400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ертеңгілік "Алтын күз"

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақтөбе облысы Шалқар қаласы

« І.Үргенішбаев атындағы ЖОББМ»КММ

Шағын орталық тобының тәрбиешісі: Болыскей Нұргүл Кенжеғалиқызы

Тақырыбы: Алтын күз

Мақсаты: Алтын күз мерекесін  өткізу. Күз туралы түсініктерін кеңейту. Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.

Көрнекіліктер: Залдың іші күз мерекесіне сай безендірілген. Жапырақтардың суреттері, күз жәрмеңкесі, яғни жемістер мен көкөністер салынған себеттер.

 Әдемі сазды әуен ойналып тұрады, балалар тәрбиешімен бірге кіріп орындықтарға жайғасады.

Армысыздар, халайық,

Бармысыздар, халайық!

Күзгі тойды жүп жазбай,

Бірге қарсы алайық!

Армысыздар ағайын! Сәлеметсіздерме,қадірлі қонақтар! Бүгін біз жыл мезгілдерінің ішіндегі ең тамаша берекелі – мерекелі мезгіл – күз мерекесін тойлағалы отырмыз.

Алтын күз мерекесі баршаңызға құтты болсын!

Шағын орталық топтарының арасында өткізгелі отырған « Алтын күз» атты ертеңгілік сайысымызға қош келдіңіздер!
Бұлттар төгіп жерге шөгіп,
Дымқыл тұман басады,
Шөп сарғайып,өңі тайып, 
Дала сұры қашады.
Бой жаза алмай, ойнай алмай,
Денең мұздап тоңады,
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?-

Балалар: Ол күз.

Жүргізуші: Ал, балалар,балалар,
                    Енді бері қараңдар
                   Бізге қонақ келмекші
                   Сендерді бір көрмекші
                    Әуелі жұмбақ жасырам
                    Қулығымды асырам.
                   Таба алсаңдар шешімін
                   Қонағымды  ортаға шақырамын
.

Жұмбақ Ағайынды бәрі

                      Шықса жасыл

                      Түссе –сары.Бұл не?

Балалар: Жапырақ.

Күз ханшайымы:Сәлеметсіндерме, балалар!

Балалар:Сәлеметсізбе, Алтын күз!

Күзханшайымы: Береке- бақ дарыған,

         Жомарт көңіл жарқын жаз.

        Сары алтынға малынған,

         Алтын күздеген мен болам.

Армысыздар ,құрметтіқонақтар, кішкентайбүлдіршіндер! Мен мерекегекешігіпқалдым ба?

Балалар:  Жоқ.

Күзханшайымы:  Сәлем менің достарым,
                               Өмірге көп қосқаным,
                               Күз сыйлығын алыңдар
                               Сыйлығына қаныңдар.
                               Молшылыққа кенеліп,
                              Шаттық әнге салыңдар.

Жүргізуші:Күзханшайымы ,біздің балалар күз туралы өлен, тақпақтар біледі.  Сіз жәйланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз.

Жүргізуші: -Ал, балалар өнерімізді көрсетіп, мерекені тойлайық.
Ендеше бүгінгі ерекше күнде біз «Күз ханзадасы мен ханшайымын» таңдап алмақпыз.

 Алтын сары, қызыл көк,

алуан –алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

О, алақай балалар,

Шашу шашты жапырақ – деп , сахнаға қатысушыларымызды шақырамыз.

Шағын орталық «А» бүлдіршіндері:Райс Сабыр, Төреғазиева Аягөз

«Ә» тобының бүлдіршіндері: Елеусіз Бекарыс, Ерқабылова Гүлсезім

«Б» тобының бүлдіршіндері: Жаңабергенов Жұмат, Манасқызы Асылайым.

Сайысымыз 4 кезеңнен тұрады..

Алтын күз сайысындағы сайыскерлерімізге қойылатын шарттармен таныстырайын.
1.Таныстыру,сәлемдесу рәсімі /бала деңгейіне қарай 4 жол , бастысы қатысушы сайыскер өзінің толық аты- жөнін дұрыс анық дауыстап айта білу./
2.Өз өнері(би,тақпақ,өлең,көркем сөз оқу)
3. Ас мәзірі( үйден дайындап әкеліп көрсету

4.Сән үлгісі (Әр қатысушының өз қиялына байланысты) 

Бүгінгі сайысымыздың әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейін.

1.Бастауыш сыныптар бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары:

Сыдықова Рая апай

2. Бастауыш сынып мұғалімі: Өтепова Ақгүл апай

3. Бастауыш сынып мұғалімі: Отарова Орынгүл апай
Ән:« Алтын күз » қабыл алыңыздар! Орындайтын хор.
Жүргізуші : Сайыскерлер келіп жетті танысуға,
                  Бойындағы бар дарынды дарытуға
                Қорықпастан ортамызға келіп жетті

 Әдеппен,ізетпенен танысуға-дей отырып сайысымыздың І-кезеңін бастаймыз.

I- кезең. Таныстыру

«Ойыншықтар» әні . Тақпақтар

Өнер қуып әрбірі өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз
Сайысқа келген ханзадалармен, ханшайымдар,
Өз өнерін ортаға салсын дейміз.

ІІ-кезең «Өнерлі өрге жүзер»демекші келесі кезең өз өнерін көрсету.

Хор: «Топ-топ балақан» әні

«Апам үшін» әні

III-кезең. Ас мәзірі

« Шалқан» ертегісін тамашалаймыз.

Жүргізуші: Күз ханшайымы, біздің балалар көкөністерді жемістерден қалай тез ажырата алатынын білесізбе?
Күз ханшайымы: Білмейді екем...
Жүргізуші: Ендеше тамашалаңыз.

Ойын : «Көкөністерді ажырат»
Жүргізуші: --Жарайсыңдар, балалар! Көрдіңізбе, Күз ханшайымы, біздің балалар қандай епті,жылдам.

Күз ханшайымы: --- Бәрекелді, керемет!
Көйлек киіп әдемі,
Тамсандырам елімді
Түрлі - түсті сән көйлек
Көз тартады не керек – дей отырып келесі кезеңге кезек берейік.

ІV-кезең. Сән үлгісі

Өте тамаша, балалар! Тағы бір ойын ойнап жіберсек қалай болады?

Ойынның шарты: Көзді байлап, қолмен сипап-сезу арқылы қандай жеміс екенін табу.

Жүргізуші:  Жарайсындар, балалар! Ал енді қонақтарымызды сынап көрейік.

«Ұйқасын тап» ойыны

1.Пісетін кезі дәл күзде

   Мезгілсіз оны үзбе

   Аузынан кетпес бал дәмі

   Онын аты (шабдалы)

2. Кіп-кішкенеболса да,

   Ағаштыңбасыниеді.

   Жемістерінаиырып,

    Танисын ба? (шиені )

3. Жапырақтытасалап,

    Өсетінжері-бақша-бақ

    Күренқызылшіркін-ай

    Оныңаты…(танқұрай )

Осымен сайыскерлеріміз төрт кезеңнен өтіп өздерінің бойларындағы бар өнерлерін көрсетті,ендігі кезек әділ-қазыларда.
Күз ханшайымы: Керемет! Қандай әдемі! Балалар, менің басқа бүлдіршіндерге  баратын уақытым болыпты. Мен енді кетейін, сау болып тұрыңдар! Келесі кездескенше аманшылық болсын!

Әділ-қазылар «Алтын күз» атты сайысымыздың жеңімпаздары«Күз ханзадасы мен ханшайымын» таңдап марапаттайды.

Құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі «Алтын күз » -атты ертеңгілік сайысымызды аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз.

                     Берекелі бақ-дәулет,

                    Арта түссін тойланып.

                   Сау болындар, қонақтар,

                             Келгенше жыл айналып

Осымен бүгінгі сайысымыз аяқталды келесі кездескенше аман-сау болыңыздар. Тамашалағандарыңызға рахмет!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 қараша
312
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі