400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ертеңгілік "Алтын күз" мектепалды даярлық тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
"Алтын күз" ертеңгілігі барлық бастауыш сыныптарға, мектепке дейінгі мекеме тәрбиеленушілеріне пайдасы зор. Мұғалімдер мен тәрбиешілер өз сабақтарына пайдалануға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Алтын күз мерекелі шара. 2018-2019о.жыл.

Мақсаты: Алтын күз мерекесін өткізу.

2.Күз туралы түсінігін кеңейту.

3.Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекілік:

Жүргізуші:Армысыздар ата-аналармен,қадірлі қонақтар, бүлдіршіндер. Бүгін берекелі де ырысты « Алтын күз» құрметіне арналған мерекеге қош келдіңіздер.

Келді міне алтын күз

Сары шашты жарқын жүз

Мол өнімді ісімен

Таңдандырып халқын күз.

Айгүл:Тоңазып атырап,

Көп жеміс піседі

Сарғайып жапырақ

Саудырап түседі.

Мейіржан: Аспанды сұрғылт бұлт,

Жан-жақтан жауады.

Күнбірте суытып,

Жауын көп жауады.

Ж: Жарайсындар ! балалар .

Ж: Ал балалар,балалар,

Енді бері қараңдар.

Бізге қонақ келмекші

Сендерді бір көрмекші.

Алдымен сендерге жұмбақ жасырамын,ата-аналармен бірігіп шешейік.Таба алсаңдар шешімін қонағымды ортаға шақырам.

Жұмбақ: Жиім-терім болатын,

Қамбаға астық толатын.

Қызыл қырман ойнайтын,

Бұл қай мезгіл деп ойлайсыңдар?

Дұрыс бұл күз мезгілі. Ендеше уәде еткендей ортаға қонағымыз Алтын күз ханшайымын қошеметпен шақырайық! (ортаға Алтын күз ханшайымы келеді).

Алтын күз : Сәлеметсіздерме, балалар! Сәлеметсіздер ме қонақтар!

Мен –Алтын күзбін, жайдарлы жарқын күзбін.

Қонаққа келдім сендерге,оған достым таң қалма!

Жапырақтар да бар сиқырлы,ойын ойнар түр түрлі. Жұмбақтар бар қыр-сырлы.

Ж:Рахмет,саған Алтын күз!қарсы аламыз сізді біз. Отырыңыз жайғасып.



-2-



Ж:Ал ендеше балалар, бекер қарап тұрмайық қонағымызға өнерімізді ұсынайық.

Күзде өздері пісетін, асымызға түсетін мақтанбақшы сіздерге, көкөністер менжемістер.

________:(сәбіз)Кім бар сәбіз шырынын

Жастайынан ішпеген?

Мені жеген адамдар

Кем болмайды күшке де!

___________:(жүзім) Мен жүзіммін,жүзіммін,

Моншақ болып тізілдім.

Ж:Сергіту сәтті «Жапырақ жинау»

Оралхан: (қызанақ)

Піскен кезде қызанақ

Көз тартар қызыл түсімін

Барма адам сүйсінбей,

Ішпеген томат шырынын?

_____________: (өрік)

Мен өрікпін,өрікпін

Бау бақшаға көрікпін.

___________: (қияр)

Дәмім тілді үйірген,

Мен тұздалған күйімде

Жаңа піскен кезімде,

Жейді бәрі сүйсіне.

Алтын күз: Өте жақсы балалар,енді мен сендердің білімдеріңді тексеріп көрейін.Жұмбақтар жасырайын сендер оның шешуін шешіндер. Қабат-қабат қаттама,

Ақылын болса,аттама. (кітап)

Қалың киім ұнатады.

Шешіндірсең жылатады. (пияз)

Алты қырлы,

Алтын сырлы. (қалам)

Жарайсыңдар балалар,мен сендерге таң қалдым.

