«Алтын
күз»
Зал мерекеге сай
безендірілген. Жүргізуші кіреді.
Жүргізуші:
Қуандырып
біздерді
Мерекелді күз
келді.
Кел жемісті алтын
күз
Кемелденсін ел
енді.
Құрметті қонақтар!
Балалар! Алтын күз мерекесіне қош
келдіңіздер! Ел байлығын арттырған берекелі де, мерекелі күз
мерекесі құтты болсын! Ендеше «Алтын күз» атты ертеңгілігімізді
бастаймыз.
Жанреке: Күздің қазан
айында,
Алма, алмұрт
піседі.
Жапырақтар
сарғайып,
Сыбдыр-сыбдыр
етеді.
Ән салайық
күліңдер,
Жайнап гүлдей
жүріңдер.
Күздің тойын
тойлайық,
Би билейік
ойнайық.
Алихан:Армысыздар
халайық,
Бармысыздар
халайық.
Күзгі тойда жұп
жазбай,
Келіңдер қарсы
алайық.
Балалар музыкалық әуенмен
қолдарына жапырақ алып кіреді.
Листапад әніні жапырақтар
биі
Балалар
тақпақтары
АЙсана:Көбейді құт
береке,
Астық толы
қамбамыз.
Құтты болсын
мереке,
Алтын күзді
тойлаймыз.
Мирас: Күн шуаққа
маужырап,
Жатыр еді
атырап.
Ағаштардан
жамырап,
Ұшты кенет
жапырақ.
Рамиль: Берекелі,
мерекелі
Келді жомарт Алтын
күз.
Қалада да, далада
да,
Жаннның бәрі жарқын
күз.
Ислам: Күздің айы
тамаша
Жеміс жидек
піседі
Астықтар
оралып
Қоймаларға
түседі
Көркем: Жомарт күздің
біздерге,
Берерін алып
шашпайық.
Алтын күз тойын
сіздерге,
Өлеңменен
бастайық
Ән
«Алтын
күз»
Ислам: Балалар бізге сонау алыстан
«Күз ханшайымы» келіпті.
Өзімен бірге құт берекесін ала
келіпті.
Ендеше, қарсы алайық
,
Алтын
күзді.
(осы кезде себетке толы
жемістері бар «Күз ханшайымы» билеп
кіреді.)
Күз
ханшайымы:(Аделя) Сәлеметсіздерме балалар!
Сәлеметсіздерме қонақтар!
Балалар:
Салеметсізбе!
Күз
ханшайымы: Армысыздар балалар!
Күзгі бақтағы қонақтар!
Өздеріңе әкелдім,
Күздің сыйын көз тартар.
Мен күзгі ханшайыммын сендерді
көргеніме қуаныштымын.Мен сендерге сонау алыстан келдім! Маған
өнерлеріңді көрсетесіңдерма?
Балалар:Ия
Жүргізуші: Хош келдің Күз ханшайымы!
Төрлет. Біздің балалар әнде, тақпақта , биде билей алады. Біздің
балалардың барлығы ақылды.
Күз
ханшайымы: Ондай болса, балалар мен
сендерге жұмбақ жасырайын
Ағайынды
бәрі,
Шықса
–жасыл
Түссе – сары. Бұл
не?
Балалар:
Жапырақ.
Күз
ханшайымы:
Дұрыс
Жүргізуші: Ал, балалар өнерімізді
көрсетіп, мерекені тойлайық.
Дилназ: Дала сары
киінді,
Самал соқты
салқындау.
Қырмандарға
үйілді,
Алтын астық, алтын
тау.
С.
Нұрия:-Жапырақтар
сарғайған,
Күн бұлтты
болады.
Жаңбыр жиі
жауады,
Құстар ұшып
барады.
Нұрәлі- Жеміс мол
теретін,
Күз дос екен
бізбенен
Бәрін тауып
беретін
Жомарт екен күз
деген
Досжан:- Күздің айы
тамаша
Жеміс жидек
піседі
Астықтар
оралып
Қоймаларға
түседі
Сымбат:-Алтынға бояп
өңірді
Күзде келді
көңілді.
Бау-бақшада
,орманда,
Сары жапырақ
төгілді.
Нұрбол:-Берекесін
сыйлауға
Өлкемізге күз
келді
Жемістерін
жинауға,
Шақырады
біздерді
Ән: «Күз
тамаша»
Жүргізуші:
Өнім биыл тамаша!
Көз тоймайды қараса:
Сәбіз, картоп, кәдіш пен қып-қызыл піскен қызанақ,
Қырыққабатқа қарашы!
Көкөністер мен жемістер бір кезде жиыла қалып
дауласты.
Кәне, олай болса жемістер мен
көкөністерді ортаға шақырайықшы.
Нұрия:
Жиналып қаппыз
бәріміз,
Қайсымыз ең
дәмдіміз!
Ішімізден
адамға.
Тиеді көп
пайдамыз?
Алма:
Ақләйлек:-Дәмі аузыңнан
кетпейді,
Қызыл алма шырын
бал,
Көктей тісің
өтпейді,
Піскен кезде үзіп
ал
Шие:
Айсана:-Мен маржандай
шиемін
Күн сәулесін
сүйемін
Жемістерім
піскенде,
Жерге басымды
иемін
Қияр:
Бекарыс:-Дәнін егіп
қиярдың,
Тыным таппай
суардым
Түйнектерін көргенде
,
Бес алғандай
қуандым
Пияз:
Инкар Қос батырдай
түйілген,
Тоғыз қабат
киінген.
Аршимын деп
пиязды
Жылап шықтым
үйімнен.
Қырық қабат:
Мирас
Бақшаларда
тізіліп,
Қаперсіз мен
жатамын
Қабат, қабат
киініп,
Қырық қабат
атандым.
Қызанақ;
М.Нұрия
Менің атым
қызанақ
Тұзды сеуіп
молырақ
Банкілерге
салыңыз
Аузын мықтап
жабыңыз
Тағамға дәм
қосамын
Қыста тәбет
ашамын
Сәбіз:
Досжан
Өсіретін бойыңды
,
Дамытатын
ойыңды.
Қоянғада
азықпын,
Сәбізбін
жазықсыз
Сымбат: Қауын:
Иісім жұпар аңқыған,
Бақшадағы шырынмын.
Жеп көргендер тамсанған,
Балдай тәтті қауынмын.
Айболит:
Рамиль:
Дауласуды
қойыңдар,
Көкөністер бәрі де,
Денсаулыққа пайдалы,
Мұны жатқа біліңдер,
Оларды жақсы көріңдер
Ән: «Мы корзинки
несем»
Ойын: «Диқаншы»
Ән: «Жаңбыр»
Би
«Қол
шатыр»
Жүргізуші: Күз ханшайымы сізге біздің
балалардың өнері ұнады ма?
Күз
ханшайымы: Өте өнерлі балалар
екен.
Күз
ханшайымы:
Сау болыңдар,
балалар
Менің басқада балаларға баруым
керек. Осы кезде әуен ойналады,
Күз ханшайымы қоштасып кетеді.
Балалар: Қош бол Күз
ханшайымы!
Ойын: «Кім
жылдам?»
Ән: «Алтын
күз»
Жүргізуші: Күздің кереметі,байлығы өте
көп. Күзде біздің дастарханымыз дәнді дақылдарға, көкеністерге,
жеміс-жидектерге толы болады, бірақ осы байлыққа жету үшін көп
еңбек ету керек. Міне, балалар осымен «Алтын күз» атты
ертеңгілігіміз аяқталды. Сіздерді күз мерекесімен құттықтаймын, әр
отбасыға бақыт-береке тілеймін.
Алихан: Алтын күздің берері мол
болсын!
Жанерке: Келесі Алтын күзге дейін
амандықта жүздесейік!
Сымбат:-Күздің айы
тамаша
Жеміс жидек
піседі
Астықтар
оралып
Қоймаларға
түседі
Көктен көзін бір
алмай
Қызғылт тартып кәрі
қүз
Жер қызығын қия
алмай
Маужырап тұр сары
күз
Нүрия:
Алтынға бояп
өңірді
Күзде келді
көңілді.
Бау-бақшада
,орманда,
Сары жапырақ
төгілді.
Дария:
Қыркүйек,Қазан,Қараша,
Күздің бұлар
айлары.
Үлкендер қуанып
балаша,
Егіндерін
жинайды.
Нұрасыл:
Қамба толды
астыққа
Алғыс саған,Алтын
күз!
Бір уыс дән шаштықта
,
Қап-қап астық алдық
біз.
Ернар:Қоңыр күз мезгілі еді. Ағаштың жапырақтары
түсіп, тек жабайы
алма
ағашының басында жалғыз алма қалыпты. Осы
кезде орман аралап
жүрген
Қоян алманы байқап қалады. Оны қалай алуға
болады? Алма өте биікте —
се-
кіріп жете
алмайсың!
Шырша бұтағында отырған қарға қоян қылығына
сырттай күліп
отырды.
Мадияр —
Қарқ-қарқ!
Оны көрген
қоян:
Диас— Қарға, Қарға! Маған алманы
үзіп алып берші! — дейді.
Қарға ағаш басына ұшып барып, алманы үзіп алады. Бірақ алманы
тұм-сығымен қармап ұстай алмай, жерге түсіріп алады.
Рақмет, саған, Қарға! — деді де Қоян алманы жерден көтермек болды.
Ал жерге түскен алма жаны бардай, дыбыс шығарып, қозғалып жүгіре
жөнелді.
— Бұл қалай?
Қорқып кеткен Қоян ағаш алмасының түбінде ұйықтап жатқан кірпінің
тікеніне құлағанын түсініп:
Диас— Кірпі, кірпі! Тоқта, тоқта!
— деп айғайлады. — Менің алмамды қайда алып бара жатырсың?
Кірпі кідірместен:
Алихан~ Бұл — менің алмам! Ол төбеден
құлады, ал мен болсам оны ұстап
алдым.
Диас— Алмамды қайтарып бер. Оны
тауып алған мен! Таласып жатқан Қоян мен Кірпіге Қарға
қосылады.
Мадияр— Босқа таласасыңдар, алма
менікі! Мен оны өзім үшін үзіп
алғанмын!
Олар бір-бірімен түсінісе
алмай, алманы әрі тартып, бері тартып, орман .~: айғайдан у-шу
болып кетеді.
Сол кезде қорбаңбай Аю келіп
қалады.
Ислам— Бұл не деген айғай-шу!
Мазамды алдыңдар ғой! Бәрі оған
жақындап:
Мадияр— Сен, Аю, біздің ормандағы ең
үлкен, әрі ең ақылдысың. Сондыңтан бізге алманың кімдікі екенін
айтып берші?
Аю сәл ойланып, сұрады:
Ислам— Алманы кім тапты?
— Мен! — деді Қоян.
Ислам— Ал, алманы кім үзіп
алды?
— Мен! — деп қарқ етті Қарға.
Ислам— Жақсы. Кім оны ұстап
алды?
— Мен ұстап алдым! — деді Кірпі.
Ислам— Мінекей, бәрің де дұрыс
айтасыңдар, өйткені әрқайсыларың алманы алу үшін еңбектендіңдер!
Алма бәріңдікі!
Алихан — Мұнда бір алма ғой! — деді
Кірпі, Қоян,Қарға түк түсінбей.
Ислам— Бұл алманы теңдей бөліңдер.
Әрқайсың бір-бір бөлігін алыңдар! — деді
аю.
Мұны естіп бәрі қуанып
кетті:
Диас— Бағанадан бері біз
бостан-босқа таласқан екенбіз ғой! Кірпі алманы төрт бөлікке бөледі
де аюға береді.
Ислам:Қоянға бір бөлігін беріп:— Бұл
саған, Қоян — сен алманы бірінші
көрдің!
Ислам: Екінші бөлігін Қарғаға беріп: