Зал күз мерекесіне арнап, әсем
безендірілген. Ортада «Жаяу» музыкасына билеп жүрген көңілді
балалар. Кенет музыка тоқтап, күннің күркіреген дауысы естіліп,
жауын жауып, балалар бір бұрышқа тығыла жөнеледі.ортаға қолдарына
қолшатыр ұстап балалар шығады.
Жүргізуші Әли
Асқарбек: Салеметсіңдер ме? Неге тығылып
тұрсыңдар?
Жүргізуші
Хадиша: Салем, біз елордамыз
Нұрсұлтанға жаяу билеп барғымыз келіп еді бірақ жаңбыр жауып
кетті.
Тәрбиеші: Сәлеметсіңдер ме балалар,
қонақтар. Бізде ол жаққа жол жүргелі тұрмыз. Нұрсұлтанға жаяу жету
Алматы қаласынан мүмкін емес, оданда бізбен бірге поездбен баруға
қалай қарайсыңдар?
Хадиша: Ал бізді ертуге балалар қарсы
емеспе?
Тәрбиеші: Жоқ қайта бәріміз көңілді
әндетіп, билеп,ойнап барсақ жолымыз қысқарып, күздің күңіргенген
ауа райын күлімдетіп елордамыз Нұрсұлтанға тез-ақ жетіп алар
едік.
(Пойыздың келгені туралы
хабарлайды)
Тәрбиеші: Балалар тездетіп орнымызға
жайғасайық. Бәріміз бір вагонда керемет күзгі концерт жасауға қалай
қарайсыңдар?
Балалар: Ия
Хадиша:
Уа,халайық,
Мұнда назар
салайық.
Мерекесі
халықтың
Алтын күзге
арналған
Кешімізді
бастайық!
Әли
Асқарбек:
Армысыздар,
халайық,
Бармысыздар,
халайық!
Күзгі тойды жұп
жазбай,
Бірге қарсы
алайық!
Камила:
Жайдары күз ,жарқын
күз,
Аяулы күз,алтын
күз.
Дәнге толы кең
далам,
Дариядай шалқар
күз.
Айару:
Ұшты талдан
жапырақ,
Сары көбелек
секілді.
Аспанда жай шатырлап
Тамшы жерге секірді.
Нұрсида:
Кун
шуаққа маужырап,
Жатыр еді атырап.
Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.
Ерке:
Қуандырып біздерді,
Мерекелі күз келді.
Кел
жемісті алтын күз,
Кемелденсін халқымыз.
Алуа:
Құстар қайтты ән
салып,
Бұлт шарлады
аспанды,
Қыс келеді жар
салып
Күзгі суық
басталды.
Хадиша:
Ән салса әңшілерім таң
қаларсың,
Әр сөзін 90 рет
қайталарсың
Соңдай ән туғызған
қазағымды,
Қалайша тар пейіл деп айта
аларсың
Ән: «Күз»
Тәрбиеші: Ой жарайсыңдар
балалар! Әндетіп, тақпақтатып кезекті аялдамағада жетіп
қалыппыз.Бұл аялдамадан өте керемет бишілер қосылып жатыр
екен.
Әли
Асқарбек:
Шешендік еліміздің
данасы,
Ән мен күй қаламыздың
ағасы.
Би билеп шырқайтұғын қыз бен
жігіт,
Өнерін көрсетпейді деп айта
алмайсың-дей келе ортага бишілерімізді
шақырайық.
Би:
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, өте тамаша.
Келесі кезекте күз туралы тақпақтарға
берейік
Рауан:
Гүл жайнаған
даланың,
Жапырағы
солыпты.
Таңырқадым,
қарадым,
Танымастай
болыпты.
Ғабит:
Алтын, сары, қызыл,
көк,
Алуан-алуан
жапырақ.
Күзгі бақта
күлімдеп,
Көз тартады
атырап.
Рамазан:
О,
алақай тамаша,
Шашу шашады жапырақ.
Бақтың іші алаша,
Аунар ма еді жатып ап!
Ахметбек:
Астық жеміс жиылды,
Қамбамызға құйылды,
Ардақты күз мың алғыс,
Алдық өнім сыйыңды.
Нұрасыл:
Көбейді құт-береке,
Астық толы қоймамыз.
Құтты болсын мереке,
Алтын күзді тойлаймыз.
Тәрбиеші: Керемет балалар, әдемі
көңіл-күймен кезекті аялдамаға да жетіп қалыппыз. Бұл аялдамадан
біздің вагонда болып жатқан концертке қатысуға сайқымазақ мінген
екен амандасайық.
Бағбаншы
атай: Сәлеметсіңдер ме балалар?
Вагондарыңның іші қандай керемет әрі жылы еді. Келіп жеткен күз
мезгілі құтты болсын. Күзде жеміс-жидектер пісіп,алтын астық
қамбаға құйылатын,төлдер өсіп санаққа қосылатын кезең. Бұл мезгіл
менің ең жақсы көретін мезгілім. Менімен бірге көңілдіойын ойнап,
би билеуге қалай қарайсыңдар?
Ойын: Бақша кімді алып
кетті?
Тәрбиеші: Ендеше ойынның шарты былай
балалар. Барлығымыз әдемі жүріп, әдемі би билейміз. Музыка біткенше
билейміз. Ал музыка біткен соң, көзімізді жұмып, орнымызды
ауыстырып, жерге отыра қаламыз. Келістік пе
балалар?
Балалар: Ия.(Музыка қосылады. Ойын
ойналады. 3 - 4 баланы матамен жауып тығып тастайды. Қай бала
жоғалғанын балалар айтады)
Тәрбиеші: Балалар енді қараңдаршы кім
жоқ?(ортаға себет толы алма әкелінеді. Балалардан кімнің тығылғанын
сұрайды)
Бағбаншы атай: Даладағы
жаңбырлы ауа райын керемет бимен өзгертіп күнді шығарып
беріңіздерші келсі аялдамаға дейін, мен түсіп
қалайын
Би:
Бағбашы
атай: Рахмет балалар, керемет
өнерлеріңмен мені жылытып, өз аялдамама жеткіздіңдер. Сендеді
елордамызда Күз ханшайымы күтіп алады менің ба-бақшамнан жинлған
дәмді дақылдарыммен. келесі кездескенше.
Еңлік:
Күзім-ау,
күзім-ау!
Мінезің
бұзық-ау,
Жаңбырың
сіркіреп,
Келгенің
қызық-ау!
Дильназ:
Қарашы күз келді, күз
келді,
Сары алтын жауыпты
іздерді,
Құс біткен керуен
түзеді,
Көңілсіз неліктен күз
енді?
Медина:
Қара бұлт қабағын
түйеді,
Бұталар боз қырау
киеді,
Осы
ма, осы ма күз деген,
Бақшаға баратын бізбенен.
Ақбота:
Сары теңге жапырақ,
Бояған ба көл бетін?
Тоңазыпты топырақ,
Ызғарлы екен желде тым.
Бексұлтан:
Кездескен соң
күзімен,
Бұтағынан
үзілген.
Ай жапырақ-сары
алтын,
Айналаның бәрі
алтын.
Ағылшын және орыс тіліндегі
тақпақтар
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, керемет
көңіл –күймен Нұрсұлтанға да жеттік. Тәуелсіз еліміздің елордасы
қандай ғажап еді? Күз мезгілі көркіне түрлі-түсті бояуларымен
керемет әсемдік беріп тұр екен. Осындай еліміздің болашағы,
кішкентай бүлдіршіндері аман болсын.
Ән: «Мен елімнің
гүлімін»
Берекелі бақ-дәулет,
Арта түссін тойланып.
Сау
болыңдар балалар,
Келгенше жыл айналып