Алтын
күз 2016жыл
Мақсаты:Күз мезгілінің қыр-сырын
жете меңгере білу. Күзгі еңбек және табиғатты сүю,
қорғау.
Тәрбиеші:Құрметті балалар ,
ата-аналар!
Сіздерді Алтын күз мерекесімен құттықтаймыз,
сіздерге зор денсаулық, молшылық тілей отырып, бүгінгі мерекелік
ертеңгілігімізді ашуға рұқсат етіңіздер!
Балаларды шақырып ортада «Вальс»
би.
Балалар биден соң орындарына жайғасып
отырады.
Тәрбиеші:
Сап-сары күз соныменен
келді ме,
Ағаштардан жапырақтар төгілді.
Несібесін жинап жатыр ел міне,
Ауыл маңы бұрынғыдан көңілді.
Күзгі
жәрмеңке.
Ортаға себет толы жемістері
бар Күз келді (қол соғып қарсы алу)
Күз:Сұр бұлт түсі суық қаптайды
аспан,
Күз болып дымқыл тұман жерді
басқан.
Білмеймін тонғаныма,
тойғаныма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай
жарысқан- деп Абай атамыз жырлағандай бүгін сендердің
мерекелеріңізді бірге қарсы алуға мен де келдім. Баршаңызды «Алтын
Күз» мерекесімен құттықтайсын! Күз бақыт, береке
әкелсін!
Жүргізуші: Айтқаныңыз келсін , күз
ханшасы. Сіз бізге күз дегеніміз не? Неге «Алтын Күз» дейді деген
сұрақтарға жауап беріңізші!
Алтын
Күз: Күзде жеміс –жидектер,
көкөністер, бақша дақылдары, егістіктегі астық пісіп, қамбаларға
жиналады. Сондықтан адамдар күзді «жомарт», «алтын» деп атайды.
«Жомарт» сөзі молдықты, дархандықты, мырзалықты білдіреді. Күз –
жылдың берекелі мезгілі.
(күз отырғышқа отырып балалардың өнерін
тамашалайды)
Тәрбиеші.
Көңілді қоңыр салқын саз жүдетіп,
Көз жетті кеткеніне жаздың өтіп.
Құлайды жапырақтар құба талдан,
Күрең күз
құдіретіне тағзым етіп.
Кеші еді солқылдаған күздің суық,
Не шара, жасыл жаздан үздірсе үміт?
Базары тарқап кеткен
бақ ішінде
Күтіп тұр әлдекімді Қыз күрсініп
(балалар тақпақтарын айтады.)
Аягөз :
Қоңыр күз келдің бе,
Қабағы түнеріп.
Қауындар, жемістер
Қалыпты жиналып.
Сарғайып жапырақ,
Сыр тартқан өзгеден,
Суынып атырап,
Салқындық көздеген.
Өркен
: Қуандырып
біздерді
Мерекелі күз
келді
Кел жемісті алтын
күз
Кемелденсін
халқымыз
Дильназ : Астық жеміс
жиылды
Қамбамызға құйылды
Ардақты күз мың алғыс
Алдық өнім сыйыңды
Е.
Мадияр: Көбиді
құт-береке
Астық толы
қоймамыз
Құтты болсын мереке
Алтын күзді тойлаймыз
Дария : Алтын сары , қызыл
көк...
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Ерасыл
:Күн шуақта
маужырап
Жатыр еді атырап
Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет
жапырақ.
Сабира: Уылжыған
бүлдірген
Әбден пісіп үлгерген
Бірақ оның көйлекті
Былғайтынын кім білген.
Рамиль: Ұялып, қызарып
Сәбіз тұр сызданып
Әңгелек ойнайды
«Пістім » ,-деп қоймайды.
Назым: «Алма, алма» дейсің,
Алма әкелсем, жейсің,
Айтпады екен деме,
Алманы жумай жеме.
Дияс; Бақша ішін аралап
Қара, күлгін, сары ала,
Қауын жатыр
сүйкімді
Үлкенге де балаға.
Қабығы тіпті қатты екен
Қазанға түсіп қайнаса,
Тілді үйірген тәтті екен.
Асылзат: Көкөністі көп ектік,
Өссін, піссін деп ектік
Көктемде еккен көкөніс,
Күзде берді көп өніс.
Жанатбек: шуағында көктемнің
Қауын дәнін
еккенмін
Өзім күтіп
баптадым
Жаздай тыным
таппадым
Пісіп қапты
әңгелек
Доптай болып
дөңгелек
Сап-сары боп
сабағы
Иісі мұрын
жарады.
Көркем: Көкөністі көп ектік
Өссін, піссін деп ектік
Көктемде еккен көкөніс
Күзде берді көп өніс
Арсен: вот на ветке лист
кленовый.
Нынче он совсем как новый»!
Весь румяный, золотой
Ты куда, листок? Постой!
Аяулым: Үстінде
егінжай
Салқын жел
соғады
Гүл , шөбі белдің,
сай
Қуарып
салады.
М.
Мадияр:Бақ ішінде
алмалар
Бар жемістен бағалы.
Көрген адам таңданар.
Көздің жауын алады.
Әмина: Қайырымды күз
келді,
Тартуы көп тиісті:
Шабдалы бар алқызыл,
Алмасы хош иісті!
Алмұрты бар тәтті.
Балаларға
ұнады,
Сыйлығы сондай сәтті!
Ильсур.:Апорт деген
алманың
Таттыңба сен бал
дәмін?!
Апорт деген тәтті
алма,
Ол өседі
бақтарда.
Кәусар : Жазда өседі
таңқурай,
Жемісін тер
қалдырмай.
Апаң қақ та
қайнатар
Қыста керек нәр
мұндай.
Максим: стало меньше солнечного
света
Птицы собираются в полет
Шаг за шагом отступает лето
Осень в наступление идет
Өлең:
«Күзгі
Жаңбыр» флешмок.
«Білімді мыңды жығар, білекті
бірді жығар» демекші балаларымыздың білімін
сынайық.
-Балалар қазір жылдың қай
мезгілі? Күз. Осень. autmn
-Күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер
болады? Күн суыта бастайды, жапырақтар сағайа бастайды, адамдар
қалың киінеді, құстар жылы жаққа ұшып барады, жеміс жидектермен
көкөністер піседі т.с.с.
-Күз айларын кім біледі?
Қыркүйек,
Қазан,Қараша. s
-Қызанақ, алма,қызылшаның түсі
қандай? Қызыл. Красный, red.
-Ал, балалар банан, апелсиннің
, қауынның түсі қандай? Сары.
-Өте жақсы жауап бердіңдер балалар сұрақтарға.
Сендер сұраққа тез әрі мүдірмей жауап берген үшін сыйлық
аласыңдар.
-Келесі жұмбақтар шешиік:
1. Әрі қызыл, әрі
тәтті,
Татқан жанды таңырқатты.
(Алма)
-2. Қалың киім
ұнатады,
шешіндірсең жылатады.
(Пияз)
3. Жер бетінде шашы
бар,
жер астында басы бар.
(Сәбіз)
4. Көкпеңбек еді
көктемде,
қызарды күзге жеткенде.
(Алма)
-Ал, келесі балалар шағын көрністерін
көрсетеді.:
Ойын «кім шапшаң»
Мақсаты: балаларға шапшаңдыққа әрі көкөністерді
тез тани білуге үйрету.
Балалар екі топқа бөлініп эстафеталық жарысады.
Шелекке көкөністерді жинайды.
Өлең:
«Күз тамаша»
(жапырақпен)
Би:
«Көбелек»
қыздар.
Тәбиеші:
Өңі қашқан бәрінің
Оңып кеткен атырап
Қолдарындай кәрінің
Қалтырайды жапырақ
Күп-күрең менің реңім,
Қош енді, қош бол, күрең күн!
Жаз келер және жап-жасыл,
Жақсылық тағы тілермін.
Жадырап өмір сүрермін,
Қош енді, қош бол, күрең күз!
«Жаңбыр,
жаңбыр» әні.
Жауды жаңбыр көк ерке
Ағаштарға турды ерке
Жаңбыр, жаңбыр
соқпашы2
Ойнайықшы тоқташы
Жүгіріп құйып келдің ғой
Жаңбыр қандай эй эй эй
Жаңбыр, жаңбыр
соқпашы2
Ойнайықшы тоқташы
Жауды жаңбыр өренді
Қарақат түске бөленді
Жаңбыр, жаңбыр
соқпашы2
Ойнайықшы тоқташы