Ж: Ал ары қарай басқада балалардың өнерін тамашалайық.

_________: (алмұрт)

Мен алмұртпын,алмұртпын,

Аузындамын бар жұрттын.

_______:(қарбыз)

Теңбіл,теңбіл қарбызды,

Тентек Серік жарғызды.

________: (алма)

Мен алмамын,алмамын

-3-



Таңдай жұлар бар дәмім.

Ж: «Жапырақ биі»Ортаға қыздарымызды шақырайық.

_________: (сәбіз)

Жер бетінде шашы бар,

Жер астында басы бар.

__________ : (көк алма)

Мен алмамын,алмамын

Көк пен қызыл түсім бар,

Мендей тәтті жемісті

Кім біледі, айтыңдар?

________ : (бұршақ)

Кішкене түймедеймін мен,

Ұнаймын мен бәріне!

Дәмді тағамдармен,мен

Сый жасаймын бәріне.

Ж: Ортаға балаларымызды шақырайық, бізге қара жорға биін билеп береді.(қара жорға биі)

_________ : (құлпынай)

Тамылжыған құлпынай,

Тәтті екен ау шіркін ай.

Жасайын деп ,бал шырын

Қабығынан аршыдым.

________:(қызылша)

Қызылша деген атым бар,

Қант берер затым бар.

Адам қанын көбейтем

Ал сендер,соны біліңдер.

Ж:Ал енді ,балалар хормен «Күз жомарт» өлеңін қонақтарға ұсынайық.

Тоңазып атырап, Көп жеміс піседі.

Сарғайып жапырақ, . Саудырап түседі.

Күз жомарт дейміз біз,

Жемісін жейміз біз. __________:

Қамба толы астыққа,

Алғыс саған алтын күз!

Бір уыс дән шаштымда,

Қап-қап қауын алдық біз.

___________:Мен шиемін,шиемін,

Күннің көзін сүйемін.

Қышқыл шырын менде бар,

-4-


Басымды мен иемін.

Алтын күз: енді балалар біз ата-аналарымыздың білімін тексерейік қалай қарайсыңдар.

Жұмбақ:Үндемей-ақ үйреткен,

Надандықты күйреткен. (кітап)

Түні бойы көп болды,

Таң атты да жоқ болды. (жұлдыз)

Ойын ұйымдастыру: Ойын шарттын түсіндіру.

Ойын шартты:Екі ата-ананы ортаға шығарып бір-бір шардан беріп,оларды үрлей жапырақтың суретін салу,бояу бір минут уақытта.

________:(жуа)

Боламын мен дәмдәуіш, Барлық-барлық тағамға. Көкөністер ішінен,

Мен пайдалы адамға.

________:(алша)

Мен алшамын,алшамын

Тіл үйіреді бал дәмін.

Ж:Ал енді хормен «Күзгі жапырақтары»өлеңін айтамыз.

Алтын сары,қызыл көк...

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлім деп,

Көз тартады атырап.

Күн шуақта маужырап,

Жатыр енді атырап.

Ағаштардан жамырап,

Ұшты кенет жапырақ. Ой,алақай,тамаша,

Шашу шашты жапырақ.

Бақтын іші алаша,

Аунар ма едім жатып ап!

Алтын күз:Керемет!Қандай тамаша!Балалар менің басқа да,бүлдіршіндерге баратын уақытым болыпты. Мен енді кетейін,сау болып тұрындар балалар!Келесі кездескенше!

Ж: Ал,бүгінгі «Алтын күз» мерекесіне арналған балалардың мерекесіне уақыттарың ызды бөліп келгендеріңізге балалардың атынан алғыс ымды айтамын.Сіздерге күздей молшылық,Алтындай ден саулық тілейміз.

-Осымен «Алтын күз»мерекесі аяқталды,Балаларға көп-көп рахмет айтамын.Сау болыңыздар!




-5-

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 қараша
1280
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі