жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ертеңгілік "Аналар асыл-қазынам!"
Зал іші мерекеге сай безендірілген.(Ортаға 2 бала шығады)
1-бала:
Кем көрмеймін сізді асыл анамнан,
Сізге ұқсап қудық біз де сан арман.
Сіздей адам дүниеде көп болсын
Балалардың бақыты үшін жаралған.
Ендеше ортаға тәрбиеші апайымыз, Камшат Саматқызын шақырамыз.
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме! Армысыздар аяулы аналар!
2-бала:Армысыздар ақ жаулықты әжелер!
1-бала:Армысыздар қызғалдақтай құлпырған қыздар!
Сіздерді 8-наурыз әйелдер мерекесімен шын жүрекен құттықтаймыз.
Балалар орындарына жайғасады.
Жүргізуші:
Дүниенің ең қымбаты ана екен,
Ананың ең тәттісі бала екен.
Түн ұйқысын төрт бөліп тәрбиелеген
Ананың орны бөлек дара екен-деп өмірдегі ең тәттілеріңіз №11 «Ертөстік» ересек тобының бүлдіршіндерінің сіздер үшін дайындаған «Аналар асыл-қазынам!» атты ертеңгілігін тамашалаңыздар. Олай болса ортаға қошеметпен ұл-қыздарымызды қарсы алайық.
Музыкамен балалар қолдарына гүл ұстап кіреді.
Жүргізуші:
Ана –ол сенің досың,ұстазың.
Қара жерді баспай жатып, есіңді білмей жатып,
тырмысып бауырына жабысатының, жылап іздейтінің ол- Ана.
Мен Ана деген сөзі қанша айтсамда жалықпаймын, шаршамаймын. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге ең алдымен анадан тарайды. Бүгін менің балаларымның әдемі болып тұрғаны, әр жеңісі, би билеп, ән шырқап тұрғаны, әрине аналар бұл сіздердің арқаларыңыз.
Құрметтейік балалар аналарды,
Бізді өмірге әкелген даналарды.
Себебі ана деген асыл жан ғой,
Ойлауменен істелік әр қадамды.
Аналар меркелеріңіз
Балалар: Құтты болсын!
Жүргізуші:
Ақ тілекті бір ағытып тастайық,
Аналардың мерекесін бастайық.
Көздеріңнен көрем шаттық арайын,
Өтсін солай әрбір күнің, әр айың.
Сіздер үшін балалардың орындауында-
Ән: «Анашым ана-жаным» қабыл алыңыздар!
Жүргізуші:
Бар ізгілік өзің екен бойдағы,
Көкірегімде жыл құсы боп сайрады.
Барлық әлем деп тұрғандай бүгін бір,
«Құтты болсын, құтты болсын Аналардың мейрамы!»-деп балалардың аналарына арналған тақпақтарына кезек берейік.
Қ. Жансая:
Бөбегіңнің сыйлығын,
Қабыл алшы анашым.
Ұзақ өмір жүз жасап,
Ауырмашы анашым
Диас:
Айналайын , анашым,
Аялайсың,бағасың
Менің үшін не керек,
Бәрін іздеп табасың.
Дильназ:
Жер бетінің ғұмыры,
Күн нұрымен арайлы.
Анамыздан тарайды.
Ғ.Жансая:
Сыйлайыншы гүлімді ,
Теріп алған даладан.
Мейрамыңыз бүгінгі,
Құтты болсын анажан!
Әлібек:
Әлемнің жарығын,
Сыйладың сен маған.
Даланың әр гүлін,
Жинадың сен маған.
Жүргізуші:
Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын жауабын тауып көріңіздер,жарайма.
Қар, мұз еріп, су көбейіп,
Ағаштар бүршік жарады,
Айтыңдаршы бөбектер,
Бұл қай кезде болады?
Балалар: Көктем.
Жүргізуші:
Жарайсыңдар балалар!
Жыршы құстар көп келді,
Гүлдер жапты бөктерді,
Кел балалар ән менен,
Қарсы алайық көктемді.
Музыка ырғағымен қолында себет толы гүлі бар Көктем аруы кіріп келеді.
Көктем аруы: Сәлеметсіздерме балалар!Мен Көктем аруымын.
Балалар: Сәлеметсізбе!
Көктем аруы: Құрметті аналар, әжелер, ару қыздар бәріңізді көктемгі мереке 8-наурыз аналар мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Жүргізуші: Сәлеметсізбе Көктем аруы! Ұлан байтақ еліме қош келдіңіз! Шуағыңмен шаттандырып, нұрыңды мол төге бер. Сіздіде мерекеңізбен құттықтаймыз!Төрлетіңіз біздің балалардың көктем мезгіліне арналған өлең, тақпақ билерін тамашалаңыз! Ендеше көктем туралы тақпақтарға кезек берейік.
Айару:
Көлдің мұзын күн тесті,
Әппақ тонын жер шешті.
Жан жақтан күн күркіреп,
Жаңбыр жауды сіркіреп.
Данияр:
Келді көктем күнің,
Күлімдейді гүлің.
Алтын ойлы анам,
Мерекеңіз бүгін.
Нұрсая:
Жерді басты көк кілем,
Ондай кілем жоқ білем.
Көктем келді күлімдеп,
Міне саған гүлім деп.
Нұргүл:
Күлім қағып жетті көктем,
Күн сәулесін төкті көктем.
Наурыз айы берекелі,
Алып келді мерекені.
Олжас:
Жасыл көктем келеді,
Самал беттен өбеді.
Көкте бұлттар көбейсе,
Мөлдір тамшы төгеді
Жүргізуші:
Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде.
Алдарыңызда қыздарымыздың «Гүлдер» биін тамашалаңздар.
Көктем аруы:
Жарайсыңдар балалар қандай өнерлі едіңдер. Маған арнап тақпақтыда,бидіде өте жақсы орындап шықтыңыздар. Менде сіздерге құр қол келгенім жоқ. Сіздерге ойын ала келдім .Менімен ойын ойнағыларың келеме?
Ойын: «Аналарға көмектесейік»
Жүргізуші:
Балалар ойын ұнадыма? Рақмет Көктем аруы ойыныңа.Ойын балалардың көңілінен шықты деп ойлаймын.
Көктем аруы:
Балалар менің кететін уақытып болып қалыпты. Мені сіздер сияқты басқа балаларда күтіп қалған шығар. Келесі кездескенше сау болыңдар!
Балалар: Сау болыңдар!
Жүргізуші:
Бәрімізге анасың, біз үшін көп жанасың,
Құтты болсын мейрамың,құттықтаймын анашым.
Аналарды сүйеміз, сөзін ойға түйеміз,
Әжені де ардақтап, әдеппен бас иеміз.
Қариясы бар үйдің қазынасы бар деп бекер айтпаған.Келесі кезекті әжелерімізге арналған тақпақтарға береміз.
Ерболат:
Кимешегін жаулығын,
Теңеп аппақ гүлге мен.
Әжемнің денсаулығын,
Тілеп жүрем күнде мен.
Ләззат:
Әжем менің ақ әжем,
Аппақ әжем пәк әжем.
Басқалардай емессіз,
Сүйкімдісіз ақ әжем.
Ақылбек:
Ақ әжемді әрқашан
Сыйлап жақсы көремін.
Қуантайын деп оны,
Өлең айтып беремін.
Бала:
Ертек
қандай көп еді,
Күнде
айтып береді.
Қуанатын
балаша,
Менің
әжем тамаша.
Бала:
Әже
деген көп шығар,
Әжемдей
жоқ шығар.
Мейірімді
бұл кісі,
Қандай
ғажап күлкісі.
Жүргізуші:
Жарайсыңдар балалар!
Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем әнмен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар ,
Әнді сүйсең менше сүй,-деп Абай атамыз айтқандай кезекті үйіміздің қазыналары атамызбен- әжемізге арналған әнге береміз.
Ән:«Сағындым әже сағындым»
Көрініс: «Ақылды балалар»
Жүргізуші:
Жердегі бар тағамнан
Ана сүті нәрлі екен
Бұл жалғанда анамнан
Сүйікті адам бар ма екен? – деп аналарға арналған ағылшын тіліндегі тақпақтарға кезек береміз.
Аружан:
Май диа, диа мами
Ай лав ю вери мач
Ай уонт ю би хаппи
Он зе ейч оф мач.
Ақниет:
Ай лайк зе уей ю лук
Ай лайк зе уей ю кук
Нау ай уонт ту сей
Хаппи мазес дей.
Ж. Каусар:
Ай лав ю мами
Май диа мами
Ю мейк ми хаппи
Эвридей
Жүргізуші:
Енді ортаны ашайық
Інжу маржан шашайық
Ән мен биді шалқытып
Ұлдар биін тамашалайық,
Би: « Моно моно»
Жүргізуші:
Мәпелейді аялайды, бағады,
«Құлыным» деп құшағына алады.
Өзгеге де, өзіне де жауапты.
Барлығына қалай уақыт табады?!
Ойын: «Анамызды сәндейік»
Жүргізуші:
Анашыма арнаймын,
Шын жүректен лебізді.
Ет жүрегі елжіреп,
Тақпағымды тыңдайды-деп балалардың орыс тіліндегі тақпақтарға кезек берейік.
Сақыпжамал:
Наступает мамин праздник
Наступает женский день
Знаю любит мама очень
Розы,маки и сирень
Мансур:
Мама
милая моя,
С женским праздником
тебя.
Поздравляю от души,
Лучшая
на свете ты.
Аяла:
Свою мамочку родную
8 раз я поцелую
Крепко-крепко обниму,
8 раз скажу «Люблю!»
Бенкасыл:
Моя
мамочка родная,
Я
люблю тебя без края!
С
8 Марта поздравляю,
Счастья
я тебе желаю
Қарақат:
Мамочка
любимая,
Тебя я поздравляю,
Здоровья
я желаю,
Целую — обнимаю.
Жүргізуші:
Қандай
бала болмайық
Анамызға
дәріміз,
Көтерсінші
көңілін
Ән
салайық бәріміз.
Ән:
«Мамочка родная» қабыл
алыңыздар.
Жүргізуші:
Жарайсыңдар
балалар!
Той
тойлап дала мен қалаларын,
Мереке
құтты болсын, аналарым.
Аналарға
арналған сыйлықтарын,
Сыйлауға
келе жатыр балаларың
Жургізуші:
Демеңіздер
бізді өнерді аяп қалды,
Уақыт
та біраз жерге таяп қалды.
Сау
болып тұрыңыздар,көріскенше,
Осымен
ертенгіліқ аяқталды.
Құрметті
қонақтар көңіл қойып тыңдағандарыңызға
көп-көп рахмет!
Сау
болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген