400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 23 материал табылды

Ертеңгілік "Ана-гүл, Ана-жыр, ана-өмір шырағы"

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешіге керек
Материалдың қысқаша нұсқасы



4 «ЖО ж ҚББМО» «Балбұлақ»шағын орталығы








«Ана – гүл, ана – жыр,

ана – өмір шуағы» - атты

ертеңгілік


Екінші кіші топ


















2018 жыл


«Ана – гүл, ана – жыр, ана – өмір шуағы»

Мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.Ананы құрметтеу, сылай білуге, балалардың бойындағы жеке қабілеттерімен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достық қастерлей білуге тәрбиелеу.

Ертеңгіліктің барысы: 
Жүргізуші:

Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!

Қош, келдіңіздер! Аяулы аналар, әжелер, қызғалдақ қыздар, қадірлі балабақша ұжымы! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,

8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналар мен ажарлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі «Ана – гүл, ана – жыр, ана – өмір шуағы» - атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады.
Енді балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар. Қошеметпен балаларды шақырайық.

(балалар залға кіреді барлығы билеп тұрады)

Залға Көктем кіреді

Көктем:Сәлеметсіңдер ме ,балалар! Сәлеметсіңдер ме, аналар Мен осында аналар мен әжелерді, кішкентай қыздарды 8-наурыз мрекесімен құттықтауға келдім.! мерекелеріңіз құтты болсын.

Жүргізуші:Рахмет саған Көктем! Енді балалардың аналарына арнаған әнін тамашалаңыз.

Жүргізуші: Балалар аналар әлемдегі ең әдемі және мейірімді жандар. Мерекемізді қарсы алайық, аналарымызға ән сыйлайық.


Ән «Құттықтаймын мама!»

Тақпақтар:

Алихан: Менің анам ақылшым,
Күн секілді білгенге
Шашырайды шуағы
Үйімізге кіргенде


Малика: Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз.
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз


Ақгүлім: Мәпелейсің мені анам,
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам
Құшағыңда қысылмай


Айназ: Бізді өсірген апатай,
Еңбегіңде зор екен 
Құтты болсын апатай
Құтты болсын мерекең


Жанэль: Аялаған саялаған,
Бар бақытым берекем
Апатайым құттықтаймын
Бүгін сенің мерекең.


Дінмұхамед: Мақтаным апа 
Шат әнім апа
Өзіңе тақпақ 
Жаттадым апа.


Айсұлу: Үн қатасың бал тілмен
Еркелеймін күнде мен 
Құттықтаймын анашым
Сегізінші мартыңмен.



Б.Нұрасыл: Әлпештеген аялаған 
Ақсүт берген апатайым
Тақпақ айтып бүгін саған
Мейрамыңмен құттықтаймын.





Төремұрат: Ана өмір шырағы
  Ана өмір бұлағы
  Бесігімнің жыр әні 
  Жүрегімде тұрады.


Диана: Біз доспыз гүлдермен 
Тек оны жұлмаймыз.
Той күні бірбірден 
Анаға силаймыз.


Көктем: Жарайсыңдар балалар! Қандай әдемі тақпақтар оқыдыңдар мамаларыңа арнап! Ал, мен би билегенді өте жақсы көремін. Ал , сендер жақсы көресіңдер ме?

Балалар : Иә!

Көктем:-Жүріңдер, әжем мен анамызды құттықтайық мейраммен, оларға арнап көңілді би билейік.

Би: «ҚУЫРШАҚТАР»


Жүргізуші: Енді балалар үй жинауға көмектеседі.


«Әжелер және олардың көмекшілері» ойыны.


Ойын шарты: Екі әже және олардың немерелері қатысады. Әр команданың алдына төрт конус қойылады. Қатысушылардың міндеті допты сыпыртқымен жыланша ирелеңдетіп сыпыру. Кім бірінші бітіреді, сол жеңеді.


Айсұлу: ән «Әже туралы»


Тақпақтар:

Мақсат:Бал бөбегін баптаған
 Мамам үшін мақтанам
 Ақ бетіңнен сүйейін
 Келші келші ақ мамам.



Ахмет:Мамочка моя родная

С 8 марта дорогая

Я схожу тебе любя

Лучше в мире нет тебя


Жұлдызай: Мәпелеп мені өсірген
Ризамын мен өзіңе.
Ана деген керемет,
Сыйлап өтем өмірде.


Алимжан: Аялаған анашым,
Мәпелеген анашым.
Менің саған тілегім
Қартаймашы анашым


Исмаил: Менің әжем, бұл әже
Айтқан сөзі дәл әжем
Аман болса көреді
Қызығымды әлі әже


Әділжан: Ақ сүт берген балаңа
Күш - жігерін жұмсаған
Бұл өмірде жан ана
Тең келеді кім саған


Нұрасыл: Аспандағы айымсың
Бақытыма балаған
Құтты болсын мерекең
Айналайын жан анам.



Нұрдана: Ақ жаулықты әжемді
Ай жүзіне теңедім
Мейірімін таусылмас
Күн нұрына теңедім.


Карим: Менің әжем, гүл әжем
Алтын әжем, күн әжем
Анам үшін мен үшін
Нағыз ана тілі әжем.




Балалардың биі «Джентльмен»


Ойын : Алма, жұмыртқа


Би: Вальс


Ата - анамен ойын: «Өз балаңды тауып ал»


Ән: «Ақ мамам»



Жүргізуші:Құрметті аналар сіздерді 8 Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Әр отбасыларыңызға қуаныш, бақ береке тілейміз. Бүлдіршіндеріміздің жетістіктері мол болсын! Осымен біздің ертеңгілігіміз аяқталды.

Сау болыңыздар!








































«Балбұлақ»   Ортаңғы тобы

  Өткізілген күні  :  07. 03.18 ж.

Сағат:  10 .30-11.30


8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесіне анықтама

Мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.Ананы құрметтеу, сылай білуге, балалардың бойындағы жеке қабілеттерімен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достық қастерлей білуге тәрбиелеу.

Ана деген ардақты атқа ие. Ол баланы өмірге ,әкеліп  тәрбие беретін жаны ашитын , баласын ойлап отырытын ардықты жан. Барлығымыз анадан туған жанбыз.

Сол аналарымызға арнап «Ана – гүл, ана – жыр, ана – өмір шуағы» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Алдын-ала жоспар жасалынды.

Мерекелік іс-шара Құттықтаймын мама әнімен басталды. Аналарымыз балаларының өнерлерін тамсана тамашалады. Ортаңғы топ балалары әрі қарай өздерінің өнерлерін көрсетіп, биде биледі, аналарымен әжелеріне арнаған тақпақтарын айтты.

Бұл өткізілген мерекелік іс – шара аналарға арналды. «Ана – гүл, ана – жыр, ана – өмір шуағы» атты мерекелік іс-шара өз мақсатына жетті.


Кепілдеме:

 

Балалардың мерекеге деген

қызығушылықтарын ояту. Мерекеде жақсы көңіл күй сыйлау.. Балалар үшін жыл сайын мерекелік шоу ұйымдастыру. Балалар ойындарға белсене қатысып, жақсы әсер алғандарын жүздеріндегі қуанышты күлкілерінен білуге болады.Музыканың сүйемелдеуімен балалар  ата-аналарымен бірге ойын ойнап, өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, мерекенің сәнін, шырайын аша білу тиісті..
































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
02.04.2019
742
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі