жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ертеңгілік: Аналар – асыл қазынам! "Құлыншақ" тобы
Аналар
– асыл қазынам!
Мақсаты:
Балаларға 8 - наурыз халықаралық мейрамы
екенің ұғындыра отырып, аналарын ешқашан
ренжітпеуге, қолғанат болуға, әрқашан
құрметтей білуге тәрбиелеу.
Жүргізуші:
Қымбатты балалар, сүйікті қонақтар,
құрметті әріптестер!
Бүгін біз
көктемнің алғашқы мерекесі күні әсем
залға 8 - наурыз аналар мерекесін тойлауға
жиналып отырмыз. Мерекелеріңіз кұтты
болсын!
Бала,
бала, бала деп,
Түнде шошып оянған
Түн
үйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік
таянған.
Қаймақты сүттей қалқытқан
Суық
болса жөргегі
Қорғасындай
балқытқан
Айналасына ас қойып,
Өзенді
көлдей шалқытқан.
Қолын қатты
тигізбей,
Иісін жүпар аңқытқан
Бұл
кім?
Балалар: Ана, ана, ана!
Жүргізуші:
Құрметті апалар, қадамдарыңа гүл бітсін,
сіздерге арналған мерекемізді
бастаймыз.
Бүгін наурыздің 8 -
і
Сүлулықтың негізі
Әдемі сөз
адамның
Анаға айтар лебізі.
Тақпақтар:
Әбдіров
Бейбарыс: Таң қалғандай ғалам
Кім
сұлу адам
Іңкәрай:
Анам менің сүйіктім
Тек өзіңе табынам.
ахманбек:
Анаң болса қасыңда
Басқа бақыт не
керек?
Рауан:
Мен анамды сүйемін
Құшағына енемін.
Мансұр:
«Боташым» дер саған
Кім сүйікті
адам
Ол - менің анам.
Айзере:
Құтты болсын, анашым,
Құтты болсын
мерекең!
Тілекші:
Анам менің «Күнім» дейді
Мен қуансам
күлімдейді.
Нұрайлы:
Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы
тақпағым,
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым
саған бәрін де.
Анам менің «Айым»дейді
Мен
мұңайсам «уайым» жейді.
Би:
Гүлдер.
Жүргізуші:
Бүгінгі мереке күні әжелерімізді де
мерекелеріңізбен құттықтаймыз. «Қариясы
бар үйдің, қазынасы бар» деп бекер
айтылмаған. Келесі құттықтауларымыз
сіздерге арналады құрметті әжелер.
Тақпақтар:
Бейбарыс:
Мені жақсы көреді,
Күндей күліп
жүреді,
Көп ертегі біледі,
Маған
айтып береді.
Нұрсая:
Әлпештеген аялаған
Ақ сүт берген
апатайым.
Сәлем жазып бүгін
саған,
Мейрамын мен құттықтаймын.
Менің
әжем мейірбан,
Мені жақсы көреді.
Қажетіне
жарасам,
Жас балаша күледі.
Самат:
Әр сөзімді жаттаған,
Жүрегімде
сақтаған,
Анашым деп мақтанам,
Айналайын
ақ мамам.
Айшабибі:
Ақ қабақты анашым,
Күн сәулелі
анашым.
Әлпештеген баласын,
Айналайын
анашым.
Салтанат:
Әже деген көп шығар,
Әжемдей жоқ
шығар.
Мейірімді бұл кісі,
Қандай
ғажап күлкісі.
Айшуақ:
Менің әжем жыр әжем,
Шуағы мол, нұр
әжем.
Ойын:»Кім
тез гүл тереді?»
Есік қағылып көк
көйлек киген Ару көктем кіріп келеді.
Ару
көктем:
Мен көңілді көктеммін,
Былтыр
келіп кеткенмін.
Көзін ашып
бұлақтын,
Түбіне тал екенмін.
Гүл
боп қырда егілем,
Дән боп жерге
себілем.
Жаңбыр болып жауам да,
Нұр
боп көктен төгілем.
Шуағын төгіп
әлемге.
Жылуын күннің әкелем.
Табиғаттың
төсіне тіршілігін сыйлаймын.
Жүргізуші.
Амансың ба, Ару көктем? Ұлан - байтақ
жерімізге қош келдіңіз. Шуағыңды
шаттандырып, нұрыңды мол төгебер.
Көктем:
Мынау менің құшағым толы қыр гүлін,
гүлдей жайнаған қыздарға сыйлағым келіп
отыр.- деп гүлдерді таратады. Осы гүлдей,
құлпыра беріңдер, аяулы аналар, әжелер,
мерекелеріңіз құтты болсын!
Жүргізуші:
Ал, Ару көктем біздің балаларымыздың
өзіңе арналған өлеңдерін қабыл ал.
Тақпақтар:
Ақниет:
О, Алақай балалар
Шақырады далалар
Көктем
келді гүл алып
Құстар келді жыр алып.
Жанерке:
Келді көктем күнің,
Күлімдейді гүлің
-
Алтын ойлы Анам,
Мерекеңіз бүгін!
Айдын:
Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны
жұлмаймыз
Той күні бір - бірден
Аналарға
сыйлаймыз.
Ән:
«Ана»
Жүргізуші: Ананың әрбір сөзі
жылылыққа толы. Ананың көз нұры, мейірімі
тастай мұзды да жібітеді. Сүйікті аналар,
сіздерге деген балаларымыздың жылы
лебіздерін қабыл алыңыздар.
Тақпақтар:
Нұрасыл:
Анамды мен жақсы көрем,
Айтқан тілін
алып жүрем.
Қасымда анам жүргенде
Шаттанып
ойнап күлем.
Асылбек
Нұрасыл: Қуанышы баланың
Бізді
өсірген анашым.
Сенен өскен
балалар,
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз
мейраммен
Құрметті аналар.
Гүлзира:
Шашымды өріп тараған,
Қабағыма
қараған
Үлкен кіші демейді,
Сыйлайды
оны бар адам.
Музыка шығады:
Тәрбиеші:
Балалар бүгін біздің мерекеге тағы бір
қонақ келе жатқан сияқты.
Көңілді
музыка ырғағымен Сайқымазақ кіріп
келеді.
Сайқымазақ:
Жан - жағыма қарасам,
Қонақтар өте
көп екен.
Ұлдар да көп, қыздар да
көп
Апайларда мұнда көп
Мен
сайқымазақпын,
Ақылыма көркім
сай.
Ұнаймын жұрттың бәріне
Үлкенге
де, кішіге.
Келіп қалдым мен
бүгін,
Құттықтауға сіздерді.
Аналарды,
қыздарды
Сүйікті әжелерді.
Тәрбиеші:
Рахмет, саған Сайқымазақ!
Сайқымазақ:
Мен билегенді жақсы көремін. Кім
менімен билейді?
(Балаларды
билету) Би: «Бара
бара»
Ойын
«Кір жаю»
Шарты:
Балалар шелектен жуылған бет орамалдарды
алып беріп тұрады, ал әкелер жіпке іледі.
Бірінші болған топ шелектерін қолдарына
алып орындыққа отырады.
Жанерке
мен Бейбарыс орындауында ән «Анашым»
Ата
- аналарға құттықтау сөз кезегін
беру
Тәрбиеші: Сүйкімді ғой
балалар
Өнерлі ғой баршасы
Міне,
осындай қойылым
Көрсетті «Аяла »
бақшасы.
Құрметті аналар мен әжелер! Сіздерді «Ақбота» тобының бүлдіршіндері атынан шын жүректен құттықтаймыз. Аяулы аналарымыз, ардақты әжелеріміз, сүйкімді балаларымыз әрқашан аман болсын!
МКҚК «Аяла» балабақшасы
Ата-аналарға арналған жылдық жоспар
«Құлыншақ» тобы
2016-2017ж.ж.
Бекітемін: Келісемін:
«Аяла» балабақша директоры: Әдіскер:
___________ Джилкибаева А. ___________ Ерниязова Г.
«____» __________2016ж. «____» __________2016ж.
2016-2017 оқу жылындағы «Құлыншақ» тобының
ата-аналармен жұмыс жоспары
№ |
Мерзімі |
Жұмыстың мазмұны |
Жауапты |
1 |
Қыркүйек |
Баяндама: «Баланың жауапкершілігі» Кеңес: «Мектепке дейінгі балаларға қауіпсіздік ережесі»
|
Ерниязова Г. Қоңырбасова Н. |
2 |
Қазан |
Баяндама: «Баланың қорқыныш сезімі-бұл не?» Кеңес: « Ұйықтар алдында ұмытпаңыз! » |
Қоңырбасова Н.
Османова Г. |
3 |
Қараша |
Баяндама: «Бас ауруы » Кеңес: «Дұрыс тамақтанудың қағидалары » |
Османова Г. Қоңырбасова Н.
|
4 |
Желтоқсан |
Баяндама: «Отбасылық тәрбие, оның қағидалары және ережелері туралы не білу керек? » Кеңес: «Судың пайдасы» |
Қоңырбасова Н.
Османова Г. |
5 |
Қаңтар |
Баяндама: «Гигиена туралы » Кеңес: «Баланы жазалаған дұрыс па?» |
Османова Г. Қоңырбасова Н. |
6 |
Ақпан |
Баяндама: «Киімдерді сақтау және тазалау » Кеңес: «Балаларда ангина кездескенде» |
Қоңырбасова Н.
Османова Г. |
7 |
Наурыз |
Баяндама: «Тәтті ұйқы » Сауалнама: «Сіздің балаңыздың қызығушылығы» |
Османова Г.
Ғани Н. |
8 |
Сәуір |
Баяндама: «Ата-ана махаббаты » Кеңес: «» |
Қоңырбасова Н. Османова Г. |
9 |
Мамыр |
Баяндама: «Ата-ана махаббаты » Кеңес: «» |
Османова Г. Қоңырбасова Н. |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген