақыт, береке тілейміз.
Жүргізуші: «Алтын
күз» көрмесіне белсене қатысып, қол өнер дайындағаны
үшін ата – аналарымызға алғыс айтамыз.