«Алтын күз әсем
айналам,еліне береке сыйлаған»
Жүргізуші: Қарсы алайық
бәріміз
Жасымызбен
кәріміз
Қырдан кепті
қыдырып
Алтын күз бізге нұр
төгіп
Тілегім аман болсын ел
іргесі
Алтын күз қайта келді
берекесі
Молшылықтың жаршысы бола
білді
Алтын күз ырыс,береке,бірлік
ала келді.

Армысыздар ұстаздар мен
ата-аналар қадірлі қонақтар.
«Балауса» ересектер
тобының «Алтын күз әсем айналам,
еліне береке сыйлаған» атты ертеңгілігіне қош
келдіңіздер.
«Қымбат апа» бөбекжай
балабақшасының құрылтайшысы Жүніс Перизат Бегманқызына сөз
беріледі.
Хор: Берекелі күз. Қыздардың
орындауында.
Жұмбақ:
Жиын терін
болатын
Қамбаға астық
толатын
Қызыл қырман
ойнайтын
Қай мезгіл деп
ойлайсың?
Күз мезгіліне байланысты
сұрақтар қойылады.
Тосын сәт: Күз ханшайымы
келеді.
Балалар күз ханшайымына би
билеп береді.
Би: Жапырақтар
биі.
Күз ханшайымына балалардың
тақпақтары бар екен. Қәне балалар тақпақ
айтып
берейік.

Тақпақтар:
-
Сап сары
маңай
Сапсары
тоғай
Соңғы әнін
айтып
Құс кетті қайтып.
Кәусар
2. Қарашы күз келді,күз
келді
Жапырақ жауыпты
іздерді
Құс біткен керуен
түзеді
Қара бұлт қабағын түйеді.
Жазира
3. Күздің қазан
айында
Алма,алмұрт
піседі
Жапырақтар
сарғайып
Сыбдыр-сыбдыр түседі.
Алихан.
4. Жетті желмен алтын
күз
Жеміс жинау
салтымыз
Жиып-теріп болған
соң
Той жасайды халқымыз.
Рауан.
5. Жеміс-жидек
пісті
Қамбаға астық
түсті
Қызу жұмыс
басталып
Жинап алды жан салып.
Гүлбағым.
6. Нұрға бөлеп
өмірді
Жырға бөлеп
көңілді
Жарқыраған
сәулелі
Күз әуені төгілді.
Береке.
Тосын
сәт: вирус
кіреді.
Жөтеліп түшкіріп келеді. Мұнда
не болып жатыр., бәрің әдемісіңдер. Ешқайсың ауырмай ,түшкірмей
отырсыңдар ғой.
Бұл қай жер. Мені
таныдыңдарма?
Жүргізуші: Жоқ біз сені танымадық сен
кімсің? Сен аурусыңба?
Вирус: Мені енді білетін
боласыңдар. Мен сендерге жыл бойы жинаған микроптарымды
шашамын.
Жүргізуші: Жоқ шашпа біздің балалар саған
өнерін көрсетсін.
Би: «Саңырауқұлақ»

Ән: «Әңгелек» Өсербай Жазира.
Сансызбай Кәусар.
Вирус: оййй менің ішім
пысты.Жинаған микроптарымнан сендерге тағы шашайын сендерде
ауырыңдар.
Жүргізуші: Оооой қоя тұр. Сен балалармен
ойын ойнап көрсең қайтеді.
Ойын: Кім жылдам. Екі топқа бөлініп
ойнайды.
Хор: «Алтын
астық»
Жүргізуші: Сен ауырмау үшін біздің
балалар сияқты күнделікті жаттығу жасуың керек үйреніп
ал.
Сәрсенбай Әсияның өнерін
тамашалайық.
Би:
«Көкөністер» 
Ән: Құлбек Береке. Жакеев
Алихан
Вирус: балалар сендермен өте
көңілді екен. Мен жазылып қалдым сендердің өнерлерің маған ұнады.
Енді менде күнделікті жаттығу жасап ән айтып би билеп жүремін, деп
киім ауыстырып шығады.
Би:»Алма
биі» 
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар біздің
балалар сонымен қатар ағылшын орыс тілінде сіздерге көрсетер азғана
көрнісі бар екен. Бірге тамашалайық.
Жүргізуші: Осымен «Балауса» ересектер
тобының «Алтын күз әсем айналам, еліне береке сыйлаған» атты
ертеңгілігі осымен аяқталды. Алтын уақыттарыңызды бөліп келіп
көргендеріңізге үлкенрахмет. Қош сау
болыңыздар.
