жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ертеңгілік "Ана - аса қымбат жан "
21 орта мектеп лицейі
Тақырыбы «Ана-аса қымбат жан»
Сынып : 0 «А»
Өткізген : Ахметжанова Б.К
Көкшетау ,2019
Тақырыбы: «Ана - аса қымбат
жан!»
Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы
ардагер, ұстаз-аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды
мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген
құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.
Көрнекілігі: аналар жайлы нақыл
сөздер,мақал-мәтелдер.
Жүргізуші :- Құрметті аналар, әжелер
сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі – 8
Наурызбен шын жүректен құттықтаймыз! Алғашқы көктем мерекесі Жер
бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға
арналғаны қандай тамаша мереке! Әлемдегі ең асыл жан ол – Ана
десек, жүрегімізде сүйікті жанға деген махаббат сезімі оянады. Ана
бұл аяулы да мейірімді жан. Баланың тілі шыққаннан – ақ бірінші
сөзін «Ана» деп айтады. Олай болса, бүгінгі аналарға, әжелерімізге
арналған «Ана - аса қымбат жан!» ертеңгілігіне қош
келдіңіздер!
Ән болып сағыныштан ақтарылмай,-деп абзал аналарымыз бен қырмызы
қыздарымыздың құрметіне « Құттықтаймын
Мама» атты әнін қабыл
алыңыздар.
Тақпақтар 6 оқушы
Той пердесін
ашайық Адия
Тойға шашу шашайық
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын ашайық.
Әр сөзімді
жаттаған, Мақсат
Жүрегімде сақтаған,
Анашым деп
мақтанам,
Айналайын ақ анам!
Анамды мен жақсы
көрем Ақнәзік
Айтқан тілін алып жүрем
Қасымда апам жүргенде
Шаттанып ойнап күлем
Ақ
қабақты анашым,
Айтуар
күн сәулелі анашым.
Әлпештеген баласын,
айналайын анашым.
Анам,
анам, ақ
анам
Мен өзіңдей ақ балаң,
Айтқан тілінді аламын
Жұмсағанда барамын.
Шашымды өріп
тараған, И.Аружан
Қабағыма қараған
Үлкен кіші демейді
Сыйлайды оны бар адам.
Жүре берсем
қасымда Мансұр
Әйбат анам әй анам
«Ботам» деген даусыңнан
Мен мәз болып оянам.
Мың бұралып билеген
Аруды кім сүймеген .
Күміс көмей аруларға
Кімдер басын имеген-дей отырып келесі кезекті
« Қуыршақтар» биіне
береміз.
Тақпақтар 6 оқушы
Өзің мені
өсірген Мерей
Айналайын ақ анам
Тентек болсам кешірген
Ауырмашы анашым
Сенен өскен
балалар, Ж.Ернар
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті аналар.
Анамыздың
мейірлі Адема
Жүзіне біз қараймыз.
Анамызды пейілді
Жомарт жанға балаймыз.
Бал бөбегің баптағн Әмір
Анам үшің мақтанам
Аялайтын біздерді
Көп жасасын ақ мамам
Мен мұғалім
анамның, Арай
Өнегесін аламын.
Ертең менде анамдай.
Оқытушы боламын.
Ана біздің
күніміз Зейнеп
Ана біздің гүліміз
Бізді ана қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз
Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде
«Моряк биі»
Тақпақтар 6 оқушы
Мен гүлдердi
жұлмаймын Инжу
Торғайларды қумаймын
АйтҚан сөзiн тындаймын
Анашымды сыйлаймын
Анаң болса қасыңда Ерсайын
Басқа бақыт не керек
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет
Аналарды сүйеміз Томирис
Сөзің ойға түйемцз
Аналарды ардақтап
Әдеппен бас иеміз
Сыйлайыншы гүлімді Б.Алдияр
Теріп алған даладан
Мейрамыңыз бүгінгі
Құтты болсын анажан
Еркелесем
күлімдейтін Алия
Ұрысқаны білінбейтін.
Маңдайымнан сипап мені
Құлыншағым күнім дейтін
Еркелеткен біз
үшін, Арман
Еңбек еткен біз үшін.
Еркелеткен біздерді,
Еркіндеткен біздерді
Анамызға мың алғыс
Адал бол деп балдырған
Әділдікке баулыған
Жүрегінде мархабат
Анамызға мың алғыс
«Ақ мамам. ел жатқанда жатпаған»
Таппақтар 6 оқушы
Мәпелейсің мені
анам Бекхан
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам
Құшағыңда қысылмай
Ақ анашым,
аппағым, Альбина
Өзің жайлы тақпағым
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де.
Бөбегіңнің
сыйлығын Алихан
Қабыл алшы анашым
Ұзақ өмір жүз жасап
Ауырмашы анашым
Аппақ мамам, ақ
мамам Айым
«Ақ мамам» деп мақтанам
Түн ұйқыңды төрт болып
«Бөпешім» деп жатпаған
Жанымызды жайнатқан
А.Алдияр
Сіздер ғой ол аналар
Зор денсаулық мол бақыт
Тілейміз біз балалар
Бізге қарап елжіреп,
... Інкәр
Сүйсе беттен күнім деп,
Құшақ ашса келші деп,
Жүгіреміз күлімдеп.
Би «Тентек қыз»
Таппақтар 5 оқушы соңғы
Аналарды сүйеміз
Ж.Аружан
Сөзін ойға түйеміз
Әжені де ардақтап
Әдеппен басиеміз
Ана деген көп
шығар Сулейман
Анамдай менің жоқ шығар
Мейірімді бұл кісі
Қандай ғажап күлкісі
Ақ қабақты
анашым, Рахат
күн сәулелі анашым.
Әлпештеген баласын,
айналайын анашым.
Бізді өсіріп баптаған Рауан
Жақсы болсаң шаттанған
Алтыным деп мақтаған
Айналайын ақ мамам
Қандай қызық көктемде
Кәусар
Күн шуағын төккенде,
Гүл тереміз алуан
Шығып алып көк белге.
Жанұяның жылуын суытпай, тал бесікті тербей отырып, тебірене толғар бесік жыры ,аңыз ертегілері мен жақұт жырлары арқылы ұрпағының бойына адамдық қасиеттерді дарытып отырған аналардың құдіретті сезімдеріне арналған әсем әнді қабыл алыңызда
«Аяулы анашым».
Балалар сыйлықтарың
береді.
Жүргізуші:- Ана –барлық қиындықты
жеңетін сарқылмайтын күш,тіршіліктің қайнар бұлағы.қазақ әйелінің
дастарханы тоқ,қонағы ырза,дүниесі түгел.Олар үшін бірінші орында
отбасының берекесі тұрады.Бөбегін бесікке бөлеп,әлдилеп аялаған ана
бақыт құшағында емес пе?!
Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе,жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту-арманым.
Барша ана,құтты болсын мерекеңіз
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді,асыл анам.
Сонда біз кісілікке теңесеміз.
Құрметті қонақтар ,біздің «Ана-аса қымбат жан!» атты мерекелік
кешімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осымен концертіміз аяқталды.
Сау-саламатта болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген