400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ертеңгілік "Аналарға мың алғыс"

Материал туралы қысқаша түсінік
Нәзік жандылардың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау. Балалардың оларға деген ізгі ниеттерін көрсету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Аналарға мың алғыс»

Балалар музыка мен залға кіреді.

Тәрбиеші: Ана дейміз бәрімізде аңқылдап,

Ана дейді жас сәбиде жарқылдап.

Ана деген бәйтерегі өмірдің ,

Ана деген алтын қазық алтын бақ.

Армысыздар қымбатты да ардақты, аяулы аналар мен құрметті қыздар!

Сіздерді көктемнің алғашқы айында тойланатын 8-наурыз халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздерге әлемнің нұрын,өмірдің гүлін,көктемнің шуағын тілейміз!Мына жарық дүниенің мәні де,сәні де сіздер!

«Болашақ» тобының сіздерге арнаған «Аналарға мың алғыс» атты мерекелік ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Енді құттықтау сөз кезегін балабақшамыздың меңгерушісі _________ береміз.

Той пердесін ашайық

Тойға шашу шашайық

Аналарды құрметтеп

Ән маржанын шашайық

«Болашақ» тобының орындауында ән - «Дос болайық бәріміз».

Тәрбиеші: Балалар! Қараңдаршы бізге қонаққа біреу келген бе?

Балалар, таныдыңдар ма, кім бұл?

Маша сен не істеп жүрсің?

Маша: Мен балалардан көмек сұрап келдім. Балалар, сендер білесіңдерма аю қыс мезгілінде ұйықтайды. Ал қазір көктем мезгілі. Бірақ аю болса әлі ұйықтап жатқан сияқты, мен оны іздеп жүрмін. Маған аюды іздеуге көмектесесіңдер ме?

(Балалар жауабы)

Маша:Айтпақшы балалар, бұл жерде не болып жатыр? (балалар жауабы)

Маша: Ой, мен аюды ізіндеп жүріп, аналар мерекесінің келгенінде байқамаппын. Ал ендеше мен ардақты аналарымызды құттықтап жіберейін.

Анаң болса қасыңда

Басқа бақыт не керек

Аналардың жүрегі

Мейрімді ғой керемет – құрметті аналар мейрамдарыңыз құтты болсын!

Ал енді балалар бәріміз бірге аюды шақырып көрейікші. Аю-аю-аю.

Аю: Балалар мені шақырдыңдар ма? (Балалар жауабы)

Маша: Балалар қараңдаршы аю ұйқысын ашалмай отыр екен. Қане балалар, аюдың ұйқысын ашу үшін бәріміз бірге билеп жіберейікші.

Би: «Жігіттер биі»

Аю: Балалар рахмет сендерге, ұйқым ашылды. Ал енді мен аналарымызды құттықтап жіберейін, Сенен өскен балалар-

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен

Кұрметті апа, аналар! Мейрамдарыңызбен аналар.

Маша: Балалар көмектескендеріңе көп рахмет, біз енді үй қайтайық. Сау болыңыздар!


Тәрбиеші: Аналар ақ тілекті, сөз көп дейін,

Жылытар жүрегіңді көз көп дейін

Аналар ақ жаулықты бұл сіздерге

Қол соғып қарсы алайық «Қуыршақ биін».


Би: «Қуыршақ биі»


Тәрбиеші: Ақ анашым, әппағым.

Өзің жайлы тақпағым.

Арналады сіздерге.

Бар баланың тақпағы. (Балалар тақпақтары)


Інжу: Теңдесі жоқ данасың
Арқа сүйер панасың
Еңбегіңді ақтаймын
Аман болшы анашым



Абубәкір: Аспандағы айымсың
Бақытыма балаған
Құтты болсын мерекең
Айналайын жан анам.



Бекзат: Құтты болсын ақ анам
Сегізінші науырызың!
Қасымда бол әрқашан
Жансын жарық жұлдызың,
Тілейді бақыт бір саған
Әлпештеген ұл — қызың.

Айзере : Ардақты ана – аяулы ана қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.
Өміріме нәрін бердің ақ сүттің,
Кең құшағың – аясындай гүл бақтың.



Шапағат: Құттықтаймыз аналарды, қыздарды,

Мерекеден шуақты бір із қалды.

Болсын әркез көтеріңкі көңілдер,

Нұрын шашсын мерекеге өңірлер!



Тәрбиеші: Қуанамыз сыйлаймыз,

Қуаныштың мың гүлін.

Аналарды құттықтап,

Би шашуын арнаймыз.

«Болашақ» тобының орындауында би «Тентегім».

Тәрбиеші: Құрметті аналар келесі кезек өздеріңізге беріледі.

Ойын: «Апаны жаса». (Аналар шарларды үрлеп, шарларға орамал тағады. Ал балалар маркерді қолданып, шарға апаның суретін салады).

Тәрбиеші: Келесі кезекті әнге берейік.

Ән: «Аналар».

Тәрбиеші: Дүниедегі ең кеменгер дананы

Ана табады аялайды бағады.

Сол үшінде құдіретіне бас иіп,

Құрметтейік қасиетті ананы – дей отырып, бүгінгі «Аналарға мың алғыс» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын. Келесі ездескенше аман болыңыздар.



































«Бекітемін»

«Радуга» бөбекжай балабақша

жеке мекемесінің Меңгерушісі

Малбекова.Б.М ________________











«Аналарға мың алғыс»







Тәрбиеші: Назирова Р.Ш.













2018-2019 г








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 қаңтар
424
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі