Материалдар / Ертеңгілік "Аналар-асыл жандар"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ертеңгілік "Аналар-асыл жандар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Аналар мерекесіне орай өткізілген іс шара
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Павлодар облысы білім беру басқармасы

Екібастұз қаласы білім беру бөлімінің

«№28 сәбилер бақшасы» КМҚК










«8- наурыз Халықаралық әйелдер күні»

мерекесіне арналған

ертеңгіліктің сценариі





















Ән – күй жетекшісі:

Қойшыбай А.Қ










Тақырыбы: «Анашым – асылым!»
Мақсаты: -мерекелік көңіл-күйін құру;
-ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру;
-балалардың назарын жалпы әрекетте қатысу тілегін қалыптастыруға эмоциялық қабылдауын ынталандыру;
-өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.
Кейіпкерлер: Жүргізуші, Карлсон, Қуыршақ.



Балалар залға қол ұстасып, жұптасып кіреді
Тәрбиеші: - Құрметті аналар, әжелер сіздерді әйел жанымен тамаша көктем мерекесі – 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймыз! Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке! Әлемдегі ең асыл жан ол – Ана десек, жүрегімізде сүйікті жанға деген махаббат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Баланың тілі шыққаннан – ақ бірінші сөзін «Ана» деп айтады. Өмірдің есігін ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің жан анаңды көресің Ару - ана, Ару - асыл жар, Ару – көңілдің гүлі, Ару - өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді. Олай болса, бүгінгі аналарға, әжелерімізге арналған «Ана - аса қымбат жан!» ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Балалар билеп кіреді
Барлық балалар хормен: Құттықтаймыз анашым
, 8 - ші Наурызбен!
Тәрбиеші:
Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын шашайық
Тәрбиеші: - «Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры тастай мұзы да жібітеді»- демекші, балаларымыздың тақпақтарын қабыл алыңыздар!
Тақпақтар

Ән: «Жаңбыр»

Тақпақтан кейін орындарына отырады.

Қораптың іішінен Қуыршақ оянады, созылады, айналаға қарайды. Балаларды көргенде қорқып, тығылады.

Қуыршақ: Сендер кімсіндер ? Не мұнда? Мен, сендерден қорқамын!

Жүргізущі: Қорықпа, қуыршақ Біз ешкімді ренжітпейміз!Қарашы біз саған қуанып күліп отырмыз! (балалар күледі)
Қуыршақ: Бірақ олар (аналар мен әжелерге қолын көрсетеді) күлмейді, олар мені ренжітеді!

Жүргізуші:Жоқ.!Ренжітпейді,өйткені, олар біздің аса қымбатты қонақтарымыз. Сен балалардын аналар туралы айтқан тақпақтарын тында.

Қуыршақ: Иа-а! Олар шынымен де күледі екен! Олай болса ару аналар мен бір ойын ойнағым келіп отыр. Ойынның аты – Ананды әдеміле. Ортаға

Ана балаларымен шығады. Балалар аналарын мына қораптың ішінде жатқан заттармен әдемілеуі керек.

Ойын: «Анаңды сәнде»

Жүргізуші: қуыршақ, қандай қызықты ойын! Саған ойын ойнауды кім үйретті?
облинГ: Менің досым - Карлсон! (мақтанышпен) Қап! Ол әлі ұйықтап жатыр ғой! Оны ояту керек, әйтпесе Карлсон бүкіл көктем бойы ұйықтап қалады! Не істеу керек, не істеу керек?

(қолын сілтеп,залда айналып жүгіреді)
Жүргізуші: Балалар, қуыршаққа қалай көмектесуге болады?

балалар біз би билеп беріп, оятсақ қайтеді?

Би: «Қуыршақтар биі»

Балалар орындыққа отырады. Карлсон залға қоңырау аспабымен Полка әуенімен кіреді.
Карлсон: Қалай көңілді қоңырау шалдым ба? Иа-а-а далада көктем келіп қалған ба? О, бұл неболды екен солай жарқыраған?

(артқа аналарға бұрылады)
Жүргізуші: Сәлеметсін бе, Карлсон! Бұл біздің аяулы аналарымыз,осындай әдемі күлкілерімен жарық беріп тұрған. Ал сендегі бұл не?
Карлсон: Бұл менің аспаптарым... ал балалар осындай аспаптарда ойнауын біледі ме?
Жүргізуші: Әрине! Біздің сүйкімді аналар мен әжелер күлімсіреу үшін ойнаймыз..Солай ма балалар?

Оркестр: «Құстар үні»
Карлсон: Балалар, сендер әжелер туралы тақпақ айтуды ұмытып кеткен жоқсындар ма?
Жүргізуші: Жоқ Карлсон біздін балалар ұмытпайды.Балалар ақылды.
Әже туралы тақпақтар.

Ақ әжемді арқашан
Сыйлап жақсы көремін
Қуантайын деп оны
Өлең айтып беремін

Ән: «Әжем аман болсын»

Карлсон: керемет, олар тақпақ айтуды біледі, билейді,ән айтады, ал бірақ олар ойын ойнай алады ма?
Жүргізуші: Әрине!Ойнай аламыз ба балалар?
                               Ойын: «Анаңа көмектес»

Карлсон:Балалар сондай өнерлі! Тан қалып тұрмын. Балалар сендерге мереке үшін үлкен рахмет. Сендерге кішігірім сыйлығымыз бар. Мына сиқырлы қораптың ішінде, бірдеңе жасырылыған. Не екенің білгілерін келеді ме? Олай болса, бәріміз бірге сиқырлы сөздерді айтып ішінде не бар екенің көрейік.

Фокус – покус, тру-ля – ля. Балалар қараңдар бұнда сүлгі бар екен. Мен тәтті кәмпиттер шығады ма десем.... Неге сүлгі шықты екен, қызық.

Жүргізуші: Карлсон, бәлкім бұл сүлгі біздің ұлдарға арналған болар. Олар би дайындапи келді.

Би: «Кір жуу»

Қуыршақ: Керемет! Өте әдемі би. Ал, ендеше тағы сиқыр жасап көрейік. Бәлкім тәттілеріміз пайда болар.

Фокус – покус, тру-ля – ля.

Карлсон: Алақай! Балалар міне тәтті кәмпиттер. Өзім жалғыз жеп қойсам ба екен?

Қуыршақ: Карлсон. Олай болмайды. Біз балаларға қонаққа келдік, олар бізге өздерінің өнерлерін көрсетті. Енді біз де оларға сыйлық жасайық. Ол үшін, мына тәттілерді балаларға берейік.

Карлсон:Дұрыс айтасың. Ал, балалар мынау сендерге бізден сыйлық.

Қуыршақ: Қаааап, мен кешігіп жатырмын. Мені бүгін басқа да балалар қонаққа шақырды. Кешігіп барсам ыңғайсыз. Балалар рұқсат болса, мен кеттім. Карлсонды бірге ала келейін. Әйтпесе мына тәттілерді көздеп тұр. Жүр, карлсон.

Сау болыңдар балалар.

Қош болыңдар, қонақтар.

Мереке құтты болсын!

Кейіпкерлер қол ұстасып шығып кетеді

Жүргізуші: «Бар жақсылық, күллі әлемге тараған
Арулардың ақ нұрынан жаралған»
Құтты болсын мерекеміз бүгінгі,
Ардақты аруыларға арналған
.,

Жүргізіші: Бөбегіңнің сыйлығын,
Қабыл алшы анашым
Ұзақ өмір жүз жасап
Ауырмашы анашым!
Жүргізіші: Бәріміздің де анамыз бар, әжеміз, әпкеміз бар, қарындастарымыз бар. Жылына бір рет келетін осы аналар мейрамында аналарымызға қандай сыйлық жасасақ та жарасымды. Өйткені, бізді өмірге алып келген, бізге әлемнің жарығын сыйлаған – анамыз!
Жүргізіші: Аналар, қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасын жанарыңа
Осымен кешімізді аяқтайық
Біргн: Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей Ардақты аналар мерекелерініз құтты болсын! Сау болыңыздар!






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!