400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ертеңгілік "Ана тілім - ардақтым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал балабақша тәрбиешілеріне және жас мамандарға көмегі тиеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылы «Бота» балалар бақшасының тәрбиешісі Авталив Акерке

Білім беру саласы:Коммуникация
Бөлімі:Тіл дамыту.
Тақырыбы: «Ана тілім ардақтым»
Мақсаты:Балаларға тіл туралы түсінік беру.
Білімдерін , сана сезімін арттыру,мақал-мәтел,жұмбақ, тақпақ айтқыза отырып,сөздік қорын молайту.Ана тіліне деген сүйіспеншілікті оятуға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері:әңгімелесу.түсіндіру, сұрақ-жауап.
Көрнекіліктер:Тіл туралы жазылған нақыл сөздер.
Билингвальды компонент:ана тілі-родной язык.
Шаттық шеңбері:
Біз балдырған тең басқан,
Дос құшағын кең ашқан.
тілегіміз тыныштық,
Ашық болсын кең аспан.
Мықты болсын іргеміз,
Бәрімізде біргеміз.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар,балалар сіздерді, «Ана тілі» мерекесімен құттықтаймын!
-Бүгінгі тіл мерекесіне орай «Тоты» ересек тобының мерекелік ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер!
Яғни 1998 жылғы 20-қаңтардағы жарлығына сәйкес, 22-қыркүйек «Қазақстан халықтарының тілдері күні» мерекесі болып аталып келеді. Қазақстан тіл туралы заңында Республика халықтарының тілдерін қолдау мен дамыту құқықтығы бекітілген.
-Осы «Тіл» мерекемізге ақ жаулықты анамыз шашуын ала келіпті.,қарсы алайық.
Хор: «Ана тілін сүйеміз»
Тіл туралы бейне жазбаны тамашалайық.
Жүргізуші: «Туған тілім-бабам тілі-өз тілім,
Туған тілім-дана тілі-өз тілім.
Туған тілім- дала тілі- өз тілім,
Туған тілім- ана тілім- өз тілім
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүркгімді суырып-ақ алыңдар»-дегендей,өздерің секілді бала Жамбыл
ақынның «Ана тілі» туралытақпағын тамашалайық.
Жүргізуші: келесі кезекті өлең шумақтарына берейік.
Амира: Жетер болды ,енді әркімге ермейік,
Қазақ болып ,құлашты бір сермейік.
Қанға сіңген ана тілін халқым-ау,
Шұбарлауға ешқашан жол бермейік.
Айгерім: Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Ана тілін білмеу қалай заңдылық.
Өсер бабаң , байтақ далаң тұрғанда,
Қазақ тілің жасау керек мәңгілік.
Бағлан: Сүйсең өз тіліңді,
Боласың білімді,
Өз тілің үйретер,
Өнерді ғылымды,
Ардақта тіліңді.
Көрініс: «Ата мен немере»
Жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем әнмен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй.- деп Абай атамыз айтқандай Ибрайым Нүсіпжановтың
«Ана тілін сүйеміз» әнін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:Ана тілім өзгелерден бөлексің,
Бала жүрек саған арнап жыр төксін.
Қай асылға теңесемде жарасар,
Ана тілім-баға жетпес өнерсің-дегендей кезекті өлең шумақтарына берейік.
Ибрайым: Отан- сенің ата –анаң
Отан –досың бауырың.
Отан-- өлкең астанаң
Отан- аудан, ауылың.
Фатима: Тілім барда мақтанам,
Тілім менің аппақ ән.
Бірлігімді бүгінгі,
Ана тілім сақтаған.
«Мақал-мәтелдің ұйқасын тап» ойын ойнайық.
Өнер алды ...................(Қызыл тіл)
Бас кеспек бар болсада ................ (Тіл кеспек жоқ)
Тіліңмен жүгірме.......................... (Біліміңмен жүгір)
Піл көтермегенді ...................... (Тіл көтереді)
Ашуың келсе ....................(Қолыңнан тарт)
Туған жерің түп –түп қазығың, айбының,
Туған тілің -сатылмайтын байлығың.
Туған дәстүр салт-санасытірегің,- деп Мұхтар Шаханов атамыз айтқандай тіліміз тұғырлы болсын.

Жүргізуші: Көк туың биік желбіреп,
Ана тілі жасасын.
Мерекемен құттықтап,
Гүл сыйлаймыз біз бүгін.
Құрметті қонақтар, балалар бүгінгі мерекеміз құтты, тіліміз тұғырлы мың жасасын.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 желтоқсан
753
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі