400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ертеңгілік: Ана-тіршілік бақыты

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ана- тіршілік бақыты.

Жүргізуші:

Біз ғана емес қадір тұтқан бабалар

Аналардан туған небір даналар

Ана деген тіршіліктің тірегі

Армысыздар құрметті аналар!

Қош келдіңдер! Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар қадір-лі тәрбиешілер!

Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып ,8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек, Олай болатыны аналарға , ыстық сезім алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес, олар өмірдің гүлі көңілдің жыры әр отбасының алтын діңгегі, бүгінгі Анам-менің ақылшым атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады.

№9 Ақкөгершін МАД тобының тәрбиеленушілері Мадияр мен Дариманы қарсы алыңыздар.

Той пердесін ашайық

Тойға шашу шашайық

Аналарды құрметтеп

Ән маржанын шашайық

Ән «Көктем келді»

Ақ анашым аппағым

Өзің айлы тақпағым

Арналады сіздерге

Бар баланың тақпағы – дей отыра сіздерге арналған тақпақтарды қабыл алыңыздар!

Жүргізуші:

Ақ қар еріп ,су көбейіп, сай салаға ағады

Ағаш басы бүршік атып,Гүл бәйшешек басады

Балаларым айтыңдаршы бұл қай кезде болады?

Көктемді қарсы алайық.

Амансыңба Ару Көктем біздің ертеңгілігімізге қош келдіңіз!

Сенің көктемгі жаңбырыңның арқасында айналамыз әсемдікке кенелді. Кең байтақ даламыз гүлге бөленді.Сондықтан Ару Көктем біз саған ризамыз.

Мерекеге арналады бүгін билер

Көтерілсін қанекей көңіл күйлер

Алдарыңызға шақырамыз биші қыздарымызда

Лента бимен.

Би «Лента»

Көктем:

Балалар мен сендерге бос келген жоқпын өзіммен бірге ойын ала келдім.

Ойын: «Күлте жинап гүл құрастыру»

Тақпақ

Күлімдеген көктемге ана жайлы

Жақсылап бір ән шырқасақ қайтеді.



Ән «Айналайын ақ мамам»



Мың бұралған ақ қайындай

Бишілер шықсын ортаға

Ал ендеше қол соғайық

Қошеметпен қолқала

Би «Көктем биі»

Ән: «Мамочка моя»

Ана бір қолымен бесік тербетсе бір қолымен әлемді тербетеді. Ананың

Көз нұры тастай, мұзды да жібітеді екен, ендеше асыл аналарымызға арналған тақпақтарымызға кезек берейік.

Тақпақ

Көрініс:

Жүргізуші: Қариясы бар үйдің , қазынасы бар деп бекер айтпаған. Қазыналы әжелерімізді құттықтай отырып Бабушка әнін қабыл алыңыздар!

Ән «Бабушка»

Әдемі әннен кейін балаларымыздың тақпақтарына кезек берейік.

Тақпақтар:

Салидат қызымыздың орындауында Мамочка моя әнін қабыл алыңыздар!

Ән «Мамочка моя»

Ойын: «Шаш өру»Аналармен ойын

Би: «Ха-фа-на»

Тақпақтар

Ән: Анашым қартаймашы

(Мөлдір ,Перизат, Алтыншаш, Бейбарыс, Нұртас, Томирис)

Би: «Вальс»

Тақпақтар

Ән « Ана туған күніңмен»

(Малика, Хамза, Раяна, Сейдахмет,Айзере, Әсемай)

Біз сыйлықты дүкеннен сатып алмаймыз

Өз өнерімізді қолымыздан асаймыз

Аналар күніне бір-бірден сыйлаймыз

Бүгінгі мерекеге өздерінің қолдарымен жасаған сыйлықтарын табыс етуге рұқсат етіңіздер.

Жүргізуші: Бүгінгі мерекеге арналған ертеңгілігіміз аяқталды, келіп тамашалағандарыңызға рахмет.









МКҚК №2 «Жанар» бөбекжай бақшасы



Бекітемін:__________

Әдіскер: Аймағамбетова С.К_________




«Ана-тіршілік бақыты»



Дайындаған: №10 «Аққайық» МАД тобы тәрбиешісі

Калидуллина Р.К.







Жаңаөзен 2020 жыл

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 сәуір
344
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі